Главное меню

  • К списку параграфов
§62. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері

Оңтүстік Азия елдері. Үндістан түбегі мен оған жалғасып жатқан аралдарды қамтитын Оңтүстік Азия елдері Азияның басқа бөлігінен Ги­малай таулары мен Үнді-Ганг ойпаты арқылы бөлініп жатыр. Оңтүстік Азияның қүрамына Пәкстпан, Үндістан, Бангладеш, Непал, Бутан, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы кіреді (49-сурет). Аймақтағы ең үлкен ел - Үндістан, ал ең кішкентай елдер Бутан корольдігі мен маржандық аралдарда орналасқан Мальдив Республикасы. Бутан мен Непал тау елдері болып табылады.

Оңтүстік Азияның жер бедері өте күрделі. Мүнда асқақтаған Гималай таулары мен ойпатты жазықтар, үстірттер мен аласа тау­лар көршілес орналасқан. Гималай тауларының етегіндегі Үнді-Ганг ойпаты оңтүстікке қарай біртіндеп биіктеп, Декан таулы үстіртіне үласады. Таулы үстірттің батысы мен шығысындағы көтеріңкі бөлігі Батыс және Шығыс Гат тауларына үласады. Гаттаулары Үнді мүхиты жағалауларында тік жартасты болып келеді.

Гималай тауларының атауы непал тілінен аударғанда «қар мекені» дегенді білдіреді. Мұндағы көптеген тау шыңдары 8000 м-ден асады. Ең биік нүктесі - Джомолунгманың атауы «Таудың ана құдайы» деген мағына береді. Ғаламшардың ең биік нүктесі болып та- былатын бұл шыңға адам баласы тұңғыш рет тек 1953 жылы көтерілген. Қ. Уәлиев бастаған Қазақстан альпинистері де бұл шыңды 1982 жылы «бағындырған».

Оңтүстік Азия пайдалы қазбаларға бай. Үндістан түбегінде темір, мыс, марганец, хромит, алтын, алмас, графит кен орындары бар. Жағалық жазықтарда мцнай мен табиги газ кездеседі. Аймақ сирек кездесетін асыл тастарға да бай болып келеді.

Климатын қалыптастыруда аймақтың оңтүстіктегі орны мен Үнді мүхитынан соғатын муссондардың ықпалы зор. Климаты субэкваторлық ауыспалы ылгалды болып келеді. Аптапты ыстық ауа райы сәуір мен мамыр аралығында, жазғы муссонның алдында орнай­ды. Ауа температурасы +50°С-қа жетіп, жер бетін күйдіріп, қүрғатып жібереді. Маусым мен қыркүйек аралығында байқалатын оңтүстік- батыс муссон дар найзағайлы нөсер жаңбырларды әкеледі. Әсіресе Гималайдың оңтүстік-шығысында жауын-шашын өте мол түседі (қанша?). Ал Үнді өзенінің төменгі ағысын алып жатқан Тар иіөлі ең қүрғақ, ыстық аудандар қатарына жатады. Аймақ арқылы Азияның Гималайдан басталатын Ганг, Брахмапутра, Үнді сияқты ірі өзендері ағып өтеді. Ганг өзенін үнді халқы қасиетті деп есептеп, пір түтады.

Қосарбеттегі «Табиғат зоналары» картасымен 37-сурет мәліметтерін пайдаланып, аймақтағы табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің ерекшел іктерін естеріңе түсіріңдер.

Оңтүстік Азияда халық саны көп және тығыз орналасқан. Үндістанның өзінде ғана Африка мен Оңтүстік Америка халқын қосқандағыдай халық түрады. Аймақтағы халықтың үлттық және тілдік қүрамы да өте күрделі. Саны жағынан ең көп халық цнділер, олардың тілі хинди де кеңінен тараған. Оңтүстік Азиядағы Гималай тауларының баурайы - әлемдік дін болып есептелетінбуддизмнің пай­да болған жері.

Бұл аймақтағы елдердің халқы ежелден-ақ егін шыруашылығымен айналысып келеді. Осында өсірілетін шай, мақта, джут, күріш, қант құрағы, бидай өнімдерін дүние жүзінің көптеген елдері сатып алады. Шри-Ланка аралында өсірілетін цейлон шайы мен үнді шайы дүние жүзіне әйгілі. Үнділер сиыр малын қасиетті деп есептейтіндіктен, күш-көлік ретінде ғана пайдаланылады. Халықтың біраз бөлігі теңіз кәсіпшілігімен де айналысады. Атадан балаға мирас болып келе жатқан қолөнер де халықтың күнкөріс көзі болып табылады.

Оңтүстік Азия елдері үзақ уақыт Үлыбританияның отары болғандықтан табиғат байлықтары аяусыз тоналып, халқы езгіге үшыраған. Елдердің шаруашылығы мен түрмыс жағдайы өте төмен дәрежеде қалып қойған. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана бүл ел­дер дамудың жаңа жолына бағыт алды. Үндістанда сәулет өнерінің теңдессіз ғимараттары көп. Олардың ең әйгілісі - Агра қаласындағы Тәж-Махал сарайы.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдері. Оңтүстік-Шығыс Азияның қүра- мына Үндіқытай түбегі, Филиппин аралдары және Малайя архипе- лагында орналасқан елдер жатады. Бүл елдердің қатарынаИндонезия, Лаос, Мьянма, Таиланд, Вьетнам, Камбоджа, Филиппин, Малайзия, Бруней жэне Малакка түбегінің оңтүстігіндегі аралдарда орналасқан қала - мемлекет Сингапур да кіреді (49-суретті қараңдар). Аймақтағы ең ірі мемлекет Индонезия. Бүл елде 150-ден астам үлттар түрады, олардың кейбіреулері жеке аралдарда басқа үлттардан оқшау өмір сүреді. Халық, әсіресе ежелден игерілген Ява аралында тыгыз қоныстанған.

