Главное меню

  • К списку параграфов
§14. Материк жағалауындағы мүхиттар мен теңіздер.Зерттелу тарихы

АФРИКА МАТЕРИГІ

Африка алып жатқан ауданы жөнінен Жер шарында Еуразия- дан кейінгі екінші орын алатын материк. «Африка» атауы, ғалымдар- дың пікірінше, ертеректе материктің еолтүстігінде өмір сүрген бер­бер тайпаларының бірі - африги атымен байланысты. Оның ауданы аралдарымен қосып ееептегенде 30,3 млн км2. Табиғатының мынадай басты ерекшеліктері бар:

           Африка экватор сызығы мен бастапқы меридиан кесіп өтетін бірден-бір материк. Сондықтан оның шеткі нүктелері дүниенің төрт бұрышына да бағытталған;

           Материк арқылы Жер шарындағы ең ұзын Ніл өзені ағып өтеді, өзеннің Кагера са- ласымен қосып есептегендегі ұзындығы 6671 км-ге тең;

           Африкада Жер шарындағы ең үлкен тропиктік континенттік шел Сахара орналасқан, оның ауданы млн км2-ден артық;

           Сахараның солтүстігінде Әл-Азизия қаласында 1933 жылы +58°С тіркелген, бұл - Жер шарындағы ең жоғары температура;

           Африкада құрлықтағы ең ірі жануар - Африка пілі жабайы күйінде тіршілік етеді, олардың ең ірілерінің салмағы 7,5 тоннаға жетеді;

           Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі - Шығыс Африкадағы Кили­манджаро жанартауы, оның биіктігі 5895 м, ең төмен орналасқан нүктесі Афар ойысындағы Ассаль көлінің деңгейі - 153 м;

           Материк жағалауындағы ең ірі арал - Мадагаскардың ауданы 590 мың км2;

           Африкадағы ең ірі көл - Викторияның ауданы 68 мың км2, ал ең терең көл - Танганьиканың тереңдігі 1470 м, ол тереңдігі жөнінен Байкалдан кейін екінші орын алады;

           Материктегі ең ірі сарқырама - Оңтүстік Африкада орналасқан Тугела, оның биіктігі 933 м.

§14. Материк жағалауындағы мүхиттар мен теңіздер.

Зерттелу тарихы

Географиялық орны. Африка оңтүстік жартышар материктері қа- тарына енгенімен, оның көпшілік бөлігі солтүстік жартышарда жа­тыр. Екі тропик шеңберінің аралығында орналасқандықтан мате- рикке күн сәулесі мол түееді, сондықтан Африка Жер шарындағы ең ыстық материк болып табылады. Солтүстік тропик шеңбері кесіп өтетін материктің ең енді бөлігінеСахара шөлі сәйкес келеді. Сахара табиғатының қалыптасуына оның солтүстік-шығысында аса ірі Еу­разия материгінің жақын жатуы да эсер етеді. Оңтүстік тропик сы- зығы өтетін бөліктематерик енінің тарылуына байланысты бүл ай- маққа көршілес мүхиттардың ықпалы күшейеді. Ал материктің солтүстік және оңтүстік қиыр шеті субтропиктік белдеулермен шекте- леді. Африканың географиялық орнының аталған ерекшеліктері оның табиғатының оңтүстік жартышар материктеріне үқсамайтын өзіндік сипатын қалыптастырады.

Жағалауындағы мүхиттар мен теңіздер. Материктің батыс жаға- лауын Атлант мцхитыныц, ал солтүстігін Атлант мүхитына енетін Жерорта теңізінің сулары шайып жатыр. Олардың арасын ені 12 км-лік Гибралтар бүғазы жалғастырып жатыр. Ал материктің шы- ғысы мен оңтүстік-шығыс жағалауларына Қызыл теціз бен Үнді мц­хитыныц сулары үласады.

