Главное меню

  • К списку уроков
"Экономика негіздері" пәнінен бағдарлама
03.02.2016 1432 317 Дауконова Раушан Турсункановна

Түсінік хат

         Бастауыш сынып оқушысының экономикалық мәдениеті- бұл оның тұласының сапалы мінездемесі, алғашқы экономикалық білімді, экономикалық қызметтің қарапайым дағдылары мен ұстанымдарын және де экономикалық ойлау қабілетінің және естің элементтерімен қатар, тұлғаның экономикалық мәндісапалары (ұқыптылық, белсенділік, ұйымшылдық, жауапкершілік) сияқты қабілеттерін дамыту.

         Бағдарлама 34 сағатқа негізделген, аптасына 1 сағат. Бағдарламадағы экономикалық білімнің колемі төменгі сынып оқушыларының қажеттіліктеріне негізделіп, құрастырылған. Бастауыш сынып оқушыларына экономикалық мәдениеттің негізін қалыптастыруда практикалық сабатар, дидактикалық ойындар, сайыстар мен қарапайым экономикалық жағдайлардың сарапаттамасы, экономикалық мазмұнды есептерді құрастыру мен шешу, сандық материалдармен жұмыстың маңызы зор.

         Экономика пәнін меңгеру арқылы бастауыш сыныптан бастап оқушылар қоғамдық өндірістің, таратушылық пен айырбастың, тұтынушылық туралы білім негіздерін оқып үйренеді.

         Бастауыш сынып оқушыларына экономикалық мәдениетті қалыптастыруда алғашқы экономикалық білімнің жөн- жосықтары мен экономикалық шамаларды үйрету арқылы қоғамға бейімделген және оқу үрдісінде экономикалық тұрғыдан сауатты тұлға болып қалыптасады.

         Осы айтылғандарды ескере отырып, бастауыш сынып оқушыларының бойында төменгі сыныптан бастап экономикалық сауаттылыққа дағдыланған оқушы келешекте жалпы білім беретін мектептің жалпы түлегінің бойында экономикалық мәдениетті қалыптасқан адам ретінде, жеке тұлға ретінде өмірге бейімделген, экономикалық дағдыларды меңгерген тұлға болып қалыптасады.

         Бастауыш сынып оқушыларына экономикалық білімді меңгертудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен принциптері:

Ø Оқушыларға ерте жаста экономикалық меңгерту арқылы олардың экономикалық ойлау қабілеттерін дамытып, ұғымдарын шыңдау мен қазіргі заманауи нарықтық әлемге төселуге жол тартады.

Ø Экономикалық білімді оқыту мақсаты ретінде нарық шартындағы табыстың экономикалық дағдыларын, негіздерін оқып- үйреніп, жоғарғы сыныпта экономика пәнін әрі қарай меңгеріп кетуге ықпал етеді.

Негізгі міндеттері:

v Оқу үрдісінде – заманауи экономикалық білімінің негізін қалыптастыру, экономикалық қызметтің принциптері мен заңдылықтарын оқып – үйрену.

v Сана – сезімді қалыптастыруда – азаматтық тұрғыда экономикалық тәртіпке бейімделген тұлға қалыптастыруда өзінің жеке әлеуетін жоғарылатады.

v Мотивацияларын жоғарылату үшін – жанұя мен мемлекеттің экономикалық мәселелеріне қызығушылықтарын арттырады, нарықтың шарттарына бейімделеді, әлеуметтік тұрғыдан өздерін қорғау үшін, қоғамда өз орындарын табу мақсатында үнемі жаңа білімге ұмтылады.

Мақсаттар мен міндеттерге жетудің жолдары:

1)    Экономика пәнін математика мен еңбек пәнімен кірістіріп өткізу. Бұл сабақтарда экономикалық білім практикалық тұрғыда жүзеге асып отырады (математикалық есептер, жеке тұлғаның басты қасиеті – еңбекқорлық, ұқыптылық) сияқты қасиеттерді оқушы бойына сіңіруде ықпал етеді.

2)    Бастауыш сынып оқушыларының бойында пәнді және пәнаралық модульдерді сабақтан және сабақтан тыс уақыттарда экономикалық қажеттіліктерге баулу.

3)    Сыныптан тыс іс – шараларды ұйымдастыру арқылы экономикалық білімге, мәдениетке баулу.

