Главное меню

  • К списку уроков
Көз – көру мүшесі
01.02.2016 738 0

Дүниетану

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Көз – көру  мүшесі 

Сабақтың жалпы мақсаты

Оқушыларға адамның сезім мүшелері туралы және адамға қоршаған ортаны бағдарлауға,көмекші көз екені туралы білімдерін кеңейту.Оқушыларды көздің қадірін түсіне білуге,оның гигиеналық талаптарын сақтауға тәрбиелеу.Көзді сақтай отырып,ойлау қабілетін,ойы мен тілін дамыту.

Әдіс-тәсілдер

түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру,әңгімелеу

Көрнекіліктер

Көзді  суреті  салынған  плакат .

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныптаынтымақтастықатмосферасынқалыптастыру

 

Би «Қаражорға»

Топқабөлу

Оқушыларды  плакатка  көздің  тарихы жайында  шағын  эссе  жазу  тапсырылады .

Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген «Мұрын» тақырыбын оқытып, мазмұнын сұрау. Үй тапсырмасын

Қызығушылықты ояту

1)Отырып жасалады. 3-5 секунд созылған оң қолыңның сұқ саусағына қара, содан сол қолыңның алақанымен сол жақ көзіңді 3-5 секундқа жаба тұр, осы арада оң жақ қолыңды бүгіп және жазып тұр. Ал енді керісінше оң қолыңмен оң жақ көзіңді жауып орында.

2)Екі көзімізбен бірге мұрын ұшына қарап, осылай 5 секунд тұрамыз.

3)Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға қараймызда, 5 секунд тұрамыз

 

Жаңа материалмен жұмыс.

1. Көрудің маңызы. Адам көру анализаторы арқылы қоршаған дүниеден 90%- дан көп ақпарат алады. Бізді қоршаған заттар мен құбылыстарды, денеміздің өзін ең алдымен көру арқылы қабылдаймыз. Көруге байланысты тұрмыстық және еңбек дағдыларын, мінез - құлықтың белгілі бір ережелерін орындауды үйренеміз. Көру арқылы жазуға, оқуға үйренеміз. Қоршаған табиғаттағы, сәулет өнері, мүсін өнері, балет, кескіндеме, кинодағы әдемілікті көреміз.
2. Көздің құрылысы. Көз алмасының пішіні шар тәрізді. 2/3 бөлігі бас сүйектегі көз шарасымен қоршалады. Көз алмасын солға, оңға, жоғары, төмен қозғалысқа келтіретін бұлшық еттер арқылы көз шарасына бекінеді.Ақ қабық көз алмасына пішін береді. Алдыңғы бөлігі қасаң қабыққа жалғасады. Қасаң қабық жарықты өткізеді. Тамырлы қабықта қан тамырлары көп. Ол көздің барлық ұлпасын қоректік заттармен, оттекпен қамтамасыз етеді. Тор қабықта жарыққа сезімтал рецепторлар: құтышалар мен таяқшалар орналасқан. Қарашыққа қарсы жиналған құтышалар сары дақ, көру жүйкесі шығатын жерді соқыр дақ дейді.
3. Көру қызметі. Жарық көз алмасына қарашық арқылы түседі. Қарашық жарық сәулесін тоғыстау қызметін атқарады. Көзбұршақ жарық сәулесін сындырады да, оларды шыны тәрізді дене арқылы аударылған күйінде көздің тор қабығына бағыттайды. Көзді қимылдататын бұлшық ет заттың кескіні көздің тор қабығына, сары даққа дәл түсетіндей етіп көз алмасын қозғайды.

Ой толғаныс

 Сен білесің бе? Көз туралы қызықты мәліметтер

-Жағымды заттар көргенде адамның қарашығы 45% дейін ұлғаяды.

-Ер балаларға қарағанда қыз балалар көзін екі есе жыпылықтатады екен.

-Көзді ашып түшкіру мүмкін емес.

-Көк көзділер ауруға сезімталдау.

-Тез оқығанда көз аздау шаршайды.

-Көз астына қарағанда үстінде кірпік көптеу.

-Аралардың көзі бесеу болады. Екі үлкен,үш кішкентай.

-Ал құмырсқалар болса жұлдыздарды күндізде көре алады  екен.

-Шаянның көзі антенна сияқты шошайып шығып тұратын бұтақшаларында орналасқан.Тіпті құйрығында да орналасқан көзі бар екен.

Үйге тапсырма беру.

Көз  жайында  мақал  азып келу .

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар стикерге  көз  жайында  нақыл  сөздер жазып , тақтаға  жабыстырады