Главное меню

  • К списку параграфов
§32. Климаты

Климат қалыптастырушы факторлар. Географиялық орнына сэй- кес, Оңтүстік Америка күн сәулесін өте мол алады. Бірақ ылғалдың көп болуы материкті шамадан тыс қызып кетуден сақтайды. Материк солтүстік субэкваторлық белдеуден оңтүстік қоңыржай белдеуге дейін созылып жатыр. Климаттың қалыптасуына географиялық ендікпен қатар, батыстағы биік Анд тау жүйесінің тигізетін әсері мол. Сондықтан әрбір климаттық белдеу биік таулыц және жазықтъщ климаттарга ажыратылады («Климаттық белдеулер» картасын қараңдар).

Материк климатына қоршап жатқан мүхит айдындары үстінде қалыптасатын экваторлық, тропиктік, цоцыржай ауа массалары ба­сым ықпал етеді. Сондықтан Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылгалды материк болып табылады. Әсіресе Атлант мүхитының әсе- рі күшті. Мүндагы жылы ағыстар ауаны ылгалга қанықтырады да, материктің шығыстағы жазық бөлігі ылгалды ауа массаларының қүрлықта кеңінен таралуына қолайлы жагдай жасайды. Керісінше батыста Тынық мүхиттан согатын ылгалды ауа массаларының жо- лын Анд таулары бөгейді. Тынық мүхит жагалауының өзінде жа- уын-шашынның түсуі агыстардың багыттарына байланысты: жылы агыстар эсер ететін солтүстік-батыста жэне жагалауларга багытталган батыс тасымалының ықпалындагы қиыр оңтүстік-батыста жылына 3000 мм-ден артық ылгал түседі (62-сурет).

Батыс жағалауды бойлай өтетін Перуана суық агысы осы ауданда- гы ауаны салқындатып, жауын-шашынның пайда болуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан жагалық Атакама шөлінде кейжылдары мүл- де жаңбыр жаумайды. Материктегі климаттың сипатымен климаттық белдеулерді оқып үйрену барысында толыгырақ танысасыңдар.

Климаттық белдеулер. Материкті 6 климаттық белдеу кесіп өтеді («Климаттық белдеулер» картасын қараңдар).

Экваторлык климаттыц белдеу Амазонка ойпатының едәуір же- рі мен Тынық мүхитының экватор сызыгынан солтүстікке қарай жат- қан жағалық бөлігін алып жатыр. Жыл бойы ауа температурасы +25°С- тан төмен түспейді, жауын-шашын мөлшері Амазонкада 1500-мм-ден 3000 мм-ге дейін, ал Тынық мүхит жағалауында 3000 мм-ден артық түседі. Жауын-шашын жыл бойы мол, әсіресе көктем мен күздегі күн мен түннің теңелуі кезінде айрықша көбейеді.

Материкте екі субэкваторлыц климаттыц белдеу бар, олар Ама- зонканың шығысында бір-бірімен түйіседі (картаны қараңдар). Бүл белдеулер жазда ылгалды экваторлық, ал қыста ңүргақ тропиктік



ауа массаларының ықпалында болады. Сондьщтан белдеулердің қысы қүрғақ, жазы жаңбырлы бо­лады. Мүндай климатты ауыспалы ылгалды кли­мат деп атайды. (Гуаякиль жэне Каракас қ.диаграммасын қараңдар). Ауаның орташа темпе­ратурасы қүрғақ кезеңнің соңына қарай +28°С-қа дейін жоғарылайды, қыс айларының өзінде орта­ша температура +20°С-тан төмен түспейді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 2000-мм-ден 1000 мм-ге дейін кемиді. Ал Бразилия таулы үстіртінің солтүс- тік-шығысындағы жылы ағыстар екіге айырылатын жағалау бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм-ге дейін күрт азаяды (неліктен?).

