Главное меню

  • К списку параграфов
§42. Табиғат зоналары

1. Еуразия мен Солтүстік Американың географиялық орнының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін еске түсіріңдер. 

2. Екі материктегі ұқсас табиғат зоналарын анықтаңдар, олар қалай орналасқан?


Солтүстік Америкада табиғат зонала- рының орналасуының өзіндік ерекшелігі бар. Солтүстігінде табиғат зоналары батыстан шығысқа қарай түтас белдеулер қүрап, ендік багытта таралады. Ал материктің орталығы мен оңтүстігінде табиғат зоналарының ор- наласуы меридиан багытында жүреді. Бүл ең алдымен жер бедері мен климаттық жағдайларға (естеріңе түсіріңдер) байла­нысты. Сондықтан өсімдіктер мен жануар- лар дүниесінің түр қүрамы солтүстігінде Еуразияға көбірек үқсайды. Бүл материк- тердің көршілес орналасуы мен геологиялық даму тарихының ортақтығына байланысты (қосарбеттегі «Табиғат зоналары» картасын қараңдар).

Арктикалыц шөл зонасы материктің солтүстігіндегі Гренландия аралы мен Канаданың Арктикалық архипелагын алып жатыр. Қысқа әрі суық жаз мезгілінде мүз бен қардан бос батпақты, тасты жерлер- де сирек мүк пен қына өседі. Бүл зонада мүз дәуірінен бері сақталып қалған цойегіз тіршілік етеді. Оның қалың әрі үзын қара- қоңыр жүні суықтан жақсы қорғайды. Ңой- өгіз ерекше қорғауға алынып, Дүниежүзілік Қызыл Кітапқа енгізілген.

Тундра зонасы материктің солтүстік жағалық бөлігі мен Гудзон шығанағының оңтүстігін, Лабрадор түбегін қамтиды. Табиғат жағдайлары Еуразиядағы тундра зонасымен үқсас (шекараларын салысты- рып, табиғат жағдайларын еске түсіріңдер). Солтүстік Американың тундра зонасына сол- түстік бүғыларының айрықша түрі - карибу тән. Тундра зонасы батысында Кордильераға қарай таулы тундраға, ал оңтүстігінде ағаштар араласып, орманды тундраға, одан біртіндеп тайгаға үласады.

Тайга зонасы Кордильераның шығыс бет- кейінен басталып, Атлант мүхитына дейінгі кең алапты алып жатыр. Топырағы кцлгін. Ңылқан- жапырақты ағаштардан қара және ақ шырша, көгілдір шырша, балъзам-ды май қарагай, америка бал қарагайы және қарағайлардың бірнеше түрі кездеседі. Жануарлардан қара аю - барибал, гриз­ли аюы, канада сілеусіні, америка қара кцзені, бцлан, вапити бцгысы мекендейді, қорықтарда орман бизоны сақталған.

Тайга зонасының жіңішке жолағы Кордилье­ра тауларының Тынық мүхит жағалауында да кездеседі (қосарбеттегі «Табиғат зоналары» карта- сын қараңдар). Бүл ормандардың түрлік қүрамы өте бай, қүрамында мүз басуға дейінгі кезеңнен бері сақталған ағаш түрлері: ситхин шыриіасы, тсуга, дуглас май қарагайы, қызыл самырсын және т.б. бар. Негізінен биік ағаштардан тура- тынмүндай ну орман Жер шарының басқа ешбір жерінде кездеспейді. 1500 м биіктікте орман­дар сиреп, таулы тундраға ауысады. Қылқанжа- пырақты ормандар 40°с.е.-тен оңтүстікке қарай таулы субтропиктік ормандарға үласады. Мүнда жасы төрт мың жылға дейін жеткен мәңгі жасыл секвойя, мамонт агаиіы деп аталатын алып сек­войя және цантты қарагай, мәңгі жасыл емендер өееді. Секвойя ағаштарын қорғау мақсатында ар- найы үлттық парктер үйымдастырылған.

Аралас және жалпақ жапырақты, ауыс- палы ылғалды ормандар материктің климаты анағүрлым ылғалды, жүмсақ болып келетін шы- ғыс бөлігін бойлай, оңтүстікте Мексика шығанағы жағалауына дейін таралған. Аралас ормандар- га орманның сцр топырагы, жалпақ жапырақты ормандарға орманның қоңыр топырагы, ал ауыс- палы ылғалды ормандарға сары және қызыл то- пырақтар тән болады. Аралас ормандарда сары қайың, цант цйеңкісі, шамшат, жөке, ақ және қызыл қарагай басым өееді.

Жалпац жапырацты ормандарда емендердің ондаған түрі, каштанплатан, қызгалдақ агашы, орман жаңгагы, жапырағын тцсіретін магнолия, жабайы жеміс ағаштары өседі. Бүл ормандар Аппалач тауының биік бөліктерінде ғана сақталып қалған. Ауыспалы ылгалды ормандар субтропиктік белдеуде таралған. Мүн- да қарағайдың субтропиктік түрлері мәңгі жасыл және жапырағын түсіретін ағаштар: шамшат, емен,магнолия, орман жаңгагымен ара- лас өседі. Ңүрғақ жерлерде қарагай мен ергежейлі сабаль пальмасы,

өзен бойларындағы батпақтарда осы жер­ге ғана тән батпақ кипарисі таралған. Флорида түбегінің оңтүстігінде арнайы қорғауға алынған Эверглейдс батпагы орналасқан.

