Главное меню

  • К списку параграфов
§8. Дүниежүзілік мүхит суы, оның негізгі қасиеттері

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҮХИТ


1. Гидросфера дегеніміз не, оның құрамдас бөліктеріне не жатады? 

2. Мухиттық карта- лардан қандай мәліметтер алуға болады?

Дүниежүзілік мүхит суы. Сендер алдыңғы сыныпта Жердің су қабығы - гидросфераның қүрамы және қасиеттерімен таныстыңдар. Гидросфераның негізгі бөлігін Дүниежүзілік мүхит сулары қүрай- ды. Дүниежүзілік мүхит ғаламшарымыздағы жылу мен ылғал- дың таралуын белгілі дәрежеде реттеп отыратындықтан, Жердегі тіршілік үшін маңызы өте зор. Жер шарында Дүниежүзілік мүхит суының алып жатқан ауданы 361,1 млн км2 (2-суретті қараңдар). Күн жүйесіндегі ешбір ғаламшарда дәл Жер шарындағыдай мөлшерде су жоқ. Олай болса, су - Жер табиғатының басты байлығы, тіршілік көзі. Ғаламшарымыздағы орасан мол су массасы қалай пайда болған? Бүл сүраққа ғылымда әлі түпкілікті жауап жоқ. Болжамдар бойынша, сулитосфералық плиталар қозғалысы кезіндегі жарылыстар арқылы мантиядан ыстық бу түрінде бөлініп шығып, салқындау нәтижесінде біртіндеп жиналған деп есептеледі. Бүған жанартаулардан атқылаған магма мен мүхиттық жер қыртысындағы жарылыстар бойымен көтерілетін магма қүрамынан көп мөлшерде бөлініп шығатын су бу- лары дәлел болады. Осындай процестер әлі де миллиондаған жылдар бойы жалғаса бермек. Жер ғаламшарына су ғарыштан да келген де­ген болжам бар.

Мүхит суының негізгі қасиеттері. Мүхит суының басты қасиеттері - температурасы мен тцздылыгы. Мүхит суының да жылынуы Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тікелей байланысты.Дүниежүзілік мүхит суы көлемінің үлкен болуына орай, қүрлықпен салыстырғанда судың баяу салқындауы нәтижесінде мүхитта жылу көп жинақталады. Судың беткі температурасыгеографиялық ендікке байланысты әркелкі бола­ды (27-суретті қараңдар).

Мүхиттың кейбір аудандарында бүл зандылық мүхит ағыстары, түрақты желдер, ал материк жағалауларында қүрлықтың тікелей ық- палы мен олардан ағып шығатын өзен сулары әсерінен өзгереді. Судың температурасы тереңдікке қарай да өзгереді. Тереңдеген сайын ал- ғашында температура күрт төмендейді, 3000-4000 м тереңдіктен кейін температура +2°-0°С аралығында түрақтайды.

Дүниежүзілік мүхит суының қүрамы аса күрделі. Мүнда суда еритін түздар мен газдар, органикалық және ерімейтін заттар да кездеседі. Оның қүрамында 60-тан аса түрақты компоненттер бар. Табиғи минералдардың барлығы дерлік мүхит суында еріген күйінде кездеседі. 1 литр мүхит суындағы еріген түздардың мөлшері судың тцздылыгы деп аталады. Бүл көрсеткіш промилле(%о) арқылы есеп- теледі. Мүхит суының орташа түздылығы 35%о шамасында. Мүхит суының түздылығы барлық қабаттарда бірдей емес. Түздылық мөл- шері әсіресе судың беткі қабаттарында атмосфералық жауын-шашын мен буланудың арақатынасына байланысты, географиялық ендік бо­йынша өзгеріп отырады. Судың түздылығы экватор маңында 34%о шамасында, тропиктерге таяу аудандарда 36%о, қоңыржай және по­ляр ендіктерінде 33%о-ге жуық. Жауын-шашын мөлшері буланудан артық болатын және мол сулы өзендер қүятын, мүзтаулар еритін мүхит

айдындарында түздылық кемиді. Ал Дүниежүзілік мүхиттағы түздылықтың өте жоғары көрсеткіші - 41%о Қызыл теңіздің солтүстігінде байқалады. Түздылық мүхит суының қату темпе- ратурасына да эсер етеді.

