Главное меню

  • К списку параграфов
§54. Еуразияның халқы. Саяси картасы және аймақтары

Халқы. Еуразия халқының саны, орналасуы, тілдік және үлттық қүрамы өте күрделі болып келеді. Материкте 5 млрд-қа жуық халық түрады, бүл Жер шары халқының 3/4 бөлігін қүрайды. Халықтың жыл сайынғы өсуі, әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азияда қарқынды жүруде. Осы аймақтағы екі ел - Қытай мен Үндістан халқының өзі 2,5 млрд шамасында. Сондықтан халық ең тығыз қоныстанған жерлер осы Оңтүстік-Шығыс Азияға сәйкес келеді. Осы аймақта халықтың орташа тығыздығы км2 жерге 1000-1500 адамға жетеді. Еуропалық бөлікте де халық салыстырмалы түрде тығыз қоныстанған. Әсіресе Атлант мүхитының жағалық бөліктерінде халық өте-мөте тығыз орналасқан. Материктегі табиғаты қатал солтүстіктегі аудандар мен биік таулы өңірлерде, аптапты шөлдерде халық өте сирек қоныстанған. Кейбір жерлері мүлдем елсіз деуге болады.

Еуразияда Жер шарындағы барлық нәсілдердің өкілдері кездеседі (нәсілдердің басты белгілерін 6-сынып бойынша естеріңе түсіріңдер). Олардың цлттыц және тілдік щрамы да алуан түрлі. Ең көп тарағаны - еуропалық текшее халыцтар. Олар өңі аққүба, шаштары сарғыш түсті, көздері көгілдір болып келетін солтцстік еуропалық және өңі қараторы, шаштары мен көздері қоңыр, кейде қара болып келетін оңтцстік еуропалық тармақтарға бөлінеді. Азиялық бөлікте монгол тектес нәсілге жататын қытай, монгол, жапон және басқа халықтар түрады. Түркі тілдес халықтардың біразы осы нәсілдік топқа жатады. Ал экваторлыц нэсілдіц өкілдері Шри-Ланка аралы мен Үндістанның оңтүстігінде қоныстанған.

Қазіргі кезде әр түрлі нәсілге жататын халықтардың бір-бірімен араласуы және бір ел- ден екінші елге емін-еркін қоныс аударуы жаппай белең алуда. Соған қарамастан, жалпы алғанда әрбір нәсіл мен ондағы ұлт өкілдерінің өзіндік тілі мен мәдениеті, тұрмыс-салты және өздеріне тән таралу аймағы сақталған. Бір нәсілге жататын халықтардың өзі тілі жағынан бір-бірінен айқын ажыратылатын топтарға бөлінеді. Мысалы, еуропалықтар славян (оры- стар, украиндар, белорустар, чехтар, словактар, поляктар, сербтер, хорваттар және т.б.), герман (ағылшындар, немістер, норвегтар жэне т.б.) роман (итальяндар, француз- дар, испандар, португалдар, румындар мен молдавандар) тіл топтарына ажыратылады. Халқы еуропалық тектес нәсіпге жататын Үндістан ең көп тілді мемлекет болып табыла- ды. Мұнда 1000-нан аса тілде сөйлейді, мемпекеттік тіл ретінде хинди мен ағылшын тілі қол даны лады.

Азия халықтары тілдік ерекшеліктеріне қарай сино-тибет тіл семьяларына (қытайлар, дүнгендер, тибеттіктер, вьетнамдар жэне т.б.)/ семит (арабтар) сияқты көптеген тілдік топтарға жіктеледі. Сонымен қатар жапон, корей тілдері мен Мұхит аралдары тұрғындарының тілдерінің басқа ешбір тілдерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері бар.

Еуразия материгінде қазіргі кездегі ірі әлемдік діндер - ислам, христиан, буддизм және олардың эр түрлі тармақтары пайда болып, дамыған. Сондықтан материк халқының діни қүрамы да өте күрделі. Жалпы алғанда, діни нанымдар мен түсініктердің алуан түрлілі- гі Еуразия халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің даму бағыттарын анықтайды.

Еуразия материгінің Жерорта теңізі маңайында орналасқан Ежелгі Грекия, Рим, Фи­никия, Византия, Месопотамия, Кіші Азия аймақтарында қазіргі ғылымның негізі қаланды. Біздің заманымызға дейінгі кезеңнің өзінде мұнда Күнге, Айға және жүлдыздарға қарап, бағыт-бағдарды анықтау, күні бүгінге дейін қолданылып жүрген рим жэне араб сандары, алғашқы жыл санау тағы сол сияқты маңызды ғылыми заңдылықтар ашылып, негізделген. Адамзат тарихындағы құпиясы толық ашылмаған «Әлемнің жеті кереметі» деген атпен белгілі ғаламат ескерткіштердің бесеуі Еуразияның осы аймағында орналасқан. Олар: Кіші Азиядағы ежелгі Эфес қаласындағы Артемида храмы, Түркиядағы Галикарнас кесенесі, ежелгі Вавилондағы Семирамида аспалы бақтары, Грекиядағы Зевстің алып мүсіні, Родос аралындағы Гелиос мүсіні.

