Главное меню

  • К списку параграфов
§21. Халқы және елдері. Солтүстік Африка елдері

Халқы. Африканың қазіргі кездегі халқының саны млрд 30 млн- нан астам. Материк халқының нәсілдік, тілдік және үлттың қүрамы өте күрделі. Африкада Жер шарындағы негізгі үш нәсілдің де өкілдері кездеседі (нәсілдерге тән басты белгілерді естеріңе түсіріңдер).

Африканың байыргы халқын саны жагынан басым экваторлыц нәсілдің өкілдері қүрайды. Материктің көп бөлігінде Сахарадан оң- түстікке қарай таралған негрлер мекендейді. Негрлердің көпшілігіне тән белгілер - өңінің қара, ал шаштарының қалың, бүйра болуы. Бүл қасиеттер олардың денесін қатты ыстықтан қоргайды. Негр тектес халықтардың ортақ белгілерімен қатар, бас және бет пішінінде, дене бітімі мен бойының үзындығында үлкен айырмашылықтар байқалады.

Солтүстік Африка саванналарында материктің ең адамдары - тутси мен химилер тұрады. Олар ерекше сымбатты, шымыр болады, бойларының орташа ұзындығы 180-200 см-ге жетеді. Ал экваторлық ормандарда бойлары өте аласа пигмейлер тұрады, олардың бойының ұзындығы 150 см-ден аспайды. Пигмейлердің өңі ақшылдау, кең танаулы, еріндері жұқа, денелері шомбал болып келеді. Ніл өзенінің жоғары және орта ағысында, шығыстағы көлдер маңында нилоттар тұрады. Олардың өңі қап-қара, қыр мұрынды, бойшаң болады. Калахари шөлін бушмендер мен готтентоттар қоныстанған. Олардың өңі сары, беті жалпақ, монғол тектестерге ұқсастау болып келеді.

Эфиопия таулы қыратын мекендейтін эфиоптар еуропалықтар мен негр тектестердің арасынан шыққан өтпелі нәсілге жатады. Олардың өңдерінағызнегрлергеқарагандаақшылдауболғанымен,шаштарыбүйра, еріндерітүріктеуболыпкеледі. Ал Мадагаскар аралындатүратынлшлага- сийлер негрлер мен монгол тектес нәсілдердің араласуынан қалыптасқан. Еуропалық тектес нәсілге жататын халықтар Африканың солтүстігі мен оңтүстігінде түрады. Осы нәсілге Солтүстік Африканы мекендейтін араб және бербер халықтары, Жерорта теңізі жағалау- ында түратын француздар жатады. Ал ОңтүстікАфрикада Нидерландыдан көшіп барғандардың үрпақтары - африканерлер (бурлар) және агылшындар түрады.

Әр халық тобына өзіндік тіл тән, жалпы алғанда Аф- рикада 700-ге жергілікті тіл бар. Солтүстіктегі негр тектес халықтар судан тілінде, Орталық, Оңтүстік Африка мен Шығыс Африканың кейбір халықтары банту тілінде сөйлейді. Солтүстік Африканы мекендейтін халықтар негізінен араб тілінде сөйлейді, ал француз тілі өзара қарым-қатынас құралы болып табылады. Ао ОңтүстікАфрика да ағылшын тілі жергілікті тілдермен қатар қолданылады.

Африка материгіндегі халық әркелкі қоныстанған. Халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы км жерге 22 адамнан келеді. Сахара тәрізді шөлді аймақтарда халық өте сирек, ал кейбір аудандарда мүлде қоныстанбаған. Халықтың ең тығыз қоныстанған жерлері - Ніл өзенінің аңғары мен атырауы, Гвинея шығанағы мен Жерорта теңізінің жағалауы. Африкада ұзақ уақыт бойы халықтың тұрмыс жағдайының төмен болуы, жұқпалы аурулардың кеңінен таралуы халық санының өсуін тежеп келді. Соңғы жылдары Халықаралық Денсаулық сақтау Ұйымының ұйымдастыруымен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде ма­терик халқы жедел өсуде.

