Главное меню

  • К списку параграфов
§10. Солтүсік Мүзды мүхит, Атлант және Үнді мүхиттары


Солтүстік Мүзды мүхит табиғаты. Солтүстік Мүзды мүхит Солтүстік полюс маңында, Арктика аймағында орналасқан. Ол басқа мүхиттардан ауданы жағынан ең кіші, ең таяз және ең суық мүхит болып саналады (кесте).

Мүхиттардың физикалық-географиялық сипаттамалары

Мүхиттар

Беткіауданы, млн км2

Суының көлемі,млн км3

Орташа

терендігі,

м

Ең терең жері, м

Жағалық

сызықтың

үзындығы,

км

Солтүстік

Мүзды

14,75

18,07

1225

Гренландиятеңізі (5527)

45 385

Атлант

91,66

329,66

3597

Пуэрто-Рико

шүңғымасы

(8742)

111866

Үнді

76,17

282,65

3711

Зонд

шүңғымасы

(7209)

66 526

Тынық

178,68

710,36

3976

Мариана

шүңғымасы

(11022)

135 633

Солтүстік Мүзды мүхит Атлант мүхитымен (Дания және Де­вис бүғаздары мен Норвег теңізі арқылы) және Тынық мүхитымен - Беринг бцгазы арқылы жалғасады. Беринг бүғазы өте жіңішке (35 км) және таяз (57 м) су айдыны, сонымен қатар оның табанындағы көтеріңкі баспалдақ су массасының толық араласуына мүмкіндік бермейді. Атлант пен Солтүстік Мүзды мүхит арасында нақты шектеу жоқ, сондықтан бүл аумақтағы су емін-еркін алмасады.

Жағалық сызық өте күшті тілімденген. Мүхит қүрамына он бір теңіз кіреді, олар мүхит айдынының тең жартысына жуығын алып жатыр. Ең үлкен теңіз - Норвег, ең кішкенесі - Ақ теңіз болып сана- лады. Аралдар тобы мен жекелеген аралдар өте көп. Аралдардың саны жөнінен Тынық мүхиттан кейінгі екінші орынды иеленеді. Мүхиттағы ірі аралдар мен топаралдарға Гренландия, Франц-Иосиф Жері, Жаңа Жер, Солтцстік Жер, Жаңа Сібір аралдары мен Канада Арктикалық топаралын жатқызуга болады.

Қалқыма мүздардың болуы - бүл мүхитқа тән басты ерекшелік. Полюс маңындағы мүздардың қалыңдығы қыста 50 метрге жетсе, жаз кезінде еріп, 2 метрге дейін жүқарады. Олардың пайда болуы су тем­пературасы мен түздылығының төмен болуымен байланысты. Желдер мен ағыстар мүздардың қозғалуына эсер етеді, олар бүйірлік сығылу нәтижесінде бір-бірімен қабаттасып, мүзқамауларға айналады. Осын- дай мүз қүрсаулары кемелерді қиратып, кейбіреулерін мүз бетіне де шығарып жіберетін болған.

Мүхит түбі ауданының тең жартысына жуығын қайраңдар алып жатыр. Әсіресе Еуразия жағалауында қайраңдар аумағы кең, олардың ені бірнеше жүздеген километрмен (1300 км, кей бөліктерде 1500-ге дейін) есептеледі.

Мүхит табаны бірнеше қазаншүңқырлар арқылы бөлінген су асты жоталарынан қүралады. Мүхит түпкі жер бедерінің ең басты элементі - Гаккелъ жотасы. Ол Орталық Атлант жотасының жалғасы болып саналады. Сонымен қатар Ломоносов, Менделеев, Бофорт жоталары айқындалады (33-сурет).

Солтүстік Мүзды мүхиттың органикалық дүниесі оның қатал табиғат жағдайына бейімделген. Түр қүрамы біршама кедей. Жаз кезінде жағалау күс базарына айналады.

Мүхиттың жануарлар дүниесі жаппай аулау нәтижесінде жойылуға жақын сипат алуда, сондықтан да халықаралық келісімшарттар бо- йынша оларды аулауға шектеу қою мәселелеріне қол жеткізілуде.

Мүхит сулары негізінен Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың өнеркәсіпті аудандарынан келетін өзен суларымен ластануда. Төменгі ендіктердің жылы суларында мүнай дақтары салыстырмалы түрде жылдам жойылса, суық суларда кез келген ластаушы заттардың за- лалсыздануы анағүрлым баяу жүреді.