Шығыстағы ормандардан Кордилье- раға жүрген сайын ылғалдың біртіндеп кеми беру салдарынан меридиан бағытында орналасқан орманды дала, дала зонала- рын қалыптастырады (зоналардың орнын Еуразиямен салыстырыңдар). Солтүстік Америкадағы биік шөптерден түратын далаларды прерий деп атайды. «Прерий» француз тілінен аударғанда «шалғын» деген еөз.Прерий де жылу мен ылғал жеткілікті болғандықтан цара жэне цара цоцыр топырацтарда биіктігі 1,5 метр­ге жететін селеу, боз шалгын, бидайыц, бизон шөбі жэне т.б. астық түқымдасты өсімдіктер қалың болып өседі. Топырағы- ның қүнарлы болуы себепті бүл зона түгелге жуық жыртылып, егістіктерге ай- налған. Сондықтан зонаның бизон, дала қасқыры - койоттцлкі сияқты жануар- лары тек қорықтарда ғана сақталған.

Кордильераның ішкі аудандарындағы қара жусан мен алабота басым өсетін шөлейттер Мексика таулы қыратында субтропиктік шөлдерге ауысады. Суб- тропиктік шөлдерде қүрғақшылыққа бейімделген агаш тэрізді кактусалоэ, сцттіген, опунция, юкка сияқты ылгалды бойына жинайтын өсімдіктер - сукку- ленттер көп таралған. Суккулент латын- шадан аударғанда «шырынды» дегенді білдіреді. Мексика таулы қыраты сукку- ленттердің екінші отаны болып табылады.

Олар бүл аймаққа Панама мойнағы арқылы Бразилиядан ауысқан.

Орталық Америка мен Кариб теңізі арал- дарында қызыл топырақта саванна және ылгалды мәцгі жасыл ормандар тарал- ған. Бүл аймақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің түр қүрамы жөнінен Оңтүстік Америкаға үқсас. Ормандар негізінен паль- малардан түрады, орхидеялар, агаш тэрізді папоротниктер кең таралған. Жануарлар дүниесі кең танаулы маймылдар, ягуар, са- уыттылардан, әртүрлі әдемі қүстардан, қан соргыш жарқанаттардан, скунс, цалталы егеуццйрыц - опоссумдардан, бауырымен жорғалаушылардан түрады.

Адамның шаруашылық әрекеті нәти- жесінде табиғат жағдайлары күшті өзгеріске үшыраған. Мүнда табиғи өсімдіктер орнын әртүрлі тропиктік дақылдар: қант қүрағы, ци- трустар, бананжәне мақта, күріш, темекі плантациялары алып жатыр.

Кордильера Солтүстіктен оңтүстікке қарай материктегі баолық климаттық белдеулерді кесіп өтетіндіктен, тау жүйесі бойында биіктік белдеулер үлкен айырмашылықтар жасай- ды. Мысалы, солтүстіктегі биік жоталарда таулы тундар, мәңгі қар мен мұздықтар белдеуі ғана болса, Ал Орталық Америкадағы онша биік емес таулардың өзі төменгі белдеуінде ылғалды тропиктік ормандардан бастап, өзінен солтүстікке орналасқан барлық ендік зона- ларды қайталайды. Тау жүйесінің климаттық жағдайлары енді болуына, әрі биіктігіне бай- ланысты әркелкі болады.Сондықтан батыс және шығыс беткейлеріндегі бірдей ендіктің өзінде биіктік белдеулер бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Кордильераның қайталанбас табиғатын қорғау және адамдарға таныстыру мақсатында бірнеше ұлттық парктер мен қорықтар ұйымдастырылған. Олардың ішіндегі ең әйгілісі - дүние жүзінде тұңғыш рет 1872 жылы құрылған Йеллоустон ұлттық паркі. Мұнда ыстық бұлақтар - гей- зерлер, тасқа айналған ағаштар ерекше қорғауға алынған.

Солтүстік Америка табиғаты түрлі апаттар нәтижесінде өз- геріске үшырауда. Табиғат компоненттері бір-бірімен өзара байла- нысты болғандықтан біреуіндегі өзгерістер басқаларына да эсерету- де. Кордильерадағы апатты жер сілкінулер мен қуатты жанартау атқылаулары, материк орталығындағы қуаңшылық әсерінен болатын өрттер, оңтүстік-шығыс жағалауларда жиі болатынтеңіз дауылдары, қүнарлы топырақ қабаттарын үшырып әкететін торнадо сияқты апатты қүбылыстар табиғатқа көп зиянын тигізеді. Қазіргі кезде адамдардың қарқынды шаруашылық әрекеті табиғи апаттың жиілігін күшейтетіні белгілі болып отыр. Сондықтан Солтүстік Америка елдерінде табиғатты қорғау бағытында ортақ заңдар қабылданып, елдер арасында өзара ке- лісімдер жасалған. Үлттық саябақтар мен қорықтар санының көбеюі осыны дәлелдейді.

Сүрактар мен тапсырмалар. 

1. Материкте қандай табиғат зоналары бар, олар * қалай орналасқан? 

2. Ендік бағытта орналасқан зоналарды атаңдар. 

3*. Оқулық мөтіні мен табиғат зоналарыкартасын пайдаланып, Еуразия мен Солтүстік Америкадағы тундра мен тайга зоналарының географиялық орны мен табиғат жағдайларын салыстырыңдар, олардың үқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңдар. 

4. Прерий дегеніміз не, оның Еуразияның дала зонасынан қандай айырмашылығы бар?

Солтүстік Америкадағы қандай үлттық саябаңтарды білесің- дер? Оларды кескін картаға белгілеңдер.