Алғашқы геометриялық мағлұматтар 7 сынып
Сабақтын тақырыбы: Алғашқы геометриялық мағлұматтар
Мақсаты:
Геометрия пәні бойынша өткен материалдарды оқушылардың игеруі;
Оқушылардың геометрия пәніне деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру;
Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, транспортир, банк атаулары жазылған қағаздар , кеспе қағаздар.
Сабақтың түрі: ойын сабағы
Сабақтың типі: тарауды қайталау
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Ойынның шартымен таныстыру.
Ойынның шарты:
Ойынға екі топ қатысады. Әр топтың өз банкілері және банк президенттері болады.
Президент тапсырма бойынша нақты соңғы жауапты бере алады.
Әр топ кезекпен тапсырма алады (500-5000 теңгеге дейін).
Жоғарғы капитал 5000 теңге.
Егер топ дұрыс жауап берсе, онда олардың капиталына тапсырманың құны қосылады, ал дұрыс жауап бере алмаса оның капиталынан сол тапсырманың құны алынады.
Ойлануға тапсырманың күрделігіне байланысты 1 минуттан 5 минутқа дейін уақыт беріледі.
Егер банкротқа ұшыраса, онда ойын аяқталады.
Қай банкіде ақша көп болса, сол топ жеңімпаз атанады.
Әр топтың алдында өз банк атаулары жазылған. Мұғалімдерден бір адам банкілердіңақша айналымын тексеріп отыратын аудитор сайланады.
Екі банкінің президенттері өз банкімен таныстырып өтеді және слайдпен жарнамакөрсетеді.
БТА банкі
Құрметті оқушылар мен қонақтар! Мен Банк Турам Әлем банкінің бас директоры Шайкемелова Меруерт. Сіздерді әлемге танымал банкінің бірі ретінде салымшымызболуға шын ықыласпен шақырамын. Біздің банкке сенім артуға болады, бірақ та сенімдіболған жақсы. Ол өз ақшаңды басқару мен бақылауда еркіндік пен сенімділікті сезінугемүмкіндік береді.
Біздің банкіде «Сәттілік Формуласы» жұмыс істейді:
1. Депозиттің теңге, доллар, евро түрінде ашу;
2. Ай сайын сыйлықтардың шашуы;
3. Ақшаларыныздың жыл сайын емес, ай сайын емес күн сайын өсуі
Ал өзімнің қызметкерлеріме табысқа және шығармашылық жетістіктерге жете берулеріңізге тілек білдіремін!
Халық банкі
Құрметті оқушылар мен қонақтар! Мен Халық банкінің бас директоры СейдағазыГүлдана. Біздің Халық банкі шынайы халықтың мұддесінде ғана қызмет көрсетеді. Бізәрдайым өз арманымызды іске асыруға ұмтыламыз, сол үшін аз- аздан, там- тұмдапболса да қаржы жинастырып. Қажетті ақша сомасын жинаймыз.
Біздің банкте мынадай депозиттердің кең ауқымы бар:
«Халықтық - стандартты»
«Халықтық - жинақтаушы»
«Халықтық - зейнетақылық»
«Халық – балалар үшін»
Тапсырмалар: 1000 теңге
1. Кез келген екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?
2. Егер екі түзу қиылысса, неше ортақ нүктесі болады?
3. Латыннің үлкен немесе кіші әріптерінің қайсысымен кесінді, сауле, түзу, нүктенібелгілейді?
4. Суреттен АС, АЕ, СЕ кесінділерінің ортасын көрсет.
5. Жазыңқы бұрыш дегеніміз не?
6. Екі түзу қиылысқанда неше жазыңқы емес бұрыштар шығады?
7. Сыбайлас бұрыштар мен вертикаль бұрыштардың айырмашылығы неде?
8. Премия 1000 теңге
9. Бұрыштың анықтамасын айтыныз.
10. «Геометрия» сөзі нені білдіреді?
11. Кесінді мен сәуленің қандай ұқсастығы мен өзгешіліктері бар?
12. Биссектриса дегеніміз не?
Тапсырмалар: 2000 теңге
1. Бұрыштың анықтамасын айтыңыз.
2. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы неге тең?
3. Вертикаль бұрыштар дегеніміз не?
4. Суретте көрсетілген нүктелердің қайсысы а түзуінде, қайсысы b түзуінде жатады? Қандай нүктелер бұл түзулерде жатпайды?
5. Премия 2000 теңге
6. Аксиома мен теореманың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
7. Сыбайлас бұрыштардың біреуі 450 болса , онда оның екінші бұрышы неге тең?
8. ∠АОС =600; ∠ВОС =350 болса, онда АОВ бұрышын есептеңдер.
9. ЕОF бұрышы және бірнеше нүктелер берілген. Бұл бұрыштың
1) ішінде;
2) сыртында;
3) қабырғаларында жатқан нүктелерді атаңдар.
Тапсырмалар: 5000 теңге
1. Сыбайлас бұрыштардың бірі екіншісінен 750 үлкен. Осы бұрыштарды табыңдар.
2. Премия
3. Сыбайлас бұрыштардың бірі екіншісінен 3 есе үлкен. Осы бұрыштарды табыңдар.
4. А, В, С нүктелері бір түзуде жатады, ал А нүктесі В және С нүктелерінің арасындажатады. АВ = х, АС = х+4,3, ВС =6,7. АС кесіндісінің ұзындығын табыңдар.
5. АВ және СD түзулері Е нүктесінде қиылсады, мұндағы ВЕС және АЕDбұрыштарының қосындысы 1940 – қа тең. АЕС бұрышын табыңдар.
6. Суреттен неше квадрат табуға болады?
Қорытынды:
Сабақтың соңында сөз кезегі екі банкінің президенттеріне беріледі. Өз қызметкерлерінөздері бағалайды.
Үй жұмысы: 2 тарау, § 8
Будь-те первым, поделитесь мнением с остальными.