Главное меню

  • К списку параграфов
§11. Тынық мүхиты


1. Тынық мұхит арқылы алғаш жүзіп өткен қандай саяхатшыны білесіңдер? 

2. Тынық мұхит сулары қандай материк жағалауларына ұласады? 

3. Тынық мұхиты басқа мұхит сулары- мен қалай жалғасқан?

Тынық мүхит - дүние жүзіндегі ең үлкен және ежелгі мүхит. Тынық мүхит тек үлкендігімен ғана емес, мүхит табанындағы жер қыртысының өте күрделілігімен, жиі қозғалғыштығымен, өте терең- дігімен, жанартау атқылау мен жер сілкіну қүбылыстарының жиі байқалуымен, суында жылу қорының мол болуымен, аралдарының көптігімен, тіршілік дүниесінің алуантүрлілігімен ерекшеленеді.

           Тынық мұхиттың ауданы - 178,6 млн км2. Оның айдынына Жер шарындағы барлық материктерді сыйғызуға болады;

           Тынық мұхиттың ені батыстан шығысқа қарай 19 мың км, ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 16 мың км-ге жетеді;

           Тынық мұхиттағы судың көлемі 710 млн км3-ге тең, бұл Дүниежүзілік мұхит суының 53%-ын құрайды;

           Тынық мұхитта Дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі - Мариана шұңғымасы (11022 м) орналасқан. Мұхиттағы орташа тереңдік 4 мың метрге жуық;

           Тынық мұхит - ең жылы мұхит, оның суының орташа температурасы +19,4°С;

           Тынық мұхитта аралдар өте көп, олардың жалпы саны 10 мыңнан асады.

Географиялық орны. Тынық мүхиттың негізгі бөлігі батыс жар­тышарда, экватордың екі жағын ала орналасқан. Ол Африкадан бас- қа барлық материктердің жағалауларын шайып жатыр. Мүхиттың әсіресе Еуразия материгін шайып жатқан бөлігінде жағалау өте күшті тілімденген: мүнда жағалық теңіздер мен ірілі-үсақты шығанақтар, бүғаздар өте көп (оларды картадан анықтаңдар). Олардың көпшілігі (қай теңіздер?) материктік қайраңда орналасқандықтан онша терең емес. Ал кейбір теңіздер (қай теңіздер?) литосфералық плиталардың жымдасу аймағында орналасқандықтан өте терең және мүхиттан аралдық доғалар арқылы бөлініп жатыр.

Зерттелуі. Тынық мүхиттың ашылуы және зерттелу тарихын «Ма­териктер мен мүхиттардың зерттелу кезеңдері» тақырыбынан оқып танысқансыңдар. XIX ғасырда арнайы жасақталған Ресейдің «Ви­тязь», ағылшындардың «Челленджер» ғылыми-зерттеу кемелері Ты- нық мүхит табиғаты туралы көптеген жаңа мәліметтер жинақтады. Тынық мүхит табиғатын зерттеу мақсатында Ресейдің XIX ғасырда үйымдастырған 40-тан астам ғылыми-зерттеу экспедицияларының жинақтаған мәліметтері әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ.

Тынық мүхит табиғатын нақты, ғылыми түрғыдан зерттеу тек Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін XX ғасырдың екінші жартысында басталды. Экспедициялар негізінен Дүниежүзілік мүхит пен материк арасындағы өзара байланыстарды зерттеу мақсатында үйымдастырылды.

Алғашқы саяхатын 1947 жылы бальс ағашынан жасалынған жеңіл «Кон-Тики» салымен Перуана жағалауынан бастаған атақты норвег саяхатшысы Тур Хейердал Тынық мүхит пен Мүхитаралдары табиғатының қүпияларын ашуға арналған өз зерттеулерін әлі күнге дейін жалғастыруда.

1943 жылы француз әскери теңізшісі Жак Ив Кусто басшылығы- мен алғашқы аквалангтың жасалынуы мүхит табиғатын зерттеудегі зор жетістік болды. Акваланг киген ғалымдар су астында үзақ уақыт емін-еркін жүзіп, зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алды. Кустоның ізбасарлары мен оның командасы «Калипсо» ғылыми-зерттеу кеме- сімен әлі де мүхит айдынында зерттеужүмыстарын жүргізіп, мүхит табиғаты жайлы қызғылықты фильмдер топтамасын жасауда.

