Қазақ әдебиеті "Шәңгерей Бөкеевтің өмірі мен шығармашылығы" 10 сынып
Асаубаева Алтын Қуандыққызы.
Шақа орта
жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Павлодар
облысы, Лебяжі ауданы (байланыс:
8(71842)23271, 87776000344)
Сабақ мақсаттары:
а) білімділік: Шәңгерей Бөкеевтің өмірі, шығармашылығы, әдебиеттегі
орны жөніндегі алған білімдерін жүйеге
келтіру, ғылымиландыру.
ә) дамытушылық: оқушыларды ғылыми ізденіске дағдыландыру, әдеби
талдау, жобалау, құрастыру, іскерлік қабілеттерін дамыту, біріге жұмыс
алгоритмін атқаруға дағдыландыру.
б) тәрбиелік: мәнді, маңызды әрі адал өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың формасы: ғылыми-зерттеушілік сабақ.
Сабақтың түрі: жобалау, оны дәлелдеу, қорғау сабағы.
Сабақтың әдістері: көркем мәтінмен, ғылыми материалдармен жұмыс,
проблемалық зерттеу, жүйелеу, модельдеу, жобалау.
Қолданылған технология: проектілік
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, баспасөз материалдары жинағы,
оқулық, хрестоматия, кесте, сызбалар.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Оқушылардың дайындаған ғылыми проектісі:
Мақсаты: Шәңгерей Бөкеевтің өмір және шығармашылық жолы, әдебиеттегі орны мен
зерттелуі туралы зерттеу, зерделеу,
жобаға салу.
Міндеттер:
·
Автор
туралы мәліметтерді тыңдау, жинастыру, жинақтау, модуль құрастыру;
·
Шығармашылық
жолын зерттеу, талдау жасау, модульге түсіру;
·
Замандас
ақындармен үндестігін табу, талдау, модульге түсіру;
·
Материалдарды
жүйелеу арқылы шағын проект жасау, рәсімдеу;
·
Проектіні
қорғау.
Жоспар:
·
Автор
туралы оқулықтардағы материалдарды оқып танысу;
·
Қосымша
зерттеу материалдарынан қажетті мәліметтерді теру;
·
Материалдарды
талдау, теориямен дәлелдеу, модульдерге түсіру;
·
Жинақтаған
барлық материалдарды жүйелеу, сызбаларға түсіру, проект жүйесіне келтіру;
·
Проект
жасау, тексеру, рәсімдеу;
·
Проектіні
қорғау.
Өзектілігі: қоғамдағы кертартпа қылықтардан бойларын аулақ
ұстауды және экономикалық нарық саясатын түсіну арқылы өзін заманға пайдалы
тұлға ретінде тәрбиелей, қалыптастыра білу.
Болжам: ақынның қоғамдық өмірдегі салмағын, жаңашыл өмірден алған тәжірибесін,
көзқарасы мен мақсатын біліп-тану арқылы адамның тіршіліктегі маңызын түсінеді.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен амандасу, көңілдерін сабаққа
аудару, жұмысқа сәттілік тілек білдірту;
- жаңа сабақ
тақырыбымен таныстыру, сабақ мақсатын айқындау.
ІІ. Жаңа сабақ:
1. Мұғалім: автор
және оның өмір сүрген заманы туралы қосымша әдебиеттер арқылы ақпарат көздерін
береді, оқулықтағы материалдармен жұмыс істеуге нұсқау жасайды.
2. Оқушылар
топтық негізде жұмыс жасайды:
І топ: «Шәңгерей кім?» бағыты бойынша жұмыс жасайды.
«Шәңгерей кім?» бағыты:
«Қазақтың адамгершіл, сыршыл, мәнді де мәнерлі
поэзиясының
аты әйгілі ақыны».
Х. Сүйіншәлиев.
