Главное меню

  • К списку параграфов
§41. Өзендері мен көлдері


Солтүстік Америка материгі мол сулы өзендерге, түщы сулы терең көлдерге бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америка мен Еуразиядан кейін үшінші орын алады. Сонымен қатар биік таулы мүздықтар мен материктің еолтүстігін алып жатқан қалың мүз жамылғылары жэне жер асты суларының мол қоры бар.


Өзен жүйелері климаттық жағдай мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардың басым бөлігі Солтүстік Мүзды мүхит пен Атлант мүхитына бағытталған. Өзендері негізінен жаңбыр және еріген қар суымен қоректенеді.

Атлант мцхиты алабының басты өзені - Миссисипи материктегі ең мол сулы өзен болып табылады. Бүл өзеннің Миссури саласын қоса есептегендегі үзындығы 6420 км, үзындығы жөнінен дүние жүзінде үшінші орын алады. «Миссисипи» атауы үндістер тілінде «су атасы» дегенді білдіреді.

Миссисипи жауын-шашын әр түрлі түсетін аймақтар арқылы ағып өтетіндіктен, жыл бойы деңгейі өзгеріп отырады. Әсіресе көктемде қар еріген кезде су қатты тасиды, кей- де су тасқыны жаздағы нөсер жаңбыр нәтижесінде де қайталанады. Мұндай жағдайда өзен мен оның салалары арнасынан шығып, жағаларындағы елді мекендер мен егістік жерлерді су алып кетеді.«Миссури» атауы үндістер тілінде «тұнбалы өзен» дегенді білдіреді, шындығында да ол көптеген құм мен тұнбаларды ағызып әкеледі. Жазықтарда ағысы баяулаған Миссисипи кең атырау жасап, Мексика шығанағына құяды. Атыраудың ауданы жыл сайын тұнбалар есебінен 100 м-ге шығанаққа қарай кеңейіп отырады.

Аппалачтың шығыс беткейінен басталатын өзендер қысқа және мол сулы болады. Олар мүхитқа қүяр жолында биік кемерлерден қү- лап ағатындықтан, бірнеше сарқырамалар жасайды. Олардың қүлау күші су электр стансаларында қуат алу үшін пайдаланылады. Мысалы, Теннесси өзені бойында 20-дан астам су электр стансалары салынған. Атлант мүхитына қүяр жерінде өзендердің сағалары кеңейеді, мүнда ірі портты қалалар орналасқан.

Солтцстік Мцзды мцхит алабына жататын өзендердің ең ірісі - Ма­кензи материктің солтүстік бөлігі арқылы ағып өтеді. Үндістер «Үлкен өзен» деп атайтын бүл өзен негізінен қар суымен қоректенеді, жылдың көп уақытында мүз қүрсап жатады. Қыста өзен түбіне дейін қатады. Макензи жоғарғы ағысында көктемнің аяғында мүздан босайды, сондықтан оның орта ағысында, әсіресе төменгі ағысында өзендегі сең буу нәти- жесінде мцз цамаулары пайда болады (бүл қүбылыс Еуразияның қай өзенінде байқалады?). Батпақтар мен көлдер арқылы ағып өтетін осы алаптың көп- теген өзендері жаз кезінде мол сулы бо­лады.

Тыныц мцхитп алабына Кордильераның батыс беткейінен бастала- тын қысқа, ағынды өзендер жатады. Алаптың ең ірі өзендері - Ко­лумбия мен Колорадо Кордильераның шығыс жоталарынан басталып, биік таулы үетірттер арқылы ағып өтеді. Жолында биік тау жотала- рын кееіп өтіп, терең шатқалдар жасайтын бүл өзендерде судың қүлау күшінің мол ңоры бар. ӨеіресеКолорадо өзені бойындағы жиегі тік, терең шатқалды орасан зор Үлкен каньон дүние жүзіне әйгілі. Кань- онның әркелкі жастағы, түрлі түсті жыныстардан түратын асқақ бет- кейлері батар күннің сәулесіне малынып, өте әдемі көрініске ие бола­ды (71-еурет).

