Главное меню

  • К списку параграфов
§18. Өзендері мен көлдері

1. Өзендер мен көлдердің таралуына жер бедері мен климат қалай эсер етеді?

2.    Африка материгі үшін ішкі сулардың қандай маңызы бар?

Өзендері. Африкадағы өзендер жүйесінің неғүрлым жиі таралған жері - экватор маңы мен материктің оңтүстік-шығыс бөлігі. Шөлді аймақтарда өзендер өте аз. Керісінше кеуіп қалған арналар - уэдтер көп кездеееді. Олар сирек жауатын жаңбырлар кезінде ғана суға то- лады. Жер бедерінің шығысқа қарай көтеріңкі болуына байланысты өзендердің басым көпшілігі Атлантмүхитына қүяды. Материк ауда- нының 7 -і ішкі түйық алапқа жатады. Африканың шығыс бөлігін- дегі өзендер Үнді мүхиты алабына жатады (45-суретті қараңдар).

Жер бедерінің көтеріңкі болуына және кристалды жыныстардың кең таралуына байланысты Африка өзендерінде шоңғалдар мен сар- қырамалар көп кездеседі. Сондықтан өзен суларының гидроэнергети- калық қоры мол. Өзендердің барлығы дерлік жаңбыр суымен қорек- тенеді. Сондықтан экваторлық белдеу арқылы ағып өтетін өзендердің суы жыл бойы мол болады, ал басқа белдеулерде ылғалдың мөлшері мен түсу мерзіміне байланысты өзен деңгейлері ауытқып отырады.

Материктегі ірі өзен жүйелеріне Ніл, Конго (Заир), Нигер, Замбези өзендері жатады.

Ніл - Жер шарындағы ең үзын өзен. Шығыс Африка таулы үстір- тінен басталатын Кагера өзені Нілдің бастауы болып табылады. Ніл өзені Виктория және тағы басқа көлдер арқылы ағып өтеді. Осы ара- лықта өзенде көптеген шоңғалдар мен сарқырамалар жүйесі бар. Бір- неше салаларды қосып алып, суы молайған өзен жазыққа шыққан соң Ақ Ніл деп аталады. Хартум қаласы маңында Эфиопия таулы қыратынан ағып шыққан Көк Ніл өзенімен қосылып, Ніл деген жал­пы атқа ие болады. Ніл орта ағысында кристалды жыныстар жауып жатқан үстірттер арқылы ағып, шоңғалды болып келеді. Асуан бөгеті салынғаннан кейін өзен кеме қатынасына жарамды өзенге айналды. Төменгі ағысында Ніл баяулап, Жерорта теңізіне үлкен атырау жа- сап қүяды. Бүл атырау жылдан-жылға өзен тасып әкелген жыныстар есебінен үлғаюда.


Ұзақ уақыт бойы Ніл өзені Сахара тұрғындары мен еуропалықтар үшін ғажайып жұмбақ болып келген. Олар Сахара арқылы ағып өтетін ұлы өзеннен қаншама су буланып, құмға сіңіп кетіп жатса да, өзен өзен алабына жаңбыр сирек жауса да, суының сарқылмайтынына, керісінше, жаздың аяғындағы аптап ыстықта Нілдің арнасынан асып таситынына таңғалған. Ніл өзені жаңбыр көп жауатын экваторлық белдеуден басталады және ұзын болуына бай­ланысты өн бойында әртүрлі климаттық белдеулерді кесіп өтеді. Оның деңгейін көл су­лары да толықтырып отырады. Ніп өзенінің деңгейін сақтауда Эфиопия таулы қыратынан басталатын Көк Ніп жетекші орын алады. Бұл өзеннің жазда материктің шығысынан алып келетін мол суы Нілдің атырауына жаздың аяғы мен күздің басында жетеді. Сондықтан Ніл өзені Жерорта теңізі жағалауы өте ыстық, құрғақ болып тұрған кезде тасиды. Қыс пен көктем айларында өзендегі су деңгейі күрт төмендейді (неліктен?).

Ніл өзенінің бойы алғашқы мемлекеттер қалыптасқан өркениет бесігі болып табылады. Ніл бойындағы қүнарлы жерлер егіншілік ежелден дамыған аудан болғандықтан халық тығыз орналасқан. Оның алабында егіс даласын суару үшін салынған қондырғылар мыңдаған жылдар бойы пайдаланылып келеді.

