Главное меню

  • К списку параграфов
§47-48. Жер бедерінің жалпы ерекшеліктері мен пайдалы қазбалары

1. Жер қыртысы деген не, оның қандай түрлері бар? 

2. Платформа дегеніміз не, олардың бірнеше ірілерін атаңдар. 

3. Геосинклиналь дегеніміз не, оларға қандай жер бедері сәйкес келеді?

Еуразия жер бедерінің дамуы мен ерекшеліктері. Еуразияның жер бедері алуан түрлі. Материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840 м, оның ауданының жартысынан астамын тауларқүрайды. Еуразия да дүние жүзіндегі аса биік тау жүйелері орналасқан (қосымшадағы 4- кестені қараңдар). Мүндағы 14 шыңның абсолюттік биіктігі 8000 м-ден жоғары. Олардың 11-і Гималай тауларында орналасқан, ең биік жері - Джомолунгма (Эверест), 8848 м. Таулардың аралығын кең-байтақ жазықтар алып жатыр (оларды картадан анықтаңдар). Еуразияның жер бедерінің тағы бір ерекшелігі - биіктік ауытқуларының зор болуы: теңіз деңгейінен ең төмен жатқан Өлі теңіз (-403 м) бен Джомолунгманың биіктігі арасындағы айырмашылық 9251 м-ге жетеді. Еуразия жер бедерінің аталған ерекшеліктері материктің даму тарихы мен оны қүрайтын жер қыртысындағы өзгерістермен байланысты.

Материктің негізін қүрайтын Еуразия литосфералық плитасы әртүрлі геологиялық жастағы қүрылымдардың жымдасуынан түзіл- ген. Олардың ең ежелгілері - Шыгыс Еуропа, Сібір, Қытай-Корей және Оңтцстік Қытай платформалары. Олардың аралығындағы қозғалмалы бөліктерде болған кейінгі тау жасалу әсерінен платфор- малар әртүрлі өзгерістерге үшырап, бір-бірімен жалғасады. Соның нә- тижесінде материктің көлемі үлғайды. Кейінірек оған ежелгі Гонд- вана материгінің сынықтары - Арабия мен Үндістан платформалары келіп ығысты (қосарбеттегі «Жер қыртысының қүрылымы» картасын қараңдар). Еуразия литосфералық плитасының ығысу жүрген оңтүстік бөлігінде өте күшті тау жасалу жүрді. Соның нәтижесінде аса биік, қүрылымы күрделі тау жүйелері - Кавказ тау лары, Армян жэне Иран таулы цыраттары, Памир, Тибет таулы цыраты, Гималаи таулары қалыптасты. Материктің шығысында Тынық мүхиттық плита Еура­зияплитасының астына сыналап енетін бөлікте аралдар доғалары мен мүхиттық терең шүңғымалар түзілген. Бүл аймақтағы жер қыртысы осы уақытқа дейін өте қозғалмалы болып келеді.

Жер сілкіну мен жанартаулық аймақтар. Еуразия арқылы дүние жүзіндегі аса ірі екі сейсмикалық белдеу өтеді. Альпі-Гималай белдеуі Еуразияның оңтүстік-батысынан Азияның оңтүстік-шығысына дейін созылып жатыр. Оның солтүстік бөлігі біздің еліміздегі таулы аудан- дарды да қамтиды (ол тауларды картадан өздерің анықтаңдар).

1911 жылғы Алматыда болған күші 9 балдық апатты жер сілкінуі кезінде қала түгелге жуық қирап, жер қыртысында жарылыстар пайда болған. Ал 1988 жвлғв желтоқсанда АрменияныңСпитак қаласы маңында болған аса күшті жер сілкіну нәтижесінде қала түгелдей қирап, 60-тан астам елді мекендерге зиян келген, 250 мың адам қаза тапқан. 1999 жылы тамыз, қараша айларында Түркияда болған, күші 7 балға жеткен жер сілкінулері кезінде мыңдаған адамдар қаза болып, бірнеше қала қираған. Бұл белдеуде жанар- тау атқылауы жиі болып тұрады. Біздің заманымыздың 79 жылы Везувий жанартауының атқылауы нәтижесінде ежелгі Италияның гүлденген қаласы - Помпей түгелімен ыстық лава астында қалған.

