Главное меню

  • К списку параграфов
§59. Франция және Үлыбритания

 Картадан Франциямен шекаралас елдерді табыңдар. Елдің теңіздік шекаралары қандай табиғи объектілер арқылы өтеді?

Франция - Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол Үлыбританиядан екі есе үлкен.

Табиғаты. Францияның табиғат жағдайлары, әсіресе жер бедері алуан түрлі болады.

Солтүстігі мен батысын кең- байтақ ойпаттар мен жазықтар алып жатыр. Ал оңтүстік- шығысында қыраттар мен тау­лар басым. Италиямен шека- рада Батыс Еуропаның ең биік шыңы - Монблан(«Ақ тау») орналасқан. Бүл ауданда елдің маңызды туристік объектілері шоғырланған. Ал Испаниямен шекарасында Пи- реней таулары созылып жатыр.

Францияның орталық бөлі-гінде уран өндіріледі. Оңтүстікте бок­сит кен орындары орналасқан. Боксит алюминий алынатын шикізат. Оның атының өзі Фран-циядағы Бо елді мекенінің атауымен байланы- сты. Елде ежелден бері көмір өндіріледі. Франция щрылыс материал- дары мен калий тцздарына бай.

Франция аумағының басым бөлігі қоңыржай белдеуде жатыр. Елдің батысына теңіздік климат тән. Жауын-шашынның басым бөлігі қаңтар мен сәуір аралығында түседі. Париж маңынан шығысқа қарай және таулы аудандарда климат жағдайлары қатаң. Бүл аудандар- да қыс айларында қар жауып, аяздар байқалады. Елдің оңтүстік- шығысы мен Корсика аралына жерортатеңіздікклимат тән болады (бцл климаттың басты белгілерін естеріңе тцсіріңдер). Жерорта теңізі жағалауында «Көгілдір жағалау» деген атпен белгілі Фран­цуз Ривьерасы орналасқан. Ол - халықаралық туризмнің маңызды орталықтарының бірі.

Францияда өзен торы жиі: ел аумағын Луара, Рона, Сена және Га­ронна өзендері кесіп өтеді, ал Германиямен шекарасында Рейн өзені жатыр. Сена өзені ел астанасы Париж арқылы ағып өтеді. Өзендері су энергиясына өте бай, оңтүстікте өзен сулары егістіктер мен бау- бақшаларды суаруға пайдаланылады. Жазы ыстық болатын Жерорта теңізі жағалауында су тапшылығы бар.

Елдің топырақ жамылғысында қүнарлы топырақ түрлері басым, бүл ауыл шаруашылығына қолайлы эсер етеді. Қазіргі кезде Фран- ция жерінің 30% -ға жуығын ормандар алып жатыр, соңғыжылдары қолдан егілген ормандар («бокаж») ауданы артуда. Жалпы Францияда ағаштың 130-дан астам түрі өседі.

Мал жаю, ормандардың кесілуі табиғи ортаның кері өзгерістеріне әкеп соғуда. Сол себепті Францияда табиғатты қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінеді. Қорғалатын аумақтар ел ауданының 2%-ға жуығын алып жатыр.

Халкы. Қазіргі кезде Францияда 64 млн адам түрады. Халқының цлттық қцрамы салыстырмалы түрде біркелкі: ел түрғындарының 90% -ы француздар. Францияның оңтүстік-шығысындағы жартасты Корсика аралын корсикалықтар мекендейді. Олардан басқа бірнеше миллион шетелдіктер мен басқа үлт өкілдері түрады. Франция аумағында халық біркелкі қоныстанбаған. Халықтың жартысынан астамы Париж мацы мен өзендер бойында, ірі қалаларда шоғырланған. Таулы аудандарда халық сирек түрады. Франция халқының 3/4-і қалаларда түрады (ірі қалалардыкартадан табыңдар).

Шаруашылығы. Франция - жоғары дәрежеде дамыған ел. Маши­на жасау өнеркәсібі дамыған. Дүниежүзілік автомобиль өндірісінің дамуында елдің айрықша орны бар. Мүнда жүк автомобильдері, ав- тобустар, ауыл шаруашылық машиналары, сондай-ақ кемелер мен үшақтар жасалады. Елде атом энергетикасы күшті дамыған. Елде жасалған автомобильдердің жартысынанастамын басқа елдер сатып алады. Франция сапалы киім, аяқкиім, мата жэне парфюмерия, дәрі- дәрмек өндірісімен дүние жүзіне әйгілі.

Франция - Еуропадағы аса ірі ауыл шаруашылықты ел. Жергілікті климат жағдайларында қоңыржай және субтропиктік белдеудің барлық дерлік дақылдарын өсіруге толық мүмкіндік бар. Елде бидай, арпа, жүгері, қант қызылшасы, күріш өсіріледі. Ривьерада гүлдер күтіп- бапталады. Гүлдерден елдегі парфюмерия өнеркәсібіне қажетті хош иісті эссенциялар алынады. Солтүстікте алма бақтары, Эльзас пен Ло- тарингияда шие, Жерорта теңізі жағалауында шабдалы, бадам, абри­кос, зәйтүн, ал Ривьера мен Корсикада цитрус дақылдары өсіріледі. Францияның нағыз мақтанышы - жүзімдіктер, елде жүзімнің 550 түрі өсіріледі.

Солтүстік аудандар мен таулы бөлікте мал шаруашылыгы дамыған. Елдің тамақ өнеркәсібі жергілікті ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге негізделген. Сондықтан ел негізгі азық-түлік түрлерімен өзін толық қамтамасыз ете алады. Францияның әлемдік нарықта ірімшік пен сары май, ет, сүт өнімдерін өндіруден айрықша орны бар.

