Тақырыбы: Тәрбиешінің әдістемелік жұмыс істеу жүйесі
Мақсаты: Болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытып, қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптастыру, жан жақты білім бере отырып, тәрбиелеу.
Міндеттері:
-Әр баланың табиғи
қабілетін ескере отырып, балаға
көмекші әрі сүйемелдеуші болу
- Оқыту мазмұнын жаңғырта отырып, тиімді
әдіс- тәсілдерді кеңірек қолдану
- Адамгершілік
қасиеттерін күнделікті өмірдегі қоршаға
ортамен таныстыра отырып
тәрбиелеу
-баланың өмірін сақтау және денсаулығын
нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту.
-баланың сөйлеуін және ана тілін,
қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сауат ашу негіздерін меңгерту
- бүлдіршіндердің адамгершілік құндылық
бағдарын адамның оң мінез-құлқы, нормасы, тәртіптік ережесін қалыптастыру
-өз Отаны мен туған өлкесіне
сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге құрметпен, қоршаған орта, отбасы, түрлі
ұлт өкілдеріне адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу.
-балалардың қоршаған дүние, өзі және
әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсініктің тұтас бейнесін қалыптастыру
-Баланың танымдық дамуы, интеллектуалдық
іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру, танып-білуге қызығушылығын арттыру.
-балалардың бойында эстетикалық сезімді дамыту, бейнелеу,
көркемдік-тілдік, музыкалық іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту.
Бағыттары:
-түсіндіру, суреттеу, «ойын» технологиясы
арқылы оқыту
-оқыту принципі, әдіс- тәсілдеріне сүйене
отырып білім беру
-сабақтан тыс өткізілетін шаралар, жекелей
жұмыстар, қосымша үйірмелер арқылы әрі қарай дамыту.
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі
кезеңде мектепке дейінгі білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті
бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы
сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын
дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай
жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып
отыр. Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде
мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор.
Осы орайда Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді
дамыту бағдарламасы мен балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен
қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы мемлекет тарапынан еліміздің
кішкентай бүлдіршіндеріне қамқорлық көрсетудің негізі деуге болады. Осы орайда
Баяндамамды өзім қызмет етіп жүрген шағын орталығымыздың РОМАШКА-ТҮЙМЕДАҚ деп
аталатын «мектепке дейінгі кіші жас» ІІ сәбилер аралас тобында тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндермен жалғастырайын.( 1кесте)
Бұл топта бүлдіршіндер мемлекеттік стандарт талаптары бойынша салауатты да,
сауатты болып өсуіне барлық жағдай жасалып, ойын, ұйқы бөлмелері заман талабына
сай жабдықталған. Атап айтсақ төрт мезгілді тамақтандырудың әр түрлігі мен
қуаттылығы, дәрумендері бар көкөністер мен жеміс-жидектермен қамтамасыз ету,
балалардың денсаулығын нығайту мақсатында емдік гимнастика және жаттығулар
орындау.
Педагогикалық үрдіс, осы үрдіске қатысушылардың рөлі мен орны, мектепке дейінгі
мекеме мен отбасы қарым-қатынасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты
арқылы жүзеге асырылады. Ең алдымен жасалынып жатқан жұмыстардың барлығы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына
(ҚРМЖМБС) және 3жас пен 5 жас
аралығындағы бүлдіршіндерді оқыту және тәрбиелеуге арналған «Зерек бала», 5 жас
пен 6 жас аралығындағы ересектер тобының балаларын оқыту, тәрбиелеуге арналған
бағдарламаларға сүйене отырып жүзеге асырып келеміз. (2-кесте)
ҚРМЖМББС да Оқу жүктемесіне
5 білім саласының мазмұны кіретіндігі туралы айтылған.
Ø
«Денсаулық»
Ø
«Қатынас»
Ø
«Таным»
Ø
«Шығармашылық»
Ø
«Әлеуметтік
орта» (3- кесте)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны берілген білімнің қызметіне
қарай нәтиже ретінде баланың құзыреттілігін
қаншалықты дәрежеде қалыптасқандығын анықтауға болады. (4- кесте)
Жоғарыда аталынып өтілген мақсат, міндеттерді алға
қоя отырып, 3 таңдап алған бағытта балалармен жұмыс істей отырып, болашақ
ұрпақтан алда күтер үмітіміз көп.
