Қазақ әдебиетінен таңдау курсы 10-11 сынып. Таңдау пәні тақырыбы: «Семей өңірінен шыққан ақын- жазушылар»
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сынып оқушыларына арналған жергілікті
аймақтық компоненттерді оқыту мақсатындағы
«Семей өңірінен шыққан ақын-жазушылар»бағдарламасы білім стандартына
негізделіп, қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламаларын басшылыққа ала отырып
жазылды. Апталық сағаты-1. Тарих,өнер пәндерімен кіріктіре жүргізілуді
көздейді. Гуманитарлық бағыттағы оқушыларға,
яғни болашақта әдебиетші, тарихшы боламын деген оқушылар білімін шыңдауды
көздейді.
Курстың мақсаты: оқушыларға өзі туып өскен
аймағындағы ақын-жазушылардың шығармашылықтары туралы кеңінен мағлұмат бере
отырып,сол аймақтың тарихы мен сырын, өткені мен бүгінін, әдебиеті мен
мәдениетін кең көлемде таныту арқылы туған жерге, елге деген патриоттық
сезімдерін қалыптастыруға баулу.
Міндеттері:1.Жергілікті, аймақтық тарихи жер-су атаулары, тарихи
ескерткіштер мен мәдени орындар, кесенелер туралы мәлімет беру;
2.Жергілікті, аймақтық тарихи тұлғалар жайында білімдерін кеңейту;
3.Жергілікті, аймақтық ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылықтары жайында кенінен мағлұматтар
бере отырып, олардың мұраларын зерттеу
жұмыстарына тарту;
4.Өлкемізден шыққан өнер саңлақтарының да шығармаларымен таныстыру;
5. Өз елінің тарихын, әдебиетін, мәдениетін сүйетін азаматтар тәрбиелеу,
патриоттық, ұлттық сана-сезімдерін қалыптастыру.
Оқушы дайындығына
қойылатын талаптар:
▪ Өзі туып өскен өлке тарихымен
кеңінен танысу;
▪ Ақын-жазушылардың көркем шығармаларын оқу;
▪ Туған жер, туған ел тарихы туралы жазылған зерттеу еңбектермен
танысу;
▪ Аймақтың өткені мен бүгіні жайында зерттеу,іздену,
жинақтау;
▪ Сөздік қорын өз бетінше
толықтырады;
▪ Оқу материалдары бойынша дискуссияға (диалог,
сұхбат, әңгіме, инсценировка, пікір алмасу) т.б. қажетті дағдыларды меңгереді.
▪ Адамгершілік, патриоттық сезімдері
қалыптасады.
«Семей өңірінен шыққан ақын-жазушылар» атты таңдау курсының
күнтізбелік
жоспары.
10-сынып Қоғамдық-гуманитарлық
бағыт 34 сағат
р/с |
Мазмұны |
сағаты |
күні |
1 |
Кіріспе.Атамекен – алтын қазына.
Жергілікті, аймақтық тарихи жер – су атаулары, мемлекеттік деңгейдегі
ескерткіштер, мәдени орындар, атақты адамдарға қойылған кесенелер. |
2 |
|
2 |
ХҮІІІ –ХХІ ғасырларда
жергілікті аймақта өмір сүрген ұлттық ой - сана өкілдері |
1 |
|
3 |
Жыраулар, би, сұлтандар. Ақтамберді
жырау. |
1 |
|
4 |
Ақтайлақ би, Кеңгірбай би, Ералы би. |
1 |
|
5 |
Ырғызбай би, Өскенбай би, Доғал би. |
1 |
|
6 |
Кенжеғұл би, Жобалай би, Қисық би. |
1 |
|
7 |
Барақ төре, Ешен әулие, Байтөлек көріпкел, Серікбай
халпе. |
1 |
|
8 |
Құнанбай қажы сұлтан |
1 |
|
9 |
Өздік жұмыс |
1 |
|
10 |
Шешендер.Досбол шешен |
1 |
|
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.