Конго (Заир) - Африканың ең мол сулы өзені, су жинау алабы мен суының молдығы жағынан дүние жүзінде Амазонкадан кейін екінші орын алады. Конго экваторды екі рет кесіп өтеді, сондықтан суы жыл бойы мол болады. Өзен жоғарғы ағысында сатылы таулы үстірттер арқылы ағып өтетіндіктен көптеген шоңғалдар мен сарқырамалар түзеді. Конго қазаншүңқыры арқылы ағып өткенде өзеннің арнасы кеңейіп, агысы баяулайды. Төменгі агысында өзен тагы да кристалды жыныстар арқылы ағып өтіп, сарқырамалар жүйесін қалыптастырады. Атлант мүхитына қүяр жерде өзеннің лайлы сулары мүхиттағы беткі агыстар арқылы бірден агызылып әкетіледі, сондықтан Конго (Заир) атырау түзбейді.

Африка өзендерінің көпшілігі шоңғалды-сарқырамалы болатын- дықтан гидроэнергетикалық қорларга өте бай. Климаты қүрғақ ау- дандардан агып өтетін өзендердің сулары егістіктерді суаруга кеңі- нен пайдаланылады. Осы мақсатта Нілдің бойында көптеген бөгендер салынған. Ірі өзендерде кеме қатынасы жолға қойылган. Жергілікті түрғындар өзендерден балық аулаумен айналысады.

Көлдері. Африканың ірі көлдерінің барлығы дерлік Үлы Шығыс Африка жарылыстарының бойында орналасқан. Сондықтан пішіндері көбінесе созылыңқы болып келеді. Көлдер өте терең, жан-жагын тік беткейлі, биік таулар қоршай орналасады. Көлдердің ең тереңі Танганъиканың (тереңдігі қандай?) ені 50-80 км, ал үзындығы 650 км-ге жетеді. Африканың ең үлкен көлі -Виктория платформаның аздап төмен түсіп, майысқан жерінде орналасқан. Сондықтан бүл көл онша терең емес (ең терең жері 80 м), жағалары жатық және өте күшті тілімденген. Викториякөлінің географиялық орнының ерекшелігіне байланысты көл бетінде күшті толқындар тугызатын қатты дауылдар болып түрады. Эфиопия таулы қыратында лава тасқындарының өзен аңгарын бөгеуінен пайда болған Тана көлі бар, одан Көк Ніл агып шыгады.

Солтүстік Африкада ежелгі еу айдындарының орнында сақталып қалган Чад көлі орналасқан. Оның суы таяз, тереңдігі 4-7 м ғана, ағынсыз көл болғандықтан суы түзды. Субэкваторлық белдеудегі ор- нына байланысты көл аумағы жыл ішінде өзгеріп отырады. Жаңбырлы кезеңде көл ауданы екі есеге дейін үлғаяды. Ал қүргақ кезеңде көл суы тартылып, батпақтанады, көл жағалауы түз қабыршықтарымен жабылады.

Африка көлдерінің шаруашылық маңызы зор. Шыгыстагы ірі көлдер кеме қатынасына пайдаланылады. Көлдер балықтарга өте бай. Солтүстік жартышардан жылы жаққа үшатын қүстардың басым көпшілігі осы көлдерде қыстап шыгады. Шыгыс Африкадагы табигаты көркем көл жагалауларына дүниенің түкпір-түкпірінен келетін тури- стер саны жыл сайын артуда.

Жер асты сулары. Өзендер сирек таралган қүргақ аудандарда жер асты суларының мол қоры жинақталған. Әсіресе Сахара, Судан, Калахариде (картадан табыңдар) жер асты түщы суының мол қоры анықталған. Түщы су деңгейі Жер бетіне жақын жатқан шөлді аймақтарда қүрма пальмалары өсетін шцратптпар көп таралған.

Сүрактар мен тапсырмалар. 

1. Африка өзендері қандай алаптарға жатады?

2.  Неге Африка жерінде ішкі түйық алап көп бөлікті қамтиды? 

3. Материктегі өзен торларының таралуына жер бедері қалай өсер етеді, ол неден көрінеді? 

4. Көлдер неге Африканың шығысында шоғырланған? 

5. Картада Чад көлінің жағалауы неге үзік сызықтармен көрсетілген?

1. Африканың физикалық және климаттық карталарын пай- даланып, Нигер және Замбези өзендеріне оқулық соңындағы жоспар бойынша сипаттама беріңдер. 

2. Кескін картаға Африкадағы ірі көлдер мен өзендерді, сарқырамалар мен бөгендерді белгілендер.

 Қосымшадағы 8, 9-кестелермен танысындар.