Главное меню

  • К списку параграфов
§49-50. Климаты

1. Климат қалыптастырушы факторларды атаңдар. 

2. Жер шарында қанша климаттық белдеу бар? Олардың қайсысы Еуразия жерін кесіп өтеді?

Климат қалыптастырушы факторлар. Еуразия климаты алуан түрлі. Мүнда солтүстік жартышарға тән климаттың барлық белы- лер! байқалады. Еуразия материгі солтүстік жартышардың барлық климаттық белдеулерін кесіп өтеді, тіпті оңтүстік-шығысындағы аралдар оңтүстік жартышардың субэкваторлық белдеуін алып жатыр (26-сурет). Материкте климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес, батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Бүл климат қалыптастырушы факторлардың әсерінен болатындығы түсіндіріледі.

Материктің географиялық орны мен әртцрлі ендіктерде орнала- суына байланысты күн сәулесі поляр шеңберінен солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе, оңтүстікке қарай біртіндеп артады.

Сондықтан материктің солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығы- мен ерекшеленіп, онда солтүстік жартышардың суықтық полюсі ор- найды, ал оңтүстігінде қыс мүлде болмайды. Жазда Еуразияның қиыр солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып, ауа температу- расы едәуір жоғары болады.

40-сурет бойынша материктегі қысқы және жазғы орташа температуралардың таралу бағыты мен көрсеткіштерін анықтаңдар.

Материк бойынша жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі әр түрлі. Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жері Еуразиядағы Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейі болғанымен, жал- пы алғанда материктің көпшілік бөлігінде, әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында климат өте қүрғақ. Бүл қүрлық аумағының өте үлкен болуына, мүхиттар мен ондағы беткі ағыстардың ықпалына, ауа массаларының қасиеттеріне, жер бедерінің сипатына байланысты.

Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды теңіздік ауа массалары мен Солтүстік Мұзды мұхит үстінен келетін суық желдердің оңтүстікке қарай еш кедергісіз енеді (неліктен?) Материктің шығысы мен оңтүстігінде биік таулардың орналасуы Тынық және Үнді мұхиттарынан келетін муссондардың құрлық ішіне тереңдеп енуіне кедергі жасай- ды. Сол бебептен таулардың жел жақ беткейлеріне ылғал мөлшерден артық түседі. Мұхиттардың материк климатына эсер еті дәрежесі мұхит ағыстарының қасиеттеріне, қысым аймақтырвнвң орналасуына, басым желдердің бағытына және материк жағалауының сипатына байланысты.

Еуразия материгінде едәуір үлкен аумақты алып жатқан биік тау­лы аудандарда климаттық жағдайлар биіктік белдеу бойынша өзгереді.




Биіктік климаттық белдеулер Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Гималай тауларында айқын байқалады. Тибет пен Памирге жылдың басым бе­лил аязды, ал жазы қүрғақ болатын биік таулық климаттән.

Климаттық белдеулер. Еуразияның алуан түрлі климат жағдайлары туралы толық мәлімет алу үшін климаттық белдеулерді қарас- тырайық.

Арктикалыц климаттыц белдеуге Еуразияның арктикалық аралдары мен Солтүстік Мүзды мүхит суымен шайылып жатқан солтүстік бөлігі кіреді (26-суреттегі климаттық белдеулеркартасын қараңдар). Жыл бойы аса суық, қүрғақ арктикалық ауа массалары- ның ықпалында болады. Ауа температурасы түрақты түрде томен, қыста -40°С,          -50°С-қа               дейінгі   қатты                                      аяздар байқалады. Үзақтығы

бірнеше айдан аспайтын қысқа полярлық жаз кезінде күн көкжиектен онша биік көтерілмейді.

Сондықтан қүрлық пен мүхит беті аздап қана жылынады, темпе­ратура 0°С, +4°С-қа дейін ғана көтеріледі.

Материкке қарай түрақты соғатын суық еолтүстік-шығыс жел­дер! әсерінен жыл бойы түманды ауа райы басым. Мардымсыз жауын- шашын тек қана қар күйінде жауады. Шығысқа қарай климаттың қатаңдығы арта түседі, мүндағы аралдар мүз қүрсауында жатыр (себебін түсіндіріңдер).

Субарктикалыц климаттыц белдеу Исландия аралынан баста- лып, жіңішке жолақ түрінде өтеді (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Арктикалық климатқа қарағанда салыстырмалы түрде жүмсақ: өтпелі белдеу болғандықтан қыста арктикалық, жазда қоң- ыржай ауа массалары ықпал етеді. Жылдық жауын-шашын мөлше- рі біршама артады, булану мөлшерінің аз болуы мен топырақтың тоңдануына байланысты батпақты жерлер көп.

