Главное меню

  • К списку параграфов
§61. Оңтүстік-Батыс Азия елдері

АЗИЯ

Жер шарындағы ең ірі дүние бөлігі болып саналатын Азия дүниенің төрт бүрышымен шектесіп жатыр. Оның жерінің ауданы 44 млн км2халқының саны 3,5 млрд-тан асады.

Азияның адамзат дамуының тарихында айрықша орны бар. Азия - қазіргі әлемдік діндердің пайда болған ошағы. Мұнда гүлденген Вавилон, Византия, Қытай, Үндістан, Араб халифаты мен Осман империясы тәрізді өркениетті мемпекеттер қалыптасып, алғашқы қалалар павйда болған. Азияның шетсіз-шексіз Ұлы даласында пайда болған көшпенділер өркениеті де дамудың жоғары дәрежесіне көтерілегн. Олардың тарихи-мәдени мұралары әлі де толық зерттеуді қажет етеді.

Азияда дүние жүзіндегі ең ірі және ең үсақ мемлекеттер қатар орналасқан (4 9 -сурет, 110-бет). Азияның алуан түрлі табиғат жағд айлары шаруашылықтың көптеген салаларын өркендетуге мүмкіндік береді. Осы заманғы аса күшті дамыған өркениетті елдері мен сәулетті қалалары, мәдениет орталықтары бүл дүние бөлігінің қайталанбас келбетін қалыптастырады. Табиғаты мен шаруашылығының сипа- тына қарай Азия бірнеше ірі аймақтарға бөлінеді: Оңтцстпік-Батыс Азия, Оңтцстік Азия, Орталық жэне Шыгыс Азия, Солтцстік Азия, Оңтцстік-Шыгыс Азия.

§61. Оңтүстік-Батыс Азия елдері

Оңтүстік-Батыс Азия - Еуропа, Азия, Африка дүние бөлік- терініңтоғысқан жерінде орналасқан ерекше аймақ. Оңтүстік-Батыс Азия елдері Кіиіі Азия, Арабия тцбектері мен Иран таулықыратын алып жатыр. Қүрамына Тцркия, Кипр, Иран, Ирак, Ауганстан, Сирия, Израиль, Ливан, Палестина, Иордания, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Йемен, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт кіретін бүл аймақты «Таяу Шыгыс» деп те атайды. Географиялық орнына сэйкес Кавказ елдері де Оңтүстік-Батыс Азияға жатады (49-суретті қараңдар).

Оңтүстік-Батыс Азияның Жерорта теңізі мен Үнді мүхиты аралығындағы орнына сәйкес, табиғат жағдайы алуан түрлілігімен си- патталады.

Жер бедерінің кең-байтақ Алдыңғы Азия, Армян, Иран таулы қыраттары мен оларды көмкеріп жатқан қатпарлы биік таулар (қандай?) басым. Таулардың ең биігі - Гиндукуш таулары, оның шыңдарының биіктігі Гималай тауынан шамалы ғана аласа болып келеді. Таулы қыраттардың ішіндегі ең биігі - Армян таулы қыраты, Жер қыртысындағы күшті жа- рылулар есерінен жанартау атқылауларына ұшыраған. Қазіргі кезде жанартаулық әрекет бәсеңдеген, бірнеше сөнген жанартаулар бар. Ең ірісі - Үлкен Арарат (5165 м). Армян таулы қыратының солтүстігінде Кавказ таулары орналасқан.

Таулы қыраттардың ішкі бөліктері қүрғақ климат жағдайында өте күшті физикалық үгілуге үшырайды. Сондықтан тау аралық аңғарлар қиыршық тастар мен үгінділерге толған. Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуінің қүрамына кіретін бүл аймақта тау жа- салу әлі жүріп жатқандықтан, күшті жер сілкінулер жиі байқалады. 1999 жылы Түркияда дүркін-дүркін қайталанып, күші 7 балға жеткен жер сілкінулер кезінде мыңдаған адам қаза болып, қалалар қирады. Күшті жер сілкінулер 2000 жылы да қайталанды.

Арабия түбегінің Қызыл теңіз жағалауын таулар алып жатыр. Түбектің Жерорта теңізі жағалауы арқылы терең тектоникалық жары- лыс өтеді. Осы жарылыстың бойында Жер шарының теңіз деңгейінен ең томен жатқан бөлігі - Өлі теңіз (-403 м) орналасқан. Өлі теңіздің суы аса түзды болғандықтан, оның суы мен жағалауында тіршілік белгісі жоқ. Суының емдік қасиеттерінебайланысты Өлі теңіз дүниежүзілік маңызы бар емдеу-сауықтыру орталығы болып табылады.

Таулар Парсы шығанағына қарай саты түрінде аласарып, қатты майысқан Месопотамия ойпатына үласады. Бүл ойпаттың атауы «Екі өзен аралығы» деген мағына береді, ойпат арқылы Тигржәне Евфрат өзендері ағып өтеді.

Оңтүстік-Батыс Азия тас көмір мен түсті металдарға бай. Соны­мен қатар вольфрам, хромит, полиметалдардың кен орындары бар, көлдерден ас түзы өндіріледі. Аймақтың басты байлығы - мүнай мен газ. Парсы шығанағының қайраңы мен Месопотамия ойпатында мүнай мен табиғи газдың дүние жүзіндегі ең мол қоры шоғырлан^ған.

