Главное меню

  • К списку параграфов
§19-20. Табиғат зоналары

Табиғат зоналары картасынан Африканың табиғат зоналарының орналасу ретін Оңтүстік Америка зоналарымен салыстырыңдар. Қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар екенін ажыратыңдар.

Африканың табигат зоналары экватордан солтүстікке және оңтүс- тікке қарай ендік бағытта ауысатын ылгалды экваторлық ормандар мен ауыспалы ылгалды ормандардан, саванналар менсирек орман- дардан, тропиктік шөл зонасы мен субтропиктік жерортатеңіздік ормандардан түрады.

Ылгалды экваторлыц ормандар Конго қазаншүңқыры мен Гви­нея шығанағы жағалауын алып жатыр. Бүл 

орман зонасы табиғат жағдайлары жөнінен Оңтүстік Америкадағы Амазонияормандары- на үқсайды. Биік ағаштар орманның ең жоғарғы қабатын қүрайды. Мүнда биіктігі 80 м-ге жететін алып фикустар, сейба агаиіы, майлы пальма мен шарап палъмасы - рафия, эбенжәне қауын агаиіы өседі. Орманның банан, агаиі тэрізді папоротник, либерияльщ кофе агашы, лианалардан түратын төменгі қабаты адам өте алмайтын қалың ну (джунгли) қүрайды. Жануарлар дүниесі бай, Амазония ормандары- нан басты айырмашылығы мүнда жануарлар орманның төменгі қа- батында да кездеседі. Ормандарда иіашац қцлақ шошқа, ергежейлі бе­гемот, жирафтццымдас окапи, ергежейлі антилопа, маймылдардан мартышка, шимпанзе, мандрил, павиан, адам тәріздес ең ірі горилла маймылы, жыртқыштардан цабыланқауырсындары түрлі түсті, дене- лері ірі қүстар мекендейді. Орманның барлық бөліктерінде топтанған жәндіктер көп, олардың кейбіреулері зиянды. Мысалы, термиттер жолындағы үйлер мен көпірлерді бүзып, зор шығын келтіреді. Ал це-це шыбыны адамдар мен жануарларға үйқы ауруын жүқтырады.


Жергілікті халық гевея, ананас, кофе, какао, майлы пальма, жер жаңғағын өсі- реді. Бағалы ағаштарды кесу, олардың орнын плантациялармен алмастыру ор- манды жерлердің кішіреюіне, топырақ- тың тозуына алып келді. Бүл өзгерістер өз кезегінде жануарлар мен өсімдіктердің түр қүрамының кедейленуіне себепші болуда. Ылғалды экваторлық ормандар жауын-шашынның азаюына байланысты біртіндеп ауыспалы ылгалды ормандар- га, одан кейін саванналар мен сирек ор- мандарга ауысады («Табиғат зоналары» картасын қараңдар).

Саванналар мен сирек ормандар Аф­рика жерінің 40% -на жуығын алып жа- тыр. Ешбір материкте саванналар мүн- дай үлкен аудандарды алып жатқан жоқ. Африка саванналары жалпыкөрінісі, тіршілік дүниесінің қүрамы мен қүры- лымы жағынан да басқа материктердегі саванналарға үқсамайды. Мүнда тығыз өскен биік шөптесін өсімдіктер арасында сирек ағаштар кездеседі. Саваннада то- пырақ-өсімдік жамылғысының таралуы жаңбырлы кезеңнің үзақтығы мен мөл- шеріне тікелей байланысты. Жаңбырлы кезеңде саванна түрленіп, қызу тіршілік ортасына айналады. Ал қүрғақ кезең бас- талысымен-ақ өсімдіктер тез арада қурап, ағаштар жапырағын түеіреді. Бүл мезгілде саванна сүреңсіз сарғыш түске енеді.

Ылғалды кезең 8-9 айға созылып, жауын-шашын мол түсетін жерлерде қызыл ферралитті топырақтарда паркті саванналар таралған. Мүнда биіктігі 3 м-ге жететін піл шөбінің арасында алып баобабтардум пальмасы мен майлы пальма өседі. Ал Мадагаскар аралындагы саванналарда пальманың желпуіш тәрізді ерекше түрі саяхатшылар агаиіы кең таралған. Жаңбырлы кезең айға дейін созылатын жерлердегі қызыл-қоңыр топы- рац жамылгысында онша биік емес шөп- терден түратын нагыз саванналар тараған. Шөптердің арасында қолшатыр тәрізді ака- циялар өседі. Шөлейт зонасына жақын- даган сайын жаңбыр өте аз, әрі 2-3 ай ғана түсетін жерлерге қцргац саванналар тән. Мүнда сирек өскен қатты шөптесін өсімдік- тердің арасында қүрғақшылыққа төзімді қатты тікенекті бүталар мен агаш тәрізді сүттігендер кездеседі. Сомали түбегінде жиі қайталанатын қүрғақшылық нәтижесінде ауыл шаруашылыгы дақылдарының өнім- ділігі төмендеп, адамдардың күнкөрісі на- шарлайды. Аштықтың алдын алу үшін дүние жүзі елдері бүл аймақтың түргындарына жыл сайын қайырымдылық көмек береді.



