Главное меню

  • К списку параграфов
§45. Географиялың орны. Еуразияның зерттелуі

ЕУРАЗИЯ

Материктермен танысуды Жер шарындағы аса ірі материк - Еу- разиядан бастаймыз, өйткені бүл материкте біздің Отанымыз Қазақстан орналасқан. Еуразияның табиғат жағдайларының алуантүрлілігімен алдымен танысу арқылы басқа материктердегі табиғат заңдылықтарын жете түсінуге, оларды өзара салыстыруға мүмкіндік аласыңдар. Со­нымен қатар бүл алып материкте Жер шары халқының 3/4-і, яғни 5 млрд-қа жуық халық түрады.

Еуразия - дүние жүзіндегі ең ірі материк. Оның ауданы аралдары- мен қосып ееептегенде 54 млн км2 астам, қүрлықтың х/ бөлігіне сәйкес келеді. Еуразияны екі дүние бөлігі - Еуропа менАзия қүрайды.

Материктің табиғат жағдайларының алуан түрлілігі оның ауданының үлкен болуымен түсіндіріледі. Бұл мынадай табиғат ерекшеліктерінен көрінеді:

           Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы - Гималай тауындағы Джомолунгма шыңы, оның биіктігі 8848 м;

           Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер Арабия түбегінің солтүстік-батысындағы Өлі теңіз орналасқан Гхор ойысы. Оның деңгейі - 403 м;

           Жер шарындағы ең үлкен түбек - Арабия, оның ауданы млн км2 артық;

           Солтүстік-Шығыс Сібірдегі -7ГС температура тіркелген Оймякон елді мекені солтүстік жарты шардағы суықтық полюсі болып табылады;

           Ыстық әрі аптапты Үндістандағы Тар шөлінде +53°С температура байқалған;

           Жер шарындағы жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін ауданы - Гималайдың

оңтүстік-шығыс беткейіндегі Черапунджи елді мекені, мұнда жылына 12 000 мм-ден артық жауын-шашын түседі;

           Аса құрғақ, аптапты Арабия түбегінің оңтүстігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 15 мм-ден де аз;

           Жер шарындағы ең үлкен көл - Каспий теңізі Еуропа мен Азия аралығында орналасқан, оның ауданы 390 мың км2;

           Жер шарындағы ең терең көл - Байкал көлі Азиялық бөлігінде орналасқан, оның тереңдігі 1620 м;

           Еуразияда солтүстік жартышарға тән барлық климаттық белдеулер мен табиғат зо­налары кездеседі;

           Еуразия материгінің жағалауларын барлық мұхит сулары шайып жатыр.

§45. Географиялың орны. Еуразияның зерттелуі

Географиялық орны. Еуразияны қүрайтын екі дүние бөлігі- Еу­ропа мен Азия арасындағы шартты түрдегі шекара Орал тауларының шығыс етегі, Жайық өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жага- лауы, Кума-Маныч ойысы мен Азов, Қара теңіздері және Қара теңізді Жерорта теңізімен байланыстыратын бүғаздар арқылы өтеді (Ат- ластағы физикалық картадан қараңдар).

Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі - Челюскин мцйісі (77° 43' с.е. 104°18' ш.б.) мен оңтүстіктегі шеткі нүктесі - Пиай мцйісі (Г16' с.е. 103°30' ш.б.) аралығындағы қашықтық 8000 км. Кейбір аралдар солтүстік полюске таяу орналасса, Малайя архипелагының аралдары экватордан оңтүстікке қарай іГо.е. дейін созылып жатыр.

Материк батыстан шығысқа қарай орасан зор аумаққа созылып жатыр. Батыстағы шеткі нүктесі - Рока мцйісі (38°47' с.е. 9°34' б.б.) мен шығыстағы шеткі нүктесі - Дежнев мцйісі (66°05' с.е. 169° 40' ш.б.) аралығындағы қашықтық 16000 км-ге жуық. Материктің біраз жері шығыс жартышар аумағынан шығып, батыс жартышарды да қамтиды. Географиялық орнының осындай ерекшеліктеріне сәйкес, материкте солтүстік жартышарға тән барлық климаттық белдеулер мен табиғат кешендерінің толық жиынтығы кездеседі.

Қоныстану және зерттелу тарихы. Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізі маңынан басталған. Осы жағалауда түң- ғыш географиялық түсініктер қалыптасып, алғашқы географиялық үғымдар жинақталған. География лық үғымдардың ауқымының кеңеюіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарда Крит аралын ме- кендеген ежелгі миной халцы негіз салған.Минойлар Египет және Ки­пр, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сауда қарым-қатынасын жүргізген.

Ежелгі дамыған мемлекет - Вавилонның тұрғындары жан- жағын танып-білу мақсатында Египет, Парсы, Үнді жерлерінде болған. Адамзат тарихындағы алғашқы жазуды ойлап тапқан вавилондықтар тұңғыш рет Жер ғаламшарының шарға үқсас екендігін топшалап, оның 360°-қа тең болатынын анықтады. Вавилондықтардың саз тақталарға сызылған алғашқы география- лықкартасы Британия мұражайында сақтаулы тұр. Сонымен қатар Жерорта теңізін әртүрлі бағытта кемемен жүзіп өткен финикиялықтар Эгей теңізіндегі аралдарды ашып, Гибралтар бұғазы арқылыЕуропа жағалауларына дейін жеткен. Дәл осы кезеңде финикиялықтар өздеріне бұрын белгісіз болған батыстағы жерлерді «эреб», ал шығыстағы бөлікті «асу» деп атаған. Кейіннен бұл ұғымдардың негізінде ежелгі гректер «Еуропа» жэне «Азия» терминдерін қалыптастырған.