- Көрнекті ақын
- Қайталанбас қаламгер
- Лирик
- Кәсіби жазушы («Қара мұрт»
әңгіме-роман, аяқталмаған)
- Асыл сөздердің авторы
- Жазба әдебиет дәстүрін орнықтырушы
- Тегі – ақсүйек (Жәңгір ханның
немересі)
- Саятшыл (аңшылық, құсбегілік)
- Көркемөнерді қадір тұтушы ( батыстық
өлкеге мәлім бөкейлік әуен)
- Меншікті шаруашылық үлгісін жасаушы
(Көлборсы)
- Ағартушы (мектеп ашты, өзі оқытты,
мұғалім жалдады)
- Орыс, батыс әдебиеті мен мәдениетін
танушы
- Аудармашы(Лермонтов, Пушкин, Тютчев,
Гоголь, Фет)
- Демеуші (Оралдағы «Қазақстан»
газетіне қаржылық көмек берген)
ІІ топ: «Шәңгерей өмірі» бағыты бойынша жұмыс
жасайды.
«Шәңгерей өмірі» бағыты:
- 1847 жылы Орал облысы, Орда
ауданында, Жасқұс деген жерде дүниеге келген.
- 1852 жылы әкесінен жетім қалып,
әкесінің інілерінде тәрбиеленген.
- Білімі: Ордадағы «Ай белгілі ақ
мешітте» тәлім алады, сауат ашқан.
Астраханьдағы
реальды училищесінде оқыған.
Орынбордағы Кадет
корпусында оқып, орыс тілін үйренген, әдебиеті мен мәдениетін таныған.
- Қызметі: Самар губерниясында бітімші
сот болып істеген.
Сартау, Орал,
Қазан, Уфа қалаларында жергілікті ұлықтар қатарында болған.
- Атағы: дворян, Самар губерниясындағы
дворяндар тізіміне тіркелген.
- Иелігі: Көлборсы жерін жеке меншікке
алып, жаңа үлгідегі тұрақжай жасайды.
- 1872 жылы шаруашылықты басқа адамдарға
тапсырып, таза өнермен айналысады. Сауық-сайран, саятшылық, аңшылық,
өнерпаздық, өз бетімен оқу, жетілу, көркемдік өнердің түрлерімен
шұғылданған.
- 1911-1913 жылы. Оралда қазақ
зиялыларының ұйымдастыруымен шыққан «Қазақстан» газетіне қаржылық көмек
көрсеткен.
- 1917 жылы өз қонысын тастап, Тайпақ
ауданы, Төре төбесіндегі туыстарына келеді, оқшау өмір сүрген.
- 1920 жылы Қаратөбеге қарасты Ақбақай
деген жерде 73 жасында сүзек ауруынан дүние салған.
ІІІ топ: «Шәңгерей туралы сөз» бағыты бойынша
жұмыс жасайды.
«Шәңгерей туралы сөз» бағыты:
- «Шәңгерей – осындай қандыбалақ
төрелерден шыққан, озбыр ортаның түлегі»
Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 234-бет.
- «Шәңгерей зар заман ақындары секілді
көшпелі өмәрге жат жаңалықтарға қарсы болған жоқ. Қайта жаңа нәрсені
ұлттың игілігіне пайдалануға үндеді. Ұлттың жаңа сапаға өтуінің негізі
өнер-білімде деп санады».
Б.Омаров «Зар заман әдебиеті», 131-бет.
- «Ақынның ой-сезім талғамы, қиялға
негіздеме бейнеленіп, қоғам қайшылықтары, дәулет тексіздігінің сырын
қарастырудан гөрі, жеке адамның өмірін, тіршілік жайларын дүниенің
пәнилігіне ұштастыра, терең толғана суреттейді. Ақын қоғамдағы адамдарды
топтарға бөлмей, бәріне ортақ ой түйер образдар жасауға шебер».
Б. Беспаева «ҚазҰУ хабаршысы», филилогия №1, 143-бет.
- «Шәңгерей «Ел ауадан» соң халық боп
қызынған әуелгі ес ала, ақыл шала көңіл-күй саябырсып, мұнан соң қазақ
өлеңі де жуасып, «Зар заманға» аққұла ойысқан».
М. Тәжімұратов «Шәңгерей», Алматы, «Өлке»,
1998, 74-бет.
3 топ біріге «Заман үні» бағыты
бойынша ұжымдық жұмыс істейді, бірақ әр топтың өз тапсырмасы бар.
