Главное меню

  • К списку параграфов
§34-35. Табиғат зоналары

Оңтүстік Американың тіршілік дүниесі өздерің танысқан солтүстік жартышар материктерінен үлкен айырмашылық жасайды. Бүл оның табиғатының үзақ уақыт жеке-дара дамуымен байланысты. Солтүстік Америкаға материктің оған қүрлық арқылы жалғасқан солтүстік бөлігінің табиғаты ғана үқсайды. Оңтүстік Америкада географиялық орны мен климаттық жағдайларына сәйкес ормандар кең таралған.

Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары ажыраты- лады: ылғалды экваторлық ормандар (гилея), ауыспалы ылғалды (мус- сонды) ормандар, саванналар мен сирек ормандар,субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бүталар, жалпақ жапырақты

ормандар, субтропиктік дала (пампа) зона- сы, шөлейт, шөл зонасы. Анд тауларында биіктік белдеулер тараған (қосарбеттегі «та- биғат зоналары» картасын қараңдар).

Экватордың екі жағын Амазонканың ылгалды экваторлыц ормандары (гилея) алып жатыр. Олар түр қүрамы онша өз- гермей-ақ солтүстік пен оңтүстікке қарай ауыспалы ылгалдыормандарга үласады. Ауданы мен тіршілік дүниесінің алуан- түрлілігі жағынан Жер шарында Амазон­ия ормандарының теңдесі жоқ. Мүндағы цызыл-сары ферралитті топырацтарда тек қана ағаштардың 2 мыңнан астам түрі өееді. Сондықтан бүл аймақты ғаламшардың «өкпееі» деп те атайды. Ал жергілікті халық ит түмсығы батпайтын бүл қалың орман- ды «сельвас» дейді. Орман іші өте ыстық әрі қапырық, оның төменгі бөлігіне жарық жетпейді. Сельвастағы ағаштардың биіктігі 80 м-ге дейін жетеді, олар лианалармен тығыз шырмалған, агаш тәрізді папоротник- тер мен орхидеялар да көп. Жарықты жапы- рағымен үстап қалуына байланысты орман арасында жетіспегендіктен шөптесін өсімдік- тер өспейді. Мүндағы ағаштардың аса бағалы түрлеріне табиғи каучук алынатын гевея, ең жеңіл балъс агашы, дәрілік шикізат беретін хина агашы, какао,сейба, цауын агаиіы жэне т.б. жатады.

Жануарлар дүниесі шағын денелі бацырауыц жэне ілмекқцйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, ццмырсца жегіш, қан соргыш жарцанаттар, пекари шонщасы мен ең ірі сушошқасы капибарадан жэне т.б. түрады, ал жыртқыштардан ягуар, пума кездеседі. Орман дар да қауырсындары алуан түске қүбылатын тоты ццстар мен тукан- дар, гаоциндер, әлемдегі ең кішкентай қүс - колибри мекендейді. Бақалар мен бауырымен жорғалаушылардың да тіршілігі ағаш басын- да өтеді. Үзындығы 12 м-ге жететін әлемдегі ең үлкен жылан - анаконда да кездеседі. Жәндіктер өте көп, олардың денелері үлкен және түрлі түсті. Кейбір жәндіктердің денесі жарқырауық болады.

Табиғаты әсем Амазония ормандары адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде өзгеруде. Сельвасты кесіп өтетін Транс- амазония тас жолының салынуы елдер арасындағы жол қатынасымен байланыс­ты жақсартқанымен табиғат түрлерінің кедейленуіне жэне жануарлар тыныштығының бүзылуына әкеп соқты. Ғалымдардың болжа- мы бойынша, дәл осы қарқынмен орман ағаштарын кесе беретін болса, Амазонка ор­мандары болашақта жойылып кетуі мүмкін.

Ауыспалы ылғалды ормандар Атлант мүхитының әсері күшті болатын Бразилия - ның шығыс жағалауында да таралған. Бүл ормандардың ерекшелігі мүнда қылқан- жапырақты араукарияағашы және парагвай шайы өседі. Араукария ормандары кесудің нәтижесінде жойылу алдында түр.

Саванналар мен сирек ормандар материк- те Ориноко саваннасы - льянос және Бразилия саваннасы - кампос деп ажыратылады. Топы- рақ жамылғысы ферралитті қызыл топырақ- танқызыл-қоңыр топыраққа ауысады. Саванна- лардың көрініеі жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады:                қүрғақ кезеңде шөптер қүрғап,

ағаштар жапырағын түсіреді, ал жаздың басын­да жаңбырдан соң шөптер шапшаң қаулап өсіп, ағаштардың жапырағы қалпына келеді.

