Главное меню

  • К списку уроков
Көлдер және бөгендер. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.
18.11.2015 1923 0

Білімділік: Қазақстандағы көлдер мен бөгендердің республика аумағында орналасуы және пайда болуы жөнінде оқушылардың білімін кеңейту. Көлдерді шаруашылыққа пайдалану туралы түсінік беру. Көл суларын қорғау, оның келешек үшін маңызы бар екенін оқушыларға кеңінен түсіндіру. Каспий теңізіне сипаттама беру. Каспий балық кәсіпшілігінің халық шаруашылығындағы маңызын түсіндіру. Каспий теңізінің экологиясы. Көл суларын қорғау оның келешек үшін маңызы зор екенін оқушыларға түісіндіру, экологиялық тәрбие беру. Арал теңізі және оның алабына жататын өзендермен таныстыру. Арал теңізі бұрын қандай еді, қазір қандай? Балқаш көлі және оған құятын өзендермен таныстыру. Балқаштың табиғат байлықтарына сипаттама беру.

Дамытушылық: Қазақстан аумағындағы көлдердің таралуын физикалық, тектоникалық карта бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Оқушылардың өз бетінше жаңа ақпараттық технологияны пайдаланып интернетпен жұмыс әстей бәлу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Каспий, Арал, Балқаш көлдерінің экологиялық жағдайларына тоқталу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулар картасы, атлас

Сабақтың кезеңдері:  

         1. Ұйымдастыру кезеңі                                                                           5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2.      Үй тапсырмасын тексеру кезеңі                                                       6. Бағалау кезеңі

3.      Тақырыпты меңгеру кезеңі                                                               7. Үй тапсырмасын беру кезеңі

4.      Тақырыпты бекіту кезеңі              

 Сабақтың барысы:

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу.  Түгендеу.  Сабаққа дайындығын тексеру.

Мұғаліммен амандасу.  Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2

Үй тапсырмасы бойынша өткен тақырыптардан бірнеше сұрақтар қояды:

1) Қазақстаннық ірі өзендерін атап, картадан көрсетіңдер, олардың ұзындығы қанша км-ден асады?

2) Қазақстанның өзендері қандай алаптарға жатады?  Оларды картадан көрсет.

3) Қазақстан өзендерінің қоректену типі мен режимін сипатта.

4) Өзеннің су шығыны, жылдық ағыны деген не?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

1) Қазақстанда ұзындығы 1000 км-ден асатын 7 өзен бар: Ертіс, Тбыл, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Шу.

2) Қазақстан өзендері негізгі 2 алапқа жатады: Солтүмтік Мұзды мұхит алабы: Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері және ішкі тұйық алап: Каспий теңізі алабы, Арал теңізі алабы, Балқаш-Алакөл алабы.

3) Қазақстан өзендері қар-жаңбыр және қармен қоректенеді, жер асты суымен,  мұздықтармен қоректенетін өзендер да бар, олар көбінесе басын таудан алатын өзендер. Өзендердің көбі көктемде қар еріген кезде тасып, жазда кейін қайтады.

4) Өзеннің су қимасынан 1 секунд ішінде ағып өтетін су мөлшерін өзеннің су шығыны деп аталады. Өзеннің бір жыл ішінде ағып шыққан су шығынын жылдық ағын деп атайды.

3

Ең алдымен кіріспе сұрақтардан бастайды: 1) Көл деп нені атайды? 2. Көлдің теңізден айырмашылығы неде? 3. Көлдің қандай түрлерін білесіңдер? 4. Ағынды және тұйық көлдерге мысал келтіріңдер, олардың айырмашылығы неде? 5. Көл суының тұзды болуы неліктен?

Жаңа тақырыпта меңгеру үшін мына жоспарды құрады:

1. Қазақстан көлдеріне жалпы шолу

2. Олардың ерекшеліктері.

3. Су деңгейі

4. Көлдердің қазаншұңқырларына қарай түрлері.

5. Бөгендер

6. Каспий теңізі

7. Арал теңізі

8. Балқаш көлі

Физикалық карталарды пайдаланып мұғалім Қазақстандағы көлдердің ерекшеліктерін баяндайды. Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көл бар екенін айтады. Олардың ішінде: Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көлемі бір шаршы км-ден кем шағын көлдер кездесетінін түсіндіреді. Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі таралмаған. Климаттың жағдайларына көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай кемитінін, жазықтағы көлдердің көпшілігі теңіз деңгейінен 100-350 метр биіктіктегі неоген және антропоген шқгінді жыныстарының үстінде орналасқанын баяндайды. 

 Каспий теңізі: ауданы – 390 мың км2, орташа тереңдігі -28 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге, енді жері – 435 км, енсіз жері – 193 км. Жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км, жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29%-ы (2340 км), Ресейге – 16%-ы, Әзербайжанға – 20%-ы, Түркіменстанға – 21%-ы, Иран Ислам Республикасына – 14%-ы тиеді. Үлкендігіне қарап оны теңіз деп атайды, атауы ХVІ ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегі бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді. Қыс айларында теңіздің тек солтүстік таяз бөлігі ғана қатады – мұздың қалыңдығы 2 м-ге дейін жетеді. Судың тұздылығы Солтүстік Каспийде құбылмалы, Еділ мен Жайық сағасына жақын жерде 0,2-2 болса, орталық бөлігінде 10-12‰-ге дейін көтеріледі, орталық және оңтүстік бөлігінде әдетте 13-14‰. теңіз деңгейі 1830-1929 жж – 25,5-26,6 м, 1929-1977 жж күрт төмендеді, 1978 жылдан бастап көтерілді, 1995 ж басында 26,5 м. Еділ сағасында 4-5 км, Жайық сағасында 6-12 км, Қаратон, Теңіз, Прорвада кен орындарының тұсында 35-45 км, Бозащы түбегінде 4-10 км жер су астында қалды. Каспий суының көтерілуі 45%-ы құятын өзендерге, 16%-ы жауын-шашынға, 25%-ы булану мөлшеріне, 14%-ы Қарабұғазкөл шығанағына құйылатын суды шектеуге байланысты.  Каспий теңізі балыққа бай, итбалықтың болуы кезінде теңіздің Солтүстік Мұзды мұхитпен байланысын көрсетеді, д.ж-де жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың Қазақстан үлесіне 40%-ы тиеді. Бағалы балық –  қортпа (белуга) ұзындығы 6-7 м-ге, ал салмағы 1800 кг-ға жетеді, 100 жылға дейін тіршілік етеді. Бекіренің (осетр) ұзындығы 2,3 м, салмағы 100 кг-ға жетеді. Шоқырдың (севрюга) ұзындығы 2,2 м-ге, салмағы 40-80 кг-ға жетеді.  Теңізде одан басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ ауланады. Тек Каспийдің шығыс жағалауында жыл сайын кәсіптік маңызы бар 2 млн. құс қонақтайды.  Кей жылдары суда жүзетін 3 млн құс қыст.

 1961 жылға дейін Арал теңізі мұхит деңгейінен 53 м биіктікте жатқан, ауданы 61,1 мың ш.ш, суының көлемі 1064 текше км. 1998 жылдан бастап теңіз деңгейі 18 м төмендеген.  

Соңғы 40 жылда сол өңірдегі суармалы жер көлемінің ұлғаюы, суды қажет ететін кәсіпорындардың көбеюі, Арнасай,, Шрадара, Саырқамыс сияқты көптеген жасанды суқоймалардың пайда болуы – Арал айдынының аумағын, көлемін, тереңдігін азайтқанын түсіндіреді. Ауаның ылғалдылығы азаййып, жазы құрғақ та ыстық (шілде 45°С дейін), қысы суық (47°С) болатын жылдар мен күндер көбейген. Өзен жағалауындағы уармалы егістіктерден (негізінен, мақта мен күріш) және өнеркәсіп орындарында пайдаланылған сулар Арал теңізіне құйылып теңіз түбіне 1 млрд тоннадан астам улы шөгінділерді әкелген. Су тұздылығының артуы (1 л-ге 35) су түбінде шөккен тұз шөгінділері пайда болған, ауданы 40 мың км-ге жуық жалаңаштанған теңіз түбінен көтерілген (жыл сайын 70 млн тонна) улы шөгінділер тұзды шаңға айналып, жайылымдар мен егімтіктерді улап, үлкен апат әкелген. 