Солтүстік Мүзды мүхит жағалауында экономикасы жақсы дамыған, әлеуеті жоғары - АҚШ, Ресей және Канада сияқты санау- лы ғана алпауыт елдер орналасқандықтан, мүхит табиғатын сақтау шаралары үйымдасқан деңгейде жүргізілуде. Бүл жүмыстар өзінің оң нәтижелерін көрсетіп, табиғатты пайдаланудың бірегей жоспары жүзеге асырылуда.

Солтүстік Мүзды мүхит қүрамына Норвег, Баренц, Ақ, Кар, Лап- тевтер, Шыгыс-Сібір, Чукот, Бо­форт, Гренландия, Баффин, Лин­кольн теңіздері; Гудзон шығанағы,

Обь жэне Печора кірмесі; Кар қақпасы, Маточкин Шар, Санни­ков, Гудзон бүғаздары кіреді.

Атлант мүхиты табиғаты. Ат­лант м үхиты табиғатына тән басты ерекшелігі - оның Арктикалық белдеуден Антарктикалық бел- деуге дейін созылып жатуы, жалпы үзындығы 16 мың км-ге дейін жетеді.

Оның негізін алып жатқан біртүтас қүрылым - Орталық Атлант су асты жотасы.

Оның жалпы үзындығы 11 000 км-ге созылады, бүл қүрылым екі бөліктен түрады. Экватор маңындағы көлденең орналасқан терең тектоникалық Романш жарыгы арқылы ол екі бөлікке бөлініпжатыр: Солтцстік және Оңтцстік Атлант жоталары. Бүл су асты жоталарының өн бойында жер сілкіну, жер беті және жер асты жанартау қүбылыстары өте қарқынды әрі тоңтаусыз жүруде (34-сурет).

Атлант мүхиты - Жер шарындағы ең игерілген мүхит болып са- налады. Үлы геогра-фиялық ашулар заманынан бері ол ғаламшардағы басты су жолының күретамыры болды. Атлант мүхиты жағалауында дүние жүзіндегі халық тығыз қоныстанған, шаруашылығы да-мыған елдер басым орналасқан. Сондықтан олардың мүхит таби-ғатына тигізетін кері әсері де елеулі болып отыр.

Мүхитқа қүятын көптеген өзендер (олардың ең ірілері - Амазонка, Конго, Миссисипи, Парана, Ориноко, Ніл, Дунай, Рейн, Луара жэне т.б.) өздерімен бірге ластаушы заттарды алып келеді.Ластаушы заттардың көпшлік бөлігі Еуропа мен Американың жағалауында орналасқан қалалардан, порттар мен өнеркәсіп орындарынан, Солтүстік теңіздегі, Мек­сика және Гвинеяшығанақтарындағы мүнай кәсіпшіліктерінен келеді.

Атлант мүхиты климатының басты ерекшелігі оның солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасуымен тығыз байланысты. Мүхиттың неғүрлым енді бөліктері қоңыржай белдеуге сәйкес келетіндіктен және оңтүстік бөлігінің Антарктида жағалауына дейін жетуі ондағы климаттық жағдайға өзіндік ықпалын тигізеді. Мүхиттың солтүстік бөлігінде Исландия минимумыал оңтүстік бөлігінде Антаркти­да минимумы қалыптасады. Исландия минимумы Еуропа клима- тын анықтаушы басты қысым орталығы болып саналады. Тропиктік ендіктер маңайында, әсіресе, Карибтеңізі мен Мексика шығанағы жағалауларында тропиктік циклондар жиі қайталанып, жағалаудағы елді мекендерге орасан қауіп төндіреді.

Атлант мүхиты сулары түрлі биологиялық ресурстарға бай болып келеді. Дүние жүзі бойынша ауланатын балықтар мен теңіз өнімдерінің 40% - дан астамы Атлант мүхитына тиесілі. Кәсіптік маңызы бар түрлерге теңіз алабүғасы, сельдь, шпрот, камбала, лангуст, омар, теңіз шаяны, кальмар, тунец, үсақ шаяндар мен теңіз балдырлары жатады.

Атлант мүхиты ежелден су жолыныц басты аймағы болғандықтан, адамның шаруашылық әрекеті әсерінен өте қатты ластанған. Мүхит қайраңдарынан мүнай өндіру және мүхит айдыны арқылы мүнай тасымалдау (танкерлік тасымалдаудың 38% -ы тиесілі) нәтижесінде мүхит суларына жылына 1,5 млн тоннадан астам мүнай мен мүнай өнімдері қүйылады, миллиондаған тонна түрлі сипаттағы қатты қалдықтар тасталынады. Сонымен қатар соңғы кездерде мүхит таба- нына радиобелсенді қалдықтар салынған түрлі контейнерлерді тастау да белең алған.

