Главное меню

  • К списку параграфов
§36. Халқы және елдері

Халқы. Оңтүстік Америка материгінде қазіргі кезде 391 млн-нан астам халық түрады. Олар қалыптасуы мен нәсілдік, үлттық қүрамы жағынан алуан түрлі халықтардың жиынтығынан қүралған. Материкке адамдар алғаш рет бүдан 15-17 мың жыл бүрын Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкадан қоныс аударған. Сондай-ақ адамдар Африка мен Мүхит аралдарынан дакелді деген болжам бар.

Оңтүстік Американың байырғы халқы болып есептелетін цндістер материктің қазіргі халқының 10%-ын ғана қүрайды. Христофор Ко­лумб Америка дүние бөлігін ашқанға дейін үндістер рулық-тайпалық қоғамдық қүрылыста өмір кешіп аңшылықпен, балық аулаумен айналысқан.

Анд тауларын мекендеген үндістер дамудың жоғары сатысына көтеріліп, Инктер империясын құрған. Олар биік таулы өңірдегі егіншілікті жоғары дәрежеде дамытқан. Сондай-ақ инктердің жазу мен бейнелеу өнері, алтын мен күмістен, асыл тастардан жасалған әсемдік бұйымдары олардың мәдениеті жоғары болғандығын дәлелдейді. Инк­тер қоғамында адамгершілік қағидалары қатаң сақталған: ұрлық, жалқаулық, өтірік айтуға жол берілмеген, үлкенді сыйлау, құрметтеу, қамқорлық көрсетуге ерекше мән берілген. Жұмыс істеуге денсаулығы жарамсыз және қарт адамдарға жәрдемақы төлеу алғаш рет Инктер империясында жүзеге асқан. XVI ғасырдан бастап еуропалық басқыншылардың материкке жаппай келуі мен озбырлық әрекеттерінің нәтижесіндеинктер өркениеті талқандалды. Ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалған ежелгі инктердің ұрпақтары қазіргі кезде Амазонияның ну ормандары мен Анд тауларының биік бөліктерінде тұрады.

Еуропалықтардың жергілікті үндістермен некелерінен тараған үрпақтар - метистер қазіргі кезде Оңтүстік Американың Анд елде- рінің негізгі халқын қүрайды. XVI ғасырдан бастап Африкадан 300 жыл бойы материктегі кеніштер мен плантацияларда жүмыс істету үшін миллиондаған қүл-негрлер әкелінді. Олардың еуропалықтармен некелесуі нәтижесінде мулаттар, ал үндістермен некелесуінен самбо қалыптасты. Негрлер мен мулаттар Оңтүстік Американың солтүстігі мен шығысында түрады. XIX ғасырда Испания мен Португалия дан келгендер материктің оңтүстік-шығысына көбірек қоныс аударған. Олардың үрпақтары өздерін креолдар деп атайды. Оңтүстік Америка халқының көпшілігі латын тілдеріне жататын испан және португал тілдерінде сөйлейді. Сондықтан материкті Орталық Америкамен бірге Латын Америкасы деп атайды.

Оңтүстік Америка - дүние жүзіндегі халық аз қоныстанған материктердің бірі. Материктің табиғат жағдайларына байланысты халықтың тығыздығы әркелкі болады. Табиғаты қолайлы, маңызды теңіз жолдары өтетін жағалаулардағы қалаларда халық жиі қоныс- танған. Оңтүстік Америкада түрғындар саны 1 млн-нан асатын 20-дан аса миллионер-қалалар бар.

Елдері. Оңтүстік Американың қазіргі саяси картасы үзаққа созылған тәуелсіздік үшін күрес нәтижесінде қалыптасты. XIX ғасырдың басында қүл иеленушілік жойылғаннан кейін, Еуропаелдері өз иелігіндегі жерлерге азаттық беруге мәжбүр болды. Қазіргі мемле- кеттердің шекараларының қалыптасуы XX ғасырда ғана аяқталды. Табиғат жағдайларына байланысты материк Анделдері мен Шы- гыстагы жазыц елдеріне айқын ажыратылады.

