Главное меню

  • К списку параграфов
§12. Табиғат кешені

II бөлім

МАТЕРИКТЕР МЕН МҮХИТТАР ТАБИҒАТЫНЫҢ АЛУАНТҮРЛІЛІГІ

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚАБЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ 

Сендер материктер мен мүхиттар географиясын оқу барысында бүкіл Жер шарының табиғат жағдайларымен танысасыңдар. Табиғат жағдайларын сипаттау географиядағы негізгі үғымдардың бірі табиғат кешенімен тығыз байланысты. Табигат кешені дегеніміз өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекше- ліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі. Табиғат кешені тура­лы алғашқы үғымдармен сендер алдыңғы сыныптан таныссыңдар. Ең ірі табиғат кешені географиялық қабық (геосфера) деп аталатынын да білесіңдер.Географиялыц цабыц дегеніміз - литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі табиғат кешені (38-суретті қараңдар).

Географиялық қабықтың қүрылымы мен дамуында өзіндік заңды- лыцтар бар. Бүлар бүкіл географиялық қабыққа да, оның жекеле- ген компоненттері мен шағын көлемді табиғат кешендеріне де ортақ болып келеді. Осы заңдылықтарды білу айнала қоршаған табиғатқа нүқсан келтірмей, табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға мүмкін- дік береді. Географиялық қабықтың аса маңызды жалпы заңдылық- тарына оның тцтастыгы, зат және цуат алмасуы, ыргацтылыгы, зоналылыгы жатады.

Географиялыц цабыцтыц тцтастыгы оның қүрамдас бөліктерінің өзара байланысы мен олардың бір-біріне тәуелді болуынан көрінеді. Гео- графиялық қабықты қүрайтын компоненттер өзара тығыз байланыс­ты заңдылықпен дамиды. Егер осы компоненттердің біреуі өзгеріске түссе табиғат тепе-теңдігінің заңдылығы бүзылады, яғни қазіргі дүние жүзінде болып жатқан табиғи экологиялық өзгерістерге үшырайды. Сондықтан географиялық қабықтың түтастық заңын білудің шаруа- шылық маңызы зор. Батпақтарды қүрғатқанда топырақтың сортаң- дануы, ауыл шаруашылығын дүрыс жүргізбеуі салдарынан қүнарлы жерлер шөлге айналып кетуі мүмкін.

Адамның табиғатқа зиянды әсері бірден байқала қоймайды, керісінше көп жыл өткен соң байқалады. Оған Арал теңізіне құятын өзендердің суын тиімсіз пайдалану нетижесінде теңіз деңгейінің төмендеп тартылуы, шөлді аудандар аумағының қарқынды артуы, топырақтың тұздануы мен сортаңдануы дәлел болады. Табиғат кешенінде басталған осындай зиянды өзгерістерді тоқтату көп қиындық туғызады. Сондықтан географиялық қабықтың тұтастық заңдылығын сақтау үшін шаруашылық шараларды жүзеге асырмас бұрын игеруге жобаланған аймақтарды осы саланың ғалымдары мұқият зерттеуі қажет.

Географиялық қабықтағы компоненттердің өзара байланысы тоқ- таусыз жүретін зат алмасуы нәтижесінде жүзеге асады. Географиялық қабық компоненттері алмасуының бірнеше түрі бар: атмосферадагы ауа айналымы, гидросферадагы су айналымы, литосферадағы зат және қуат алмасуы және т.б.

Географиялық қабық үшін су айналымының маңызы зор (39-су- ретті қараңдар). Бүл судың үнемі қозғалыста болатындығы мен еріт- кіштігіне, температура өзгеріетеріне байланысты қатты, сүйық, газ күйіне ауысу қабілетіне, судың әртүрлі табиғи процестерді тездетуіне байланысты.

Су тау жыныстарының бұзылуы мен үгілуін тездетіп, оларды тасымалдап, ойпаң жер- лерге жинайды. Су айналымы ауа массаларының қатысуымен жүретіндіктен, мұхит пен материкарасындағы ылғал мен жылу алмасуы да жүзеге асады. Айналым нәтижесінде мұхит сулары 3 мың жыл ішінде жаңарып, ал атмосферадағы су буы 10 күнде толық ауыса- ды. Айналымға түсу арқылы су басқа компонеттерді бір-бірімен байланыстырып, олармен өзара тығыз әрекеттеседі. Сондықтан су географиялық қабықты қалыптастыруға тікелей қатысады.

Географиялық қабықтың дамуында зат алмасу да айрықша рөл атқарады. Сендерге өсімдіктану сабақтарынан жасыл өсімдіктердің органикалық зат пен оттегін түзетіні белгілі. Жарық көмегімен көмір- қышқыл газы мен судан түзілген органикалық заттар жануарлардың қорегі болып табылады. Жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын көзге көрінбейтін бактериялар мен үсақ жәндіктер ыдыратып, шіріту арқылы минералды заттарға айналдырады. Бүл әрекеттерді жылу тездетеді. Ал түзілген минералды заттарды топырақтағы су арқылы өсімдіктердің тамыр жүйесі сіңіреді. Сол себепті биологиялық айна­лым жылу және ылғалдың қатысуымен үздіксіз жүріп отырады.

Жер қыртысында да күрделі зат алмасу жүзеге асады. Бүл алма- судың негізгі қозғаушы күштері - Күн қуаты мен Жердің ішкі қуаты. Зат алмасуының қарқынды жүруін су, ауа және тіршілік дүниесінің әрекеті де тездетеді (заттар алмасуының ретін 40-суреттен қараңдар).

Өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, әрбір алмасу түйық шеңбер жасамай, бір-бірімен өзара байланыста болады. Осының нәтижесін-

де географиялық қабықтағы біртүтас зат пен қуаттың алмасуы жүзе- ге асады. Алмасулардың түйық болмауының арқасында табиғаттың барлық компоненттерінің, түтастай алғанда географиялық қабықтың дамуы жүреді.

Географиялық қабықтағы ыргақты (ритмді) ңүбылыстардың жү- руі түрлі себептерге байланысты. Жердің өз білігінен айналуы тэу- ліктік ыргақтылыққа себепші болады. Әрбір ірі табиғат кешені үшін температура мен ылғалдылықтың, өсімдіктер мен жануарлардың және адамдардың іе-әрекетінің өзіне тән тәуліктік жүйесі қалыптасады. Мысалы, күн мен түннің алмасуы, мүхит суларының толысуы мен қайтуы, бриз желдері бағыттарының өзгеруі, тау жыныстарының күндіз қызып, түнде суынуы тәулік ішінде жүреді.

Жердің Күнді айналуы табиғаттағы жыл ішіндегі ыргақтылықты туғызады. Ол температура мен жауын-шашынның жылдық барысы- нан, кейбір ендіктерде жыл мезгілдерінің ажыратылуынан, өзендер- дегі су режимінен, қүстардың жылы жаққа қайтуларынан, қыста үйқыға кететін жануарлардан және т.б. қүбылыстардан айқын көрі- неді. Әр табиғат кешенінің өзіне тән ырғақтылық сипаты бар. Мың- даған жылдар бойы табиғатта қалыптасқан ырғақтылық тіршілік дүниесі үшін қажетті шарт болып табылады. Жердің даму тарихын- да жүздеген, мыңдаған және миллиондаған жылдарды қамтыған ырғақты қүбылыстар байқалған. Мысалы, апатты жер сілкінулер мен тау түзілу кезеңдері, климаттың суынуы мен жылынуы, қуаңшылық, су тасқындары ырғақты түрде үзақ уақыт (11, 22-23, 80-90 жылдық және т.б.) аралығында қайталанып отырады.

Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешендері - материктер мен мүхиттар. Олардың жіктелуі жер қыртысының құрылымына жене оларды құрайтын табиғат компонеттерінің әртүрлілігіне байланысты. Геогрфиялық қабықтың біртұтас болуына қарамастан, оның ірі бөліктеріндегі табиғат кешендері ендік бойынша өзгеріп отырады. Бұл географиялық қабықта Күн сәулесінің еркелкі таралуына байланысты. Әрбір материк пен мұхит аса ірі, өзіне тән қайталанбас табиғат кешендерінің жиынтығымен ерекшеленеді.

Материктердің экватор маңындағы жылу мен ылғалды көп алатын бөліктерінде географиялық қабықтағы табиғат процестері анағұрлым тез жүреді. Мұнда тіршілік дүниесінің түр құрамымен саны өте көп. Ал полярлық аудандарда керісінше табиғат процестері баяулап, тіршілік дүниесі біршама кедейленеді. Бір ендік аумағында да табиғат жағдайлары өзгеріске ұшырайды, ол жер бедері мен мұхиттың алыс-жақындығына тәуелді болады. Сондықтан географиялық қабық табиғатының ішкі айырмашылықтарына байланысты, алып жатқан ауданы ер түрлі аумақтық табиғат кешендеріне жіктеледі. Ңұрлықтағы табиғат кешендері бірнеше табиғат компоненттерінің өзара әрекеттесуі нәтижесінде ұзақ уақыт аралығында қалыптасады (41-суретті қараңдар).

Табиғат кешендеріндегі барлық компоненттер географиялық қа- бықтағы тәрізді, бір-бірімен өзара тығыз байланыста болғандықтан зат пен қуаттың алмасуы жүретін біртүтас жүйені қүрайды. Өрбір табиғат кешенінің өзіндік нақты шекарасы бар. Мысалы, орман, батпақ, көл тәрізді табиғат кешендерінің сыртқы көрінісі бір-бірінен айқын ажы- ратылады.

Мүхиттық табиғат кешендері қүрлықтағыдан айырмашылық жа­сайды. Олар әртүрлі еріген газ және түз қоспаларынан түратын су массаларынан, тіршілік дүниееінен, мүхит табаны жер бедері мен түпкі шөгінділерден және т.б. компоненттерден түрады. Дүниежүзілік мүхит жекелеген мүхит айдындары және олардың бөліктері болып са- налатын теңіз, шығанақ, бүғаз сияқты табиғат кешендеріне жіктеледі. Сонымен қатар мүхитта тереңдікке қарай ажыратылатын табиғат кешендері де бар.

Табиғат кешендерінің барлығы да әртүрлі дәрежеде адамның ша- руашылық әрекетінің әсеріне үшырауда. Сондықтан қазіргі кезде адам әрекеті нәтижесінде күшті өзгеріске үшыраған табиғат кешен- дерін антропогендік табигат кешендері деп атайды. Олардың қата- рына егістіктер, бау-бақша, саябақтар, қалалар, бөгендер, каналдар және т.б. жатады.

 Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Географиялық ңабық қандай компоненттерден түрады? Олардың өзара қандай байланысы бар екенін өз жерлеріңнің табиғаты мысалында сипаттаңдар. 

2. Географиялық қабықтың қандай заңдылықтарын білесіңдер? Өздерің түратын жерден осы заңдылықтарды дөлелдейтін қүбылыс- тарды атаңдар. 

3. 34, 35-суреттерді пайдаланып, географиялық қабықтағы су жөне зат алмасуының жүру ретін, оған қатысатын компоненттерді анықтаңдар.