Саванналарда шөптееін өсімдіктер ба­сым болғандықтан ірі түяқты жануарлар кең таралган. Мүнда тек бөкендердің (ан­тилопа) 40-тан аса түрі, зебра, үзын мой- ын керіктер (жираф),буйволдар бар. Ма- дагаскарда шағын денелі маймылдардың ерекше тобын қүрайтын лемурлардың 26 түрі мекендейді. Топталып тіршілік ететін Африкалыц сурикат кездеседі. Лемур мен саяхатшылар ағашы Мадагаскар аралының символы болып табылады. Саван­налар шөпқоректі ірі жануарлар Африка пілі, мцйізтцмсыцтарымен және өзен-көл бойында тіршілік ететінбегемоттары- мен де әйгілі. Бүл жануарлардың көпшілігі негізінен саваннада кең тараган жыртқыштарга қорек болады. Жыртқыштардан арыстан, гепард, цабылан, шиебөрі, цорцау цасцырларкездеседі. Өзендерде цолтырауындар тіршілік етеді. Ніл қолтырауынының үзындыгы 5-6   м-ге        жетеді. Африка саванналарында қүстар өте көп. Мүнда жер бетіндегі ең ірі қүс Африка тцй- еццсы, жыландар мен кемірушілерді ау- лайтын ірі жыртқыш қүс секретарь, өте әдемі кішкентай шырын соргыштар ме- кендейді. Көлдер мен өзен жағалаула- рында қоқиқаздар, тырна, көкқцтан, бірцазандар, Африкада ғана кездесетін ма­рабу тіршілік етеді. Жәндіктерден, әеіре- се ауыл шаруашылығына үлкен зиян тигі- зетін Мароккошегірткесі кең таралған.

Топырағы қүнарлы болғандықтан са­ванна жері ауыл шаруашылық мақсатын- да кеңінен пайдаланылады. Жергілікті халық мақта, маниок, батат, жүгері, ке­шью, жер жаңғағы, цитрустар, қант қү- рағын өсіреді. Адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде саванналардың шет- кі бөліктері шөлге айналуда. Соңғы 50 жыл ішінде Сахара саваннаға қарай 650 км2 ілгерілеп енді. Осы апаттықүбылыс- ты тежеу мақсатында Солтүстік Африка елдерінде үзындығы 1500 км-лік жалпақ орман белдеуі қолдан отырғызылған. Саваннаның табиғатын сақтап, тіршілік дүниесін қорғау мақсатында ірі үлттық парктер үйымдастырылған. Өсіресе Шығыс Африкада орналасқан Серенгети, Киву, Ви- рунга, Кагера үлттық парктері көзге түседі (қосымшаны қараңдар).

Саванналардан екі жаққа қарай тро- пиктік шөлдер орналасқан. Олар әсіресе, Солтүстік Африкада үлкен ауданды алып жатыр. Сондықтан тропиктік шөлдерді Са- хараның мысалында сипаттайық.

Сахарада жылдық жауын-шашын мөл- шері 100 мм-ден аз, ішкі бөліктерінде кейде бірнеше жылдар бойы жаңбыр жаумайды. Бүлт болмайтындықтан күн еәулесі жер бетін қатты қыздырады. Жазда көлеңкенің өзінде ауа температурасы +40°,+50°С болады, әсіресе

шад мен қүмды боратып, аңызаң қүрғаң самум желі соққан кезде ыстыққа төзу өте қиын. Шаң мен ыстықтан қорғану үшін жергілікті халық кең, үзын киім киіп, бетін түмшаланып жүреді. Ал түнге қарай күрт төмендеген температурадан адамдар қалтырап, тоңады.