Елдері. Еуразияда 90-ға жуық егеменді елдер және дамыған мемлекеттердің иеліктері орналасқан. Материктің қазіргі саяси кар­тасы үзақ уақыт бойы үдайы өзгеріске түсіп отырған. Жер көлемі жағынан Еуразиядағы үлкен елдер қатарына Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Сауд Арабиясы жатады. Сонымен қатар жері өте шағын, кішігірім елдер де бар (саяси картадан ол елдерді анықтаңдар).

Халқының саны 100 млн-нан асатын ірі елдердің көпшілігі Еурази­яда орналасқан. Мемлекеттік қүрылымы мен үстанған саясатына қарай Еуразия елдері республикалық және монархиялық болып бөлінеді. Ре- спубликаларда заң шығарушы үйым - парламент, ал басқару жүйесі өкімет арқылы жүзеге асырылады. Нақты басшылықты Конституция негізінде ел президенті жүргізеді. Республикалар үстанған бағытына қарай социалистік, капиталистік және дамушы елдер болып бөлінеді.

Социалистік бағыттағы елдер санының 90-жылдарда күрт кемуі Кеңестер Одағының ыдырауымен, Шығыс Еуропа елдерінің жаңа бағыт үстануымен байланысты болды. Қазіргі кездесоциалистік бағытты үстап отырған елдер - Қытай Халық Республикасы (ҚХР), Корей Халық Демократиялық Республикасы және Вьетнам.

Монархиялық басқару Еуропада және Азияның араб елдерінде басым. Монархияда мемлекетті басқару ісі бір адамның иелігінде болып, билік атадан балаға мүра етіп қалдырылады. Монархиялық елдер абсолюттік және конституциялық болып бөлінеді. Мысалы, Үлыбритания (королева) мен Жапонияда (император) мемлекетті басқару іс жүзінде парламент пен үкіметке жүктелген, ал мемле- кет басшысы - монарх ең жоғары лауазымды адам болып табыла- ды. Абсолюттік монархияда барлық билік жеке адамның қолында шоғырланған. Мысалы, араб елдерінде монархтардың (король, сүлтан) билігі шексіз.

Шаруашылығының даму дәрежесіне қарай, Еуразияда жоғары дәрежеде дамыған, орташа дамыған жене дамушы елдер бар. Дүние жүзіндегі аса дамыған елдердің қатарына Үлыбритания, Германия, Франция, Италия, Жапония жатады. Бұлардан даму дәрежесі жөнінен Қытай, Оңтүстік Корея жене Скандинавия мен кейбір араб елдері кем түспейді. Сонымен қатар Непал, Бутан, Камбоджа, Лаос сияқты ел-ауқаты нашар мемелекеттер де жетерлік. Азияның Тынық мұхит жағалауындағы Оңтүстік Крея, Сингапур, Тайвань тәріңзді кішігірім елдер мен иеліктер соңғы жылдары өте қарқынды дамып, «Азия айдаһарлары» деген атқа ие болды. Ал Тәуелсіз Мемелекеттер Достастығын (ТМД) құрайтын бұрынғы социалистік елдер (Ресей Федерациясы, Украина, Бепорусь, Қазақстан, Өзбекстан және т.б.) дамудың жаңа бағытына бет бұрып, нарықтық экономиканы дамытуда.

Сонымен адамзаттың даму тарихында ежелгі өркениет пен мәдениет ошағы ретінде шешуші рөл атқарып келген Еуразия материгі әлі де адамзат дамуы мен өркендеуінің бесігі болып қала бермек. Сендер де осынау табиғаты әсем, халқының үзақ та қызғылықты, қайталанбас тарихы бар алып материктің топырағында туған перзентісіңдер. Сондықтан басқа елдердегі қатар қүрбыларыңмен бірге сендер де осы материктің болашақ тарихын жасайтын боласыңдар.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Еуразия жерінде халың неге біркелкі қоныс- танбаған? 

2. Еуразия халқы қандай үлттық жөне тілдік топтарға жіктеледі? Олар материктің қандай бөліктеріне қоныстанған? 3. Еуразияда қанша мемлекет бар, олар қалай бөлінеді?