Күшті жер сілкінулер Тынық мцхиттық геосинклиналдық белдеуде де байқалады. Сондай апатты жер сілкінудің бірі 1923 жылы Жапония астанасы Токио қаласын қиратты. Жер сілкіну нәтижесінде 140 мың адам қаза тауып, 1 млн-ға жуық адам баспанасыз қалған. Мүндай жер сілкінулер мүхит түбінде де жиі байқалады. Жер сілкіну орталықтарынан жан-жаққа шеңбер жасап, жылдам тарайтын күшті толқындар - цуна­ми жағалаудағы қалаларға үлкен апат әкеледі. Жапония жағалауында 2011 жылдың 11 наурызындағы күшті 8,9 балдық апатты жер сілкіну мен цунамиәсерінен 15 мыңға жуық адам қаза тауып, мыңдаған үйлер мен ғимараттар қираған. Осы белдеуде жанартаулардың атқылауы да жиі байқалады. Сондықтан бүл белдеуді Тынық мүхиттағы «Отты шеңбер» деп атайды. Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау - Ключи Шоқысы (4750 м) мен 1883 жылы Жер тарихындағы ең апатты атқылау болған Үлкен Зонд аралдарындағыКракатау жанартауы да осы белдеу­де орналасқан.

Жер сілкіну жиі болатын аймақтарда көп қабатты үйлердің ірге- тасы ерекше жобамен қаланады, яғни жер сілкінісіне төзімділігі ес- керіледі. Жанартау әрекеті тоқталмаған кейбір аудандарға ыстық сулардың атқылауы - гейзерлер тән. Камчаткада әйгілі Гейзерлер аңғары орналасқан. Адамдар Исландия мен Камчаткада гейзерлердің ыстық суын үйлерді жылытуға пайдаланады.

Жер бедерінің негізгі түрлері. Еуропа мен Азияның жер бедері бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Еуропа ойпатты, аласа таулы болып келеді, биік таулар тек оңтүстік бөлігінде ғана шоғыр- ланған. Еуропаның негізгі бөлігін дүние жүзіндегі ірі жазықтардың бірі - Шыгыс Еуропа жазыгы мен Орта Еуропа, Дунай бойы ойпат- тары алып жатыр. Скандинавия, ОртаЕуропаның аласа таулары жэне Орал Еуропаньщ аласа таулы бөлігін қүрайды. Бүл таулар палеозой эрасында қалыптасып, кейінгі дәуірлерде сыртқы күштер әсерінен күшті үгілуге үшырап, аласарған. Альпі-Гималай геосинклиналдық белдеуіндегі Альпі, Карпат таулары, Пиреней, Апеннин және Балқан түбектерінің таулары Еуропаның биік таулы аймағын қүрайды. Биік таулардың шыңдары үшкір, беткейлері тік жарлы, қия болады. Таулардағы мүз басумен байланысты мүндай жер бедері альпілік жер бедері деп аталады.

Азияның 3/4 бөлігін таулы үстірттер мен қыраттар және тау жо- талары алып жатыр. Жазықтар негізінен солтүстікте шоғырланған. Бүл жазықтардың оңтүстігінде Алтай, Саян, Байкал маңытаулары, Солтцстік-Шыгыс Сібір таулары, Амур бойы мен Қиыр Шыгыс тау­лары жэне Биік Азия таулары орналасқан. Оған батыстан Кіші Азия түбегінің таулары, Кавказ таулары мен Иран таулы цыраты келіп жалғасады. Бүл таулы белдеудің оңтүстігі Арабия, Үндістан, Үн- діқытай түбегінің таулы үетірттері мен жазықтарына, шығысқа қа- рай Үлы Қытай жазыгына үласады. Биік Азияның орталық бөлігінде ойыстар, көтеріңкі жазықтар мен биік үстірттер орналасқан (оларды картадан анықтаңдар).