Қоцыржай климаттыц белдеу - Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Сондықтан мүнда климаттық жағдайлардың батыстан шығысқа жэ­несолтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі айқын байқалады. Белдеуде қоңыржай теңіздік (атланттық) және қоңыржай континенттік ауа мас­салары қалыптасады.

Белдеудің еуропалық бөлігінде Солтүстік Атлант жылы ағысы мен Атлант мүхитынан соғатын батыс желдерінің әсерінен теңіздік кли­мат қалыптасады. Мүнда қыс жүмсақ, қаңтардыңорташа температу­расы 0°С-тан жоғары, ауа райы қүбылмалы, түмандар жиі байқалады. Көбінесе жаңбыр күйінде жауатын жауын-шашынның мөлшері жы­лына 1000 мм-ден артық, оның басым бөлігі қыс кезіне келеді. Атлант мүхитының әсерінен жаз онша ыстық болмай- ды (Берген қаласының климаттық диаграммасын қараңдар. 80-бет). Осындай климаттық жағдай солтүстіктегі Исландияға да тән (себебін түсін- діріңдер).

Шыгысқа қарай Атлант мүхитының ықпалы әлсіреп, континенттік ауа массаларының әсері кү- шейетіндіктен Орал тауына дейінгі аралықта кли­мат қоңыржай континенттік сипатқа ауысады. Жазы жылы, қысы суық. Ңыста ашық, аязды ауа райы жылымық күндермен алмасып отырады (се- бебі неліктен?). Ауа райының мүндай қүбылмалы сипаты әсіресе Шығыс Еуропа жазығына тән.

Белдеудің Оралдан шығысқа қарай орналасқан орталық бөлігінде жыл бойы континенттік ауа мас­салары басым болады (неліктен?). Сондықтан жа­зы ыстық, қысы суық, аязды болады. Қыста ауа температурасы -50°С-қа дейін төмендейтіндіктен жер бетінде тоңды қабат пай да болады. Қар жа- мылғысы жүқа. Бүған Монғолияда қалыптасатын жоғары қысымды аймақтан жан-жаққа тарала- тын суық әрі қүрғақ континенттік ауа массалары себепші болады. Жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде азайып, тауларда артады. Мүндай кли­мат шцгыл континенттік деп аталады(оған мы­сал ретінде Улан-Батор қаласының диаграммасын қараңдар). Қазақстан жеріне де осы аталған кли­мат тән.

Тынық мүхит жағалауларына қарай климат біртіндеп муссондық сипатқа ауысады. Муссондық климаттың ерекшеліктерін ауа массаларының жыл мезгілдеріне қарай алмасуы анықтайды. Оған үлкен материк пен алып мүхит арасындағы қысым айырмашылығы себепші болады. Қысқы муссон өте қатты салқындаған қүрлықтың ішкі бөлігі- нен соғатын суық, қүрғақ ауа түрінде Тынық мү- хитқа қарай бағытталады. Ал жылдың жылы мер- зімінде тез қызып, қысымы төмендеген қүрлыққа Тынық мүхиттан салқын, ылғалды ауа әкелетін жазгы муссон соғады. Ңысы суық әрі қүрғақ, жазы қоңыр салқын, жаңбырлы болады. Муссондық кли­мат Еуразияның Тынық мүхит жағалауын түгел қамтиды.

Субтропиктік климаттыц белдеу материкті батыстан шығысқа қарай кесіп өтеді (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Сондықтан бүл бел- деуде де климат әртүрлілігімен ерекшеленеді. Бел- деуге жазда тропиктік, қыста қоңыржай ауа масса­лары эсер етеді.

Белдеудің Жерорта теңізі маңындағы бөлігінде жаз өте ыстық, қүрғақ болып келеді, ал қысы ба­тыс желдерінің әсерінен жылы, жаңбырлы бо­лады. Мүндай климат субтропиктік жерорта- теңіздік деп аталады. Мүнда аптапты ыстық пен қүрғақшылыққа төзімді мәңгі жасыл, қатты жапырақты өсімдіктер кең таралған. Бүл климат басқа материктердегі субтропиктік белдеудің де батыс бөліктеріне тән (Лиссабон қаласының диа- граммасы). Ңүрлықтың ішкі бөліктерінде субтро- пиктік белдеудегі климаттық жағдай да қоңыржай белдеудегі сияқты континенттік сипат алады. Жаз­да аңызақ, ыстық желдер, қүмды дауылдар жиі бо­лады, қысы біршама салқын.