Кордильера тауының оңтүстігінде орналасқан, климаты қүрғақ болатын Үлкен Алап пен Мексика таулы қыратының солтүстік бөлі- гіндегі өзендер ішкі пгцйық алапқа жатады. Алаптың орталық бөлі- гінде Жер шарындағы ең ірі түзды көлдердің бірі болып саналатын Үлкен Түзды көл орналасқан. Әсіресе қүрғақ кезеңдерде көл беті мен жағалауларын жауып жатқан түз қабыршақтары қалыңдайды.

Солтүстік Американың көлдері негізінен материктің солтүсті- гінде шоғырланған. Мүндағы көл қазаншүңқырларының барлығы дерлік қүрлықтың ірі жарылыстарында орналасқан. Кейіннен көл қазаншүңқырлары мүздықтардың қазу әрекеті нәтижесінде тереңдеп, жағалаулары тілімденген. Сондықтан бүл көлдерді қалыптасу жолда- рына қарай мцздық-тпектоникалық көлдер деп атайды, олардың суы терең, түщы болып келеді. Көлдер бір-бірімен қысқа өзендер арқылы жалғасып жатады.

Материктің солтүстік-шығысындағы Өулие Лаврентий өзені арқы- лы Атлант мүхитымен жалғасып жатқан көлдер Үлы көлдер жцйесі деп аталады (72-суретті қараңдар). Жоғарғы көлден Эри көліне дейін көлдердің деңгейлері біртіндеп төмендейді.

Ал Эри көлі мен Онтарио көлінің деңгейлерінде үлкен айырма (қанша?) салдарынан, оларды жалғастыратын Ниагара өзені тік ке- мерлерден қүлап ағып, дүние жүзіне әйгілі Ниагарасарқырамасын жасайды. Ені 1200 м, биіктігі 51 м бүл сарқыраманың атауы жергілік- ті үндістер тілінде «гүрілдеуік еу» деген мағына береді. Шындығында да судың гүрілі 25 км қашықтықтанда естіледі. Бүл сарқыраманың ғаламат көрінісін тамашалауға Жер шарының түкпір-түкпірінен жыл сайын миллиондаған туристер келеді. Бірақ суда тез еритін әктастардан қүралған сарқырама кемерлері қазіргі кезде жойқын судың шаюынан біртіндеп аласарып, Эри көліне қарай шегінуде.

Табиғаттың осы бір сирек кездесетін көрінісін сақтап қалу бола- шақ үшін қажет. Маңында ірі өнеркәсіпті қалалар жиі шоғырлан- ғандықтан, Үлы көлдердің суы қатты ластанған. Сондықтаноларды тазарту, қоршаған ортаның әсем табиғатын сақтап қалу бағытында жүмыстар жүргізілуде.

Кордильера тауындағы сөнген жанартаулардың кратерлерінде үсақ жанартаулық көлдер кездеседі. Ал материктің оңтүстігінде жердің тектоникалыц жарылыстарында орналасқанНикарагуа және Мана­гуа көлдері бар.

 Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Материкте қандай ірі өзендер бар, олар қайда * қүяды? 

2. Материкте қандай суайрық жотасы бар, ол қандай алаптарды бөліп жатыр? 3. Солтүстік Америкадағы қандай өзендер үзақ уақыт қатып жатады?

4.  Материктегі басым түрде жаңбыр суымен қоректенетін өзендерді атаңдар.

5.   Солтүстік Американың қай бөлігінде көлдер жиі орналасқан, себебін түсінді- ріңдер. 6. Материктің ірі өзендері мен көлдеріне қысқаша хабарламалар дайындаңдар.

Кескін картаға ірі өзендер мен көлдердің аттарын белгілеңдер. 

Қосымшадағы 8, 9, 10-кестелермен танысыңдар.