Сондықтан Сахара түрғындары арасын- да суық тиюмен байланысты аурулар көп кездеседі. Температураның тек тәуліктік да­на емес, жылдық ауытқулары да жоғары болатындықтан, шөлде физикалық үгілу күш- ті жүреді. Тау жыныстары күндізгі ыстық пен түнгі суық әсерінен шытынап сынып, қиыршық тасқа айналады. Сол еебепті Са- харада тасты шөлдер кең тараған. Олардыжергілікті халық хамада деп атайды. Тасты шөлдерде топырақ жамылғысы жетілмеген- діктен өсімдіктер сирек, тастардың бетінде қыналар кездеседі. Хамада сазды және қүмды шөлдермен алмасып отырады. Сахараға шөлге төзімді өсімдіктердің екі тобы тән. Тамыры күшті дамыған, ылғалды өте тереңнен алатын өсімдіктер тобының жапырақтары өте үсақ, кейде тікенекті болып келеді. Ал екінші топты көктемгі жаңбырлардан кейін тез өсіп, гүлдеп, түқым шашып үлгеретін өсімдіктер қүрайды. Олардың түқымының сыртында бірнеше жылдар бойы созылатын қүрғақшылықтан қорғайтын қабыршақ болады.

Сазды және қүмды шөлдерде сцр топырац қалыптасады. Бүл топырақтың қүрамында қарашірік аз, бірақ түздар көп. Түзды топы- рақта қара жусан мен сораң өееді.

Жануарлар дүниесі де шөл климатына бейімделген. Көптеген жануарлар су іздеп алысқа бара алады, кейбіреулері үзақ уақыт суеыз тіршілік етуге бейімделген. Сахарада бір өркешті жабайы түйелер (дромедар), бөкендер, қорқау қасқырлар мен шиебөрілер, фенек тцлкісі, шагыл мысыеы мекендейді.


Кемірушілер, улы жыландар, үлкен сүр ке- лес (варан), үсақ улы жәндіктер көп.

Шөлді қолдан суару арқылы мақтадан, жер жаңғағы, күріштен мол өнім алуға бола- ды. Шөлдердің ең қүнарлы аудандары - шцр- аттар табиғи су көздерінің маңында және жер асты сулары жақын жатқан жерлерде таралған. Үлкен шүраттарда ірі қалалар, елді мекендер орналасады. Мүнда қүрма пальмасы- мен бірге жеміс ағаштары, бау-бақша өсіріледі. Ніл жағалауындағы батпақтарда табиғи өсім- діктерден папирус пен цамыс сақталған.

Оңтүетік Африканың Атлант мүхиты жаға- лауында Намиб жағалық шөлі орналасқан (кли- маттық жағдайларын еске түсіріңдер). Бүл шөлге тән вельвичия өсімдігінің қысқа, жуан діңінің биіктігі 50 см ғана, одан үзындығы 2-3 м, кейде 8 м-ге дейін жететін, қатты қабықты екі жапырақ қана тарайды. Жапырақтар үшынан бірте-бірте қурап, сабағынан үздіксіз өсіп отырады. Вель­вичия 2000 жылға дейін тіршілік етеді. Калаха- риде өеетін жабайы қарбызды жергілікті халық сусын ретінде пайдаланады, ол жануарларға да қорек болады. Шығысқа және солтүстікке қарай Оңтүстік Африка шөлдері шөлейт зонасына ауысады. Мүнда тікенекті, жастық тәрізді бүта- лар мен сцттіген, алоэ өседі.

Субтропиктік цатты жапырацты ор- мандар мен бцталар Жерорта теңізі жағалауы мен Оңтүстік Африканың жағалау бөлігіне тән өсімдіктер. Жерорта теңізі жағалауында тас емен ментоз емені, зэйтцн агашы, олеандр, фисташка, мәцгі жасыл кипарис, атлас са- мырсыны, жабайы алмцрт пен жцзім, ал Канар аралдарында бцлдірген және айдаһар агаштары өееді. Оңтүстіктегі Кап тауларында ылғалдың көбірек түсуіне байланысты кап шамшаты, кцміс агаш, лавр жапырақты зэйтцн агашы, түйнекті және тамыржемісті әдемі өсімдіктер, кап орхидеясыөседі. Субтропиктік климат бүл зонада цитрустарды өсіруге мүмкіндік береді.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1*. Климаттық жағдайлар мен табиғат зоналарының орналасуында қандай байланыс бар? Жауаптарыңды нақты мысалдармен дөлелдеңдер. 

2. Африка жерінде малшаруашылығы неге жақсы дамымаған? 

3. Материкте қандай табиғат апаттары жиі қайталанады? Онымен күресудің қандай жолдары қарастырылған? 

4. Африканың қандай табиғат зонасы ауыл шаруа- шылығына пайдалануға қолайлы?

1. Тек ңана Африканы мекендейтін жануарлардың аттарын дәптерлеріңе жазындар. 

2. Физикалың, климаттық және табиғат зона­лары карталарын пайдалана отырып, Мадагаскар аралының табиғат зоналарына оқулық соңындагы жоспар бойынша сипаттама беріндер.

3.     Оқулық мәтінін пайдаланып, Африкада өсірілетін дақылдарды анықтап, аттарын дәптерлеріңе жазыңдар.