Анд елдері қатарына КолумбияЭквадор, Перу, Боливия, Чили жа­тады. Бүл елдердің өзіндік ерекшеліктері бар. Атақты саяхатшы есімі- мен аталатын Колумбияда алтын мен асыл тастардың, әсіресе жақүт- тардың мол қоры бар. Елдің астанасы Богота қаласындағы Мемлекеттік алтын мүражайында алтыннан жасалған 25 мың ежелгі бүйым сақ- талған. Ал экватор сызығы кесіп өтетінЭквадорда әрекет етуші 30 жанартау орналасқан. Ал инктер мәдениетінің ескерткіштері сақта- лған Перу мемлекетін «ежелгі өркениет елі, Оңтүстік Американың археологиялық мүражайы» деп атайды. Мүнда биік таулық Титикака көлі орналасқан, жерінің 60% -ын ормандар алып жатыр. Тынық мү- хиттың Перу жағалауы балыққа да бай. Елдің азаттығы жолында кү- рескен Симон Боливардың қүрметіне Боливия аталған елдің астанасы Ла-Пас дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан (3630 м) қала болып саналады. Боливияның негізгі бөлігін алып жатқанылгал­ды тропиктік ормандарда сүрегі қатты ағаштардың 2 мыңнан астам түрі өседі. Ал ең оңтүстікте орналасқан Анд елі - Чили дүние жүзін- дегі ең үзын ел болып табылады. ОсындағыАтакама шөлінің үзынды- ғының өзі 1000 км-ден асады. Чилидің оңтүстік жағалық бөлігі өте күшті тілімденген. Апатты жер сілкінулер жиі қайталанады.

Шыгыстагы жазын елдеріне Венесуэла, Гайана, Суринам, Брази­лия, Парагвай, Уругвай, Аргентина жэне Франция иелігіндегі Фран­цуз Гвианасы жатады. Осы аймақтағы ең ірі, халқы ең көпБразилия жерінде Оңтүстік Америкаға тән ерекшеліктердің барлығы дерлік көрініс тапқан деуге болады. Сондықтан осы елмен толығырақ таны- сасыңдар.

Бразилия жерінің ауданы мен халық саны жөнінен дүние жүзін- дегі ең ірі бес елдің қатарына кіреді. Мемлекеттік қүрылымы - 22 штаттан түратын федерациялық республика.

Бразилия жері Амазония ойпаты мен Бразилия таулы үстіртін алып жатыр. Елде темір, тцсті металлмцнай мен табиги газдың, алмас, уранныц мол қоры бар. Экватор мен тропикаралығындағы климат жағдайы алуан түрлі. Бразилия жері арқылы дүние жүзін- дегі ең мол сулы өзен - Амазонка ағып өтеді. Бразилия таулы үетір- тінен басталатын өзендердің көпшілігі шоңғалды-сарқырамалы, гидроэнергетикалық қорға бай болып келеді. Табиғат зоналары Амазония бойындағы ылгалды тропиктік ормандарданБразилия таулы үстір- тінің солтүстік-шығысында тікенекті бцталы саваннага ауысады. Бразилия ормандарында өте бағалы бразилия араукариясы, балауыз пальмасы, кебрачо, гевея, парагвай шайы өседі.


Табиғат қорларының алуан түрлі, әрі мол болуы Бразилия шаруа- шылығын өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Шаруашылықтың даму деңгейін көтеруде Амазония ормандары арқылы өтетін Транс­амазонка тас жолының маңызы зор. Бразилия материктегі ең жоғары дамыған ел болып табылады, шаруашылығының даму дәрежесі жөнінен дамушы елдер арасында бірінші орын алады. Елде тау-кен өндірісі, қара және тцсті металлургия, машина жасау жақсы дамыған. Жы- лына қант қүрағынан алынатын этиль спиртімен жүмыс жасайтын 1 млн-нан астам автомобильшығарылады. Халықтың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Ңүрғақ саванналар мен пампада ірі қара көп өсіріледі. Плантацияларда кофе, какао, қант қцрагы, кцріш, соя, банан, апельсин өсіріледі, олардың кейбіреуін өндіру жөнінде дүние жүзінде алдыңғы орындарды алады.

Бразилия халқының нәсілдік және үлттық қүрамы күрделі. Үн- дістер мен метистердің көпшілігі елдің солтүстігі мен батысында тү- рады. Саны жағынан еуропалықтар басым. Сонымен қатар мулаттар мен негрлер де көп түрады. Ел халқы жыл сайын 3 млн адамға көбейіп отырады. Халықтың басым бөлігі жағалаудағы ірі портты қалаларда шоғырланған. Мүндағы Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу қалалары әлемдегі алып, көрікті қалалар қатарына жатады.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Оңтүстік Америка халқының нөсілдік жөне үлт- тық қүрамы қандай? Олар қалай қалыптасқан? 

