Главное меню

  • К списку параграфов
§64. Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс

Сендер Жер шарындағы материктер мен мүхиттардың табиғат жағдайларын және елдер мен халықтардың өзіндік ерекшеліктерін оқып үйренуді аяқтадыңдар. Өздерің танысқан барлық табиғат кешендері географиялық қабықтың қүрамдас бөліктері болып табы- латынын білесіңдер. Ал географиялық қабық - адамзат қоғамы өмір сүріп, дамитын біздің ортақ үйіміз. Осы ортаныңдаму заңдылықтарын сақтай отырып, қорғау адамзат қоғамының басты міндеті болып табы- лады.

Табиғат байлықтары. Бүгінгі таңда адамзаттың табиғат байлық- тарына деген сүранысы артып келеді. Адамдар табиғаттан және табиғат байлықтарынан оқшау тіршілік ете алмайды. Сондықтан да сендер табиғат байлықтарының түрлерін, оларды тиімді пайдаланудың жол- дарын білулерің шарт. Сонымен қатар табиғатты пайдалану барысын­да географиялық қабық заңдылықтарын қатаң сақтау қажет.

Табиғаттың адам қажетіне жарайтын барлық мүмкіншілігін табигат байлыгы деп атайды. Табиғат байлықтарының минералдыц, климаттық, су, жер және биологиялық деп аталатын негізгі бес түрге ажыратылады. Олар сарқылатын және сарқылмайтын байлықтар то- бына ажыратылады.

Дүние жүзі елдерінде пайдалы қазбалар өндіру жылдан-жылға ар­тып келеді. Соңғы кезде мүхит қайраңдары мен суларынан да түрлі пайдалы қазбалар өндіріледі. Мамандардың есептеуінше,пайдалы қазбаларды өндіру қарқынды жүргізіле беретін болса, XXI ғасырдың ортасына қарай адамзат олардың барлық қорын тауысады. Әсіресе металдардың ең көп пайдаланылатын кейбір түрлері жақын жылдарда- ақ сарқылуы мүмкін.

Табиғат байлықтарының ішінде адамзаттың ең көп пайдаланаты- ны - су. Жер шарында пайдаланылатын түщы су қорының 70%-на жуығы тек егіс алқаптарын суландыру мақсатында жүмсалады. Соны­мен қатар өнеркәсіп орындары мен түрмыс қажетіне пайдаланылатын су мөлшері де тез өсіп келеді. Жер шарындағы әрбір қала түрғыны тәулігіне орташа есеппен 150 л су жүмсайды, ал ірі қалаларда бүл көрсеткіш одан да жоғары. Планета халқы 6 млрд-тан асып отырған қазіргі кездің өзінде кейбір елдерде тцщы су тапшылыгы байқалады. Сондықтан Антарктикадағы мүзтауларды ауыз су тапшы елдерге тасымалдау, мол сулы өзендерді шөлді аудандарға бүру, теңіз суын түщыландыру жобалары іске асырылуда.

Ауыл шаруашылық өнімдерін молайту үшін қажетті табиғат байлығының бірі - топырақ. Оның қүнарлылығы табиғат зоналары- бойынша әркелкі болып келеді. Топырақ тез өзгеріске үшырайтын компонент болғандықтан оған үқыптылықпен қарап, тиімді пайдала- ну қажет.

Адамдардың шаруашылық әрекетін барынша дамытуға кли- маттық жагдайлар да күшті эсер етеді. Жер шарының жылу мен ылғал жеткілікті, топырағы қүнарлы жерлерінде ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алуға болады. Ал климаты мейлінше қолайлы аймақтарда тіпті жылына бірнеше рет өнім алуға болатынын білесіңдер. Бірақ ол үшін тек қолайлы климатжағдайы жеткіліксіз, сонымен қатар топырақты қосымша тыңайту, қажет болса суару, ауыл шаруашылық машиналарын қолдану керек.

Жер шарының ең басты байлықтарының бірі - өсімдіктер мен жануарлар дцниесі. Қалпына келе алатын мүмкіндігіне байланысты оларды үтымды пайдалануға болады. Орман байлықтары адамның көптеген шаруашылық қажетін өтейді. Жер бетінің 30% -на жуығын алып жатқан ормандар табиғаттағы тепе-теңдікті сақтаумен қатар, адамдар мен жануарлардың тіршілігі үшін де өте маңызды. Сонымен қатар орман алқаптары жер бетіне әсем көрік береді. Адам әрекеті нәтижесінде ормандардың аумағы жылдан-жылға қысқарып келеді. Табиғи өсімдіктер өсетін үлкен алқаптар жайылым ретінде пайдала- нылады. Жер шарының 1/3 бөлігін егістіктер, бау-бақша, шабындық пен жайылымдар алып жатыр. Адамзат тіршілігіне қажетті өнімдердің едәуір бөлігінмәдени өсімдіктер береді. Дүние жүзінде 3 мыңнан астам мәдени өсімдіктер өсіріледі (69-суретті қараңдар).