Еуразияның жазықтары мен тауларының шығу тегі, жасы, жыныстарының қүрамы әр түрлі. Түран мен Батыс Сібір ойпаттары үзақ уақыт ежелгі мүхит табаны болғандықтан, теңіздік, континенттік шөгінділер аралас кездеееді және жер бедері біртегіс болады. Орта Сібір таулы үстірті көршілес тау жоталарындағы қозғалыстар әсерінен биіктеп, жер бедері күрделенген ежелгі платформаға сәйкес келеді.

Еуразияның қатпарлы жас таулары материктің оңтүстік және шығыс бөліктерінде екі ірі белдеу құрайды. Оңтүстіктегі Альпі-Гималай белдеуінде материктің ең биік тау­лары (Альпі, Кавказ, Памир, Гималай) шоғырланған. Бұл белдеудің кейбір бөліктерінде тау жоталары түйісіп, таулы қыраттар түзеді. Олардың ірілері - Тибет және Армян таулы қыраттары. Шығыстағы Тынық мұхиттық қатпарлы белдеу Камчатка түбегінен Үлкен Зонд аралдарына дейін созылып жатыр. Мұнда өздеріңе белгілі жер сілкіну және жанартау белдеулері орналасқан. Сондықтан кейбір тау шыңдары сөнбеген және сөнген жанартау- лардан тұрады (оларды картадан анықтаңдар).

Биік таулардың басым көпшілігіне үшкір шыңдар мен шоқылар, қия беткейлер мен тік асулар тән. Оларда қазіргі мүздықтар кезде- седі. Еуразиядағы палеозой эрасында көтерілген ежелгі таулар кейін- нен сыртқы күштер әсерінен үгілулерге үшырап, аласарған. Олардың кейбіреулері (Тянь-Шань, Алтай, Саян, Байкал маңы таулары) жаңа қозғалыстар әсерінен биіктеп, жер бедерінің жаңаруы нәтижесінде биік тауларға айналған. Бүл аймақтардағы жер қыртысының жа- рылыстар бойымен төмен түсуінен Такла-Макан, Жоңгар, Фергана, Балцаш-Алакөл сияқты тау аралық қазаншүңқырлар пайда болған. Ыстықкөл, Зайсан қазаншүңқырларын көлдер алып жатыр. Ал кейінгі көтерілулер онша қарқынды болмаған Орал, Сарыарқа, Қарапгауда мүжілген қалдық таулы, үсақ шоқылы жер бедері басым келеді.

Пайдалы қазбалары. Еуразия пайдалы қазбаларға өте бай. Бүған материктің даму тарихының үзақтығы, жер қыртысы қүрылымдарының күрделілігі себеп болады. Пайдалы қазбалар түзілу жағдайларына бай- ланысты магмалық және шөгінді болып екі топқа бөлінеді. Магмалыц пайдалы қазбалар Жер қойнауынан жарылыстар бойымен магманың сыртқа көтерілуінен түзіледі. Олар негізінен кристалды жыныстар ашық немесе жер бетіне жақын жатқан аудандарда шоғырланған. Магмалық жолмен түзілген темір кен орындары Үндістанда, Ңытайдың солтүстік-шығысында, Ресейде (Курск магнит аномалиясы) және Скан­динавия түбегінде орналасқан. Еуразияның шығыс бөлігі арқылы си- рек кездесетін металдарға бай қалайы-вольфрам белдеуі өтеді. Жоғары температураға төзімді болғандықтан вольфрамнан электр шамдарының сымы жасалынады. Алтын мен кейбір асыл тастар да магмалық тау жыныстарының қүрамында кездеседі. Алтын мен алмастың ірі кен орындары Сібір платформасында жатқан Саха жерінде орналасқан. Ал Үндістан түбегі мен Шри-Ланка аралында ежелден-ақ әртүрлі асыл тастар сапфир, рубин өндіріледі.