Түздылығы 36 %о мүхит суының қату температурасы -2°С шама- сында болады. Суынған түзды судың беткі қабатының тығыздығы артып, салмағы ауырлайды да, төмен ығысады. Оның орнына әлі салқындап үлгермеген жылы су қабаттары көтеріледі. Температурасы әркелкі су қабаттарының бүлайша араласуы мүздың түзілуіне кедергі келтіреді. Мүхит суының беткітемпературасы полюстерге қарай төмендейді. Арктикалық және антарктикалық белдеулерде қалың мүз қабаттары қалыптасады. Қоңыржай белдеулердегі жағалық таяз теңіздерде де су қатады. Мүздар біржылдық және көпжылдық, қозгалмайтын және

цалцыма (ықпа) болып бөлінеді. Қалқыма мүздардың таралу шекарасы жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады. Сонымен қатар бетін жаппай мүз басқан қүрлық жағалауларынан сырғып, опырылған ірі мүздардан мцзтаулар (айсбергтер) (28-сурет) қалыптасады. Олардың пішіндері, биіктігі мен үзындығы әр түрлі болады.

Кейбір мүзтаулардың үзындығы бірнеше жүз км-ге жетеді. Бүлар аса таза түщы су қоры болып табылады. Мүхит ауданының шамамен 15%-ын мүздар жауып жатыр.

Қазіргі кезде мұздардың қарқынды еруіне атмосфера мен гидросфераның ластануы эсер етуде. Мысалы, Арал теңізінің құрғаған табанынан ұшқан тұз тозаңдары Арктика мұздарының бетінен де табылған. Егер мұздар жаппай еритін болса, Дүниежүзілік мұхит деңгейі қазіргісінен 60 м-ге көтерілген болар еді. Мұхиттардағы мұз жамылғысы Жер шарының климатына, ондағы тіршілік дүниесіне үлкен эсер етеді. Мұздар Күн сәулесін шағылыстырып, ауаның жылыну мүмкіншілігін азайтады. Салқын ауа мен қоңыржай белде- улерден келетін жылы ауаның түйісуі бұл аудандарда қалың тұмандардың қалыптасуына себепші болады. Олар кеме қатынасы мен теңіз кэсіпшілігіне кедергі келтіреді.

Мүхит сулары мен материктер табиғаты өзара байланысты: му- хит сулары жинаған жылуын атмосфераға беріп, ылғалдандырады. Осы жылу мен ылғалды мүхиттық ауа массалары қүрлыққа жеткі- зіп, оның жағалық бөліктерінде ерекше мцхиттыц (теціздіккли- матты түзеді. Бүл климаттық жағдай мүхит жағалауларында топы- рақ пен өсімдік жамылғысының және жануарлар дүниесінің өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырады.

Мүхит пен материктердің өзара байланысының айқын дәлелі - муссондар. Бүл желдер қүрлық пен мүхит арасындағы температура мен қысымның айырмашылықтарынан пай да болады.Мусеондар бағыттарын жыл мезгілдеріне сәйкес екі рет өзгертеді. Муссондыц климат Еуразияның Тынық, Үнді мүхиттарымен шекаралас жаға- лауларына тән.

Қүрлық сулары да мүхитпен тығыз байланысты. Қүрлық пен ауа қүрамында кездесетін барлық сулар (бүлт, жаңбыр мен қар, өзендер мен көлдер, бүлақтар) мүхиттың уақытша бөлінген бөлшектері бо­лып табылады. Мүхит суы үнемі қүрлықтан келетін өзен суларымен толығып отырады. Сонымен қатар мүхит суы бактериялардың эре- кет! нәтижесінде белгілі дәрежеде өзін-өзі тазарта алады. Сондықтан қүрлық бетінде түзілетін көптеген қалдықтар мүхиттың терең бөлік- теріне тасымалданып, уақыт өте келе біртіндеп залалсызданады.

Мұхит адамның шаруашылық ерекетінің сипатын да анықтайды. Өйткені мұхит - көптеген теңіз өнімдерінің, пайдалы қазбаладың, қуаттың, шикізаттың көзі. Мұхит суы арқылы бір-бірінен қашық орналасқан құрлықтардың арасын байланыстыратын ең арзан көлік жолдары. Мұхит жағасындағы денсаулыққа қолайлы жұмсақ климат, емдік қасиеті бар тұзды су, жанға жайлы құмды жағажайлар, табиғаты көркем мұхиттық аралдардың демалуы мен сауығуыга жағдай жасайды. Ал теңіз өнімдерінен алынатын дәрі-дермектер мен тағамдар күнделікті өмірде кеңінен пайдаланылады.

Су массалары. Беткі ағыстардың таралуыМүхит табиғатының ең басты компоненті - оның суы. Мүхиттың белгілі бір бөліктерін алып жатқан зор көлемді суды су массалары деп атайды. Олар температура­сы, түздылығы, тығыздығымөлдірлігі, оттегінің мөлшері мен ондағы кездесетін тіршілік дүниесі жөнінен айырмашылық жасайды.