«Экономика білімінің негіздері» пәнінің мұғалімі төмендегі оқытуды дамытудың ұстанымдары ретінде мынадай қызметтерді басшылыққа алады:

·        Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуын дамытуда оқуға бағыттайды;

·        Таным қабілеттерін қалыптастырудаоқушының субъективті позициясын дамытады;

·        Оқушының өз бетінше әрекет етуін жетілдіреді;

·        Өздерін әділ бағалауға үйретеді;

·        Сана- сезімдерін, мотивацияларын жақсартуға үлес қосады;

·        Алғыр тіл табысуға үйретеді;

·        Екі жақты қызмет әрекетін дамытуға бейімдейді;

·        Білімді, білікті қалыптастырудың сатылай түрде жүзеге асуын қадағалайды;

·        Оқушылардың өмірден алған іс- тәжірибелерін қолдануға үйретеді;

·          Экономика әлемінде күшті,мықты болуға бейімделеді;

·        Білімнің ғылыми тұрғыда дәлелденген түрін меңгереді;

·        Білім беру процесіндегі оқушылардың өздерін ыңғайлы сезінулеріне ықпал етеді;

Экономикалық білім мен білікті қалыптастырудың мазмұны, әдіс-тәсілдері:

Бастауыш сыныпта жалпы экономикалық білімді; оқушылардың өмірден алған іс-тәжірибелерін экономикалық  мақсатта пайдалана алуларына басты назар аударылады.

         Экономика пәнін оқыту курсының мазмұнды бөлігі ретінде оқушылардың қазіргі және болашақтағы экономикалық және әлеуметтікрөлдерге бөлініп оқыту көзделеді:

·        Мен – жеке тұлға және азаматпын;

·        Мен меншік иесімін;

·        Мен қаржы нарығының қатысушысымын;

·        Мен тұтынушымын;

·        Мен – өндірушімін және т.б.

Теориялық білімді меңгеру үшін мынадай әдіс – тәсілдер қолданылады: дәріс сабақтары, әңгіме, сұхбаттасу, қиын жағдайларды шешу, ойлау қабілеттерін дамытуға арналған бейне – көріністер. Экономикалық курстың бағдарламасында практикалық жұмыстар қарастырылуы шарт: өз жанұяңнын бюджетін есептеу, мектеп оқушыларына арналған мәзір және оның құнын шығару, өндірістегі қалдықтардан бұйымдар дайындау, экономикалық есептерді шығару. Төмендегі практикалық сабақтардыөткізу де ұсынылады: «Мен тұратын үй», «Жанұя- ортақ шаруашылығы бар туыстар», «Жалақы», «Қоршаған ортаны қорғау» және т.б.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында мынадай әдіс – тәсілдер қолданамын: іскерлік және рөлдік ойындар (« Отбасымыздағы мамандық иелері», «Кәсіпкерлер» сияқты ойындар ойнатылып, компьютерлік жйне үстел үстінде ойнайтын ойындарды («Өмір немесе әмияң», «Монополия», «Банк басшысы») ойнатуға болады және де мәселесі шешілмеген экономикалық тақырыптарға пікірталастар ұйымдастырылады, сайыс – сабақтар өткізуге болады («Ең үнемшіл қыз», «Конвейер», «Бағаларды білесің бе?» т.б).

         Осы саюақтарды ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы презентация- сабақ қылып өткізу оқушылар бойында пәнге деген қызығушылықты арттырудың тиімді жолы болып табылады. Сонымен қатар бұл әдіс-тәсілдер оқушыларға дәстүрлі емес түрде өткізгендіктен олардың танымдық қабілеттерін жоғарылатады. Сабақтан алған жағымды энергиядан оқушылардың мотивациялары артады.

         Оқушылардың оқудағы белсенділігі оның пәнге деген қызығушылығына тікелей байланысты. Сабақта белсенділік танытқан оқушы ғана мұғалім қойған сұраққа жауап беріп, өтіп жатқан тақырып пен ұстаздың берген тапсырмаларын орындауда ережелер мен теқырыпты қорытындалауда маңызы зор.

         Нәтижелі жұмыс істеліну үшін ата-аналармен үнемі қарым-қатынас жасау керек. Ата-аналарды сабақта болып жатқан іс-әрекет пен оқу үрдісіне тарту керек. Жанұядағы экономикалық жағдай, қала мен еліміздегі түрлі экономикалық козқарастарға ата-аналарды да араластырып тұру керек. Бұл үшін оқушыларға арнайы үй тапсырмаларын беріп, ата-аналардың көмегіне сүйеніп орындалатын түрлі үй жұмыстарын тапсыру керек. Оқушылар осы тапсырмаларды орындауда ата-аналарымен кеңесіп, экономикалық тапсырмаларды орындауда олардың шешүлі жолды жазып дәлелді жауаптар беруде оларға жүгінеді. Ата-аналармен байланысты нығайту барысында курс туралы ауызша және жазбаша ақпараттар, сабақтың нәтижелері, кеңестер, жиналыс, конференциялар, сайыстарға қатысып, пікір-талас клубтарына келіп отырғанда ғана осындай жұмыстарды жүргізуге болады.

         Қазіргі заман талабына сай оқушыларға экономикалық білім беру мен тәрбиелеудепәнді бастауыш сыныптан бастап оқыту көзделеді. Экономикалық тәрбие беру оны түрлендіріп ұйымдастыруда ғана іске асады.

         Бастысы – оқушыларға экономика әлемі туралы оған түсінікті қылып білім беру. Сондықтан бастауыш сыныпта экономикалық білім берудің әдісі ретінде – ойын түрінде өткізу оқушы қызығушылығын арттырады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны танып-біледі. Экономика тұралы түсінікті дамыту үшін мазмұнды – дидактикалық ойын сабақтарын өткізген тиімді.

         Оқушылар экономикалық мамандық туралы ойындар барысында еңбектің мәнін сезініп, ересектер сияқты еңбек процесіне дағдыланып, экономикалық білімдерін кеңейтеді.

         Мазмұнды – дидактикалық ойындарда өмірдегі нақты болып жатқан жағдайлар айқын көрініс табады. Сату-сатып алу операциясы дайын өнімнің өндірілуі, шығарылуы сияқты құбылыстармен танысады. Оқу процесі мен ойын сабақтарын кіріктіру  арқылы оқушының омірде болып жатқан құбылыстар мен күрделі экономика тұралы білімді меңгерулеріне қол жеткіземіз.

         Танымдық-ойын іс-әрекетінің бір түрі – кешенді-тақырыптық сабақ өткізу. Пәні математика, экология, қоршаған ортамен байланыстырып өткізу керек.

         Жаңа білім міндеттері, соның ішінде экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін математикалық, экологиялық, көркем өнерге баулудағы түрлі сұрақтарды шешу барысында оқушының экономика пәніне деген қызығушылығы артады.

         Ең бастысы, ойын сабақтарында оқу мен өмірлік тәжірибені ұштастыру арқылы оқушы мен мұғалім, ата-ана арасындағы байланыс нығая түсіп оқушының әлеуметтік, мәдени тұлғасы қалыптасады.

         Ойын барысында:

§  «үлкен өмірге» аяқ басарда оқушылар әлеуметтік топтардың рөлі мен өз-өздерін ұстауды үйреніп, түсініктері қалыптасады;

§  Топқа бөліну арқылы олардың мүмкіндіктері қарастырылып, экономикалық және әлеуметтік институттар тұралы, түрлі фирмалар мен ұжымдық кәсіпорындардың экономикадағы орны туралы таным-түсініктері қалыптасады;

§  Ойын өткізудегі қойылған мақсаттарды орындауда ұжым болып еңбек етуге үйреніп, оқушы бойында жеке қабілеттері ашылады;

§  Мұғалім көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушы бойындағы мәдени қасиеттерді ашып, оқушы-мұғалім арасындағы сабақтастықты одан әрі дамытады.

Ойын сабақтарын сауықтырудың бір түрі етіп, пайдалана білу керек. Ойын сабақтарын өткізу арқылы оқушы да, мұғалім де дем алып, ол сабақ ары қарай білім берумен жалғасып отыру ұсынылады. Ойын ойнау барысында оқушы шығармашылыққа, адами қасиеттерге, еңбек етуге дағдыланады.

Ойын- мамандық пен жанұя мектебі, адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынастар мектебі. Адам ойын барысында мектептегі үйренгендерімен қатар қосымша білім мен білікті өзі қалай қалыптастырып алғанын сезбей де қалады.  

Курстың тақырыптық-күнтізбелік жоспары

Скачать материал

Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле.
На странице приведен только фрагмент материала.