І топ: « Шәңгерей» туралы:
Ақынға
сипатттама |
Қазақ жазба
әдебиетінің дәстүрін орнықтырушы, өз заманының қыр, сырын аңғартатын күрделі
ойлар, көркем топшылауларды жыр еткен ақын. |
Мақсаты |
Оқығандарын
өзінің ой елегінен өткізе отырып, жанына жақын, рухына сай ішкі нәр мен
сыртқы сыр – бояуын таныту. Мысалы: «Жалғыздық жанға батса шер тарқатқан, Қобыздай күңіренген қайран
тілім!», «Бұл дүние пәнилығын етеді екен»...
(335-бет). |
Ерекшелігі |
Филисофиялық
топшылауы, образдардың саналылығы, эстетикалық талғамының нәзіктігі, ғылымға
ерекше мән береді. Мысалы: «Мұхитта нән балықтай кезген көңілім, Тұмсығың тимей тасқа неге алжастың? Шұлғанып жүн-жабағы, қыл-қыбырға Бұрынғы өз жолыңнан неге адастың?
«Бір күнде жас көңілім»... (335-бет). |
Зерттелуі |
Н. Манаев
«Шәңгерей өмірі жайлы деректер»; М. Әуезов
«Уақыт және әдебиет» 11-том; Х. Сүйіншәлиев
«ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том; М. Тәжімұратов
«Шәңгерей», Алматы, «Өлке», 1998; Б.Омаров «Зар
заман поэзиясы». Алматы, 1999 ж. |
ІІтоп: « Махамбет» туралы:
Ақынға
сипатттама |
Бостандық пен
құлдық, ерлік пен ездік, өмір мен өлім, ел мен жер, халық пен билік, достық
пен дұшпандық, адалдық пен арамдық, табандылық пен тайғайтық т.б. туралы
терең ой-сезімдерін көтеріліс тақырыбына сыйғызып жіберген ақын. |
Мақсаты |
«Қорлықта
жүрген халқына бостандық алып беруге» арналған. Мысалы: «Ереулі атқа ер
салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай, Ерлердің ісі бітер ме?» «Ереулі атқа ер салмай» (21-бет). |
Ерекшелігі |
Таза қазақы
тілдің негізінде поэтикалық тіл жасауы, асқақ романтизмге, өкініштің
оптимизмге ұласуы, өрлік, ерлік, патриотизмге толы айбарлы үні, бостандық
гимні. Мысалы: «Ту
түбінен ту алған, Жауды көріп қуанған, Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» «Еңселігім
екі елі» (-бет). |
Зерттелуі |
С. Мұқанов
«Халық мұрасы». Алматы, «Қазақстан», 1974 ж.; Ә. Қоңыратбаев
«Қазақ әдебиеті тарихы». Алматы, 1994 ж.; З. Қабдолов
«Ерлік пен елдіктің өшпес рухы». «Егеменді Қазақстан» газеті, 7.08.2001 ж. |
ІІІ топ: « Шернияз» туралы:
Ақынға
сипатттама |
Жас кезінен
бастап суырып салма өлең шығарған, 15 жасында «ділмар Шері» атанған, Махамбет
рухында жыр толғап, шаруалар көтерілісіне үн қосқан, халықтың шерін өлеңмен
шерткен өткір тілді өрен жүйрік. |
Мақсаты |
«Қызыл тіл
сөйлесем безерілген». Мысалы: «Үйшінің үскісіндей өткір тілім Өрді-ойды білмей шауып қасқарарсың. Хан жамандап қанымды
төгіп алып, Шығарма, қызыл тілім,
масқарасын. Түтуге мен сорлыны бас
саларсың. Шыдамай Шерің қозғап,
шынын айтса, Қылышпен алтын сапты
басты аларсың». «Баймағамбетке
айтқаны» (27-бет, хрестом.). |
Ерекшелігі |
Тек шешендік,
даналыққа ғана құрылмай, мысқыл, әжуа, келемеж, сатираға құрылуы, шыншылдық
сипаты. Мысалы: «Орамды»
қызыл тілді орағым Шерің де одан-бұдан қосып алды».
