Главное меню

  • К списку параграфов
§56. Қытай. Үндістан.

Қытай Халық Республикасы. Халқының саны жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алатын Қытай Халыц Республикасы алып ел болып саналады. Ғасыр соңында Қытайдағы халық саны 1млрд 330 млн-нан асып отыр. Шаруашылығының даму қарқыны жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы орындардың бірін иеленеді. Жерінің ауданы жөнінен Ресей және Канададан кейінгі үшінші орынды алады.

Қытайдың шығысындағы Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің аралығында Үлы Қытай жазығы орналасқан. Одан батысқа қарай жер бедері күрт биіктеп, Биік Азия тауларына үласады. Кунь-Луньмен Тянь-Шань таулары аралығында атақты Такла-Макан (Қашғар) қазаншүңқыры орналасқан. Қытай жері пайдалы қазбалардың қоры мен қүрамы жөнінен дүние жүзінде шешуніі орын алады. Әсіресе тас көмір, темір, мыс, полиметалл, мцнай мен табиги газдыц қоры өте мол.

Табиғат ерекшеліктеріне қарай Қытай жері Батыс жэне Шыгыс Қытай деп бөлінеді. Қытай жерінің 2/3-ін алып жатқан Батыс Қытай Орталық Азияда орналасқан. Батыс Ңытайдың климатына шцгыл континенттік сипат тән, яғни қысы өте суық, жазы ыстық, жауын- шашынның жылдық мөлшері 100 мм-ден кем болады. Сондықтан жерінің көпшілігін шөлдер мен шөлейттер алып жатыр.

Батыс Ңытайдың биік таулы бөлігіндн тибеттіктер тұрады. Тибеттің өте қатал биік таулы климаты жағдайына бейімделу барысында жергілікті халықтың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан өзіндік дәстүрлі медениеті бар. Тибеттіктердің тылсым құпияға толы халықтық медицинасының, сәулет өнерінің, тілі мен діни нанымдарының, шаруашылық-медени дәстүрлерінің жүйесі тибет мәдениеті деген атпен белгілі. Мұнда суықтан қорғайтын ұзын, қалың жүні бар, сүті өте қою болатын қодастар үй малы ретінде қолға үйретілген. Тибеттіктер 4000 м-ден биік жерлердің өзінде бидай, қара бидай, арпа өсіреді. Тибеттің астанасы /Іхаса қаласы ламаизм дінінің орталығы борлып есептеледі.

Батыс Қытайдың әкімшілік жағынан Шынжаң-Үйғыр автономи- ялы ауданына енетін шөл-шөлейтті бөлігінде қытайлар, цйгырлар, қазақтар, дцнгендер, т.б. үлт өкілдері түрады. Олар егіншілікпен және көшпелі мал шаруашылығымен айналысады.

Шығыс Қытай жері Сары теңізден Оңтүстік Қытай теңізіне дейін созылып орналасқандықтан қысқы температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Ылғалы жеткілікті муссондыклимат пен жоғары температура Шығыс Ңытайдың көпшілік бөлігінде жылына екі, кейде үш рет өнім алуға мүмкіндік береді.

Шығыс Қытайда құнарлы жердің әрбір сүйемін неғұрлым тиімді пайдалануға тырыса- ды. Бұл халық саны көп елде азық-түлік мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бидай, жүгері өсірілетін «сары Қытай», күріш, шайплантацияларыалып жатқан «жасыл Қытай» белдеулері де осы шығыста орналасқан. Қытай - шайдың отаны. Дүние жүзінде өсірілетін көк шайдың басым көпшілігі осы елдің үлесіне тиеді. Елдегі негізгі өсірілетін дақыл - күріш, Ңытайда оның 10 мыңнан аса сорты егіледі. Ңытайлар күріш егістіктеріндегі суды да пайдаланып, балық өсіреді.

Шығыс Қытай - елдің басты өнеркәсіпті ауданы. Мүнда ел халқының 90% -ы шоғырланған. Олардың басым көпшілігі қытайлар. Қытайдың халық саны миллионная асатын қалаларының көпшілігі осында орналасқан. Мүнда Шығыс Қытай кәсіпорындарында өнеркәсіптің байырғы салаларымен қатар, қазіргі заманғы күрделі электрондық техника жасау күшті қарқынмен дамуда. Кейбір өнімдердің саны мен сапасы жағынан Қытай дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдерді ба- сып озды.

Қытай - ежелгі мәдениет пен өркениет елі, мүнда әлемге әйгілі үзындығы 4 мың км-ге жуық Үлы Қытай цорганы, будда храмдары мен гибадатханалары, императордың салтанатты сарай лары орналасқан.

Сонымен қатар қытай өнерінің қайталанбас өзіндік қырлары бар: қытай театры, сәулет өнері, музыкасы, қытай жібегі мен қолөнер ту- ындылары дүние жүзіне әйгілі. Халықтар мен мемлекеттердің арасын қосып, Еуропа мен Азия аралығындағы көпір қызметін атқарған Үлы Жібек жолы Қытай жерінен басталған. Бүл жолмен жүздеген жылдар бойы қытай жібегі мен еуропалықтарға таңсық басқа да тауарлар- ды тиеген керуендер Еуропаға қарай тоқтаусыз ағылған.

Үндістан Оңтүстік Азияда орналасқан, елдің басым бөлігі Үндістан түбегін алып жатыр.

Аумағы жағынан дүние жүзінде 7 -ші орын алады.

