Қазақ әдебиеті 9 сынып. Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбайұлы. Отыз бірінші сөз.
Сабақтың мақсаты: 1.
А.Құнанбайұлының қара сөздерін оқыта отырып,толық мәлімет беру, қара сөз
жазудағы мақсатымен таныстыру.
2. Абай қара сөзіндегі ой оралымдарын оқушының ой-өрісіне
сіңіре отырып, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
3. Естілікке, ынталы болуға, ұғымтал боп өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білім мен дағдыны, іскерлікті
қолдану сабағы.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: «Қызығушылықты ояту»,
«Мағынаны тану», «Ой толғаныс» стратегиясы, тірек сызба, шығармашылық жұмыс,тақтамен
жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті,интербелсенді
тақта.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
2. Үй
тапсырмасын сұрау.
∙
Абайдың өлеңін мәнерлеп жатқа айту.
∙
Өлеңнің идеялық мазмұнын топтастыру.
3. Жаңа сабақ.
«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің
бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Таза әдебиет
сарынына бой ұрғанда, маған «Абай» деген сөз «қазақ» деген сөзбен теңбе-тең
түсетіндей кездері бар секілді»
М.Әуезов.
А.Құнанбаевтың өлеңдері мен поэмаларымен таныстыңдар.Мына
кестені толтыру мақсатында біз бүгін Абайды тағы бір қырынан танитын боламыз.
Ой қозғау. Оқушыларға ББҮ кестесін толтырту.
Білемін |
Білгім келеді |
Үйрендім |
|
|
|
Абай қара
сөздері туралы түсінік бере отырып, оның қара сөз жазудағы мақсатымен
таныстыру.
Абай өз шығармаларының бір алуанын қара сөз түрінде
жазды.
Қара сөз – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Қара
сөздің өлеңге қарағандағы айырмасы онда сөз ырғағы еркін, онда белгілі бір
өлшемдер сақталмайды. Абайдың қара сөздері қазақ әдебиетінде проза жанрының
дамуына соны із салған жаңалық болды. Қазіргі заманғы проза жанрындағы роман,
повесть, әңгіме, т.б. қара сөздің жан-жақты дамыған үлгілері боп табылады.
Абайдың қара сөздері өзінің көзі көрген, көңілге түйген
өмір сабақтары туралы ойлары. Абай өз қарасөздерін кеңес әңгіме, философиялық
ой, ақыл-нақыл, өсиет сөздер түрінде жазған. Қара сөздерінің жанрлық, стильдік
ерекшеліктері ғалымдардың зерттеуінше былайша топтастырылады. Қарасөз дегеніміз
– ғылым туралы, философия туралы, дін туралы қарасөзбен жазылған еңбек. Абайдың
1890-1898 жылдар арасында жазылған 45 қарасөзі бар. 46-шы қарасөзі аяқталмаған.
Қарасөз – арабтың "ғақлия” деген сөзімен мәндес. Ғақлия көркем сөз, дана сөз,
асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Абайдың қарасөздері гуманистік, ағартушылық,
әлеуметтік ойлары, дін туралы пікірімен бірігіп, тұтас қазақ халқының
философиялық консепциясын құрайды, көркемдік сыры мен философиялық сананы
ұштастырған. Абайдың қарасөздері мен өлеңдері адамзат баласына ортақ сөз.
Қарасөз алғаш Семей қаласында 1948 жылы "Абай” журналында жарық көрген.
Қарасөздер орыс, қытай, француз т.б. көптеген әлем тіліне аударылған.
Интерактивті тақтадан Абайдың 1-
қара сөзін тыңдата отырып, қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру.
Мағынаны тану сатысы.Балалар,бүгін біз
Абай Құнанбаевтың жиырма тоғызыншы қара сөзі мен отыз бірінші қара сөзімен
танысамыз.
Тақтадан жиырма тоғызыншы қара сөзін тыңдатып,талдау
жасау.
Кестені толтыру.
Мақал-мәтелдер |
Абайдың сыны |
Оқушы пікірі |
|
|
|
« Зерек ес», «есте сақтау», «ақыл» деген кілт сөздер беріліп,балалардың
ойларын тыңдау. Балалар, сабақты тез әзірлеу үшін есті қалай шыңдауға болады? деген сұрақ қойылады.
Зерек ес – психологиялық күрделі процесс. «Ес – ақыл
қоймасы» деген даналық сөз бекер айтылмаған. Сондықтан ұдайы жаттықтыру арқылы
ғана есті зерек ете аласың. Осыны жадыңа тұт.
Абайдың
«Отыз бірінші сөзін» тыңдату.
Ауызша жұмыс.Мәтін
бойынша сұрақтар қою.
Мәтінде
не туралы айтылған?
Есте
сақтау үшін қандай нәрселерді орындау қажет?
Өзің
өмірде естіген нәрсеңді ұмытпас үшін не істейсің?
Естіген сөзді ұмытпаудың 4 түрлі себебін
топтастыр.
Ой кеселдерін ата.
Ой кеселдерінен
бойыңды аулақ ұстау үшін қайтер едің?
Ғибратләну,
уайымсыздық, салғырттық сөздерінің синонимдерін жазу. түсіндірме сөздіктен
қарай отырып, мағынасын жаз. (Тақтамен жұмыс)
Тақтамен жұмыс.Қара сөз. Сөзді сөз құрамына,
лексика-грамматикалық мағынасына сатылай кешенді талдау жаса.
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.