Үлыбритания. Британ аралда- рын орналасқан Үлыбританияның мемлекеттік шекаралары негізінен теңіздік болып табылады, тек Ир- ландиямен шекарасы ғана қүрлық арқылы өтеді.

Табиғаты. Үлыбритания ма- териктен жіңішке бүғаз (қандай?) арқылы бөлініп жатыр. Елдің оңтүстік-шығысы пен оңтүстігінде ойпатты жазықтар, ал солтүстік- батысы мен батысында таулы аудан- дар орналасқан (физикалық карта­дан ірі жазықтар мен тауларды табындар).

Үлыбританияға қоңыржай бел-деудің теңіздік климаты тән бо­лады. Яғни жауын-шашынның мол түседі, қыс салыстырмалы түрде жүмсақ, ал жаз қоңыр салқын болады. Теңіздік климатжағдайынша шалғындар жақсы өседі, елдің оңтүстік-шығысында олар жыл бойы көгеріп жатады. Ел аумағында күшті желдер, түманды ауа райы жиі байқалады. Үлыбритания жері мол сулы өзендерге, әдемі көлдерге бай. Елдің астанасы Лондон арқылы Темза өзені ағып өтеді. Үлыбритания жерінің 10%-ға жуығын ормандар алып жатыр. Бүрынғы қалың ор- мандарды саябақтар, ауыл шаруашылық жерлері алмастырған.

Үлыбританияның басты табигат ресурстарына тас көмір, темір кені, қорғасын мен мырыш жатады. Солтүстік теңіздің қайраңынан мүнай мен табиғи газ өндіріледі. Жалпы алғанда, Үлыбританияның табиғат жағдайлары мен басты табиғат ресурстарын шаруашылықты дамытуға қолайлы деп болады.

Халқы. Қазіргі кезде Үлыбри-танияда 64,5 млн адам түрады. Халық тығыз қоныстанған. Ха-лықтың басым көпшілігі ірілі- үсақты қалаларда түрады. Ел хал-қының қазіргі үлттық қүрамында ағылшындардың үлесі жоғары. Ағылшын тілі - әлемде кең тараған халықаралық қатынас тілі. Ағыл-шындар түрмыс салты, тамақтану, киіну дәстүрлері жөнінен басқа еуропалықтарға үқсамайды.

Үлыбритания аралының солтүс-тігін қоныстанған шотландықтар да өздерінің үлттық әдет-дәстүрлерін сақтап қалған. Солтүстік Ирлан­дия халқының басым көпшілігін ирландықтар қүрайды. Олар негізінен ауылдық жерлерде түрады. Елде үнділер, пәкстандықтар, арабтар, қытайлар және африкалықтар да түрады. Британдықтар спортты өте жақсы көреді. Үлыбритания - бокс,көгалдағы хоккей, футбол, гольф, крикет, регби, сияқты әлемге кеңінен тараған спорт түрлерінің отаны.

Шаруашылығы. Үлыбритания XIX ғасырдың басында алғаш рет ірі өнеркәсіп орталықтарын ашып, «әлемдік шеберханаға» айналған бола­тын. Әлемдегі алғашқы ірі танкер де осында жасалған. Қазіргі кезде ол шаруашылығы жоғары дәрежеде дамыған елдердің бірі болып отыр.

Елде болат балқытылады, жоғары сапалы үшақтар мен теңіз кемелері, автомобильдер мен компьютерлер жасалады. Қазіргі кезде радиоэлектроника және электр техникасын жасаудың маңызы зор. Елдегі мүнай-газ саласына маманданған «Бритиш петролеум» компа- ниясы бүкіл әлемге әйгілі. Қазақстанның мүнай кәсіпшіліктерінде де бүл компанияның үлесі бар. Лондон елдің өнеркәсіп орталығы, соны­мен қатар әлемдегі аса ірі қаржы орталығы болып табылады.

Үлыбританияда ауыл шаруашылығы жоғары дәрежеде дамыған. Ел өзін негізгі тамақ өнімдерімен (сүт, жүмыртқа, ет, қүс еті, картоп және т.б.) қамтамасыз ете алады. Ауыл шаруашылығының басты са- ласы - мал шаруашылыгы. Мал шаруашылығын өркендетуге табиғи жайылымдар мен шабындықтар, көп жылдық екпе шөптер егілген алаңдар мүмкіндік береді.Мал шаруашылығы негізінен елдің орталық бөлігі мен батысында дамыған. Негізгі бағыттары - сүтті ірі қара мал, шошқа және қой шаруашылығы, қүс өсіру. Үлыбританияның өсімдікшаруашылыгы өзінің даму дәрежесі жөнінен алдыңғы қатарлы Да­ния, Нидерланд сияңты елдермен қатар түр. Негізгі дақылдар - би­дай, арпа, сүлы, көп жылдық мал азықтық шөптер, картоп, жеміс- жидектер, гүлдер.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1*. Елдің табиғат жағдайлары мен ресурстары оның дамуына қалай өсер еткен? 

2. Германияда халықтың орналасу тығыздығының өртүрлі болуы неліктен? 

3. Ел аумағында орналасқан ірі қалаларды тауып, атта­рын дөптерлеріңе жазыңдар. 

4. Күнделікті өмірде Германияда жасалған қандай өнімдерді білесің? 

5. Франция жеріне қандай табиғат зоналарытөн? 

6. Францияда ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына не өсер етті деп ойлайсыңдар? 

7. Егер Францияға бару мүмкіндігі туса, қандай жерлерді көргілерің келеді? Бүл туралы қысқаша өңгімелеп беріңдер. 

8. Үлыбританияның табиғат жағдайларының басты белгілерін атаңдар. 

9. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, «Үлыбритания халқы» деген тақырыпта хабарлама дайындаңдар.