Главное меню

  • К списку параграфов
§13. Географиялық зоналылық


Жер шарының табиғат кешендері алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Аптапты ыстық шөлдер мен мүз қүрсауында жатқан аудандар, мәңгі жасыл ормандар мен ми батпақтар, таңғажайыптаулар мен үшы-қи- ырсыз кең жазықтар, көкжиекпен үласқан ашық мүхит айдындары ғаламшар табиғатының қайталанбас бейнесін жасайды.

Материктер мен мүхиттардағы табиғат кешендерін қүрайтын та- биғат компоненттері экватордан полюстерге қарай географиялық зоналылық заңдылығына сәйкес өзгереді. Жер бетінде Күн жылуының әркелкі таралуынан экватордан полюстерге қарай тек климат қана емес, сондай-ақ жер бедеріне сыртқы күштердің эсер етуі, өзен мен көлдің ерекшеліктері, топырақ түзілу процестері, өсімдіктер, жануар- лар дүниесі де заңды түрде өзгеріп отырады.

Құрлықтағы зонлылық климаттық жағдайына, яғни жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Мысалы, температурасы жоғары, бірақ ылғал аз түсетін жерлерде тропиктік шөлдер қалыптасады. Сырт көзге табиғат зоналары өсімдік жамылғысы арқылы бірден ажыратылады. Сондықтан табиғат зоналарының аттары өсімдіктің сипатына сәйкес келеді. Мысалы, жалпақ жапырақты орман, орманды дала, шел, ылғалыд экваторлық ормандар және т.б. Егер зонаны құрайтын жекелеген табиғат компонеттерінің біреуі өзгерсе, ол ең алдымен зонаның өсімдік жамылғысына өз әсерін тигізеді.

Мұхиттарда да судың температурасы, тұздылығы, химиялық құрамы, тіршілік дүниесі экватордан полюстерге қарай өзгеретіндіктен зоналылық байқалады. Бірақ мұнда зоналар құрлықтағы тәрізді айқын ажыратылмайды. Олар географиялық орнына сәйкес, климаттық белдеулердің атымен аталады.

Табиғат зоналарының орналасуы климаттық белдеулермен ты- ғыз байланысты. Климаттық белдеулер сияқты табиғат зоналары да Күн сәулесінің түсу бүрышының азаюы мен ылғалдануының әркел- кілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмас- тырады (қосарбеттегі «Жер шарының табиғат зоналары» картасын қараңдар). Осы заңдылықты ендік зоналылық деп атайды. Зоналылық аумағына қарамастан, барлық табиғат кешендерінде кездесетіндік- тен, географиялық қабықтағы негізгі заңдылық болып табылады. Зоналардың таралу заңдылықтарымен әр материктің табиғатын оқып үйрену барысында жете танысатын боласыңдар.

Табигаттагы зоналылық тек жазықтарда гана емее, биік тауларда да байқалады. Таудагы табигат кешендері оның етегінен биік шыңдарына дейін температура мен қысымның төмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің артуына, тау беткей- леріне түсетін жарық мөлшерінің әртүрлілігіне байланысты алма- сады. Бүл зоналар тауды әртүрлі биіктіктегібелдеулер түрінде көм- кере орналасатындықтан, оларды биіктік белдеулер деп атайды. Таулардагы биіктік белдеулер жазықтагы зоналарға қарағанда тезі- рек алмасады. Оған көз жеткізу үшін 1000 м биіктікке көтерілудің өзі жеткілікті. Биіктік белдеулердің ең төменгі бөлігі әр уақытта тау жотасы орналасқан табигат зонасына сәйкес келеді. Егер тау тайга зонасында орналасса, онда оның басына шыққанга дейін мынадай биіктік белдеулерін көруге болады: тайга, таулы тундра, мәңгі қар мен мүздықтар. Тау жүйелері экваторға жақын орналасса және неғүрлым биік болса, ондагы биіктік белдеулер саны көп және табиғаты алуан түрлі болады (42-еурет).

Зоналық ерекшеліктерімен қатар әрбір табигат кешенінің жеке- дара өзіне ғана тән сипаттары болады. Мысалы, Африканың, Ауст- ралияның, Оңтүстік Америка мен Азияның саванналары бір-бірінен

айырмашылық жасайды. Сондай-ақ Еуразияның қоңыржай белдеуінің түрлі бөлігінде орналасқан орман зоналары да бір-біріне үқсамайды (ол қандай айырмашылықтар?). Өрбір материктегі табиғат зоналарының ерекшеліктері материк көлемі мен пішініне, даму тарихына, жер бедерінің сипатына және климат жағдайларына байланысты табиғат кешендерінің қайталанбас қүрылымын қалыптастырады.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Табиғаттағы зоналылық дегеніміз не? 

2. Сендер түратын жерде қандай табиғат зонасы қалыптасқан? Оны сипаттаңдар. 

3. Өздерің түратын жерде қандай тау жүйесі бар? Ондағы биіктік белдеулерді анықтандар.

4. 42-сурет бойынша Гималай тауларындағы биіктік белдеулерді анықтап, өздерің түратын жердегі таулармен салыстырыңдар.


Өз білімдеріңді тексеріңдер!

1.        Материктерді алып жатқан аумағына қарай атап шығыңдар.

2.        Ескі дүние бөлігіне қандай материктер кіреді?

3.        Жаңа дүние бөлігін қандай материктер қүрайды?

4.        Аса ірі материктік аралдарға мысал келтіріңдер.

5.        Үлы географиялық ашулар кезеңінің басты жаңалықтарын әңгімелеп беріңдер.

6.        Кешенді карталар дегеніміз не? Оларға мысал келтіріңдер.

7.        Шартты белгілердің қандай түрлерін білесіңдер?

8.        Жер қыртысының даму тарихы қандай эраларға жіктеледі?

9.        Аса ірі литосфералық плиталар қалай аталады?

10.    Мүхит табанындағы терең шүңғымаларды атластан табыңдар.

11.    Қандай негізгі климаттық белдеулерді білесіңдер?

12.    Өтпелі климаттық белдеулерді атаңдар.

13.     Дүниежүзілік мүхиттағы суық ағыстарды атап, қүрлық кли- матына оның әсерін түеіндіріңдер.

14.    Дүниежүзілік мүхиттағы жылы ағыстарды атаңдар.

15.    Табиғат кешендері қалай жіктеледі?

16.    Антропогендік табиғат кешендеріне мысал келтіріңдер.

Оқушыларға үсынылатын рефераттар тақырыбы:

1.        «Географиялық картадағы саяхатшылар есімдері».

2.        «Тынық мүхит аралдары». (Мүхиттарға өз таңдауың бойынша.)

3.        «Климатпен байланысты болатын апатты қүбылыстар».

4.        «Мүхиттың алып жануарлары».

5.        «Өз өлкеміздің табиғаты туралы не білеміз?»

6.        «Жер шарының ормандары».