26 және 40-суреттердегі климат карталарын пайдалана отырып, Еуразия аумағының қай бөлігіне жоғарыда аталған климат си- паттары тән екенін анықтаңдар және климаттық көрсеткіштерін салыстырыңдар.

Белдеудің орталық бөлігіндегі таулы аудандарда биік таулыц субтропиктік климат қалыптасады. Тынық мүхит жағалауларына субтропиктік муссондық климат тән.

Тропиктік климаттыц белдеу материктің тек (Абасири қаласы диаграммасын қара) батыс бөлігін қамтиды (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Бүл белдеуде тропиктік климат конти- ненттік сипат алады. Оның басты себебі Үнді мүхитынан келетін ылғалды ауа массалары биік таулардың кедергі болуынан ішкі аудандарға өте алмайды. Сондықтан ауа температурасы жыл бойы жоғары, әеіреее жазда аңызақ, аптап ыстықтарға үласады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм-ге дейін, тіпті кейбір жерлерде бүл көрсеткіш 50 мм-ден де аз. Осы белдеу ыстық, қүрғақ тропиктік континенттік ауа массаларының қалыптасу аймағы болып табылады. Мүнда Еуразияның аса ірі шөлдері орналасқан (олар­ды физикалық картадан табыңдар).

 Қосымшадағы 6-кестемен танысыңдар.

Субэкваторлыц климаттыц белдеу Үндістан, Үндіқытай түбек- тері мен оларға жалғасып жатқан аралдарды (қандай?) қамтиды. Гималай тауы климат айрыц жота болғандықтан белдеудің солтүс- тік шекарасы оның биік бөліктері арқылы өтеді. Осы тау жотасы ар- қылы екі өтпелі климаттық белдеу бір-бірімен шектеседі (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Жазда Үнді мүхитынан мол ыл- ғал әкелетін экваторлық ауа массалары субтропиктік белдеу шегіне дейін жетеді. Гималай тауы мен Үндіқытай түбегі шектесетін аудан- да жауын-шашынның Жер шарындағы мол түсетін ауданы (орташа мөлшері 12000 мм, ең көп мөлшері 20000 мм). Қыста материктен соғатын қүрғақ тропиктік ауаның ықпалы күшейеді. Тропиктік және экваторлық ауа массаларының маусым бойынша алмасуынан қалып- тасатын, қысы қүрғақ, ал жазы жаңбырлы болатын мүндай климат субэкваторлық ауыспалы ылғалды немесе тропиктік муссондыц депаталады (Калькутта қаласының диаграммасын қараңдар).

Экваторлыц белдеу Еуразияның оңтүстік-шығысындағы арал­дарды қамтиды (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Жыл бойы экваторлық ауа массалары басым болады. Айлық орташа тем­пература үлкен ауытқуларға үшырамайды, жыл бойы +24°С-тан то­мен түспейді. Түрақты түрде екі жарты шардың пассаттарының ық- палында болатындықтан, жауын-шашын өте мол түседі. Көктем мен күзде жауын-шашынның мөлшері күрт артады. Жоғары температу­ра мен мол ылғалдылық жағдайында ыстық әрі қапырық ауа райы қалыптасады (Джакарта қ. диаграммасынқараңдар).

Адамның тіршілігі мен шаруашылық әрекетіне климаттың әсе- рі. Еуразиядағы климат жағдайларының алуантүрлілігі адамдардың күнделікті түрмыс-тіршілігіне, шаруашылық әрекетінің сипатына, әсіресе ауыл шаруашылығының дамуына тікелей ықпал жасайды. Ауыл шаруашылығын дамытуға материктің солтүстігі мен солтүс- тік-шығысында жазда жылудың жетіспеуі мен мәңгі тоң, ал ішкі аудандарда ылғалдың жеткіліксіздігі кедергі болады. Жазы ыстық, қысы біршама жүмсақ қоңыржай белдеуде бидай, жүгері және бас- қа дәнді дақылдар, қант қызылшасы, алма, жүзім өсіріледі. Бүл белдеудің оңтүстігінде суаруды, жылуды көп қажет ететін күріш пен мақта егіледі. Еуразияның үлан-байтақ кең далаларында ежел- ден жайылымдық малшаруашылығы дамыған. Өсіресе Қазақстан мен Орталық Азияда мал шаруашылығының дәстүрлі сипаты (жыл мезгілдеріне байланысты жайылымдарды ауыстыру) сақталған. Суб- тропиктік белдеудің Жерорта теңізі аймағының климаты цитрус- тар, зәйтүн және жеміс ағаштарын өсіруге өте қолайлы. Материк- тің шығысы мен оңтүстігінің муссонды климаты жағдайында кцріш, мақта, шай бцтасы, қант қцрагы, кофе, банан, ананас жэне т.б. тропиктік дақылдар мен жемістер көп өсіріледі.