«Денсаулық
құзыреттілігі» бойынша:
Ø Салауатты өмір салты ережелерін білетін,
саптық және спорттық жаттығуларды ересектердің көрсетуімен жалпылай барлық
баланың орындай алатындығын
«Коммуникативтік- тілдік құзыреттілігі»
бойынша:
Ø Барлық баланың «үлкенге ізет, кішіге
құрмет» көрсете білу керек екендігін ұғынып, ересектерге «сіз» деп сөйлеп, ешбір ересектен жасқанбай сұрақтары мен
өтініштеріне жауап беретін, қарым-қатынасқа түсе білгендерін
Ø Тілдің барлық дыбыстарын дұрыс айтып,
сөздерді өзгертіп, басқа сөздермен сәйкестендіре алатын сөздік қоры дамыған,
заттардың аттарын толық дерлік айта білетін, әңгіме құрап, ертегінің мазмұнын
сипаттай алғандарын
«Танымдық құзіреттелік бойынша:
Ø Заттардың белгілері мен сипаттамалық
ерекшеліктерін сезу, есту, иіс сезу арқылы қабылдап, оларды 2-3 сөйлем арқылы
жеткізгендерін
Ø Уақыт, кеңістік, себеп-салдарлық,
мөлшерлер туралы қарапайым ұғымдарды түсіне білгендерін
Ø Табиғатта өзін-өзі ұстаудың бірнеше
нормасын меңгерген, ересектер мен бірге өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық
жасайтын, жаңа ақпарат алудың қажеттілігін түсінетін
«Шығармашылық құзыреттілігі» бойынша:
Ø Музыкалық бейнелерді жасап, аспаптармен
ойнай білетін, дауысын пайдаланып ән айту жолдарын меңгерген
Ø Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі
техникалық дағдылар мен іскерлікті меңгеріп, әр түрлі кескінді орындай білетін
«Әлеуметтік құзыреттілік» бойынша:
Ø
Эмоционалдық
көңіл-күйді түсінетін, құрдастармен бірге тұрақты ойын бірлестіктеріне
қатысатын, ересектермен танымдық тақырыпта әңгімелесетін, өз қылығын ертегі
кейіпкерлерінің іс- әрекетімен бағалай білетін дүниетанымы кеңінен дамыған,
қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптасқан, жан жақты білім ала отырып, тәрбиеленген ұрпақтардың өсіп- өніп
жетілетіндіктеріне сенімімді артып, осындай дәрежелерге көшпен бірге
жететіндігімізге сенемін.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының базалық оқу жоспарына сүйене
отырып, шағын орталық қабырғасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақты оқыту, дамыту,
тәрбиелеу басты мақсат болғандықтан. Балалармен оқыту, білім беру жұмыстары
үздіксіз орындалып отырады.
Жалпы Оқыту дегеніміз- мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге
бағытталған, реттелген, бірлескен іс- әрекеті, оқушылардың танымдық іс-
әрекетін айтады. Дәл сондай тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер арсындада бірлескен
іс -ә әрекет оқыту процесстері орын
алады.
Оқыту процессінің қызметтері: 1. Білім беру;2 Тәрбиелік; 3 Дамыту
Жоғарыда негізге алып отырған бағыттарымның бірі «түсіндіру, суреттеу»
арқылы оқыту деп атап өткен болатынмын. Оның мәні атынан көрінеді. Түсіндіру,
көрнекілік- мұндай оқытудың негізгі әдісі, тыңдау және есте сақтау- оқушы
іс-әрекетінің жетекші түрлері, оқылғанды қатесіз жаңғырту- негізгі талап және
тиімділіктің негізгі өлшемі. Бұл
оқытудың кең тараған түрі. Оны ғылыми негіздеген және сипаттаған неміс ғалымы
И.Гербарт. (5-кесте) Осындай кемшіліктердің шыныменде
орын алғандығын байқағандықтан, жалпы мектеп жасына дейінгі балалардың іс-
әрекетінің негізгі түрі «ойын»
болғандықтан, «Ойын технологиясын»
оқытып білім беруді басты әдістемелік жүйемнің бірі болар деп таңдап
алдым. Бүгінгідей, динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында,
яғни, ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ..
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.