Су массалары тереңдікке жене географиялық ендікке, атмосфераның эсер етуінің өзгеруіне байланысты түзіледі. Су массалары ендікке байланысты экваторлық, тропиктік, қоңыржай женеполярлық болып ажыратылады. Бір ендіктің өзінде де су массаларының қасиеттері түрліше болуы мүмкін. Сондықтан олар жағалық және нағыз мұхиттық болып бөлінеді. Су массаларын тереңдігіне қарай беткі және түпкі тереңдіктерге жіктейді. Су массалары үнемі қозғалу әсерінен, бастапқы қасиеттерін өзгертеді.

Жылы мүхит ағысы экватордан полюстерге қарай, ал суық ағыс, керісінше, полюстерден экваторға қарай жылжиды. Сол арқылы ғаламшарда жылуды қайта бөлу және климаттық жағдайларды түрақтандыруды қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Мүхит суының беткі қабаты ғана емес, төменгі тереңдігіне дейін де үнемі қозғалыста болады. Оны қозғалысқа келтіретін көптеген себептер бар. Мүхит суының түпкі ағысы 100-200 м төмен су тығыздығының ерекшелігі арқылы қозғалады. Мүхит суы неғүрлым суық әрі түзды болған сайын ол тығыз болады. Яғни неғүрлым тереңдеген сайын мүхит ағысы баяу- лай түседі. Мүхиттық ағыстар туралы теңізшілер мен саяхатшылар ежелден-ақ білген және оны өз қажеттеріне (кеме қатынасы, шөлмек поштасы және т.б.) пайдаланып келген.

Мүхит пен қүрлық арасындағы жылу мен ылғалдың алмасуына беткі агыстардыц маңызы зор. Беткі ағыстардың қалыптасуының негізгі себебі жел. Сонымен бірге Жердің айналуы арқылы сағат тілі бойынша үлкен шеңбер жасай еолтүстік жартышарда және қарама- қарсы оңтүстік жартышарда ағыстар пайда болады (29-сурет).

Дүниежүзілік мүхиттағы беткі ағыстардың қалыптасуы мен ай- налымын Атлант мүхитының солтүстік бөлігінің мысалында қарас- тырайық. Бүл ағыстар жүйесі солтүстік-шығыс пассаттың беткі су массаларын батысқа қарай айдауынан түзілген Солтцстік пассат агысынан басталады. Ол Оңтүстік Американың шығыс жағалауында екіге айырылып, бір тармағы Экваторлыц қарсы агысты түзіп, судың

бір бөлігі шығысқа қарай кері қайтады. Ал Пассат ағысының екінші тармағы Кариб теңізіне жетіп, су деңгейін көтереді. Осы беткі су массасы Антиль аралдарын айналып өтіп, Жердің ауытқытушы күшінің әсерінен дүние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс - Гольфст- римді түзеді. Гольфстрим ағысы Солтүстік Американың шығыс жа- ғалауын бойлай, 40° е.е. дейін жетеді. Одан әрі су массаларының не- гізгі тармағы қоңыржай ендіктегі түрақты соғатын батыс желдері әсерінен Солтцстік Атлант агысына айналады. Бүл ағыс Скандина­вия түбегін айналып өтіп, қоңыржай және полярлық ендіктердегі су- дың беткі температурасын жоғарылатады. Сондықтан бүл аудандарда қыс салыстырмалы түрде жылы, ылғалды болады. Ағыс Жаңа Жер аралдарымаңына жеткенде, Арктиканың суық суларымен арала- сып кетеді. Ал қоңыржай ендіктерден қайтқан су массалары Афри­ка жағалауларындағы тереңнен көтерілетін суық суларға қосылып,Канар суыц агысын түзеді. Ол әрі қарай Солтцстік Пассат агысына жалғасады. Осылайша Атлант мүхитының солтүстігінде сағат тілі ба- ғытындағы аса ірі су айналымы пайда болады (30-суретті қараңдар).

Ірі су айналымы Атлант мүхитының оңтүстігінде де қалыптасады. Бүл жүйе Оңтцстік Пассат агысы, Бразилия агысы, Батыс Желдері агысы, Бенгелъ агыстарынан қүралады. Бірақ оңтүстік жартышарда Жердің ауытқу күші солға бағытталатындықтан, айналымның бағыты сағат тіліне қарсы қозғалады (29-суретті қараңдар).

Тынық мүхитында да осындай ағыстар жүйесі қалыптасады: мүндағы Куросио агысы Гольфстримге үқсас, ал Солтцстік Тынық Мцхит агысы Солтүстік Атлант ағысына, Гумбольдт немесеПеруана агысы Бенгель ағысына үқсае. Бүл үқсастықтар екі мүхиттың да по­люстер аралығындағы географиялық орнымен байланысты.