Адамзат үзақ тарихи кезеңде көптеген жануарларды қолға үйреткенін білесіңдер. Ал есепсіз аулау нәтижесінде жабайы жануарлардың саны күрт қысқарып, кейбірі мүлде жойылып кеткен. Жануарлардың кейбір түрлері қорықтарда ғана сақталып қалған.

Табиғат жағдайларының адамдар тіршілігіне әсері. Адам тіршілік ететін географиялық орта (белгілі бір жердің географиялық орны, табиғат байлығы, жер бедері, климат жағдайы жэне т.б.)адам денсаулығын сақтау мен нығайтуға жағдай жасайды, адамның ша- руашылық әрекетінің сипатын анықтайды. Сондықтан адам үшін өзі өмір сүретін табиғи ортасының жай-күйі, яғни ауа мен суының тазалығы, климаттық жағдайының қолайлы болуы аса маңызды. Осындай белгілеріне қарай Жер шарының әр түрлі бөліктерін табиғи ортасы қолайлы және қолайсыз аудандаргабөледі. Ол аудандарды анықтаумен қазіргі кезде маңызы артып отырған медициналық геогра­фия айналысады. Мысалы, көптеген жүқпалы аурулар оларды тарату- шы микробтар, жәндіктер және кемірушілердің таралу аудандарымен байланысты. Ал климаты қатал полярлық аймақтар мен биік таулы аудандарда әр түрлі витаминдердің жетіспеуі мен суықтан болатын

аурулар кең таралған.

Жер шарының кейбір бөліктерінде байқалатын табиғат апаттары (жанартау атқылауы, жер сілкіну, цунами, су тасқыны, қар көшкіні, күшті дауылдар, қүрғақшылық және аңызақ желдер)адамдар өмірін қиындатады. Табиғат апаттарын болдырмау және алдын алу үшін олардың себептерін, қалыптасу аудандарын білу қажет. Қазіргі кезде ғалымдар апатты қүбылыстарды алдынала болжап, олардан адамдар- ды сақтандыру мақсатында зерттеу жүмыстарын жүргізуде.

Шаруашылық әрекеттің табиғатқа әсері. Табиғат пен адам ара- сындағы қарым-қатынас адамдардың шаруашылық әрекетінен неғүрлым айқын көрінеді. Алғашқы адамдар табиғаттың дайын «сый- ын» ғана пайдаланды, яғни жеуге жарамды өсімдіктерді жинады, аң және балық аулаумен күнелтті. Сондықтан олардың тіршілік әрекеті табиғатқа айтарлықтай нүқсан келтірген жоқ. Біртіндеп неғүрлым жетілдірілген еңбек қүралдарын пайдалану нәтижесінде адам табиғи ортаға белсендірек ықпал ете бастады. Ормандар кесіліп, мәдени дақылдар егілді, қуаңшылық аудандарда суландыру жүйесі тартыл- ды. Кеме қатынасына жарамды болу үшін өзен арналары тереңдетілді және т.б.

Ал өнеркәсіп пен өндіріс қүрал-жабдықтары жоғары дамыған қазіргі кезеңде адамның шаруашылық әрекеті табиғи ортаны же- дел өзгертуде. Соның нәтижесінде миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан табиғат компоненттері өзгеріске үшырап, ауа мен су, топырақ қабаттары қатты ластануда. Әсіресе халық тығыз қоныстанған аудандарда табиғи өсімдіктер мен жануарлар қүрып кету алдында түр. Сондықтан да шаруашылықты үйымдастыру барысында табиғатты қорғау, қалпына келтіру және табиғат байлығын мүмкіндігінше сақтау кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.

Жер шарындағы қазіргі экологиялық жағдай. Адамның табиғат байлықтарын есепсіз пайдалануы, табиғи орта заңдылықтарын ескермеуі экологиялық зардаптарга әкеліп соқтыруда. Қазіргі кезде экологиялық зардаптар ғаламдық сипат алуда. Грек тілінен аударғанда «үй, қоныс» деген мағына беретін экология үғымын алғаш рет 1866 жылы неміс ғалымы Э. Геккель енгізген.Экология алғашында тіршілік пен оның мекен ортасының қарым-қатынасын сипаттайтын биологиялық ғылым саласы болған. XX ғасырдың екінші жартысын- да экология ғылымының ауқымы кеңейіп, табиғат пен адам қоғамы арасындағы күрделі қарым-қатынастарды зерттейтін кешенді ғылым саласына айналды. Сондықтан табиғи ортаның жай-күйі көбінесе «экологиялық жагдай»үғымы арқылы сипатталады.