Табиғаты. Үндістанның жер бедері өте күрделі. Мүнда асқақтаған Гималай таулары мен өзендер аңғарындағы ойпатты жазықтар, үстірттер мен аласа таулар көршілес орналасқан.

Елдің солтүстік-шығыс шетінде орта биіктіктегі Ассам таулары (Шиллонг үстірті) орналасқан.

Гималай тауларының етегіндегі Үнді-Ганг ойпаты оңтүстікке қарай біртіндеп биіктеп, Декан таулы үстіртіне жалғасады. Таулы үстірттің батысы мен шығысындағы көтеріңкі бөлігі Батыс және Шығыс Гат тауларына үласады. Гат таулары Үнді мүхиты жағалауларында тік жартасты болып келеді.

Үндістан жері пайдалы қазбаларға бай. Үндістан түбегінде темір, мыс, марганец, хромит, алтын, алмас, графит кен орындары бар. Жағалық жазықтарда мцнай мен табиги газ кездеседі. Елаумағында сирек кездесетін асыл тастар да өндіріледі.

Климатын қалыптастыруға Гималай мен Үнді мүхиты аралы- ғындағы орны ықпал етеді. Гималай таулары ел аумағына солтүстіктен келетін суық ауа массаларын өткізбейді. Ал Үнді мүхитынан келетін муссондар әсерінен маусым мен қыркүйек аралығында найзағайлы нөсер жаңбырлар байқалады. Жазғы муссон алдында аптапты ыстық ауа райы орнайды: ауа температурасы +50 С-қа жетіп, жер бетін күйдіріп, қүрғатып жібереді. Гималайдың оңтүстік-шығысындағы Шиллонг цстіртінде жауын-шашын өте мол түседі (қанша?), ал Үнді өзенінің төменгі ағысын алып жатқан Тар шөлі өте қүрғақ, ыстық ау- дандар қатарына жатады.

Ел аумағы арқылы Азияның Гималайдан басталатын Ганг, Үнді жэне Брахмапутра сияқты ірі өзендері ағып өтеді. Ганг өзенін үнді халқы қасиетті деп есептеп, пір түтады.

Қосарбеттегі «Табиғат зоналары» картасының мәліметтерін пайдаланып, елдегі табиғат зоналарының ерекшеліктерін анықтаңдар.

Халқы. Үндістан халқыныц саны 2014 жылы млрд 296 млн адамға жетті. Бүл көрсеткіш бойынша ел Қытайдан кейінгі 2-ші орын- ды иеленеді. Халықтың 70%-ға жуығы ауылдық жерді қоныстанған. Соған қарамастан, ірі қалалар саны жыл сайын артып келеді: елде халық саны 1,5 млн-нан асатын 20 қала бар.

Үндістан - әлемдегі ең көпүлтты ел. Үндістанның ежелгі халқы көптеген кішігірім тайпалардың өкілдері болатын. Кейіннен табиғаты қолайлы Үнді жеріне батыстан еуропалық және қара нәсілді тайпа- лар, ал шығыстан монгол тектестер мен аустралиялық нәсіл өкілдері қоныс аударған. Қазіргі кезде Үндістан халқы 1,5 мыңнан астам тілде сөйлейді. Үндістандағы мемлекеттік тіл - хинди мен ағылшын тілі, бірақ олармен қатар 20-дан астам жергілікті тілдер кеңінен қолданылады.

Елдегі халықтың діни қцрамы алуан түрлі. Индуизм біздің заманымыздың I мыңжылдығында көне үнділік сенім-нанымдар мен буддизм негізінде қалыптасты. Ислам дінін Үндістанға VIII ғ. осында сауда жасауға келген араб көпестері таратқан, ал христиан діні елге еуропалықтармен бірге енді.

Үнділердің тамақтану ерекшеліктері үлттық-діни дәстүрлерімен тығыз байланысты. Елде өсімдік текті азықпен тамақтану үрдісі басым. Бүл етті пайдалануға діни түрғыда тыйым салынуымен түсіндіріледі. Үнділердің күнделікті асы бидай үны мен уатылған бүршақтан жасалған сүр шелпектен, бүршақ көжеден, аздаған күріш пен көкөністерден түрады. Үнділер мөлшерде бүрыш пен басқа да дәм- татымдық қоспаларды көп пайдаланады.

Шаруашылығы. Үндістан экономикасының ауқымы жөнінен әлемде АҚШ пен Қытайдан кейін 3-ші орын алады. Халықтың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Суармалы жерлердің ау­даны жөнінен ел дүние жүзінде бірінші орын алады. Үндістан шай, мақта, күріш, қант қүрағы мен бидай өндіруден ерекше көзге түседі. Елдегі өнеркәсіптің түрлі салалары табиғат ресурстары негізінде даму- да. Дегенмен, ел халқының ширек бөлігінің түрмыс жағдайы төмен, кедейшілік тауқыметін тартуда.

Үндістанның әсем табиғаты мен сәулет өнерінің ескерткіштері халықаралық туризмнің дамуына ықпал етеді. Қазіргі кезде әлемнің әр түкпірінен келетін туристер осы елдегі айрықша табиғатты тамаша- лап, сан ғасырлық мәдениет ескерткіштеріне тамсанады.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Үндістан табиғатының ерекшеліктері қандай? Үндістанда қандай пайдалы қазбалар бар? 

2. Үндістан халқының тілдік жөне діни қүрамының өртүрлі болуына неөсер еткен деп ойлайсыңдар? 

3. Сен Үндістанға саяхатқа барсаң, қандай аудандарды тандар едің?