Үнді және Солтүстік Мүзды мүхиттардағы ағыстардың қалыптасуы олардың географиялық орнының ерекшеліктеріне қарай басқаша си- патта болады.

Оңтүстік жартышардың қоңыржай белдеуіндегі ашық су айды- ны арқылы шеңбер жасап, Дүниежүзілік мүхиттағы ең қуатты суық ағыс - Антарктикалыц агыс немесе Батыс Желдер агысыөтеді. Ол ені 1000-1300 км болатын, 1-5 км тереңдікке дейінгі су массаларын сағатына 3,5 км жылдамдықпен қозғалысқа келтіреді. Осы ағыс ар- қылы дүние жүзіндегі барлық өзендерден жылкөлемінде ағып өтетін судан 200 есе көп мөлшердегі су ағып өтеді. Бүл батыс желдерінің өте қуатты екенін дәлелдейді.

Көптеген мамандардың пікірі бойынша климаттың жаппай жылынуы өзгерістеріне байланысты кейбір мұхит ағыстарының бағыттары өзгеруде. Оған нақты мысал ретінде

Тынық мұхитының Перу суық ағысы өтетін Оңтүстік Америка жағалауында шамамен 7-11 жыл аралығында Эль-Ниньо жылы ағысының қалыптасуын айтуға болады. Атмосферадағы циркуляциялық әрекеттің өзгеруінен пассат желдерінің бағыты жағалаудан ашық мұхитқа қарай ауытқиды. Бұл жағдайда Перу суық ағысының ықпалы әлсіреп, оның орнын экватор маңынан келетін жылы ағыстар басады. Бұл құбылыс желтоқсан-қаңтар айпарындағы Рож­дество мерекесіне тұспа-тұс келетіндіктен, жергілікті халық оны «Эль-Ниньо» деп атаған, ол испан тіліндеРождество кезінде туған «нәресте» деген мағынаны береді . Бірақ бул ағыстың қазіргі климатқа тигізетін әсері кейде тіпті жойқын, апатты құбылыстарға себепші болады.

Эль-Ниньо әрекет еткенде дауылдар күшейіп, жиілейді, биік толқындар пай­да болады. Жер шарының көптеген аудандарында температура мен жауын-шашын көрсеткіштері өзгереді. XX ғасырда Эль-Ниньо 8 рет қайталанды. 1982 және 1997 жыл- дары болған құбылыс осы ғасырдағы ең апатты сипат алды. Әсіресе 1997-1998 жылдарғы ағыстың әсерінен 4 мыңнан астам адам опат болып, мыңдаған адам баспанасыз қалды, материалдық шығын 20 млрд долларға бағаланды. Соңғы рет қайталануы 2014 жылғы ақпан айына сәйкес келді. Эль-Ниньоның әсері әсіресеАмерика жағалауларында күштірек байқалады. Беткі судың температурасының 5°-қа дейін жоғарылап, ол салқын суда тіршілік ететін көптеген теңіз ағзаларының жаппай қырылуына себепшіболады. Ғалымдардың пікірінше, «Эль-Ниньоның» әсері Тынық мұхиты жағалауындағы және жер шарындағы кпиматтык, жағдайларға түрлі сипаттағы ауытқулар әкелеуі мүмкін.

Дүниежүзілік мүхитта беткі ағыстар жылу мен ылғалдың тасы- малдануы мен бөлінуіне зор ықпал етеді. Ағыстар мүхиттардың ба­тыс бөлігінде жылы суларды полюстерге қарай бағыттап, жоғары ендіктерді жылытады, ал шығысында экватор маңына салқын сулар­ды алып келіп, жылынуына себепші болады. Жылы және суық ағыстар көбінесе қоңыржай белдеулерде түйіседі. Соның нәтижесінде түрліше қасиетке ие болған судың араласуынан мүхит үстінде қүйын- дар пайда болады. Бүл қүбылыс мүхиттарға ғана емес, көршілес қүр- лықтар үстіндегі ауа райына да эсер етеді. Жылы және салқын мүхит суларының түйісу аймақтары Дүниежүзілік мүхиттағы биологиялық өнімділіктің жоғары ауданы болып есептеледі. Сондықтан кәсіптік балықтар осы аудандарда көптеп ауланады.

 Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Атластағы мүхиттар картасын пайдалана отырып, Дүниежүзілік мүхиттағы судың беткі температурасы мен түздылығының ендіктер бойынша қалай өзгеретінін анықтаңдар. Оның себебін түсіндіріндер. 

2. Атластағы Жылдық жауын-шашын картасы мен беткі ағыстар картасын салыстыру негі- зінде материктер жағалауындағы жылдық жауын-шашынның ең көп жөне ең аз түсетін аудандарын анықтап, оған ағыстардың тигізетін өсерін түсіндіріңдер.