Түрғын үйлерді салуда да климаттық жағдайлар ескеріледі. Мы­салы, Сібірдің қатты аяз болатын аудандарында терезе әйнегі үш қа- баттан түрады, ал оңтүстіктегі ыстық климат жағдайында үйлердің қабырғасы бамбук таяқшаларынан ғана қүрастырылған. Жаңбыр көп жауатын еуропалық бөлікте үйлердің шатыры үшкір болып келсе, шөлді аудандарда үйлердің төбесі жадағай тегісболады. Күшті жел­дер жиі болатын аудандарда жол бойларын қар мен қүмның басып қалуынан қорғайтын орман белдеулері отырғызылады.

Климаты адам денсаулығына өте қолайлы аудандарда емдеу-сауық- тыру орындары, демалыс үйлері орналасқан. Олар негізінен теңіз жағалаулары мен таулы аудандарда шоғырланған. Кейде шөлді аудан- дардың климаттық жағдайлары (қүрғақ, ыстық ауа, қызған қүм және түзды балшықтар) да емдік мақсатта пайдаланылады.

Климаттық жағдайлардың адам өміріне пайдасымен қатар, апаттарға әкеп соғатын зиянды құбылыстары да жеткілікті. Муссондық нөсер жаңбырлар жауатын Шығыс және Оңтүстік-ШығысАзияда апатты тасқындар жылма-жыл қайталанып отырады. Әсіресе Ху­анхэ, Ганг, Амур өзендерінде апатты су тасқындары жиі байқалады. Су тасқындары кезінде адамдар мен жан-жануарлар шығын болып, елді мекендер мен егіс далларын су басады. Су тасқындарынан қорғану мақсатында адамдар ежелден дамбалар мен бөгеттер салған. Еуразияның оңтүстік-шығысына Тынық мұхит жағалауынан келетін өте қуатты тропиктік ци- клондар - тайфундар кезінде желдің жылдамдығы сағатына 400 км-ге жетеді. Тайфундар әкелген теңіз толқындары жағалауға жойқын күшпен соғылып, әсіресе Жапон, Филиппин аралдары мен Үндіқытай жеріне жылма-жыл апат әкеледі. Оңтүстіктегі таулы аудандар­да жаз кезінде сел жүру қаупі артады. Жауын-шашын аз жауатын, ылғал жеткіліксіз ау­дандарда кейбір жылдары құмды борандар мен ұзаққа созылған қуаңшылық байқалады. КУлиматы шұғыл континетті болатын мұндай аудандарда су бөгендері салынған. Арабия түбегінде егістіктерді суаруға тұщыландырылған теңіз суы да пайдаланылады.

Шаруашылықты орналастыру мен табиғатты қорғау шараларын жүргізуде жергілікті жердің климаттық жағдайлары мен ерекшеліктерін ескеру қажет.

 Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Еуразияның климаттық жағдайына оның географиялық орны, жер көлемі, жер бедері, мүхиттардан алыс-жақындығы қалай өсер етеді? Жауаптарыңды нақты мысалдармен дөлелдеңдер. 

2*. Ма­терик климатына көршілес мүхиттардың эсер ету дөрежесін салыстырыңдар.

3. Климаттық карта бойынша материкте неше климаттық белдеу бар екенін анықтаңдар, олардың қайсысы неғүрлым үлкен бөлікті ңамтиды?

 4*. Оқулық мөтіні мен климаттық картаны пайдаланып, қоңыржай жөне субтропиктік бел­деулер бойынша климат сипатының өзгерістерін анықтаңдар. Өрбір климаттың басты белгілерін ажыратыңдар. 

5. Өздерің түратын жердіңклиматы қандай бел- деуге сөйкес келеді? 

6. Өздерің түратын жердің климаттық жағдайының адам өмірі мен шаруашылығына тигізетін пайдасы мен зиянын сипаттаңдар.

Берілген климаттық диаграммаларға оқулық соңындағы жос- пар бойынша талдау жасап, олардың қандай белдеу мен климат жағдайына сәйкес келетінін анықтаңдар.