Африка жағалаулары онша тілімденбеген, көбінеее таулы, тік беткейлі, ал материктік қайраң өте жіңішке болып келеді. Материк жағалауында қолайлы қойнаулар аз, ірі шығанақтары -Гвинея мен Сидра, ал шығыста ірі түбек Сомали («Шығыс Мүйіз») орналасқан. Ірі аралдардың көпшілігі Үнді мүхитында орналасқан, оларға Мада­гаскар, Занзибар, Сокотра аралдары мен Комор, Сейшель, Маскарен аралдарының тобы жатады. Африканьщ батысында Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс аралдары мен Гвинея шығанағының аралдары орналас- қан (оларды картадантабыңдар).

Атлант мцхитыныц сулары Африканын, батыс жағалауын ша­йып жатыр. Материктің экваторлық жағалауы арқылы Гвинея жылы агысы өтеді, оған солтүстіктен Канар суыц агысы (қалайпайда болаты- нын еске түсіріңдер) жалғасады. Гвинея ағысы оңтүстіктен суық су- лар әкелетін Бенгель суық агысымен араласып, тропик маңында күшін жояды. Жылы және суық ағыстар түйісетін Жасыл Мүйіс аралдары мен Ангола жағалауында мүхит суы тіршілікке өте бай келеді. Атлант мүхитындағы суық және жылы ағыстар материк табиғатына түрліше эсер етеді. Мысалы,суық ағыстар өтетін тропиктік жағалық бөлік- терде Оңтүстік Америкадағы Атакама шөлі тәрізді Батыс Сахара және Намиб жағалық шөлдері қалыптасқан. Ал жылы ағыс өтетін Гвинеяшығанағы жағалауы Африкадағы ең ылғалды жер болып табылады.

Жерорта теңізі жағалауы Сахарамен бірге жаз кезінде жоғары қысымды белдеу ңүрайтындықтан ыстық әрі қүрғақ болады. Теңіз- дің материкке тигізетін қолайлы әсері тек қыста айқын байқалады. Жерорта теңізі мен Ңызыл теңіз аралығында Африка мен Еуразияны жалғастырып жатқан жіңішке Суэц мойнагы орналасқан. XIX ғасырда мойнақ арқылы Египет шаруаларының күшімен үзындығы 112 км-лік канал қазылған. Суэц каналының салынуы дүние бөліктерінің өзара байланысын жақсартып, Атлант және Үнді мүхиттары арасындағы су жолын қысқартты.

Үнді мүхиты алабына енетін Қызыл теңіз тектоникалық терең жарылыста орналасқан. Ол Дүниежүзілік мүхиттың ең жылы және түзды бөлігі, бүған теңіздің екі материктегі тропиктік шөлдер ара- лығында орналасуы және теңіз түбінде түзды көлдердің болуы эсер етеді. Теңіз жағалауында маржандық қүрылымдар (жылы, таяз теңіз суларында бекініп тіршілік ететін омыртқасыз жәндіктер тобы) көп жинақталып, кеме қатынасына кедергі келтіретін маржан рифтерін қалыптастырады. Теңіз аты онда тіршілік ететін үсақ балдырлардың қызыл-қоңыр түсінебайланысты қойылған.

Үнді мүхитының Сомали түбегі жағалауына Мадагаскар аралының солтүстігінен басталатын Сомали суыц агысы эсер етеді. Бүл жағалау экватор маңындағы орнына қарамастан Африкадағы ең қүрғақ аудан- дар қатарына жатады. Африканың оңтүстік-шығысы Мозамбик және Мадагаскар жылы агыстарының ықпалында болғандықтан шығыс жағалауларда жауын-шашын біршама мол түседі.

1.        Тарих сабағында Африка материгінің қандай ежелгі мемлекеттерімен таныстыңдар?

2.        Африка мен оның жағалауында болып қайтқан қандай зерттеушілерді білесіңдер?

Зерттелу тарихы. Африка туралы мәліметтер Еуразия халықта- рына ерте кезден-ақ белгілі болған. Әсіресе оның Жерорта теңізі жаға- лауында орналасқан ірі мемлекеттері туралы тарихи-географиялық де- ректер ежелгі грек және рим оқымыстыларының жазба еңбектері мен карталарында көп кездеееді. Материктің ішкі аймақтары туралы мә- ліметтер жеткіліксіз болды. Себебі солтүстіктегі үлкен алқапты алып жатқан Сахара шөлін кесіп өту, оңтүстіктегі кеме тоқтауға қолайсыз жағалаулар зерттеушілер жолына кедергі жасады.

