Сыныбы: 7-сынып әдебиет Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын» өлеңі
Сыныбы |
Сыныбы:
7-сынып
әдебиет |
|
Сабақтың
тақырыбы |
Ахмет
Байтұрсынұлы «Екі шыбын»
өлеңі
|
|
Мақсаты |
Оқушылар
«Екі шыбын» өлеңінің мазмұнын меңгереді, мән — мағынасын ашады. Өздігінен
жұмыс істеу арқылы ой — өрісін дамытады, өз ойын еркін айтуға дағдыланады.
Еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиеленеді.Өзін-өзі бағалау
түсініктері кеңейеді. |
|
Күтілетін
нәтиже |
Оқып-үйренуде
жаңа тәсілдерді пайдалана отырып жеткені көрінеді. Ойын еркін жеткізе алатын
болады. Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқу елсенділіктері
артады.Дарынды балалар анықталады. Өзін-өзі бағалай отырып,
сыныптастарын бағалап үйренеді. |
|
Түйінді
идеялар: |
Оқушылардың
өмірдегі ұстанымын, болашағын анықтауына жаңа тәсілдер арқылы ықпал ете
отырып, адамның қайталанбас тұлға екендігін түсіндіру. Сыни ойлауын дамыту. |
|
Керекті
жабдықтар |
Белсенді
тақта; Презентация; Үлестірме парақтар, корапша, |
|
Сабақ барысы |
||
Сабақ
кезендері |
Мұғалім
әрекеті |
Оқушы
әрекеті |
Кіріспе |
Тренинг
тақырыбы: «Қарым-қатынас» Үй жұмысын тексеру А.Байтұрсынов өмірі мен
шығармашылығы «Ақын ініме» өлеңі
|
Оқушылар амандасады, топқа бөлінеді.Үй тапсырмаларын
орындайды, сұрақтарға жауап береді |
Тұсаукесер |
Қызығушылықты
ояту «Бес
арыс» деп кімдерді айтамыз? |
Топтар
қойылған сұрақтар бойынша топта жұмыстанады. Сабақтың тақырыбын,
мақсатын айтады |
Негізгі бөлім |
І топ.
Аудармалары - Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның
тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ
тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А.
Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен
жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек»,А. Пушкиннің
«Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы»
шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне
аударды. Крыловтан
Абай – 14, Ахмет Байтұрсынов – 40, Спандияр Көбеев – 37, Бекет Өтетілеуов –
12 мысал аударған. ІІ топ. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал»
атты И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне
аударып, мысалдары аударма жинағында 1909 жылы Санкт- Петербургте
жарық көрді. Мысалдарда қазақ тұрмысына таныс суреттер тамаша
үлгілі ойларға ұласады. Ақынның өз жанынан қосқан түйінді ойлары
көпшілікке түсінікті әрі нақты ғибрат береді. Бір жағынан
қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан қазақ
тұрмысына жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл
дүниесіне айналдырып жіберген. «Ахаң
ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі
«Елшілдік ұран», «Қырық мысал», «Маса» , «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы
қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер- білім, саясат жолындағы
қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайтын істер болатын...» Мұхтар
Әуезов
ІІІ топ. Мысал- оқиғалы, адамға сабақ боларлық өсиеті
бар шығарма. Мысалда әрбір кейіпкер белгілі бір қасиеттің немесе
бейненің ретінде алынады.Мысалы: есек- топас, қасқыр- жауыз, қой-
момын, түлкі-қу бейнесін көрсетеді. Осындай астарлы, тұспалдау арқылы
суреттеуді әдебиетте аллегория деп атайды. Мысал дегеніміз- тәрбиелік мәндегі
шағын аллегориялық шығарма.
2. берілген өлеңді оқып, бір- біріне түсіндіреді,
түсінігі бойынша негізгі тақырыбын ашып айтады, берілген өлең мәтіні бойынша
рөлге бөлініп, қойылым көрсетеді.(басқа топ мүшелері бағалап, тақырыбын
айтады)
3. Сатылай кешенді талдау. Тақырыбы- Екі шыбын Жанр түрі- Мысал жанры Шумақ саны- 5 Тармақ саны-20 Ұйқас түрі- қара өлең Буын саны -11-12 Бунақ саны- 3 Мысал идеясы- адамгершілікке,
ынтымақ- бірлікке, жаман
әдеттерден аулақ болуды дәріптейді. Мысал кейіпкерлері- екі шыбын, өгіз. Мұрнын көкке көтеру- өзімшіл,
менсінбеу Өз әддін өзі білген адам- өз
шамасын Біреудің шылауында жүру-
жетегінде болу |
1.Әр оқушы өзіне берілген тапсырма бойынша жауап
береді;
2.Топта оқушылар рөлдерде ойнайды;
Нәтижесін басқа топ түйіндеп айтады Топта көшбасшыны, белсенді оқушыны,
ұсынысты дайындап барлық оқушылар алдында айта отырып формативті бағаларын
береді; Сатылай кешенді талдау жасайды. |
Бекіту |
«Сыр сандық» сұрақтары: 6.
Өмірден қандай мысал келтіруге болады? 7.Мысалдан
қандай әсер алдыңдар? 9.
Қара шыбын неге шаршап келді? 10.
Мысалдағы өзекті ойдың мәнісі қандай? 11.
Мысал мазмұны қандай мінезді меңзейді? |
Адам бойындағы қасиеттерді тапқызып, екі шыбынның мінез — құлықтарын ашқызу. Адам бойындағы
қасиеттермен, өмірмен байланыстыра айтқызу. |
Қорытынды |
Кері байланыс Проблемалық жағдаят: Сенің досың Қара шыбын бейнесінде болса сен не істер
едің? Сабақты пысықтау үшін, топтар бірін-бірі формативті
түрде қол белгілері арқылы бағалайды. марапаттайды. Үй жұмысы. Автордың «Екі шыбын» мысалын жаттау. |
Проблемалық жағдаятқа жауап береді. Сабақты пысықтау
үшін, топтар бірін-бірі формативті түрде қол белгілері арқылы
бағалайды. марапаттайды. |
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.