(33-бет); «Күнелткен қызыл тілдің
ұшын безеп Жан едім өтірік айтпай,
қылмай ұрлық» (26-бет). |
Зерттелуі |
С. Мұқанов «Қазақтардың
ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиет тарихының очерктері». Алматы, 1942 ж.; Ә. Қоңыратбаев
«Қазақ әдебиеті тарихы». Алматы, 1994 ж.; Қ. Жұмалиев
«Мақалалар жинағы». Алматы, 1957ж., 1 том. |
Ұжымдық түйін: «Ортақ белгі»:
- ХІХ ғасырда өмір сүрген Шәңгерей,
Махамбет, Шернияз да Қазақстанның батыс өңірінің тумалары.
- Ата тектері – Кіші жүз.
- Тума табиғаттары – жауынгер, ұрандары
– «Қолына найза беріп, жауға қой».
- Бірі ауқатты әулеттен шықса, енді
бірі ауқатты әулетке қызмет істеген тұлғалар.
- Қарапайым халықтың жағдайын өзгертуге
күш салған, күрескерлік пен тура айтудан қайтпаған өткір тілді шешен сөзді
патриоттар.
- Бірі үгіт арқылы, бірі күрес арқылы,
бірі жаңашыл тұрмыс жағдайын жасау арқылы тарихта із қалдырған
қайраткерлер.
- Өзіндік тіл көркемдігі, ерекшелік сипаты
басым, қайта тумас ақындар.
- Исатай бейнесін сомдау:
Белгілері |
Махамбет |
Шернияз |
Ер жігіт |
Төрт-бес жылдай
алысып, Мына тұрған
Исакем Ханның бетін
қайтарған. |
Ер тумас ел
бағына Исатайдай, Мінезі толқушы
еді толған айдай. |
Асыл |
Кермиығым,
кербезім Керіскендей
шандозым. |
Сағынам, ауызға
алсам Исатайды!
|
Нағыз сарбаз |
Астына мінген
Ақтабан Ақбөкендей
ойнайды. Қасына ерген
көп әскер Маңыраған
қойдай шулайды. |
Па, шіркін
Исатайдай сабаз тумас. |
Құнды адам |
Ат туар ма
шұбардан, Ер туар ма
бұлардай. |
Исатай ділмар
еді топтан озған, Нар еді
бәйтерекке басын созған. |
Алмас қылыш |
Халық қайғысын
айтуға Хан ұлынан
тайсалмай |
Ақ алмас, алтын
сапты қылышым-ай! Қорып ең алты
алаштың тынысын-ай. |
Ел еркесі |
Арыстан еді-ау
Исатай Бұл фәнидің
жүзінде Арыстан одан
кім өткен. |
Қарадан халқы
сүйіп «ханым» деген, Исатай ел
еркесі, ел серкесі |
Ақынның шығармашылығы бойынша орындалатын жұптық
тапсырмалар мынадай бағыттармен жүргізіледі:
- Басты тақырыптар
- Лиризм
- Бірлестік
- Көңіл-күй
- Философиялық тереңдік
- Көркемдік ерекшелік.
ІІІ. Қорытынды:
Оқушылар алған білімдері негізінде ойларын жинақтайды, әр топ дайындаған
бағыттағы
жұмыстарын жинастырып, «Шәңгерей Бөкеев өмірі мен шығармашылығы» атты модельді
құрастырады.
«Шәңгерей Бөкеев өмірі мен
шығармашылығы» атты модель
ІҮ. Бағалау:
Әр топ өздерінің жұмыстарын және басқа топтардың жұмыстарын бағалау парағы
бойынша
бағалайды.
Ү. Үйге тапсырма:
1. Пікірлерін
жазып келу:
А). Міндетті деңгей:
«Ақын қандай өмірді аңсады?».
Ә). Мүмкіндік деңгей:
«Ақын дарашылдыққа ұшырады ма?».
2. Ақын
шығармаларын оқу, талдау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- С. Қирабаев, Ұ. Асыл, т.б. «Қазақ
әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы: «Мектеп», 2010.
- З. Ахметов, Ұ. Асыл. «Қазақ әдебиеті»
хрестоматиясы 10-сынып, Алматы: «Мектеп», 2010.
3.
Н. Манаев «Шәңгерей өмірі жайлы деректер»;
4.
Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;
5.
М. Тәжімұратов «Шәңгерей», Алматы, «Өлке», 1998;
6. Б.Омаров «Зар заман поэзиясы».
Алматы, 1999 ж.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.