Оңтүстік-Шыгыс Азия елдері Еуразия мен Аустралия аралығын- дағы қүрлықтық «көпір» болып табылады. Ол ірі теңіз жолдарының тоғысқан аймағында орналасқан. Аймақтағы елдердің түбектер мен экватордың екі жағындағы аралдарда орналасуы халқының шаруа- шылығы мен түрмыс-тіршілігіне өзіндік сипат береді.

Оңтүстік-Шығыс Азия аралдарында Жер шарындағы екі ірі Альпі-Гималай және Тынық мұхиттық геосинклиналды белдеулер түйісетіндіктен, аймақта жер қыртысы өте қозғалмалы. Күшті жер сілкінулер мен жанартау атқылаулары қарқынды жүріп жатыр. Аймақта 500-ден астам сөнген және әрекетін тоқтатпаған жанартаулар бар. Олардың ең қуаттысы - Кракатау, биіктігі 816 м ғана болғанымен, елденеше рет апатты атқылаулар болған. Ңазіргі кезде жанартау қайта «жандана» бастады. Аймақтың құрамындағы аралдар мен оның жағалауындағы теңіздер мен қыртысының майысулары нетижесінде қалыптасқан. Сондықтан аралдарда таулармен қатар, жақық жерлер де кездеседі. Олардың көпшілік бөлігі батпақтанған. Малайя архипелагындағы кейбір аралдардың жағалаулары маржандық құрылымдармен көмкерілген.

Оңтүстік-Шығыс Азия арқылы дүниежүзілік маңызы бар қалайы мен вольфрам белдеуі өтеді. Сондай-ақ аймақ қойнауынан мыс, мырыш, кцміс, алтпын, гпемір, мцнай мен табиги газдыңмол қоры табылған.

Аймақтың экватор мен субэкватор белдеулері аралығындағы орнына сәйкес, климаты муссондық сипаттан ылгалды экватор лык, сипатқа ауысады. Батыстан келетін қүрғақ континенттік ауа массала- рын Үндіқытай түбегіндегі таулар бөгеп қалатындықтан, Үндістандағы сияқты қатты ыстықтар мүнда болмайды. Жазда оңтүстік-батыс муссондарының жолында жатқан таулардың батыс беткейінде нөсер күйінде ылғал аса мол түседі. Ішкі аудандарға қарай ылғал мөлшері азая береді. Пассаттық айналым ықпалындағы аралдарда ауа райы жыл бойы ыстық әрі ылғалдыболады. Аймақтағы аралдар мен шығыс жағалауларда тайфундар әсерінен болатын апаттар байқалып түрады.

Оңтүстік-Шығыс Азияның аралдарындағы өзендер қысқа, мол сулы болып келеді. Ал Үндіқытай түбегі арқылы мол сулы өзен жүйелері (қандай?) өтеді. Аймақтың жауын-шашын аздау түсетін ішкі аудан- дарында саванналар мен сирек ормандар алқабы таралған. Оңтүстік- Шығыс Азияның жартысынан астамын алып жатқан ылгалды экваторлық ормандарында негізіненағаштар мен пальманың бағалы түрлері, лианалар мен орхидеялар өседі. Аралдарда орманның түр қүрамы күрделене түседі, тек ағаштардың 2000-нан аса түрі бар. Жа­нуарлар дүниесі де алуан түрлі.

Оңтүстік-Шығыс Азия халықтарының қүрамы да Азияның басқа аймақтарындағы сияқты өте күрделі болады. Саны жағынан басым халықтарға вьетнамдар, лао, тай, бирмалықтар, малайялыцтар жата­ды. Халық әсіресе өзен аңғарлары мен атырауларда тығыз қоныстанған, тіпті таулардың беткейлерін де тегістеп, террасаларға айналдырған. Оңтүстік Азиядағы сияқты мүнда да өсімдік шаруашылығы жетекші орын алады. Ең көп өсірілетін дақыл - күріш, сонымен қатар маниок, батат, жцгері, банан, ананас, папайя, саго жэне кокос палъмалары, гевея, темекі,шай, кофе, қант қцрагы, хоиі иісті тагамдық иіөптер, көкөністер жыл бойы өсіріліп, бірнеше рет өнім алынады. Аймақта ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін көптеген шағын кәсіпорындар: диірмендер, тоқыма фабрикалары, қант және консерві жасау зауыт- тары бар. Елдердің шаруашылық қүрылымында балық және теңіз өнімдерін аулаудың, бағалы ағаш сүрегін дайындаудың маңызы зор. Жергілікті халық маталарды алуан түске бояу өнері - батикті шебер меңгерген. Халық теңіз түбіне сүңгіп, інжу-маржандар жинаумен де айналысады. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері үшін порттардың маңызы зор. Осындағы дүние жүзіндегі ең ірі порттардың бірі - Сингапур. Өнеркәсібі күшті дамыған Сингапур елі «Азия айдаһарларының» тобына енеді. Оңтүстік-ШығысАзия Азиядағы табиғи ортасы салы- стырмалы түрде өзгеріссіз жақсы сақталған аймақтар қатарына жа­тады. Әсіресе Сингапур экологиялық жағынан ең таза қала болып есептеледі.


Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің географиялық орнын салыстырып, табигат жағдайларындағы басты белгілерді атаңдар. 

2. Аймақтардың жер қойнауы пайдалы қазбаларға неге бай? Жауаптарыңды нақты мысалдармен толықтырыңдар. 

3. Аймақтарда өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерін атаңдар.