Главное меню

  • К списку параграфов
§55. Еуразиянын жекелеген елдерi. Ресей.

Қазақстан табиғатына қатысты мәліметтермен сендер келесі сыныптарда толығымен танысатын боласыңдар.

Табиғаты. Ресей - жерінің ауданы жөнінен дүние жүзіндегі ең үлкен ел. Халық саны жөнінен әлемде 9-шы орында түр. Ресей жағалауларын Солтүстік Мүзды, Атлант және Тынық мүхиттыңсула­ры шайып жатыр. Сол себепті елдің қүрамына көптеген аралдар мен түбектер де енеді.

Аумағының өте үлкен болуымен байланысты табиғат жағдайлары да алуан түрлі. Көпшілік бөлігін жазықтар мен таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы жағынан ең ірілері: ШығысЕуропа жазығы, Батыс Сібір ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Оларды оңтүстігі мен шығыстан ірі тау жүйелері қоршай орналасқан. Ресей аумағындағы таулардың жасы да әркелкі. Мүнда мүжілген ежелгі қалдық таулар- дан бастап, жанартау әрекеті әлі тоқтамаған жас тауларға дейінгі қүрылымдарды кездестіруге болады.

Физикалық картадан Ресей жеріндегі ірі тау жүйелерін табыңдар.

Солтүстіктегі арктикалық климаттан оңтүстіктегі Қара теңіз жағалауындағы субтропиктік климаттық белдеуге дейін созыла орналасқан. Солтүстіктегі жазықтар үстімен арктикалық ауа мас­салары оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін еркін өтеді. Батыстан шығысқа қарай үзаққа созылуы климат континенттілігін арттырады. Ресей жерінде көп жылдық тоң басқан аудандардың үлесі жоғары. Көп жылдық тоң қалыңдығы климат қаталдығына байланысты оңтүстіктен солтүстікке қарай 1 метрден жүздеген метрге дейін жетеді. Мүндай табиғат жағдайлары тоңды аймақтардыигеруде қиындықтар келтіреді.

Ресей жері өзен-көлдерге бай. Мүнда әлемдегі ең терең түщы көл - Байкал орналасқан. Ресейдің солтүстігі мен солтүстік-батысында түтас- тай көлді аудандар кездеседі. Ел аумағы арқылы әлемдегі ең ірі он өзеннің төртеуі (Обь, Енисей, Лена, Амур) ағып өтеді. Ресей жерінде арктикалық шөлдерден бастап, шөл зонасына дейінгі ендік зоналар кезектесіп келеді. Таулы аудандарға биіктік белдеулері тән.

Ресей жері табигат ресурстарының барлық түріне бай, әсіресе минералдық ресурстар қүрамы өте алуан түрлі. Ресей дүние жүзі бой­ынша жер қоры, ағаш сүрегі, табиғи газ, теңіздердің толысу энергиясы, өзендердің су-энергетикалық қоры, көптеген пайдалы қазбалар қоры жөнінен алдыңғы орындарды алады. Мысалы, әлемдегі ормандардың 22% -ы Ресейге тиесілі. Ормандар аумағының қысқаруына өрттер жиі себепші болуда.

Халқы. Ресейде қазіргі кезде 144 млн-ға жуық адам түрады. Табиғат жағдайларының алуан түрлі болуы, қолайсыз аудандардың болуына байланысты халық өте әркелкі қоныстанған. Табиғат жағдайлары қолайлы, өнеркәсіп шоғырланған еуропалық бөлікте халық жиі түрады.

Ресей халқының цлттық қцрамы өте күрделі: мүнда жалпы саны 180-нен астам үлттар мен шағын үлыстар бар. Халықтың 5/4 бөлігін орыстар қүрайды. Тілдік және діни қүрамы да күрделі. Жалпы Ресей халқының басым көпшілігі қалаларда өмір сүреді. Елде халық саны миллионная асатын 15 ірі қала бар.

Шаруашылығы. Ресей Федерациясы - өнеркәсіпті-ауыл шаруа- шылықты ел. Ресейде отынның барлық түрлерінің (мүнай, газ, көмір, шымтезек және тақтатас) өндірілуі оның дамуына қолайлы эсер етеді. Әсіресе табиғи газ бен мүнай өндіруден әлемде жетекші орын алады, бүл көршілес елдерді де қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ресей өнеркәсібі темір, марганец, хром, алюминий, титан, магний, мыс, никель, қорғасын, мырыш жэне т.б. кендерін өндіріп, өңдейді. Ресейде машина жасау саласы күшті дамыған. Мүнда әуе-ғарыштық қүрылғылар, кен өндіруде қолданылатын ауыр машиналар, жеңіл автокөліктер, электр техникасы, электрондық қүралдар жасалады. Ре­сейде сапалы қагаз, маталар, жиһаздар мен киім, аяқкиім, сүт және ет өнімдері және т.б. өндіріледі.

Ресейдің ауыл шаруашылыгында өсімдік шаруашылығы басым. Ел жыл сайын бидай, қарабидай, картоп, қант кызылшасы, арпа, сүлы, қарақүмық, зығыр мен күріш, көкөніс және жеміс-жидектен мол өнім жинайды. Ресейдің мал шаруашылығындагы жетекші салаларга ірі қара өсіру, шошқа және қой шаруашылықтары жатады. Қүс шаруашылығы Ресейдің ірі қалалары маңайында және астықты аудандарда көбірек шоғырланған. Жылқы өсіру еуропалық бөліктің оңтүстігі мен Оралда жақсы жолга қойылған.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Ресей жерінің үлкендігі оның табиғат жағдайларына қалай өсер еткен? 

2. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, «Ресей халықтары» атты қысқаша хабарлама өзірлеңдер. 

3. Ресей шаруашылығында өнеркөсіптің басым дамуын немен түсіндіруге болады? 

4. Жанүяларыңда Ресейде өндірілген қандай өнімдерді түтынады?