2. Материктегі ежелгі өркениет орталықтарын атаңдар. 

3. ОңтүстікАмерика елдері қандай аймақтарға топтасты- рылады?

1. Оқулықтағы 67-суретті пайдаланып, кескін картаға мате- риктегі елдердің шекаралары мен астаналарын белгілендер. 

2. Оқулық мәтіні мен қосымша мәліметтерді пайдаланып, өзіңнің қалауың бо­йынша Венесуэла, Перу, Аргентина елдерінің біріне оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама беріңдер.

Өз білімдеріңді тексеріңдер!

1.                    Оңтүстік Американың географиялық орнын Солтүстік Америка- мен салыстырып, үқсастықтары мен айырмашылықтарын анық- таңдар.

2.                    Оңтүстік Америка табиғатының өзіндік ерекшеліктері оның географиялық орнының қандай белгілеріне байланысты деп ойлайсыңдар?

3.                    Оңтүстік Американың ашылуы мен зерттелуіне үлес қосқан қандай зерттеуші-географтарды білесіңдер? Олар туралы қысқаша әңгімелеп беріңдер.

4.                    Материктің батыс жағалауын бойлай орналасқан Анд тау жү- йесі қалай қалыптасқан? Ол материк климатына қалай эсер етеді?

5.                    Материктің шығысында неге жазық жер бедері басым? Ірі жазықтарға мысал келтіріңдер.

6.                    Оңтүстік Америка жері арқылы Жер шарындағы ең мол сулы Амазонка өзенінің ағып өтуін немен түсіндіруге болады?

7.                    Амазонка өзені мен Амазонка ойпатына тән өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін атаңдар.

8.                    Бразилия таулы үстіртін алып жатқан оңтүстік жарты шар са­ваннасы қалай аталады? Оған тән өсімдіктер мен жануарларға мысал келтіріңдер.

9.        «Пампа» дегеніміз не, ол қай жерге тән?

10.    «Инктер өркениеті» туралы не білесіңдер?

Оқушыларға үсынылатын рефераттар тақырыбы:

1.        Анд тауы не себепті «мыс тау» деп аталған?

2.        Амазонка кереметтеріне не жатады?

3.        Анхель сарқырамасы - «аспаннан қүлаған су».

4.        Титаник - ежелден үндістер мекені.

5.        Инктер өркениеті - Перу Андысы.

3- сарамандык жумыс

Тақырыбы: Оңтүстік Америка және Африканың табиғатына қысқаша салыстырмалы сипаттама беру

Сабақтың мақсаты: а) табиғат ресурстарының таралу заңдылығы жэне жекелеген аумақтардың ресурстармен қамтамасыз етілуі туралы түсініктерін дамыту және бекіту;

ә) түрлі тақырыптық карталар, сызбалар мен кестелер, оқулық мәтінін пайдалана отырып, жекелеген аумақтарға кешенді сипаттама беру дағдыларын қалыптастыру;

б)   жекелеген аумақтардың ресурстармен қамтамасыз етілуін сипат- тау барысында статистикалық және картографиялық мәліметтермен жүмыс жасау біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру және же- тілдіру.

Қажетті қцралдар: Атластың физикалық, тақырыптық және кешенді карталары; оқулық мәтіні мен статистикалық мәліметтер; презентациялар; сызбалар.

Жцмыс барысы:

1.      Оқушылар түрлі әдебиеттер мен оқулық мәтінін пайдалана оты- рып, қажетті мәліметтерді кестеге толтыру:

Оңтүстік Америка мен Африка табиғатына қысқаша салыстырмалы сипаттама

Материктің аты

Оңтүстік Америка

Африка

1

Материктің ауданы, салыстырмалы өлшемі, жетекші елдері

 

 

2

Қандай жартышарда орналасқан (эк- ваторға және бастапқы меридианға, тропиктерге қатысты орны)

 

 

3

Қандай мүхиттар шайып жатыр

 

 

4

Жағалық сызықтары: теңіздерін, шығанақтарын, бүғаздары мен түбек- терін көрсету

 

 

5

Жағалауындағы ең ірі аралдар

 

 

6

Жер бедерінің ерекшеліктері және негізгі жер бедерінің пішіндері

 

 

7

Климаттық белдеулері (солтүстік және оңтүстік белдеулер)

 

 

8

Географиялық белдеулер мен зоналар

 

 

9

Адамның шаруашылық әрекетінің түрлері

 

 

10

Экологиялық проблемалары

 

 

Қорытынды.