2011-2012 оқу жылына ЖМБ-тағы 11 сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиетінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Түсінік хат
Оқыту қазақ тілде
емес мектептердег і «Қазақ тілі» пәні
– орта білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандартына сәйкес «Филология» білім беру саласына
енгізілген және мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде міндетті түрде
оқытылатын пән. «Қазақ
тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік
тіл мәртебесімен дәйектеледі.Сон-
дықтан қазақ тілін
оқыту барысында өзге тілде білім алатын орта буын оқушыларын қазақ
тіліндегі сөйлесім
әрекетін мәдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.
10-11 сыныптарға
арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы – қазақ тілде емес мектептерде
қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді қамтамасыз ететін;қазақша
сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым,оқылым,айтылым,жазылым,тілдесім)
бас-
тапқы деңгейде іс
жүзіне асыратын;оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын
қалыптастыратын білім мазмұнын,көлемін,мөлшерін,оқу жүктемесін
қамтитын;білім,білік,дағды деңгейлеріне байланысты тақырыптық
аяларды,дидактикалық
ұстанымдарды;оқушылардың
білімі мен білігіне қойылатын талаптарды анықтайтын нор-
мативтік құжат.
Оқу пәнінің мақсаты – ортадан деңгей бойынша қазақ
тілін қатысымдық тұрғыдан мең-
герту;сөйлесім
әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеу
ге,сауатты жазуға
үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту,бір-бірімен сабақ
тас,жүйелі
тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып,оқушыларға қазақша
тілдік қатынасты
игерту.
Оқу пәнінің міндеттері:
● жоғары сынып оқушыларының білімін
тілдік,танымдық,лингвомәдениеттанымдық,ұлт-
тық-әлеуметтік,өркениеттіәлемдік
тұрғыдан тереңдетіп,қазақ тілін ұтымды игерудің коммуникативтік бағытын жүзеге
асыру;
● қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан
меңгерту: оқушының өз ойын,пікірін,көзқарасын
еркін,дұрыс,нақты (
ауызша және жазбаша) жеткізе білуін іске асыру;
● оқушылардың қазақша дұрыс,түсінікті сөйлеуі
мен сауатты жазуын жүзеге асыру;
● жеке, қоғамдық-әлеуметтік, бағдарлы бағыттағы
жағдаяттарды жан-жақты ескере отырып, қазақша тілдік қатынасты бағдарлы түрде
жүзеге асыру.
2011-2012 оқу жылына ЖМБ-тағы 11 сыныпқа арналған қазақ
тілі мен әдебиетінен
күнтізбелік-тақырыптық
жоспар.
Оқулықтың авторы : С.Дюсебаев., Г.Байтилеуова.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.