Тропиктік климаттыц белдеу Бразилия тау­лы үстіртінің оңтүстік-шығыс жағалық бөлігін, Ла-Плата 

ойпатының солтүстігін және ішкі жазық- тарды алып жатыр. Бүл белдеуде де температура жыл маусымдары бойынша өзгеріп, жазда орташа температура +28°С-қа дейін жоғарылайды. Гран-Ча­ко жазығында материктегі ең жоғары температу­ра (+47°С) байқалған. Жылдық жауын-шашынның мөлшері Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік-шы- ғыс жағалық бөлігінде жылы ағыс әсерінен 2000 мм-ге жетіп, тропиктік ылгалды климат қалып- тасады (Рио-де-Жанейро қ.диаграммасы). Мүхиттан қашықтаған сайын жауын-шашынның мөлшері біртіндеп азайып, климат ауыспалы ылгалды си- патқа көшеді (Форталеза қ. диаграммасы). Ал Анд тауларының Тынық мүхит жағалауындағы Атака­ма шөлінде суық ағыстар әеерінен жагалық шөл климаты қалыптасады (Икикс қ. диаграммасы). Жаздың орташа температурасы +20°С, ал қыстың орташа температурасы +13°С-тан жоғарыламайды. Ал температураның тәулік ішіндегі ауытқулары әлдеқайда жоғары болады. Салқын, ылғалға қанық- қан ауыр ауа жоғары көтеріле алмайтындықтан бүлт түзілмейді. Сондықтан барлық жағалық шөлдерге бриз желдері арқылы келетін қалың түмандар тән болады, ал жер беті шықтар мен қырау есебінен ылғалданады.

Субтропиктік климаттыц белдеу материктің 30° жэне 40° о.е. аралығын алып жатыр. Белдеудің шығысында климат ылгалды субтропиктікмүнда орташа температура жазда +25°С-танқыета +15°С-қа дейін ауытқып отырады. Жауын-шашын жыл бойы түееді. Ішкі аудандарға қарай жүрген сайын жауын- шашын мөлшерінің кеми беретіндігіне байланы­сты климат субтропиктік континенттік сипат- қа ауысады. Ал Анд тауларының Тынық мүхит жағалауында субтропиктік жерортатеңіздік кли­мат қалыптасады, мүнда жазы қүрғақ, қысы жылы, әрі ылғалды болады.Қыста батыс тасымал желдері мүхиттан көп мөлшерде ылғал әкелетіндіктен ауа райы бүлыңғыр әрі жаңбырлы болады.

Қоныржай климаттыц белдеу материктің оңтүстігіндегі жіңішке бөлікті алып жатыр. Бел- деудің шығысында Фолкленд суық ағысының әсерінен қоңыржай континенттік климат қа- лыптасады. Жазы қүрғақ, қоңыр салқын. Қысы салқын, кейде аязды күндер болып түрады. Ңар жауғанымен, тез еріп кетеді. Материктегі ең төмен- гі температура (-33°С) осында тіркелген (Сармьен- то қ. диаграммасы). Анд тауының Тынық мүхит жагалауы бүкіл жыл бойына батыс тасымалының ықпалында болатындықтан жауын-шашын мол бо­лады, оның мөлшері әсіресе қысқа қарай артады. Жылдық температураның айырмашылығы онша байқалмайды. Мүндай климат цоцыржай теңіздік деп аталады.

Анд таулары биік таулы климатца жатады. Ол биіктікке қарай ауа температурасы мен қы- сымның өзгеруіне байланысты айқындала түседі. Сондықтан экваторлық белдеу аймагындагы шың- дардың басында жыл бойы қар жатады. Тропиктік белдеу қамтитын таулы аудандарда климат аса қүрғақ, температураның тәуліктік айырмашылыгы жоғары келеді. Анд тау жүйесінде климаттық белдеулердің ауысуы географиялық ендікке де, теңіз деңгейінен биіктігіне де байланысты. Биік таулы климат жазық бөліктегі өзіне сәйкес келетін климаттық белдеуден климат көрсеткіштері бойынша айырмашылық жасайды.


Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1*. Материктегі қоңыржай теңіздік климаттың ба- сты ерекшеліктерін анықтаңдар. 

2. Жазық бөліктегі өрбір климаттық белдеудің бас-ты белгілерін анықтап, белдеу ішіндегі климат айырмашылықтарының си- патын дөптерге жазыңдар. 

3. Анд тауларының қандай климаттық ерекшеліктері бар?

1. Кескін картаға материктің климаттық белдеулерін және мүхит жағалауларындағы ағыстар жүйесін белгілендер. 

2. Климаттық диаграммаларды пайдаланып, әрбір ңаладағы климат жағдайын анықтаңдар.