«Өздік есімдігінің түрленуі»
Сабақтың тақырыбы: «Өздік есімдігінің түрленуі»
Сабақтың мақсаты:(Оқушыларды сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру)
Білімділік: Оқушыларға есімдік туралы, соның ішінде өздік есімдігінің түрленуі туралы теориялық білім беру. Өздік есімдігін есімдіктің басқа түрлерінен ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазуын, сөйлеу мәдениетін дамыту, граматикалық ұғымдарды меңгеру дағдысын қалыптастыру, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, сабақты түсіндіру, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, сын-тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих, математика.
Қолданылатын стратегиялары: Кластер, еркін жазу, түртіп алу, төрт жолды өлең.
Көрнекіліктер: Слайд, оқулық, карточкалар, семантикалық карточка.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
§ Есімдік дегеніміз не?
§ Оның қандай түрлері бар?
§ Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері дегеніміз не?мысал келтіріндер.
§ 102- жаттығудың орындалысын тексеру(үй жұмысы бағаланады).
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:”Өздік есімдігінің түрленуі”, Жоғарыда айтып өткеніміздей, есімдіктер зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жүретін, меңзеу арқылы белілі бір түсінікті, ойды жалпылама түрде беретін сөз табы.Қазақ тілінде есімдіктер саны жағынан көп те емес.Тілімізде 60-70 есімдік сөз бар.Жоғарыда айтып өткеніміздей, олардың атқаратын қызметтерінің, грамматикалық ерекшеліктерінің ауқымы кең.Мағыналары жағынан әр түрлі.Қазақ тілінде есімдіктер мағынасына қарай 7 топқа бөлінеді (слайд көрсетіледі)
Өздік есімдігіне өз және оның түрленген формалары жатады.Өз есімдігі көбінесе тәуелденіп, көптеліп, септеліп қолданылады.Көбіне-көп зат есімнің және жіктелу есімдіктерінің орнын айырбастайды. Мысалы: Өзі де көп кешігіп қалғанына өкінді. Өз есімдігі әрбір затты бөліп көрсету үшін қолданылады. Өз есімдігі тәуелденіп барып септеледі.(септелу үлгісінен слайд көрсетіледі)Өз есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі.(жіктелу үлгісінен слайд көрсетіледі). Өзесімдігімен жасалған өз-өзінен, өзінен-өзі, өзді-өзі деген қос сөздер дефис арқылы жазылады. Мысалы: Ол өз-өзінен қатты ашуланды.
IV. Сабақты пысықтау:
а) Оқулықпен жұмыс (оқушының ережені оқуы, талдауы)
б) 105-жаттығуды орындау. Өлеңді оқу, есімдіктерді табу, мағынасын ажырату, жасалу жолына тоқталу. (Оқушылар білімі бағаланады).
Мұғалім сөзі: Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы. Біз бүгін Қазақстан қалалары: ел ордасы – Астанаға, бұрын облыс орталығы болған – Жезқазғанға, қазіргі облысымыз –Қарағандыға және өзіміздің туған қаламыз – Балқаш қалаларына саяхат жасаймыз.(слайд көрсетіледі).
Әр қаланың сендерге арнаған екі-үш тапсырмасы бар.Сол тапсырмаларды дұрыс орындасақ, сәулетті Балқаш қаласына да жетеміз.Алдымен Елордасының тапсырмасына назар аударайық.(Астана слайды көрсетіледі) . Елорда туралы оқушылар пікірі тыңдалады.
Тапсырмалар:
І. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойып, мақал –мәтелдерді толықтырыңдар.Есімдіктерді мағынасына ажыратыңдар.
1. Отанға опасыздық еткенің,
... ...... түбіне жеткенің.
2.Сараң ...... затын ...... қызғанады.
3.Кісі елінде күркірегенше,
........ еліңде дүркіре.
4. ....... үйім -өлең төсегім.
5.Жаманның ...... бола алмайды,
Болғанды көре алмайды.
6.Қорқақ ...... көлеңкесінен де қорқады.
ІІ. Берілген өлең жолдарынан мағынасын түсіндіріңдер.Өлеңдегі есімдікті тауып, мағынасына ажыратыңдар. Қарамен жазылған сөзге фонологиялық талдау жасаңдар.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
(Тапсырма бойынша оқушылар білімі бағаланады)
Жезқазған қаласы слайд көрсетіледі. (Қала туралы оқушылар пікірі тыңдалады)
Тапсырмалар:
1.Терме диктант (есімдіктерді теріп жазу)
2.Семантикалық карточка толтыру.(есімдіктерді мағынасына ажырату)
(Жұптық жұмыс, бағалау парағы толтырылады).
Қарағанды қаласы (слайд көрсетіледі). Қала туралы оқушылар пікірі тыңдалады.
Тапсырмалар:
1.Суретті ойын "Адасқан септіктер”
2. Карточкалармен жұмыс.
3. Сөйлемді дұрыс жаз.Берілген сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
Жарқын ойлар өзінің бойын биледі.
(Тапсырма бойынша оқушылар білімі бағаланады).
Балқаш қаласы (слайд көрсетіледі)
Тапсырмалар:
1. Сызба бойынша есімдіктерді қатыстырып төрт жол өлең құраңдар
Зат есім + есімдік + зат есім
Есімдік + зат есім + етістік
Есімдік + сын есім
Етістік + есімдік + сын есім
2. «Сүйікті қалам» тақырыбына есімдіктерді қатыстырып шағын шығарма жазындар.
Мұғалім сөзі: Балалар, байқап отырсақ, шығармашылық жұмыстарымыз да жиі кездесетін есімдік Өзге өздік есімдігі екен. Олай болса, осы өзге есімдігіне математикалық дыбыстық талдау жасайық . (талдау жасалады).
(Тапсырма бойынша оқушылар білімі бағаланады).
V . Қорытынды:
Түртіп алу стратегиясымен сабаққа қорытынды жасалады.
VІ Үйге тапсырма: 56, 57 бет ереже жаттау, «Достық -татулық белгісі» тақырыбына шығарма жазу.
VІІ . Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.