Елдері. Жерорта теңізінің жағалауында ежелгі дүние бөліктері - Еуропа және Азиямен көршілес орналасқан Африка ежелден-ақ ғылым мен мәдениеттің ошағы ретінде белгілі. Африкажеріндегі Египет, Эфиопия, Гана тәрізді ежелгі мемлекеттерде қолөнер, сауда, қүрылыс ісі өркендеп, дүниежүзілік мәдениеттің дамуына айтарлықтай үлес қосқан. Египеттегі ежелгі пирамидалар, Александрия шам-шырагы (маягі) «Өлемнің жеті кереметінің» қатарына жатады. Сондай-ақ піл сүйегі мен ағаштан ойып жасалған айшықты ою-өрнектер, қоладан жасалған мүсіндер көптеп сақталған. Кейбір ғалымдар мәдениеттің дамуындағы алғашқы жетістіктері үшін адамзат ең алдымен Африкаға қарыздар деп есептейді. Бірақ кейіннен жүргізілген қүл саудасы мен отаршылдық саясат Африка елдерінің дамуын үзақ уақытқа тежеді.

Африка материгіндегі елдер бірнеше ғасыр бойы еуропалық елдердің отары болып келді. 400 жылға созылған құл саудасы кезінде Африка халқы аяусыз қаналды, материктің

көптеген аудандарының халқы едәуір азайды. Нәтижесінде 100 млн-ға жуық адам құл ретінде Америкаға әкетілді. XIX ғасырдың басында Еуропаның капиталистік елдері Афри­каны қайта бөліске салып, отарларды басқару үшін арнаулы адамдарды тағайындады. Олар байырғы халықты жақсы жерлерден тұруына қолайсыз аудандарға ығыстырады, табиғат байлықтарын аяусыз тонап, өз елдеріне тасып әкетті. Ұзақ уақыт отаршылдық саясаттың үстем болуы Африка елдерінің дамуын тежетеді. Байырғы халықтың көпшілігі сауатсыз жене қайыршылық жағдайда өмір сүрді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін саяси ахуалдың өзгеруі Африка елдерінде ұлт-азаттық қозғалыстың басталуына себепші болды.

XX ғасырдың басында Африкада екі ғана тәуелсіз ел (Либерия мен Эфиопия) бол- са, қазір материктің барлық елі тәуелсіздік алған. Африканың егеменді елдерінде республикалық басқару кең таралған, тек Марокко, Свазиленд, Лесото елдерінде ғана монархиялық басқару (корольдік) сақталған. Олардың әрқайсысының таңдап алған өзіндік даму жолы бар. Саяси жағынан тәуелсіздік алған елдердің шаруашылығы әлі де болса дамыған елдерге тәуелді болып отыр.

Материктегі шаруашылығының даму дәрежесі ең жоғары мемле- кет - Оңтцстік Африка Республикасы. Солтүстік Африкадағы мү- най мен табиғи газ өндіретін Ливия, Алжир, Египеттәрізді елдер де қарқынды дамуда. Ал Мали, Нигер, Чад, Эфиопия, Сомали елдерінің даму дәрежесі өте төмен, мешеу елдердің қатарына жатады. Африка- ның артта қалған елдерінде аштықты болдырмас үшін халықаралық үйымдар бүл елдердің халқына үдайы қайырымдылық көмек көрсетіп отырады. Материктің жер қойнауы қазба байлықтарға өте бай. Сол себепті Африка елдерінің болашақта басқа елдермен сауда, ғылыми- мәдени байланыстарды орнату нәтижесінде шаруашылығын дамытуы- на мүмкіндігі мол.

Африка елдері табиғат жағдайы мен халқының қүрамына сәйкес бес тарихи-географиялық аймаққа топтастырылады: Солтцстік Аф­рика, Батыс Африка, Орталық Африка, Шыгыс Африка,Оңтцстік Африка.

Солтүстік Африка елдері Жерорта теңізі жагалауы мен Сахара шөлінің еолтүстік бөлігін қамтиды. Солтүстік Африка аймағының қү- рамына Алжир, Ливия, Египет, Марокко, Батыс Сахара, Тунис елдері кіреді (63-суретті қараңдар).

Солтүстік Африканың батысында Жерорта теңізі жағалауын Ат­лас таулары алып жатыр. Атлас таулары бірнеше көлденең жоталар тізбегінен түрады, олар: Эр-Риф, ТелльАтлас, БиікАтлас, Сахара Атласы. Таудың ең биік нүктесі - Биік Атластағы Тубкаль иіыңы (4165 м). Атлас таулары оңтүстігіне қарай біртіндеп аласарып, тро- пиктік шөл алып жатқан Сахарага үласады.