1987 жылы қоршаған ортаны қорғау бойынша Халықаралық ко­миссия Атлант мүхиты акваториясын қорғау мақсатында үлттық табиғат қорғау аймақтарын қүру мәселесін қарап, түрлі сипаттағы қорықтар мен резерваттар қүруды жағалық мемлекеттерге міндеттеді. Соның нәтижесінде АҚШ, Канада, Африка елдері мен Жерорта теңізі жағалауларында жаңа сипаттағы мүхит табиғатын қорғау нысандары қүрылып, олардың жүмысы жоғары талап деңгейіне көтерілді.

Атлант мүхиты қүрамына Балтық, Солтцстік, Жерорта, Қара, Мәрмәр, Азов, Кариб, Скотия, Саргасс теңіздері; Бискай, Бристоль, Мексика, Гвинея шығанақтары; Ла-Маниі, Гибралтар, Девис, Флори­да, Юкатан, Дрейк бүғаздары кіреді.

Үнді мүхиты табиғаты. Мүхиттар арасында ауданы жөнінен үшінші орын алатын Үнді мүхиты өзінің пішіні жағынан Тынық және Атлант мүхиттарынан үлкен айырмашылық жасайды. Жан-жағынан мате- риктермен қоршалып жатуы, әсіресе солтүстігінде (шамамен, 20°с.е.) мүхит ең үлкен қүрлық - Еуразиямен шектесуі оның табиғатына күшті ықпалын тигізеді.

Үнді мүхиты оңтүстігінде көптеген бүғаздар мен Аустралиялық- Азиялық теңіздер арқылы Тынық мүхитымен және Атлант мүхиты суларымен жалғасады. Соның нәтижесінде төменгі ендіктерде бүл мүхиттардың тіршілік дүниесі бір-біріне үқсас болып келеді.

Еуразиямен шектесетін тропиктік және субтропиктік ендіктерде муссон қцбылыстары күшті байқалады, бүл қүрлық пен мүхит арасындағы температура мен атмосфералық қысымның әсіресе, жаз кезінде үлкен айырмашылық жасауына күшті ықпалын тигізеді.

Жағалық сызықтары онша тілімденбеген, ол мүхитты жағалай қоршап жатқан ежелгі платформалық қүрылымдардың болуымен түсіндіріледі.

Үнді мүхит табаны түрлі минералдық ресурстарға бай болып келеді. Көптеген қазаншүңқырлардан марганец, темір, алюминий; жағалаудағы қүмды шөгінділерден алтын; қайраңдарданфосфорит, ең бастысы - Парсы шығанағынан, Қызыл теңіз бен Батыс Үндістан, Аустралия маңдарынан мцнай мен газ кен орындары; Қызыл теңіздің ойыстарынан металдарға өте бай түзды түнбалар табылған.

Үнді мүхиты мен оның теңіздерінің биологиялық қорлары мыңдаған жылдардан бері үздіксіз пайдаланылып келеді. Кәсіптік маңызы бар балықтардан тунец, сардинелла, скумбрия, анчоус,сонымен қатар лангуст, цсақ шаяндар, моллюскалар ауланады. Үнді мүхитында ең ежелгі балық өкілі болып саналатын - латимерия тіршілік етеді.

Үнді мүхиты сулары да мүнай және мүнай өнімдері қалдықтарымен өте қатты ластанған. Әсіресе, мүхиттың солтүстік, солтүстік- шығыс және батыс жағалаулары жиі-жиі су бетіне төгілген мүнай қабықшаларымен жабы лады.

Үнді мүхиты қүрамына Андаман, Арабия, Қызыл, Тимор, Арафур, Лаккадив теңіздері; Бенгалъ, Оман, Парсы, Аден, Үлкен Аустралия, Карпентария шығанақтары; Ормуз, Баб-эл-Мандеб, Мозамбик, Басс бүғаздары кіреді.

Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Мүхиттардың адам өмірі үшін қандай маңызы бар? 

2. Солтүстік Мүзды мүхитының өзіндік белгілерін көрсетіңдер. 

3. Солтүстік Мүзды мүхитқа кіретін теңіздерді атап, оларды картадан анықтаңдар. 

4*. Атлант мүхиты табанына төн түпкі жер бедері қүрылымы қандай, оның қалыптасуы немен түсіндіріледі? 

5. Үнді мүхиты табанындағы басты ірі қүрылымдарды атаңцар.