Солтүстік жартышар саваннасы - льяноста палъмалар мен акация, биік шөптесін өсімдік- тер таралған. Олар өзен аңғарларында орман- ды жолақтарға ауысады. Ал оңтүстік жарты­шар саваннасы - кампоста ағаштар аз, көбінесе тікенекті кактус, мимоза, сцттіген бүталары өседі. Өр жерде бөтелке тәріздес діңіне су жи- налатын бөтелке агаштары кездеседі. Бра­зилия таулы үстірті кактус өсімдігінің шыққан жері болып табылады. Кактустар қазіргі кезде басқа дүние бөліктеріне де таралған. Әсіресе алуан түрлі ағаш тәріздес кактустар өсетін Мексика таулы қыратын «кактустың екінші отаны» деп атайды. Бразилия таулы үстіртінің қуаңдау жерінде (62-еуреттегі климат карта- сын қараңдар) тікенекті бүталардың ерекше түрі өееді. Олардың арасында бүтағы өте қатты, қабығынан тері илеуге қажетті шикізат алына- тын кебрачо (балта сынар) ағашы өседі.

Жануарлар дүниесінен пекари, ергежейлі бцгылар, тапир, жалды қасқыр, сауыт- тылардың бірнеше түрлері, ццмырсца жегіш- тер, нанду тцйеқцсы кездеееді. Топырағы қү- нарлы болғандықтан саванна мен сирек орман зонасы какао мен Африкадан әкелініп жереіндірілген кофе ағашы өсірілетін плантацияларға айналдырылған.

Субтропиктік дала зонасы Ла-Плата жазығын алып жатыр. Ңү- нарлы шымды қызғылт топырақта таралған бүл зонаны жергілікті халық пампа деп атайды. Ол «жазық дала» деген үғымды білдіреді. Жазы ыстық, қыста оңтүетіктен ауа температурасын төмендететін жел- дер соғып түрады. Зона бойынша жылдық жауын-шашынның мөлшері әркелкі таралады. Жаңбыр жыл бойы жауатын шығыс бөлікте биік әрі бітік астық түқымдас пампа шөбі, цоңырбас өееді. Ойпаттар мен өзен жағаларында қамысты батпақтар кездеседі. Батыс пен оңтүстікке қарай жауын-шашынның азаюына байланысты өсімдігі тапшылау қуаң далаға ауысады. Жануарлардан кішігірім пампа бцгысы, пампа мысыгы, пам­па тцлкісі, оцелот, кеміргіштер өте көп. Өзен жағаларында теңіз шошқасы мен терісі бағалы саз қцндызы мекендейді. Қүнарлы қызгылт- цара топырақ алып жатқан Пампа жері түгелге жуық жыртылып, материктегі аса ірі егіншілік жақсы дамыған ауданына айналған. Ал қүрғақ далалар жайылым ретінде пайдаланылады. Табиғи өсімдіктері мен жануарлар дүниесі қорықтарда ғана сақталып қалған.

Шөлейт зонасы материктің қиыр оңтүстігіндегі Патагония жерін қамтиды. Қоңыржай континенттік климат жағд айындашөлейттіңсүр және қоңыр топырацтары таралған. Мүнда сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бүталар алмасып отырады. Кейбір бөліктерінде аласа және қатты, жатаған жастық тәріздес өсімдіктер тығыз өсіп, киіздей түтасқан жамылғы қүрайды. Климатының қолайсыздығына байланысты нашар игерілген бүл зонада жануарлар дүниесі біршама жақсы сақталған. Сауыттылардыц бірнеше түрі, кеміруіиілермен қатар, пампа бцгысы менпампа мысыгы, магеллан тцлкісі және ірі қүстар мекендейді. Ірі жануарлардан гуанако ламасы мен пума кездеееді.

Материктің Тынық мүхит жағалауындағы жіңішке алқапта эква­тор маңында ылгалды мәцгі жасыл ормандар зонасы орналасса, эк- ватордан 30° о.е. дейінгі аралықты тропиктік шел зонасы,субтро- пиктік жағалық бөлікті цатты жапырацты мәцгі жасыл ормандар мен бцталар зонасы, ал қоңыржай белдеуге еәйкес келетін жағалық бөлікті оцтцстік жалпац жапырацтыормандар зонасы алып жа­тыр. Осы табиғат зоналарының барлығы Анд тау жүйесінің өздері сәй- кес келетін бөліктеріндегі биіктік белдеулеріне бастама болады (65-су- ретті қараңдар).

