Әбу Сәрсенбаев. “Сәулелі жұлдыз іздеген адам”
Сабақтың тақырыбы: Әбу
Сәрсенбаев. "Сәулелі жұлдыз іздеген адам”
Сабақтың
мақсаты:
1. Ыбырай Алтынсарин өмірін
үлгі етіп тақырыптың мазмұнын ашу.
2.Оқушыларға "Сәулелі
жұлдыз іздеген адам” әңгімесіндегі сөйлемнің мағынасын аша отырып, Отанын
сүюге, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
1.
Оқушылардың өз бетінше ізденуге праблемалы сұраққа
жауап беруге, мінездеме беріп сипаттауға жағдай жасау.
Сабақ түрі: Жаңа
сабақ.
Сабақтың әдісі:
түсіндіру, сұрақ – жауап, өздік жұмыс, топпен жұмыс.
Көрнекілік: Әбу
Сәрсенбаев , Ыбырай Алтынсарин портреті, таблицалар.
Сабақ барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі:
1)
Сыныпты үш топқа бөліп отырғызу.
2) Психологиялық
дайындық. 25 қазан Республика күні.
Қуан, шаттан,
алақай!
Қуанатын келді
күн.
Қайырлы та,
қайырлы күн.
Күліп шықты бүгін
күн.
Бәріміз
досболайқ,
Бәріміз тату
болайық!
II.Өткенді
қайталау."Қанжығалы Бөгенбай”.
1 топ. Әңгімені
әңгімелейік.
2 топ. Бұқар
жыраудың батырлар жөніндегі жырын айту.
3 топ.
Хрестоматиядағы "Бөгенбай батыр” туралы естелікті әңгімелеу. (81 бет).
III . Жаңа
материлмен жұмыс.
(Топтарды
орталықтарға бөлу)
"Білгірлер”,
"Ойшылдар”, "Алғырлар” орталығы.
"Білгірлер ”
орталығына тапсырма:
"Ойшылдар”
"Алғырлар”
Суретпен
жұмыс:
-
Ыбырай Алтынсарин портретін көрсету.
Ыбырай Алтынсарин кім?
аудармашы |
қоғам қайраткері |
ғұлама ағартушы |
тәлімгер |
жазушы |
алғашқы ұстаз |
Ыбырай
Алтынсарин балалар әдебиетінің атасы:
Таза бұлақ
|
Бай баласы мен жарлы баласы |
Қисық ағаш |
Өзен,жаз |
Жаман жолдас |
Қарға мен түлкі |
Асыл шөп |
Қазақ балаларын адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі
болуға шақырады.
Ыбырай Алтынсарин өмірі мен қызметінің негізгі
кезеңдері.
1841 –1850 ж.ж – балалық шағы.
1841 жылы Қостанай облысында туған.Ол
XIX
ғасырда өмір сүрген екен. Ыбырайдың әкесі ерте қайтыс болып, атасы Балқожаның
тәрбиесінде өседі. Атасы мен әжесі Ыбырайдың оқуына көп көмек көрсетеді. Ыбырай
Алтынсарин мектепті үздік бағамен бітіреді.
1850-1857 ж.ж. Орынбор шекара
комиссиясы жанынан
қазақ балалары үшін ашылған мектепте білім алып, үздік бітіреді.”Аға шәкірт”.
1857 –1859 ж.ж. еңбек жолының
басы, тілмаш, хатшы, аудармашы болып қызмет істейді.
1860-1863 ж.ж. Торғай қаласында
қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуға рұқсат алуы. Дайындық жұмыстары
жүруі, қаржы жинау, көмекші оқушыларды дайындау мектеп іргетасын көтеру.
1864 жылы 8 қаңтар. Торғай
мектебінің ашылу салтанаты Ыбырайдың оқыту әдістемесінің тәжірибелі сынақтан
сүрінбей өтуі, 14
қазақ баласы оқуға келеді.Оқу –тәрбие жұмысы.
1864-1879 ж.ж. Ғылыми, саяси,
қоғамдық көзқарасының кемелденіп қалыптасу кезеңі.
1879 ж. Орынбор "қазақ хрестоматиясы”басылып
шықты.
Хрестоматиясында
өлеңдер мен әңгімелер, ертегі білімдік, тәрбиелік жөнінен өте маңызды. Өзінің
бүкіл ғұмырын ұстаздыққа арнаған.
-
Оқулықпен жұмыс.
Әбу Сәрсенбаевтың "Сәулелі жұлдыз
іздеген адам” тақырыбын өтеміз.
Атырау обл. Теңіз ауд. туған. |
Ә.Сәрсенбаев(1905-1997)жж |
Қаламгер жазушы |
Туған өлке.Отан таңы (өлеңдер) |
"Сәулелі жұлдыз іздеген адам”
1)
Әр топқа бөлімге
бөліп іштей оқытамын 5 мин.
2)
Әр бөлімді
әңгімелейді.
3)
Әр топ бөлімдерге ат
қояды.
1 топ: Мектеп алғашқы қадамы.
2 топ: Мектепке әкелген шашу.
3 топ: Алғашқы сабақ.
Сәулелі жұмыс – Ол мынау мәдениет
ошағы – жаңа мекетеп.
Сөздік және инспектор – оқу
бөлімінде қызмет ететін адам.
Шығармашылық жұмыс.
Әр топқа карточкамен жұмыс
жасайды.
1 топ: Жоспар құру (яғни жоспар
бойынша мінездеме әзірлеңдер)
2 топ: Мінездеме беру.
3 топ: Сахналау.
Қорытындылау:
Поэзия минуты. Эссе жазу (шағын өз ой –
пікірлерін жаз осы әңгіме бойынша)
«Кел,
балалар,
оқылық»
өлеңін әр топта 1 оқушыдан шығып айтады.
- Ы. Алтынсарин балаларға таза
қазақ тілін меңгеруге көңіл бөлді. Қазақ тілін татар, парсы сөздерімен
араластырып, оны былғап жүрген діни адамдармен күресті.Ол орыс тіліндегі
балаларға арналған көптеген әдеби шығармашыларды қазақ тіліне аударған. Ы.
Алтынсарин -
балалар әдебиетінің атасы. 48 жасында қайтыс болды.
Біздің кемеңгер ұлы бабамыз Ыбырай
Алтынсарин туған халқына жан аямай еңбек
етті. Қысқа
өмір сүрсе де ұрпақтарына үлгі - өнеге боларлық, тәлім аларлық бай мұра
қалтырды.ол ашқан мектептер шамшырақ болып бүкіл қазақ еліне нұрын, сәулесін шашты.
Сондықтан да халық оны ұлы ағартушы деп лайықты бағалады.
И.А.Крылов шығармаларын қазақ даласына ең тұңғыш
таратқан. Ол мысалдар жат
қылық, жаман әдеттен жұртты сақтандырады, адамгершілік
қасиетті үлгі етеді.
«
Қарға мен түлкі»,
«Әке
мен бала», «Өрмекші,
құмырсқа, қарлығаш».
Венн диаграмма
IIX ғасыр
мектебі
XXI
ғасыр мектебі
Үйге:”Сәулелі жұлдыз іздеген
адам” (мазмұндап айту)
Бағалау.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.