Кез келген табиғат кешені біртүтас қүрылым болып табылаты- нын білесіңдер. Табиғи ортадағы бір компоненттің өзгерісі оның басқа компоненттеріне де әсерін тигізеді. Нәтижесінде жалпы экологиялық жағдай өзгереді. Әсіресе атмосфераның жай-кцйі ғалымдарды алаңдатуда. Ғаламшарымызды оттегімен қамтамасыз ететін ылғалды экваторлық ормандардың аяусыз кесілуі, өнеркәсіптің қарқынды дамуы атмосфера қүрамындағы оттегінің мөлшерін азайтып, керісінше көмірқышқыл газы мен шаң-тозаңдардың үлесін арттыр- ды. Көмірқышқыл газы әсерінен жылудың артық мөлшері жер бетінен ғарыш кеңістігіне өте алмай, ауа температурасын жоғарылатуда. Ол өз тарапынан полярлық аймақтарда мүздықтардың еруін тездету- де. Соның әсерінен Дүниежүзілік мүхит деңгейі біртіндеп көтеріліп, халық тығыз қоныстанған жағалық жазықтарды су басуда.

Дүниежүзілік мүхит қайраңдарында мүнайдың өндірілуі және тасымалдануы нәтижесінде су бетінде мүнай қалдықтарының жүқа қабаты түзіледі. Ол мүхит пен атмосфера арасындағы ауа алма- суын тежеп, мүхиттағы тіршілікке орасан зор нүқсан келтіреді. Әсіресе қайраңдар балықтардың уылдырық шашып, көбейетін орны болғандықтан Дүниежүзілік мүхит суындағы балықтардың өнімділігі төмендеуде. Бүл өз тарапынан теңіз жануарлары арасындағы қоректік тізбектің бүзылуына әкеліп соғуда. Жоғарыда келтірілген мысалдар адамдардың табиғатқа керіэсер етуінен табиғи ортада экологиялық тепе-теңдік бүзылатынын дәлелдейді.

Географиялық қабықтың біртүтастығына байланысты ортақ үйі- міз - Жер ғаламшарының кез келген түкпіріндегі экологиялық зар- даптар бүкіл Жер шары табиғатына кері әсерін тигізеді. Оған сендер материктер мен мүхиттар табиғатын оқып үйрену барысында көздерің жетті. Сондықтан табиғат қорғау шараларын жергілікті, цлттық және халықаралық деңгейде қатар үйымдастырып, жүргізу қажет. Өздеріңе таныс «Семей-Невада», «Гринпис» қозғалыстарының басты мақсаты да осы шараларға негізделген. Жер шарындағы барлық елдерге ортақ байлықболып табылатын атмосфера мен Дүниежүзілік мүхит сула- рын қорғау мақсатында қабылданған халықаралық келісімдердің де маңызы зор. Халықаралық табигат жэне табигат байлықтарын қорғау қогамы үйымдастырған Халықаралық Қызыл кітап 1968 жылдан ба­стап, Жер шарындағы жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жа- нуарларды тіркеп, оларды қоргау шараларынүйымдастыруда. Ондай шараларға қорықтар мен үлттық саябақтар қүру жатады (қосымшаны қараңдар).

Жас дос! Жер біздің ортақ үйіміз болғандықтан өмірімізге нәр беріп отырған Жер-Ананы қүрметтеу, оның әрбір сүйем жерін, ондағы табигат байлығын қорғау әрбір адам үшін басты борыш пен міндетке айналуы тиіс екенін әрдайым жадыңда сақта.


Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Табиғат байлықтарының қандай түрлерін біле- сіңдер? 

2. Өздерің түратын жерде қандай табиғат байлықтары бар жөне олар ңалай пайдаланылады? 

3. Адамның шаруашылық өрекеті мен түрмыс-тіршілігіне табиғат жағдайларының өсері қандай? Нақты мысалдар келтіріңдер. 

4. Табиғи ортаға адамның шаруашылық өрекеті қалай өсер етеді? Өздерің түратын жердегі адам өрекеті өзгерткен табиғат жағдайларына мысал келтіріңдер.

1.        Қосымша әдебиеттер мен күнделікті баспасөз мәліметтерін пай- далана отырып, қалауың бойынша тандап алған бір елдің экологиялық жағдайы туралы қысқаша хабарлама дайындандар.

2.        Қосымшадағы «Үлттық парктер» (241-бет) тізімін пайдаланып, қалауың бойынша хабарлама даярлаңдар.