Ал Анд тауларындағы биіктік белдеулердің алмасу- ын Орталық Андының батыс беткейі мысалында қарастырай- ық. Таудың ең төменгі бөлігінде әйгілі Атакама жагалыц шолі


орналасқан. Мүнда ауа температурасы тәулік ішінде 25°-30°С-қа ауытқиды, соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз жел- дері салқын, «соқыр» түмандарды - гаруанықалыптастырады. Түнге қарай түман шыққа айналады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Осы бөліктегі мүхит суы тіршілікке бай болғандықтан, климатының қолайсыздығына қарамастан Атакама шөлінің жағалауы щс базарына айналады. Ңүс саңғырықтарынан - қалыңдығы 30 м-лік гуано депаталатын аса бағалы азотты тыңайтқыш жиналады. Бүл - Чилидің басқа елдерге сататын өнімдерінің бірі.

Батыс Кордильера жотасының 2500 м биіктігінде жағалық шөл кактус пен опунциядан түратын тікенекті ксерофитті бцталар белдеуіне айналады. Ал 3500-3900 м биіктікте жауын-шашын мөл- шерінің көбеюіне байланысты биік таулы шөптесін өсімдіктерден түратын пуна белдеуі басталады. Бүл белдеуде аласа ағаштар мен жастық тэрізді бцталар, селеу, бетеге, ерекше әсем өсімдік - Рай­монд пуйясы өседі. Пуна Орталық Андының таулы үстірттері арқылы Шығыс Кордильера жотасына үласады. Бүл аймақ үндістердің жоғары


дәрежеде дамыған ежелгі мемлекеттерінің орталығы болған. Бай мәдени мүраларымен адамзатты қазірге дейін таңдандыратын бүл өркениетті Андылыц немесе Инктер өрке- ниеті деп атайды. Пуна ежелден-ақ биік тау өңіріндегі егіншілік ауданы болып табыла- ды. Қазірдің өзінде 3500 м биіктікте картой және астық дақылдары өсіріледі. Сондықтан Пунаның табиғи өсімдік жамылғысы қүшті өзгеріске үшырап, ойдым-ойдым өсімдіксіз жалаңаш жерлер қалыптасқан.

Анд тауларының жануарлар дүниесі эн- демиктерге бай. Анд тауларының барлық бө- лігінде дерлік түйе түқымдасына жататын ламаның екі жабайы түрі - викунъя және гуана­ко мекендейді. Қазіргі кезде жергілікті халық ламаның екі түрін - альпака мен кәдімгі ла- маны қолда үстайды.

Анд тауларында тау тапирыкөзілдірікті аю, пума, терісі өте бағалы кеміргіш - шин­шилла таралған. Ал аса ірі жыртқыш қүс - кондор мен ламаны Анд тауының символы деуге болады.Кондордың салмағы 9-12 кг, ал қанаты жайылғандағы үзындығы 3 м-ге дейін жетеді. Таудың оңтүстігінде магеллан пингвині кездеседі.

Анд таулары мен оның солтүстігінде Орталық Кор­дильера тауларныда қазіргі кезде дүние жүзіне тарап кет- кен медени өсімдіктердің қалыптасу орталығы орналасқан. Олар: картоп, тәтті картоп - батат, мақта, жүгері (миас), үрме бұршақ, бұрыш, асқабақ, күнбағыс, қызанақ (томат), темекі, какао. Андының қайталанбас әсем табиғатын қорғау мақсатында қорықтар мен ұлттық апрктер ұйымдастырылған. Олар ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін орталық болу- мен қатар, туристік мақсатта да пайдаланылады (қосымшаны қараңдар).

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат зоналары орналасқан? 

2. «Сельвас», «льянос», «кампос», «пам­па» үғымдарын түсіндіріп, табиғат ерекшеліктерін атаңдар. 

3*. Анд тауларындағы биіктік белдеулердін таралуы географиялық ендік пен климаттық жағдайға төуелді екендігін оқулық мөтіні мен 58-суретті салыстыра отырып, дөлелдеңдер. Неге Орталық Андының батыс беткейінде орман белдеулері жоқ?

1.                  Әрбір зонада таралған өсімдіктер мен жануарлардың атта- рын дәптерлеріңе жазып алыңдар. 

2. Анд тауларында ңалыптасқан мәдени өсімдіктердің аттарын дәптерлеріңе жазып алып, олардың адам өмірі үшін қандай маңызы бар екендігін сипаттаңдар.