Қазақ әдебиеті "Қазақтың бас ақыны" 10 сынып
Сабақтың мақсаты: 1) Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолын,Абай шығармаларының өзіндік ерекшелігі,пікірлерінің құндылығы,ондағы дәстүр мен жаңашылдық жайлы білімдерін қалыптастыру; 2) шығармашылықпен жұмыс істеуге,оқып-білуге ынталандыру,ойлау қабілетін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру; 3) ұлтжанды болуға,отансүйгіштікке,еңбексүйгіштікке,табиғатты сүюге, адамгершілікке,өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың
типі: білімді тиянақтау.
Әдіс-тәсілдері:
іздену,баяндау,сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер:
Абайдың суреті,әдеби кітаптар,қосымша
материалдар,электронды оқулық,Абай туралы зерттеу еңбектер,Абайдың бабалары мен
балаларына арналған кесте,әдістемелік оқулықтар.
Пәнаралық
байланыс: қазақ тілі, география, музыка, тарих.
Сабақ барысы.
- Ұйымдастыру кезеңі;
- Үй тапсырмасын сұрау;
- Үй тапсырмасын қорыту;
- Жаңа сабақ.
Қазақтың бас ақыны
Абай
Құнанбаев 1845-ші жылы Семей облыы,Абай ауданында дүниеге келген. Ақынның арғы
тегі Орта жүз Тобықты,Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан
Айдос,Қайдос,Жігітек есімді үш ұрпақ тарайды.Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір
ру болып кеткен.Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай,Көтібақ,Топай,Торғай
деген төрт ұл туады.Ырғызбайдан: Үркер,Мырзатай,Жортар,Өскенбай
тарайды.Өскенбайдың әйелі Зереден: Құнанбай туады.Құнанбай төрт әйелі болған
адам.Оның бәйбішесі Күңкеден: Құдайберді,інісі Құттымұхамбетке
айттырылып,қалыңдық кезінде жесір қалған соң,өзі алған екінші әйелі Ұлжаннан –
Тәңірберген (Тәкежан),Ибрахим (Абай),Ысқақ,Оспан,үшінші әйелі Айғыздан –
Халиулла,Ысмағұл туады.
Қартайған шағында үйленген ең кіші
әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ.Абайдың «Атадан алтау,анадан төртеу едім» дейтіні
осыдан.Болашақ ақын сабырлы мінезімен,кеңпейілімен ел анасы атанған кәрі әжесі
– зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп өсті.Абай әуелі
Ғабитхан деген молдадан сауатын ашады.Он жасқа толған соң үш жыл Семейдегі
Ахмет Риза медресесінде оқиды.Ол медреседе араб,парсы тілдеріне негізінен дін
сабағы жүргізілетін еді.Ол енді дін оқуын місе тұтпай,білімін өз бетінше
жетілдіруге ұмтылады.Сөйтіп,көптеген шығыс ақындарының
шығармаларымен,араб,иран,шағатай тілінде жазылған ертегі,дастан,қиссалармен
танысады.шығыстың Низами,Науаи,Сағди,Хафис,Сафи сияқты ұлы ғұлама ақындарына
бауыр басады.
«Абай лебі,Абай үні,Абай тынысы –
заман тынысы,халық үні.Бүгін ол үн – біздің де үнге қосылып,жаңғырып,жаңа өріс
алып тұр». Мұхтар Әуезов.
«Қазақтың бас ақыны – Абай
Құнанбаев.Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын
болған жоқ». Ахмет Байтұрсынұлы.
Сәбит Мұқанов Абайды «Ақыл-ақын»
деп биікке көтерді.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.