Мүнай-газ Каспий теңізінің жағалауы мен қайраңынан және Солтүстік Кавказ аймағынан да өндіріледі.

Географиялық орнының ерекшелігіне байланысты аймақ бірнеше климаттық белдеуді алып жатыр (климаттық белдеулер картасынан қараңдар). Жерорта теңізі жағалауына субтропиктік жерортатеңіздік, Кавказға ыпғапды және қүрғақ субтропиктік, ал Кіші Азия түбегінің ішкі аудандары мен Иран таулы қыратына қүрғақ субтропиктік климат тән болады. Месопотамияның оңтүстігі мен Арабия түбегі тропиктік шелклиматы ықпалында. Аймақтың климатына тән басты белгі - жазда темеператураның жоғары және ауаның аса құрғақ болуы. Климаттың континенттілігі шығысқа және оңтүстікке қарай артады: атақты Руб-эль- Хали шөгйнр, е 3-4 жыл бойы бір тамшы жаңбыр жаумайтын кездер болады. Қара теңіз бен Жерорта теңізі жағалауларында ғана жауын-шашын мол түседі. Сондықтан Кавказда түр құрамы ерекше бай субтропиктік ылғалды ормандар тараған.

Оңтүстік-Батыс Азияда ең ежелгі егіншілік өркениеті қалыптасып, ірі керуен жолдары өткен. Бүл аймақта дүние жүзіндегі ең алғашқы қалалар мен мәдениет орталықтары пайда болған. Оңтүстік-Батыс Азия - қазіргі әлемдік ислам, христиан, иудаизм діндерінің бесігі. Сондықтан да аймақ халқының үлттық қүрамы өте күрделі.

Арабия түбегі мен Месопотамия ойпатында, Жерорта теңізінің кейбір жағалық елдерінде арабтар тұрады. Кіші Азия түбегінде түріктер мен курдтер, Иран таулы қыра- тында парсыпар мен ауғандар, тәжіктер,Арабия түбегінің Жерорта теңізінің жағалауында еврейлер қоныстанған. Кавказда көптеген ұлттардың өкілдері тұрады, саны жағынан әзірбайжандар, грузиндер мен армяндар басым. Аймақ бойынша халықтың тығыздығы әр түрлі. Климаты жайлы жазықтар мен теңіз жағалауларында халық тығыз қоныстанған. Су- сыз шөлейттер мен шөлдерде тұрғылықты халық жоқ. Көшпенді арабтар (бәдәуидер) қой отралары мен түйелердің соңында жайылымнан-жайылымға, суаттан-суатқа жылжып, көшіп отырады. Ежелден егіншіпік аудандары болып табылатын жазықтар мен жер асты сулары жақын жатқан шұраттарда (оазис) халық тұрақты мекендейді. Оларда суарма- лы жерде астық дақылдары, құрма пальмасы мен жеміс ағаштары өсіріледі. Аймақта шағын қалалар басым, тарихи келбетін өзгеріссіз сақтап қалған ежелгі қалалар да көп. Да­маск (Шам), Иерусалим, Багдад, Мекке мен Медине, Басра, Стамбул қалаларында сэулет өнерінің ежелгі және жаңа үлгілері таңғажайым үйлесімін тапқан. Сонымен қатар бұл ежелгі қалалар ғылымының дамуына да үлкен үлес қосқан. Әсіресе жалпы географиялық, астрономиялық, математикалық түсініктерді кеңейтті .

Араб елдері мен Иран, Иракта мүнай өндіру және өңдеумен байла­нысты өндіріс салалары жақсы дамыған. Бүл елдерде сырттан уақытша жүмыс істеуге келген адамдардың үлесі жылдан-жылға артуда. Парсы шығанағы жағалауындағы мүнай сатудан көп пайда табатын елдерде халықтың әл-ауқаты өте жоғары. Қазіргі заманғы сәулетті қалаларда

адам өмірі мен түрмысына қажетті барлық жағдайлар жасалынған. Мүнай тасымалдауды жүзеге асыратын ірі порттар саны өсуде. Аймақтағы Израиль, Тцркия тәрізді елдердің шаруашылығы әсіресе соңғы жылдары қарқынды дамып, дүниежүзілік деңгейге көтерілді.

Оңтүстік-Батыс Азиядағы елдер мен қалалардың көне тарихы мен жаңа келбеті, теңіз жағалауларындағы емдеу жэне демалыс орындары дүниенің түкпір-түкпірінен жылына миллиондаған туристерді өзіне тартады. Ал осындағы қасиетті діни орталықтарға тәу етуге арнайы келетін адамдар саны да жылдан-жылға арта түсуде.

Аймақтың кейбір бөліктерінде саяси жағдай өте шиеленіскен. Из­раиль мен Палестина арасындағы, Кавказ елдеріндегі, Ауғанстандағы, түріктер мен курдтер арасындағы шешімін таппаған даулы мәселелер қақтығыстарға әкеліп соқтыруда.


Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Оңтүстік-Батыс Азия елдері қүрамына қандай мемлекеттер кіреді? 

2. Оңтүстік-Батыс Азия жер бедеріне қандай ерекшеліктер төн? 

3. Оңтүстік-Батыс Азияның өлемдік өркениеттің дамуындағы орны қандай?

4.     Оңтүстік-Батыс Азияның қандай елдеріне туристер көптеп келеді, не себепті?