Главное меню

  • К списку уроков
Қоршаған ортаны қалай танып білуге болады
01.02.2016 768 0

Дүниетану

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Қоршаған  ортаны  қалай  танып  білуге болады

Сабақтың жалпы мақсаты

балаларды қоршаған ортаның сұлулығым бақылауға үйрету; бақылау, зерттеу қабілетін дамыту; тірі және өлі табиғаттағы заттар мен құбылыстарды бақылау, талдау, сараптау, қорытынды жасауды үйрету.

Әдіс-тәсілдер

түсіндіру, әңгіме,

сұрақ-жауап,

Көрнекіліктер

дәптер, қарындаш, қалам, табиғи материалдарды жинақтайтын папка.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныптаынтымақтастықатмосферасынқалыптастыру

 

Би «Қаражорға»

Топқабөлу

Балалар өлеңді өздері оқиды:

                      

 Табиғатты сүйіңдер,

Орман, көлді бағала.

Ыстық күнге шіліңгір,

 Аязға да қарама.

 

Туып-өскен даламыз -
Біздің мәңгі панамыз.
Туған жерге құрметпен,
Қамқорлықпен қараңыз.

 

Үй тапсырмасын сұрау

Жазбаларыңды ретке келтір. Өз зерттеу пікірің туралы балаларға айтып беруге дайындал. Мәтінді оқып, Өзіңді тексер» айдары бойынша берілген тапсырмаларды орында.

Қызығушылықты ояту

«Табиғат» сөзіне ассоциациялық тізбек құрастыру.
Оқушылар өз ойларын айтады, мұғалім жинақтап толықтырады.
- Табиғат дегенде, біз жер, аспан, су, өсімдіктер, жануарлар, ауа, от, күн, жылу, ай, өзен - көлдер, таулар т. б. көз алдымызға елестетеміз. Бұлар бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Адам да табиғатта өмір сүреді. Өз өміріне қажетті заттарды осы табиғат - анадан алады. Суды өз өміріміз үшін қолданамыз. Күн бізге жылу, жарық береді. Өсімдіктер бізге таза ауа бөліп шығарады.
Яғни, табиғаттағы әр заттың өз орны, өз маңызы бар.

Жаңа материалмен жұмыс.

Оқушылармен мынадай сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі.

1.    Тірі және өлі табиғат бір-бірімен қалай байланысты?

2.    Адамдар табиғаттан не алады?

3.    Қандай сезім мүшелері табиғатты және оның сұлулығынсезінуге көмектеседі?

4. Өз өлкеңнің табиғи байлығы туралы әңгімеле.

5. Сурет салу.

Ой толғаныс

Ой толғау.
Балалар эссе жазады.

   - Топсеруен кезінде өзің көрген дүниелердің қайсысы қуантып, қайсысы көңіліңді жабырқатты?

Үйге тапсырма беру.

 «Мен табиғатты қалай қорғап жүрмін» - эссе жазу.

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер