Главное меню

  • К списку параграфов
§1. Материктер мен мүхиттар географиясы пәні және міндеттері


Үсынылып отырған материктер мен мүхиттар географиясы оқу- лыгы өзінің елтану багытында Жер табигатының ерекшеліктері мен оның алуан түрлілігі, ондагы елдер мен халықтардың әлеуметтік жаг- дайы туралы көптеген мәліметтер береді. Сендер Жер ғаламшарының табигатымен түтастай алдыңгы сыныптагы жалпы физикалық геогра­фия сабақтарында таныстыңдар. Сол алган білімдерің материктер мен мүхиттар табиғатын меңгеру барысында күрделі табиғат кешендері мен олардың заңдылықтарын оқып үйренуге негіз болады.

Ғаламшарымыздың табиғатының алуан түрлілігі табиғат қорла- рының байлығы мен орналасу заңдылықтарын, адамдардың түр- мыс-тіршілігінің ерекшеліктерімен танысасыңдар. Жаңа ғасырга қадам басқан шақта, осы байлықтарды неғүрлым тиімді игеру, таби- гат заңдылықтарын ескеру мен табиги ортаны қорғаудың маңызы зор. Сондықтан жаңа гасырдың парасатты, білімді, іскер азаматы болып қалыптасу үшін қазіргі заманғы жаңа технологияны, элек­трон ды оқулықтарды, ғылыми жаңалықтарды игерудің маңызы зор. Өсіресе, ғарышкерлердің ғылыми зерттеулері ғаламшар табиғаты мен оның ғаламдағы сипаты туралы білімдеріңді толықтырып, дүние- танымдарыңды кеңейте түседі.

Бүл оқулықтан материктер мен мүхиттар табиғатының қалыптасу кезеңдері, қайталанбас әсем көріністері мен апатты қүбылыстары жө- нінде нақты мәліметтер аласыңдар. Сонымен қатар табигат кешен- дерінің қүрылымдық ерекшеліктері және олардың жеке материктер мен мүхиттарда орналасу заңдылықтары баяндалады. Табигат байлықтарын адамзаттың шаруашылық қажетіне пайдалануын оқып үйренееіңдер. Сендер қүрлықтағы өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатын биік тау жүйелері мен үлан-гайыр жазықтардың табигатымен танысасыңдар. Мәңгі мүз қүрсауындағы аймақтар мен аптапты шөлдер, мол сулы өзендер мен шалқар көлдермен танысасыңдар. Ит түмсыгы батпайтын ну ормандар мен ми батпақтар, шалғынды далалар мен тақырлар жа- йында да мол маглүматтар аласыңдар. Дүниежүзілік мүхиттың тыл- сым табиғаты мен мол табиғи қорлары, ондағы терең сулы шүңғымалар мен су асты жоталарыньщ пайда болуы сені қызықтыруы сөзсіз.

Сонымен бірге оқулықтан қүрлық кли- матына эсер ететін теңіз ағыстары мен мүхит суының жалпы қасиеттері жай- лы қызғылықты деректерді табасыңдар.

Адамзат болашағы мен қазіргі түрмыс- тіршілігін табиғи ортамен біртүтас байланыста қарастыру мақсатында жеке елдер мен халықтар туралы мәліметтер де келтірілді. Жоғарыда аталған дерек- тер оқулық соңындағы «Жер - біздің ортақ үйіміз» бөлімінде беріледі.

Оқулықты оқу барысында географиялық әдебиеттер мен карталар, сызбалар, суреттер және қосымша кестелерді пайдалану арқылы білімдеріңді толық- тырасыңдар. Оқулықта берілген эр материк пен табиғат аймағына тән өсім- діктер мен жануарлардың суреттері негізгі мәтінді толықтырып, оларды есте жақсы сақтауларыңа көмектеседі.

Материктер мен аралдар, дүние бөліктері. Жер шары бетінің жалпы ау- даны 510,2 млн км2-ге тең. Ол материк­тер мен мүхиттарға бөлінген. Қүрлықты қүрайтын материктер мен аралдарүлесіне шамамен 149,1 млн км2 не- месе бүкіл Жер бетінің 29,2%-ы келеді (2-суретті қараңдар).

Жер шарында барлығы алты материк бар. Оқулықта материк­тер қалыптасуы мен қазіргі табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, солтүс- тік және оңтүстік жартышар материктеріне топтастырылып, мына- дай тәртіппен қарастырылады: Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия және Мүхит аралдары, Антарктика. Олардың ауданы 3-еуретте көрсетілген.

Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік бет- кейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар - жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен қүрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді (ГренландияМадагаскар, Британ аралдары және т.б.). Мүхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанар-

таулиц аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі температурасы +25°С-тан жоғары аймақтарында маржандық арал­дар (Үлкен Аустрия Тосқауыл рифі, Маржан теңізініңаралдары) ор-

наласқан. Аралдар жеке-дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарын- дағы ірі архипелагтар қатарына Ка- наданың Арктикалық архипелаги, Малайя архипелаги, Шпицберген архипелаги жатады.

Ңүрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жікте- леді. Дцние бөліктері дегеніміз қүр- лықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түр- де ажыратылатын тарихи-география- лық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка («Ес- кі Дүние»), Америка, Аустралия, Антарктида («Жаңа Дүние»).

Жер шарының аса ірі матери- гі Еуразияны ежелгі грек географ- тары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бүл дүние бөліктері Месопотамия- ны мекендеген ежелгі халықтар - финикиялықтардың «эреб» - ба- тыс, «асу» - шыгыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталган. Кейінірек ашылган Солтүс- тік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, біртүтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің қүрамына көршілес жатқан аралдар да енеді.

Дүниежүзілік мүхит. Дүниежүзілік мүхиттың жалпы ауданы 361,1 млн км2, бүл Жер беті ауданының 70,8%-ын қүрайды (2-суретті қараңдар). Ол материктер арқылы төрт мүхит айдынына бөлінеді: Тыныц, Апглантп, Үнді және Солтпцстік Мцзды мүхиттары.

Дүниежүзілік мүхиттың ең терең жері - Тынық мүхиттағы Ма­риана иіцңгымасы (11 022 м). Мүхиттар қүрлықтың бөліктерімен ты- ғыз байланыста бола отырып, ондағы табиғат жағдайларының қалып- тасуына зор ықпал жасайды.



Материктер мен мүхиттардың карталары

1. Географиялық картаның жергілікті жер сұлбасынан айырмашылығы неде?

2. Масштаб деген не, оның қандай түрлері бар?

Карта географиялық білімді қалыптастыру мен тереңдетудің маңызды қүралы. Картаны оқи білу еендерден білім мен біліктілікті қажет етеді.

Материктер мен мүхиттар географиясын оқып үйрену барысында көптеген карталар пайдаланылады. Өйткені сендер карта бойынша ма­териктер мен мүхиттардың алып жатқан орнын, ондағы географиялық нысандардың орналасуын, табиғат кешендерінің ерекшеліктерін анықтай аласыңдар. Картаның көмегімен дүние жүзіндегі елдердің орналасуы мен халқының шаруашылық әрекетімен танысуға болады. Сондықтан карталар мазмүнын оқи білудің және олардың түрлерін ажырата алудың маңызы зор.

Карталар мынадай төрт белгісіне:

а)   цамтылатын аумагына (Жартышарлар немесе дүние жүзі кар­талары, Дүниежүзілік мүхит картасы, материктер мен олардың бөлік- терінің картасы, топографиялық карталар);

ә) мазмцнына (жалпы географиялық және тақырыптық);

б) масштабына (үсақ, орта және ірі масштабты карталар);

в)    қолданылу сипатына (гылыми-анықтамалық, оқу карталары мен мәдени-ағарту, техникалық және туристік карталар) қарай топтас- тырылады.

Карталардың маңызы оларда географиялық мәліметтердің жи- нақталуымен анықталады. Мазмүнына қарай барлық карталар жал- пы географиялық және тақырыптық болып бөлінеді. Жалпы геогра- фиялыц карталарда жергілікті жердің басты нысандары түгел және дәл бейнеленеді, бүған физикалық карталар мысал бола алады. Ал тацырыптыц карталарда табиғаттың жекелеген компоненттері (жер қыртысының қүрылысы, климат, топырақ, өсімдік), халықтардың ор- наласуы мен шаруашылық түрлері және т.б. беріледі. Тақырыптық карталардың мазмүны нақты бір қүбылысты бейнелейді. Тақы- рыптық карталардың маңызды бір тобы мүхиттық карталардан түрады. Мүнда Дүниежүзілік мүхит суы және оның қүрамдас бөлік- тері, жагалық сызықтары,аралдары, мүхит табанының жер бедері, судың беткі температурасы мен түздылыгы, беткі агыстары және тереңдіктері көрсетіледі. Көп жагдайда тақырыптық карталар бірнеше компоненттерді және олардың өзара байланысын көрсетеді. Мүндай карталар кешенді карталар деп аталады. Материктер мен мүхиттар географиясында осындай карталар коп пайдаланылады. Аталган картатүрлері мектеп атласында жинақталып берілген.

XX ғасырдың 60-шы жылдары ақпараттық технологияның қарқынды дамуы нетижесінде географиядағы жаңа бағыт - географиялық ақпараттар жүйесі (ГАЖ) лай­да болды. Ол табиғи және әлеуметтік-экономикалық жүйедегі құрылымдарды, олардың уақыт пен кеңістіктегі қозғалысы мен даму заңдылықтарын компьютерлік үлгілеу арқылы математикалық әдіс-тәсілдер көмегімен автоматтандыруға негізделеді. Карта жасаудың бұл саласына тән басты белгілер жоғары деңгейдегі автоматтандыру әдістерін кеңінен қолдану, сонымен қатар сандық картографиялық және географиялық мәліметтер базасына негізделу болып табылады.

Компьютерлік технология көмегімен жаңа сипаттағы электрондық карталар, үш өлшемді компьютерлік үлгілер және анимациялық картографиялық бейнелер жасалынады.

ГАЖ табиғатты сақтау мен оны басқару мақсатындағы шараларды жүзеге асыру барысындағы ең тиімді ақпараттық жүйе болып саналады. Сонымен қатар, ГАЖ-технология көмегімен кез-келген жердің дәл картасы жасалынып, оның көмегімен географиялық орта құрамбөліктері арасындағы өзара байланыстар мен өзгерістерді көруге мүмкін болады.


Сүрақтар мен тапсырмалар. 

1. Мүхит пен қүрлық аумағының арақатынасын салыстырыңдар. Ол бүкіл Жер бетінің қандай бөлігін қүрайды? 

2. Экватор мен бастапқы меридиан қандайматериктер мен мүхиттарды кесіп өтеді? 

3. Тек қана солтүстік жартышарда немесе оңтүстік жартышарда, сол сияңты батыс жарты- шар да немесе шығыс жартышарда жатқан материктерді картадан көрсетіңдер. 

4. Материк пен дүние бөліктерінің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? 

5. Мектеп атласындағы карталармен танысыңдар.

Қосымшадағы 1, 2, 3-кестелермен танысыңдар.