Соған қарамастан біздің заманымыздан бүрынғы 600 жылдары шамасында финикиялықтар бүкіл қүрлықты айнала жүзіп шыққан. XIV ғасырда мароккалық араб Әбу ибн Баттута Сомалитүбегі айма- ғын, кейіннен Тимбукту мен Мали жерлеріне саяхат жасап, зерттеген.

1497-99 жылдары Васко да Гама басқарған пор- тугал экспедициясы Африканы айналып өтіп, Сомали түбегі жағалауы арқылы Үндістанға қарай бағыт алған. XVI ғасырда Еуропа елдері Жаңа Дүниені игеру мақсатында Америкаға Африкадан қүлдарды көптеп әкете баста- ды. XVIII ғасырға дейін созылған бүл кезеңде географиялық зерттеулер тоқталып, Африка миллиондаған халқынан айырылды, табиғат байлықтары тоналды. Материктің ірі қүл сату орталықтары болған батыс жағалауларға Піл Сцйегі жагалауы, Алтынды жагалау, Еріксіздер жагалауы сияқты атаулар берілді.

Африканың ішкі аудандарын ашу мен таби- ғат жағдайларын танып-білуде ағылшын Давид Ливингстонныц еңбегі өте зор. Ол 1849 жылғы бірінші саяхаты кезінде Оңтүстік Африканы ба- тыстан шығысқа қарай Замбези өзені бойымен кесіп өткен. Кейінгі саяхаттарында материктің оңтүстігінен бастап, Танганьика көліне дейін жеткен. 1855 жылы Замбези өзеніндегі атақ- тыВиктория сарқырамасын ашқан. Өмірі- нің басым көпшілігін Африканы зерттеуге арнаған Ливингстон жергілікті халықтарға қүрметпен қарап, олардың зор сүйіспеншілі- гіне ие болған. Оның еңбектерінде Африканың жергілікті халқы жайлы мәліметтер де же- терлік. Ливингстонмен қатар Генри Стэнли де Африка көлдерін зерттеген, ол Конго өзенінің бастауынан сағасына дейін жүзіп өтіп, оның бойындағы сарқырамалар жүйесін ашқан.

XIX ғасырдың аяғында орыс ғалымы В.В. Юнкер Ніл өзені бойы- мен Шығыс және Орталық Африкаға саяхат жасап, материктің осы бөлігі туралы қүнды мәліметтер жинақтады. 1926-27 жылдары ма- териктің солтүстік-шығыс бөлігінде болған орыс ғалымы Н.И. Вавилов 6000-нан астам мәдени өсімдіктердің үлгілерін жинақтап, Эфиопия жері бағалы қатты бидайдың отаны екендігін анықтады. Африканың табиғаты мен халқы туралы ғылыми деректерді жинақтап, бір жүйеге келтіруде материктің көпшілік бөлігінде иеліктері болған Францияның ғалымдары да зореңбек сіңірді.

Қазіргі кезде Африканың Үлттық парктері мен қорықтарында көптеген елдердің ғалымдарының қатысуымен ғылыми-зерттеу жүмыс- тары жүргізілуде. Ғаламшардағы табиғаты ерекше аймақтар ретінде ЮНЕСКО-ның шешімімен «Биосфераның Алтын Қорына» енгізілген Сахара шөлі мен Мадагаскар аралы халықаралық үйымдардың қатысуымен жоспарлы түрде зерттелуде.

 Сүрактар мен тапсырмалар. 

1. Африканың географиялық орнының қандай ерекшеліктері бар? 

2*. Карта бойынша масштабты пайдалана отырып, Африканың 20° ш.б. бойымен үзындығын жөне материктің Сахара шөліндегі ең енді бөлігін есептеңдер. 

3. Физикалық картаны пайдалана отырып, Африка жағалауындағы мүхиттар мен теңіздердің ең терең жерлерін жөне су асты жоталарын анық- таңдар. 

4. Африка табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан қандай саяхатшыларды білесіңдер?

Материктің шеткі нүктелерін, ірі аралдар мен түбектерді, шы- ғанақтар мен бүғаздарды кескін картаға белгілендер.