Главное меню

  • К списку параграфов
§23. Физикалық-географиялың орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары

АУСТРАЛИЯ ЖӘНЕ МҮХИТ АРАЛДАРЫ

Аустралия - Жер шарындағы ең кіші материк. Оның ауданы маңындағы аралдармен қоса есептегенде 7,6 млн км2. Материк атау- ының өзі латыншадан аударғанда «оңтүстік» деген мағына береді. Өйткені Аустралия түгелімен оңтүстік жартышарда жатыр, оңтүстік тропик шеңбері оны дәл ортасынан кееіп өтеді. Ауданының кіші бо­луына қарамастан, материк табиғатының өзіндік ерекшеліктері бар:

           Аустралия Жер шарындағы ең аласа материк, орташа биіктігі - 215 м;

           Аустралия - сөнбеген жанартаулары жоқ бірден-бір материк;

           Аустралия Жер шарындағы ең құрғақ материк: оның 23 бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр;

           Материктің басқа құрлықтардан ертерек бөлініп қалуына байланысты мұнда алғашқы сүтқоректілер (жұмыртқа салушылар мен қалталылар) мен биік ағаштар - эвкалипттер (биіктігі 100 м-ден асады) сақталып қалған;

           Материк жағалауында ұзындығы 2300 км, ені 2 км-ден 150 км-ге дейін жететін Жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым - Үлкен Тосқауыл рифі орналасқан;

           Аустралия материгінің жерін бір ғана ел Аустралия Одағы алып жатыр;

           Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі - Үлкен Суайрық жотасының оңтүстігіндегі биіктігі 2228 м Косцюшко тауы, теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі - Эйр көлінің деңгейі (-16 м).

§23. Физикалық-географиялың орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Географиялық орны. Аустралия оңтүстік жартышардың басқа материктерінен оқшау орналасқан. Тек солтүстігінде Азияның арал- дарымен жалғасады. Материктің жағалаулары нашар тілімденген, материктің оңтүстік-шығысында ғана бірнеше қолайлы қойнаулар кез- деседі. Аустралия жағалауларын Тыныц және Үнді мцхиттарыныц жылы сулары шайып жатыр. Мүхиттағы судың беткі температурасы жазда +28°С-қа жетсе, қыста +20°С-тан төмен түспейді. Сондықтан материк жағалауларын бойлай, әртүрлі пішіндегі маржандық қцрылымдар көптеп кездеседі. Толысу кезінде ғана кемелер олардың арасымен ашық мүхитқа шыға алады. Аустралияны жан-жағынан мүхит сулары шайып жатқанымен, оның көпшілік бөлігіне жауын- шашын өте аз түседі. Бүл жағалау бойымен суық ағыстардың өтуімен және материктің оңтүстік тропик үстіндегі орнымен байланысты. Ал жылы ағыстар өтетін солтүстік және шығыс жағалауларында ылғал біршама мол түседі.

Аустралияның шеткі нүктелерін, материк жағалауларын Африкамен салысты- рыңдар.

Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Аустралияның жер бедері онша күрделі емес. Африкадағы тәрізді, материктің негізгі бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. (қосарбеттегі«Жер қыр- тысының қүрылымы» картасын қараңдар.) Тек шығыстағы Үлкен Суайрық жотасына сәйкес келетін бөлікке ғана палеозойлық қатпар- лық қүрылым тән болады. Көршілес орналасқан Тынық мүхит литое- фералық плитасындағы қозғалыстарға байланысты материк бірнеше рет түтастай көтерілді жэне төмен түсіп, майысуларға үшырады. Соның әеерінен одан ЖаңаГвинея аралының оңтүстігін қүрайтын бөлік пен Тасман аралы бөлініп, бүғаздар мен шығанақтар жүйесі қалыптасты.

Платформа фундаментін қүрайтын кристалды жыныстар оның батысы мен орталық бөлігінде жер бетіне шығып жатыр. Мүнда ор­таша биіктігі 400-600 м-лік аласа таулы цстірттер мен жекелеген кцмбезді таулар таралған. Таулардың кейбір бөліктерінің биіктігі 1000-1500 м-ге жетеді. Қүрғақ климат жағдайында жүретін физика- лық үгілу әсерінен тауларда сан алуан таңғажайып пішіндер қалып- тасқан. Тау етектерін қиыршық тастар мен қүмды жалдар көмкеріп жатыр. Платформаның шеткі және қатпарлы қүрылымдарымен шек- теекен бөліктерінеойпаттар сәйкес келеді.

Материктің шығысын бойлай орналасқан Үлкен Суайрыц жота- сы үзақ уақыт үгілу мен мүжілудің нәтижесінде аласарып, жақпар- лы тауға айналған. Тау тектоникалық жарылыстар арқылы жекелеген жоталарға бөлінген. Таудың тек оңтүстік бөлігі ғана Тынық мүхит геосинклиналды белдеуіндегі қозғалыстар әсерінен аздап көтерілген, сондықтан оны Аустралия Алыгісі деп атайды. Таулардың шығыс беткейі тік қүзды-жартасты болып келеді, ал батысы жазықтарға қарай біртіндеп аласарады. Аустралияның географиялық орнының ерекшелігіне және ежелгі ңүрылымдардың басым болуына байланыс­ты сөнбеген жанартаулар мен қазіргі мүз басу іздері кездеспейді.

Аустралия материгі пайдалы қазбаларға бай. Олардың қалыптасу жағдайлары мен қүрамы Оңтүстік Африкаға үқсас келеді. Материк алтын, алюминий, мыс, никель, марганец, темір менуран, цирконий (алмастың түрі) кендеріне бай. Аустралияның оңтүстік-шығысында тас көмірдің ірі кен орындары шоғырланған. Орталық жазықтарда мцнай мен газдыц мол қоры бар.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Аустралия географиялық орны жағынан Африканың қандай бөлігіне үқсас болып келеді? 

2. «Материктер мен мүхиттардың зерттелу кезеңдері» тақырыбыбойынша Аустралияның зерттелу тарихындағы маңызды оқиғаларды еске түсіріңдер. 

3. Аустралияның жер бедері қандай, оны Африканың жер бедерімен салыстырыңдар. 

4. Физикалық картаны пайдалана отырып, материкте кең таралған пайдалы қазбаларды атаңдар.

Кескін картаға материктің шеткі нүктелерін, жағалауындағы ірі түбектер, шығанақтар мен бүғаздарды белгілендер.