Шөгінді пайдалы цазбалар теңіздік және континенттік шөгінділер қалың жиналған аудандарда таралған. Темір, фосфорит, боксит кен- дері мен әртүрлі түздар да шөгінді жыныстарқүрамында кездеседі.

Еуразияның жер қойнауы шөгінді пайдалы қазбаларға да бай. Мүн- да жанғыш пайдалы қазбалардың дүниежүзілік қорының көпшілік бөлігі шоғырланған: мүнай мен газ қоры жөнінен Еуразиябасқа ма- териктерден алда түр. Мцнай мен газдыц мол қоры мүхиттагы орга- никалық заттардың түпкі шөгінділер қүрамында үзақ уақыт жатуы нәтижесінде пай да болған. Олардың кен орындары платформаның теңіздік шөгінді жыныстармен толтырылган шеткі иіндерінде орна- ласады. Қазіргі кезде мүнай қүрлықтан ғана емес, материктік қай- раңдардан да табылган. Мүнай негізінен Парсы шығанағында, Сол- түстік жэне Жерорта теңіздерінде, Батыс Сібірде, Каспий маңы ойпаты мен Каспий теңізі қайраңында, Үлы Қытай жазығында өндірі- леді. Парсы шыганағы мүнай қоры мен оны өндіру жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Тас көмір кен орындары ежелгі жылы су айдындары жагалауларындагы қаулап өскен өсімдіктердің қал- дықтарынан түзілген. Тас көмір Еуропаның орта бөлігіндегі УэльсЖогаргы Силезия, Рур жэне Донец, Кузнец, Қараганды алаптарында, Қытай жерінде көптеп өндіріледі. Дүние жүзіндегі аса ірі фосфорит кен орындары біздің еліміздегі Қаратау қойнауында шоғырланган. Фосфорит тыңайтқыш өндіруде пайдаланылады. Алюминий алуга пайдаланылатын бокситтпің шөгінді кен орындарыҚазақстанда, Үлы Қытай жазыгының солтүстігінде, Альпіде кездеседі. Ал таяз сулы көлдер мен теңіздерден ас түзы мен калий түздары өндіріледі (атлас- тағы кешенді картаны қараңдар).Пайдалы қазбаларды өндіру бары- сында қоршаған ортаға зиян келеді: жер қойнауында бос кеңістік- тердің пайда болуы, жер бедері сипатының өзгеруі, ауа мен судың, топырақтың ластануы, өсімдіктер мен жануарларға нүқсан келуі және т.б. Сондықтан табигат байлықтарын тиімді пайдалану, оларды өндіру барысында табигатты қорғаудың шараларын ескерудің маңызы зор.

Сүрактар мен тапсырмалар. 

1* Еуразия жер бедерінің негізгі белгілерін анықтаңдар. Жер бедерінің алуан түрлі болуын немен түсіндіруге болады? 

2. Еу­ропа мен Азия жер бедерінің қандай үқсастығы мен айырмашылығы бар екендігін нақты мысалдармен түсіндіріңдер. 

3. Өздерің түратын жердегі жер бедерінің пішіндерін сипаттаңдар, олардың қандай ңүрылымдарға сөйкес келетінін карта бойынша анықтаңдар. 

4*. Магмалық пайдалы қазбаларды атаңдар. Атластағы кешенді карта бойынша олардың таралған аудандарын анықтаңдар. 

5*. Шөгінді пайдалықазбалар қалай пай да болады жөне олар қайда таралған? 

6*. Атластағы кешенді карта бойынша Арабия жөне Үндістан түбектерінің пайдалы қазбаларын салыстырып, үңсастығы мен айырмашылығының себебін анықтаңдар.

Кескін картаға Еуразия аумагындағы ежелгі платформаларды және оларға сәйкес келетін ірі жазықтарды, геосинклиналдық бел­деулер мен олардагы тау жоталарының жату бағыттарын белгілеп, аттарын жазындар.