Атлас тауларының Жерорта теңізі жағалауында ғана климаттық жағдайы субтропиктік биік таулыц сипатта болады. Сондықтан жаға-

лаудағы жерортатеңіздік субтропиктік климат жағдайында цитрустар мен зәйтүн ағашы, хош иісті тағамдық өсімдіктер мен бау-бақша өсі- ріледі. Атлас таулары мен жағалық жазықтардың мәңгі жасыл, қатты жапырақты табиғи өсімдіктері адамның шаруашылық әрекеті нәти- жесінде қатты өзгеріске үшырап, таулардың биік бөліктерінде ғана сақталған.

Сахарадағы тропиктік шөл климаты жағдайында халықтың ба­сым көпшілігі түйе, қой, ешкі өсірумен айналысады және көшіп-қо- нып жүреді. Сахара халқын оның ежелгі түрғындарыберберлер мен көшпенді арабтар - бэдәуилер қүрайды. Олардың негізгі көлігі болып табылатын бір өркешті түйелерді кейде «шөлдегі кемелер» деп те атай- ды. Сахарада егіншілік Ніл аңғарымен атырауында және шүраттарда ғана дамыған. Мүнда қүрма пальмасы, бау-бақша, астық дақылдары, мақта, қант қүрағы, маниок өсіріледі. Ніл аңғарында өсірілетін дүние жүзіндегі ең үзын талшықты мақта өте жоғары бағаланады. Жергілік- ті халық қүрма пальмасын өте қатты қадірлейді: пальманың жемісі өте қүнарлы әрі дәмді, оның жапырақтарынан тоқылған бойраменүйлерінің төбесін жабады. Қүрма пальмасының көлеңкесінде дәнді да- қылдар мен жеміс ағаштары өсіріледі. Сондықтан жергілікті халық қүрма пальмасын кесуге шарасыздық жағдайда ғанабел бай лайды, оны «қүрма ағашын өлтіру» деп атап, аза түтады.

Шөлдегі басты байлық - су. Сахараныңтүрлі бөліктерінен жартасқа салынған өсімдіктер мен жануарларға бай, сулы-нулы жерлердің суреттері табылып отыр. Бұл ертеректе Саха­раклиматының ылғалды болғанын дәлелдейді. Мұны өзендердің кеуіп қалған арналары да растайды. Өйткені мұндай үлкен өзен арналары жауын-шашын мол болған жағдайда ғана пайда болуы мүмкін. Жергілікті халық суды пайдаланудың ережелерін өте қатал сақтайды. Су бар жерлерді халық қатты қастерлеп, оның әрбір пұшпағын тиімді пайдалануға тырыса- ды. Соған қарамастан,Сахара шөлінің аумағы жылдан-жылға ұлғаюда.

Солтүстік Африканың қойнауы пайдалы қазбаларға: мцнай, та- биги газ, фосфорит, темір, марганецке бай. Алжир, Либия, Египет, Марокко, Тунис елдері осы табиғи байлықтарды игеру негізінде жеке- леген өнеркәсіп салаларын дүниежүзілік деңгейде дамытып отыр.

Халқының негізінен араб тілінде сөйлейтіндігіне, мәдениеті мен түрмыс-салтына байланысты Солтүстік Африканы Араб Африкасы деп атайды. Қалаларының басым көпшілігі араб үлгісінде салынған, ескі және жаңа қалаға айқын бөлінеді. Ніл аңғарындағы ең ірі қала - Каир 973 жылдан Египеттің (Мысырдың) астанасы. Солтүстік Африка- ның ежелгі қалалары өзіндік еәулет өнері ескерткіштерімен, дүниедегі керектің барлығын табуға болатын шығыс базарларымен ерекшеленеді. Жерорта теңізінің жағалауында ірі портты қалалар {Касабланка, Ра­бат, Александрия, Триполи, Алжир, Тунисорналасқан.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Африка халқының нөсілдік жөне үлттық қүрамы- ның қандай ерекшеліктері бар? 

2. Африканың байырғы халықтарын атаңдар. Олар бір-бірінен қандай белгілері арқылы ажыратылады? 

3. Африка елдері қандай аймақтарға топтастырылған? 

4. Солтүстік Африка елдерінің табиғаты қандай? Оларға қандай байлықтар төн?