Главное меню

  • К списку параграфов
§24. Климаты. Өзендері мен көлдері


Аустралия Жер шарындағы ең қүрғақ материк. Материктің көпшілік бөлігіне ауа температурасының жылдық және тәуліктік ауытқулары айқын байқалатын ыстық, қүрғақ климат тән. Аустра- лияның тек солтүстік және шығыс жағалық бөлігіне ғана жылы ағыс- тар әсерінен біршама мол жауын-шашын түседі (53-сурет).

Материкті оңтүстік тропик шеңбері кееіп өтетіндіктен күн сәу- лесі мол түседі. Тіпті бірдей ендіктерде жатқан Оңтүстік Африка- мен салыстырғанда Аустралияда жазғы ауа температурасыжоғары болады. Бүл Аустралияның батыстан шығысқа қарай енді болуы­на байланысты. Материкте жаз айларының орташа температурасы +24°С, +28°С шамасында, ал ең жоғары температура (+52,8°С) Дар­линг өзенінің орта ағысында тіркелген. Қыста ауаның орташа темпе­ратурасы +12°С-тан +24°С аралығында ауытқиды. Ал Аустралия

Альпісінде ауа температурасының -20°С-қа дейін төмендеуі байқалған. Ауа температурасының жаз бен қыстағы ауытқулары пассаттардың бағытына да эсер етеді.

Жазда (желтоқсан - ақпан аралығы) қатты қызған материк үстін- де төмен қысым орнайды. Сондықтан бүл мезгілде материктің басым бөлігі оңтүстіктен соғатын қүрғақ пассаттардың ықпалында болады. Ал солтүстік-шығыс пассаттары ылғалды экваторлық ауа массаларын алып келетіндіктен, олар эсер ететін солтүстік жағалауда ыстық, ылғалды ауа райы орнайды. Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейлері Тынық мүхиттан келетін ылғалды ауа массаларының ық-палында болады. Соған байланысты тау беткейлерінде жазда мол жауын-шашын түседі.

Қыста (маусым - тамыз аралығы) жылу мөлшері азайып, материк біршама салқындайды. Сондықтан қүрлық үстінде ауаның жоғары қысымы орнап, материк қүрғақ тропиктік ауаның ықпалында болады. Жауын-шашын материктің тек шығысы мен қиыр оңтүстігіне ғана түседі. Материктің шығысына жауын-шашынды мүхиттан соғатын пассаттар әкелсе, оңтүстіктік өңірлерге ылғал қоңыржай белдеудің батыс тасымалымен келеді.



Аустралия материгі солтүстіктен оңтүстігіне қарай субэкваторлыц, тропиктік, субтропиктік климаттыц белдеулерді алып жатыр. Тек Тасман аралының оңтүстік бөлігі ғана цоцыржайклиматтыц белдеуге енеді.

Эр белдеу ішіндегі климат айырмашылықтарына климаттық карталарға сүйене оты- рып, өз беттеріңше сипаттама беріңдер.

Өзендері мен көлдері. Климатының қүрғақ болуына байланысты Аустралия да өзен торы өте сирек, колдер аз. Материк жерінің жар- тысынан коп бөлігін (60%) қамтитын ішкі түйық алапқа уақытша кеуіп қалатын өзен арналары - криктер тән болады. Криктер си­рек жауатын жаңбырдан кейін азғана уақыт суға толады. Олардың барлығы дерлік материк орталығындағы қалдық көлдерге қүяды. Ең ірісі - Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик.

Аустралия өзендері негізінен жаңбыр жэне жер асты суларымен қоректенеді. Тек Аустралия Альпісінен басталатын өзендер көктемгі еріген қар сулары есебінен де толығады. Бүкіл жылбойына суы мол бо­латын өзендер Аустралияның жауын-шашын мол түсетін шығысында орналасқан. Тынық мүхит алабына жататын бүл өзендер қысқа болғанымен ағыны қатты, шоңғалды болып келеді.

Үнді мүхиты алабына Аустралияның ең үлкен өзен жүйесі - Мур­рей жатады. Муррей мен оның ірі саласы Дарлинг Үлкен Суайрық жотасынан басталып, Үнді мүхитына қүяды. Муррей өзеніжыл бойы Аустралия Альпісінен келетін сулар есебінен толығады. Қүрғақ кезеңде Муррейдің деңгейі күрт төмендейді, ал Дарлинг төменгі ағысында мүл- де тартылып қалады. Жаңбыр жауғанкезде Муррей өзені жазықпен тез жайылып аққанымен, су тасуы үзаққа созылмайды. Қазіргі кез­де бүл өзендердің деңгейін реттеу мақсатында бірнеше жерден бөген- дердің салынуы кеме қатынасын жақсартты. Өзен сулары егістіктерді суландыруға кеңінен пайдаланылады. Егістіктер мен өнеркәсіп орын- дарында пайдаланылған өзен сулары улы химикаттармен шамадан тыс ластанған. Толық тазаланудан өтпеген бүл сулар мүхитқа қүйылып, маржандық жағалаулар мен аралдар табиғатына нүқсан келтіруде.

Аустралия да көлдер өте аз. Ертеректегі су айдынының орнында сақталып қалған цалдық көлдер материктің батысы мен орталығында шоғырланған. Бүл көлдер өте таяз, суы түзды болып келеді, жағалау- лары қалың түз қабыршақтарымен жабылған. Көлдер қүрғақ кезеңде тартылып қалады. Ең ірісі - Эйр көлі.

Материкте беткі сулар тапшы болғанымен, жер асты суларыныц қоры мол. Аустралияда 33 артезиан алабы бар екендігі анықталған. Мүнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабыорналасқан. Жер асты суларының көпшілігі түзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бүр- ғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Аустралия климатына қандай факторлар өсер етеді? 

2*. Африканың оңтүстік бөлігінің климатын Аустралиямен салысты­рып, қандай үқсастыңтар мен айырмашылықтар бар екенін анықтаңдар. 

3. Неге Аустралия жерінде өзен торы сирек? 

4. Крик дегеніміз не, олар материктің қай бөлігінде таралған?

Кескін картаға климаттық белдеулердің шекарасын белгілеп, материктің басым бөлігіне қандай климат жағдайлары сәйкес ке- летінін анықтаңдар.