Ертедегі Үнді мемлекетін мекендеген халықтар да Оңтүстік-Батыс Азия елдерімен қүрлық арқылы да, теңіз арқылы да сауда қатынасын жасаған. Біздің заманымыздың I ғасырында үнділерСума­тра мен Ява аралын ашып, қазіргі Индонезия же- ріне қоныстана бастады. Ал малайялықтар жеңіл кемелерімен Индонезия аралдарын түгелге жуық аралап шығып, сауда қатынасын орнатқан. Кейіннен олар Мадагаскар аралын ашып, кейбіреулері тіпті сонда түрақтап қалған.

Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің де қосқан үлесі зор. Олар батысқа және солтүстікке жорықтар жасап, Қара және Каспий теңіздерінің жағалауларын, Дунайжәне Дон өзендерін бойлай жүзді. Ал гректің ержүрек теңізшілері - аргонавтардыц алтын жабағыны іздеп Колхида ойпатына саяхат жасағандығы тура­лы аңыздар да бар.

Материктер мен мүхиггардьң зерттелу кезеңдері» (12, В-бет) тақы- рыбы бойынша берілген қосымшадағы Еуразияның зертте­лу тарихындағы маңызды зерттеулер мен ірі географиялық жаңалықтарды естеріңе түсіріңдер.

Еуропа мен Азияның жағалық бөліктері тура­лы толық географиялық мәліметтер болғанымен, Азияның ішкі аудандары үзақ уақыт бойы зерттеушілердің өзіне жүмбақ болып келді. Өсіресе жан-жағынан биік тау- лармен қоршалып, үшы-қиырсыз шөлдермен көмкерілген Орталық Азия жерлеріне аяқ басу көптеген ғалымдар мен жиһанкездердің ар- маны болды. Тек XIX ғасырда ғана Орталық Азия табиғатын зерттеу бағытында жүйелі экспедициялар қүрыла бастады. Бүл зерттеулерді жүргізуде орыс саяхатшы ғалымдарының еңбектері ерекше зор. Өсіресе Н.М. Пржевальский басшылық еткен экспедицияның ашқан жаңалығы маңызды болды. Ғалым Орталық Азияда 15 жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген. Сол аймаққа жасаған төрт саяхаты нәтижесінде Н.М. Пржевальский Тибет пен Гоби шөліндегі бірнеше тау жоталарын анықтап, Хуанхэ және Янцзы өзендерінің бастауын тапты. Ғалым қүммен бірге көшіп жүретін Лобнор көлінің табиғат жағдайларын сипаттады. Сонымен қатар көптеген өсімдіктер мен жануарлардың ғылымға белгісіз жаңа түрлерін - жабайы жылқы мен жабайы түйені анықтады. Н.М. Пржевальский саяхат кезінде жүрген жолдарын картаға түсірді, олардың координаты мен биіктігін анықтады, метеорологиялық байқаулар жүргізді, тау жыныстары мен өсімдіктердің бай коллекциясын жинады.

Н.М. Пржевальский Орталық Азияға жасаған бесінші саяхатының бас кезінде қайтыс болды. Ол қайтыс боларының алдында өзін Тянь-Шань тауындағы Ыстықкөлдің жағасына жерлеуді өсиет етіп қалдырған.

Орталық Азия табиғатын зерттеуде орыс ғалымы П.П. Семенов та зор үлес қосқан. Тянь-Шань тауына екі рет саяхат жасаған бүл та­лым тау жүйесінің шекарасын анықтап, үзақ уақыт осы таудың биік нүктесі деп ееептелетін Хантәңірі шыңын ашқан. П.П. Семенов түң- ғыш рет Тянь-Шаньдағы биіктік белдеулерін ажыратып, қар сызы- ғының мүнда Альпіден әлдеқайда биік жатқанын анықтады. Ғалым Ыстықкөл көлінің ағынсыз түйық, тектоникалық терең көл екендігін де дәлелдеген. Осындай зор ғылыми жетістіктері үшін ғалымның аты- жөніне таудың аты қосарланып берілді. Орталық Азиядағы ірі тау жүйесі, биік шың және мүздың П.П. Семенов-Тян-Шанский есімімен аталады.

1856-59 жылдар аралығында Ресей Географиялық қоғамының тапсыруы бойынша қазақ халқының ағартушы ғалымы Ш. Уэлиханов Орталық Азияның сол кезеңге дейін жүмбақ қалпында қалып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Алдымен Тянь-Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған. Қашғарияның алты шаһарына саудагер ретінде жасырын барған Шоқан көптеген көне та- рихи кітаптар, этнографиялық бағалы бүйымдар, тау жыныстарының үлгілерін жинап қайтқан. Ңазақ зерттеушісі болған жерлерін сипат- тап, түрғылықты халықтың түрмыс-тіршілігін дәл бейнелейтін сурет- тер салған, өзі жүріп өткен жерлердің карталарын жасаған.

Орталық Азия табиғатын зерттеу осы кезге дейін жалғасуда. Біздің елімізге көршілес орналасқан осынау ірі аймақтың ашылмаған қүпиялары өз зерттеушілерін әлі де күтуде.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Еуразия материгінде ғылым мен мөдениеттің қандай * ежелгі орталықтары болған? 

2. Еуразия жері арқылы өткен қандай маңызды экс- педицияларды білесің? 

3. Орталық Азия неге кеш зерттелді? 

4. Орталық Азия табиғатын кімдер зерттеген?

Картадан зерттеушілер қүрметіне қойылған атауларды анық- тап, кескін картаға белгілендер.