1957 жылы Ресейдің «Витязь» ғылыми-зерттеу кемесі Тынық мүхитта зерттеулер жүргізіп, оның ең терең бөлігі - Мариана шүңғы- масын ашты. Ңазіргі кезде Тынық мүхит табиғатынзерттеу арнайы қүрылған халықаралық үйымның басшылығымен жүргізілуде.

Табиғаты. Тынық мүхит ең ежелгі мүхит, ол түгелдей дерлік Ты- ныц мцхит литосфералық плитасында орналасқан. Үзақ даму тари- хы бар бүл литосфералық плита өте күрделі қүрылымдардан түрады.

35-    сурет. «Отты шеңбер».

Мүхиттық плитаның көршілес жатқан материктік плиталармен жымдасқан жері мүхит табанының өтпелі аймақтарына сәйкес ке- леді. Бүл бөлік терең мүхит шүңғымаларынан, аралдардоғасынан, шеткі теңіздердің қазаншүңқырларынан түрады. Аралдар доғасы мү- хит түбінен атқылаған жанартаулардан пай да болған, ол Тынық мү- хит жағалауларында «Отты шеңбер» (35-еурет) жанартаулар жүйе- сін қүрайды. Тынық мүхит табанының басты ерекшелігі - оның ең терең бөліктерінің аралдар доғасы мен материк жағалауын бойлай орналасқан шүңғымаларға сәйкес келуі. Материктік қайраң Азия мен Аустралия жағалауларында ғана жақсы дамыған. Ал өте жіңішке, тік болып келетін материктік беткей сатылы түрде тереңдеп, қазаншүң- қырларға үласады.

Тынық мүхит табанындағы өте үлкен цазаншцңқырлар жекелеген таулар мен су асты жоталары арқылы бөлініп жатыр. Қазаншүң- қырлардың орташа тереңдігі 6000-8000 м аралығында болады.Шығысында орналасқан Шыгыс Тыныц мцхигп су астпы жотасы су асты жоталарының дүниежүзілік жүйесіне кіреді. Жекелеген су асты жоталарының саны 10 мыңнан асады, олардың басым көпшілігі жанартау атқылауы нәтижесінде қалыптасқан. Жоталардың су бетіне шыққан бөліктері аралдарды қүрайды. Тынық мүхитындағы ең үлкен жанартаулық аралдар тобы - Гавайаралдары.

Тынық мүхиты солтүстік полярлық белдеуден басқа барлық кли- маттық белдеулерді қамтиды. Солтүстік Мүзды мүхиттың суық сула- рынан қүрлық арқылы бөлініп жатқандықтан, судыңтемпературасы мүхиттың еолтүстігіне қарағанда оңтүстігінде томен болады. Өте үлкен аймақты алып жатқан Тынық мүхит айдынында судың беткі темпе­ратурасы полярлық ендіктердегі -ГС-тан экватор маңында +29°С-қа дейін өзгереді.

Мүхиттағы пассаттар басым болатын экватор бойында жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 мм-ден кем болмайды. Тынық мүхиттың солтүстік-батысындағы Еуразия жағалауындамуссондық циркуляция күшті байқалады. Жазғы муссон материк жағалауы мен аралдарға мүхиттан мол ылғал әкелсе, қыста материктен соғатын суық әрі қүрғақ муссон қоңыржай белдеудегі жағалық теңіздердің үзақ уақыт қатып жа- туына себепші болады. Ал сол ендіктердегі ашық мүхитта судың беткі температурасы әлдеқайда жоғары болады. Осы жағалаудағы тропиктік белдеудежаздың аяғы мен күздің басында қысым айырмашылығы әсерінен қалыптасатын тайфундар байқалады. Ал қоңыржай белдеу- лерде жылдың салқын мезгілінде батыс желдерінің ықпалы күшейеді. Әсіресе жолында қүрлық кездеспейтін оңтүстік қоңыржай ендіктерде өршелене соғатын бүл желдер дауылға айналып, биіктігі 25-30 м-ге жететін жойқын толқындар пайда болады.Жылдық жауын-шашын- ның ең көп мөлшері батыс желдердің жолында жатқан материктердің қоңыржай белдеулерінің батыс жағалауларында байқалады. Тынық мүхит бетінен буланудан гөрі түсетін жауын-шашын мөлшері көбірек болғандықтан, судың беткі қабатының түздылығы басқа мүхиттармен салыстырғанда томен болады.

Тынық мұхиттағы беткі ағыстардың таралуын 29-сурет бойынша анықтап, жылы және суық ағыстардың жағалаудағы материктер табиғатына тигізетін әсерін түсіндіріңдер.

Тынық мүхиттың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өте бай жә- не алуан түрлі болып келеді (36-сурет). Олардың басқа мүхиттарда- ғы тіршілік дүниесінен басты айырмашылығы - өте ежелгі және алып түрлердің көптеп кездесуі. Бүл ерекшеліктер мүхит суының

36-  сурет. Тынық мүхиттың табиғат байлықтары.

көлеміне, табиғат жағдайларының алуантүрлілігіне байланы­сты. Тынық мүхитта басқа мүхиттарда кездеспейтін балықтардың өте ежелгі түрлері, теңіз кірпілері, семсерқцйрық, теңіз мысыгы, теңіз қцндызы, теціз цабыланы сақталып қалған. Өте бағалы албырт балық түрлерінің 95% -ы Тынық мүхиттың Еуразия жағалауында тіршілік етеді. Осы маңда суық және жылы сулар араласатындықтан минтайкамбала, майшабақ, таңқышаяндар көп ауланады, жалпы тіршілік дүниесіне өте бай (не еебепті?).

Екі жартышар тропиктері арасында жатқан Зонд аралдары мен Аустралия жағалауындағы қайраңдарда ірі маржандық рифтер кез- деседі. Рифтер пішіндері мен түстері жағынан бір-бірін қайталамайтын таңғажайып маржандық қүрылымдарды түзеді. Олардың арасын­да әртүрлі бақалшақтар, тікентерілілер, шаян тәрізділер көптеп кездеседі. Мүхиттың экваторлық аймағындағы ашық бөлігінде ірі жыртқыш балъщтар, циіқыш балыцтар, акуланыц бірнеше түрі, кашалот тіршілік етеді. Осындағы қос жақтаулы алып бақалшақ - тридакнаның өзінің салмағы 300 кг-ға жетеді.


Оңтүстік Америка жағалауындағы жылы және салқын мүхит ағыстары түйісетін тропиктік белдеудің сула­ры балыққа ерекше бай. Мүнда май- да шабақ тәріздес анчоус балыцтары,ставрида, скумбрия, ашық мүхитта киттер, теңіз мысыцтары мен теңіз щндыздары, калъмарлар мен сегізаяқтар көп кездеседі. Оңтүстік жартышардың қоңыржай белдеуінде өсетін үзындығы 200 м-ге жететін қоңыр балдырлар жалпы балдырлар әлемінің алыбы болып табылады. Антарктика жағалауындағы суық су- ларда теңіз цабыланы, итбалыцтар, алып көк киттер,жағалауларда пингвиндер мен су қүстарының бір- неше түрлері тіршілік етеді.

Тынық мүхит жағалауларында Жер шары халқының тең жартысы мекендейтін 50-ден аса ел орналасқан. Бүл елдердің халықтары ежелден- ақ мүхит байлықтарын пай-даланып келеді. Дүние жүзінде ауланатын балықтардың тең жартысы Тынық мүхиттың үлесіне тиеді. Сонымен қатар мүхиттан әртүрлі бақалшақтар мен асшаян (креветкалар) ауланып, балдырлар мен теңіз орамжапырагы алынады. Көптеген елдер мүхит суы- нан түрлі пайдалы қазбаларды, ал мүхит қайраңдарынан мүнай өндіреді. Тынық мүхит арқылы материктерді жалғастыратын маңызды су жолда- ры өтеді, әеіреее материктерді бойлай жүзетін кеме қатынасы жақсы жолға қойылған.

Мүхит байлықтарын ретсіз пайда- лану, сулардың мүнаймен, радио- активті қалдықтармен ластануы соңғы жылдары белең алуда. Әсіресе өнеркәеібі күшті дамыған елдер орналасқан жағалауларда ластану дәрежесі жоғары. Ластанған су- лар ағыстармен бүкіл мүхит айдынына таралады, тіптіАнтарктика жағалауындағы жануарлардың денесінен зиянды заттар табылған. Тіршілік ортасының шамадан тыс ластануынан және шектен тыс аулаудың нәтижесінде ерекше теңіз жануарлары -су сиырлары жой- ылып кеткен. Қазіргі кезде теңіз мысықтары мен киттердің санының азаюына байланысты оларды аулауға тыйым салынған.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Тынық мүхит табиғатының басты ерекшеліктері қандай? 

2. Тынық мүхиттың қай аудандарында теңіз дауылдары соғады? 

3.Тынық мүхитқа ғана төн жануарлардың түрлерін атаңдар. 

4. Тынық мүхитты адамдар қандай қажетіне пайдаланады?

1. Тынық мүхит жағалауындағы ірі аралдар мен түбектерді анықтап, оларды кескін картаға белгілеңдер. 

2. Физикалық карта бойынша Тынық мүхит табанындағы ірі қазаншүңқырлар мен суасты жоталарын анықтап, олардың аттарын кескін картаға белгілендер. 

3. Физикалық карта бойынша Тынық мүхиттағы терең шүңғымаларды анықтап, олардың терендіктерін кескін картаға белгілеңдер.

Қорытындылау. Семинар-сабақ

Тақырыбы: Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туын- дайтын төтенше жағдайлар, адамның тіршілік әрекеті.

Сабақтың мақсапгы: а) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар тура­лы оқушылардың білімін қорытындылау және тексеру;

ә) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туралы білімді игеру негізінде практикалық біліктіліктерін бекітуге бағыттау;

б)   оқушылар бойында табиғи сипаттағы түрлі төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік сақтауға қажетті жеке қасиеттерді дамыту.

Қажетті қцралдар: Атластың физикалық, тақырыптық және кешенді карталары; презентациялар; сызбалар.

Жцмыс барысы:

1.        Үйымдастыру кезеңі.

2.        Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайларды сипаттайтын презентациялар корсету.

3.        Талдауға үсынылатын негізгі сүрақтар:

а)   метеорологиялық төтенше жағдайлар: дауыл, найзагай, қуатты щйындар, қарлы борандар, көктайгақ, шацды дауылдар;

ә) гидрологиялық төтенше жағдайлар: су тасқындары, сел, цуна­ми, қар көиікіні;

б) геологиялық төтенше жағдайлар: жер сілкіну, жылысу, опырылу;

в)    табиғи өрттермен байланысты төтенше жағдайлар: орман және шымтезек өрттері;

г) Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайлар кезінде адам өзін қалай үстау керек. Адам өмірін сақтау жолдары.

ғ) төтенше жағдайлар кезіндегі алғашқы көмек көрсету жолдары.

4.      Тексеру сүрақтары:

а) Жер сілкіну не себепті табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың ең қауіптісі деп ееептеледі? Жауаптарыңды арнаулы әдебиеттердегі және баспасөз беттерінде жарияланған ақпараттар көмегімен толтырыңдар.

ә) Табиғи сипаттағы аса қауіпті төтенше жағдайлардың туындауын арнаулы мамандар жоғары дәлдікпен анықтауы мүмкін бе?

б)   Апатты табиғат қүбылыстарының жақындауын еездіретін қандай халықтық белгілерді білесіңдер?

в)    Жер сілкініеі кезінде қорғануға болатын өз үйіңдегі қандай қауіпсіз орындарды білесіңдер?

г)    Алғашқы көмек көрсетудің ең тиімді қандай жолдарын білесің- дер, олардың кейбіреуін нақты көрсетіңдер.

Қорытынды.