Оқушылардың жауаптары:

1. Құрлық бетіндегі суға толған табиғи  ойыс. 2. Ол мұхитпен тікелей байланыспайды. 3. Көлдердің тектоникалық, қалдық, ескі арна, жанартаулық, бөген көлдер түрлері болады. 4. Зайсан – ағынды көл, Балқаш – ағынсыз көл.

5. Өзендер үнемі ағып тұратындықтан олар тұщы болады, ал көлдерге өзен құяды, егер ағып шықпаса ол тұзды болады, егер өзен ағып шақса ол тұщы болады.

1. Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көл бар. Олардың ішінде: Каспий, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа көлемі бір шаршы км-ден астам көлдер бар. Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі тарамаған. Климаттың жағдайларына  байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді, жазықтағы көлдердің көпшілігі деңгейінен 100-350 м биіктіктегі неоген және антропоген шөгінді жыныстарының үстінде орналасқан.

2. Көлдердің орналасуындағы ерекшеліктер:

1) Олардың топ-топ болып шоғырлануы

2) Көлдердің тағы бір ерекшелігі – жасының әр түрлі болуы. Олар әр кезде пайда болған. Биік таулы аймақтардағы көлдер шығу тегі жөнінен жас көлдерге жатады.

3. Көлдердің су деңгейі судың кірісі мен шығысының арақатынасына байланысты. ХХ ғасырда Қазақстанда ең аз сулы кезең 1936-1940 жылдары болды.

4. Көлдер қазаншұқырларының пайда болуына қарай келесі типтерге бөлінеді: а) тектоникалық көлдер, ә) реликті көлдер, б) мұздық көлдер типі, в) кар көлдері, г) Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі нәтижесінде пайда болған көлдер, д) ескі арна көлдері.

5. Қазақстанда барлығы 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар салынған. Олардың ауданы 10 мың км2. Олар ауданына қарай төр топқа бөлінеді: 1) кіші – 50 ш.ш, орта – 50-250 ш.ш, ірі – 250-1000 ш.ш, аса ірілері – 1000 ш.ш-нан асады.

5. каспий теңізі – қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан

6. Мыналарды анықтап, жазып алады: Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Ауданы – 390 мың км2, орташа тереңдігі -28 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге, енді жері – 435 км, енсіз жері – 193 км. Жағалау сызығының ұзындығы – 7000 км, жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29%-ы (2340 км), Ресейге – 16%-ы, Әзербайжанға – 20%-ы, Түркіменстанға – 21%-ы, Иран Ислам Республикасына – 14%-ы тиеді.

Каспий теңізі қазаншұңқырының бедеріне қарай бөліктері: солтүстік бөлігі жалпы теңіз ауданының 24%-ын алады, көп жерінде тереңдігі 5 м, ең терең жері 26 м; Орталық Каспийдің орташа тереңдігі 345 м, ең терең жері 1025 м, теңіз ауданының 40%-ын, ал теңіз суының 66%-ын алады; Оңтүстік бөлігі таяз, аралдарының жалпы ауданы 2045 км2,, Қазақстан жерінде олардың 88%-ы орналасқан (ең ірілері – Төленді аралдар тобындағы Құлалы (73 км2) және Морской  (65 км2) аралдары. Шілдеде орташа температура +24+26°С, қаңтар айының орташа температурасы -7-11°С. Ең төмен температурасы -38°С. Теңіз екі климаттық белдеуде орналасқан: солтүстігі қоңыржай континентті климатта.

Теңізде кездесетін ең бағалы балықтар – бекіре (бекіре, шоқыр, қортпа) тұқымдастары; өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді, балықтың 55 түрі кездеседі.  Қазіргі кезде құстардың 260 түрі кездеседі. Теңіз жағалауында – Атрыау, Форт-Шевченко, Ақтау және т.б. қалалар бар.

Арал теңізі – жас тұран платформасының үстінде орналасқан көл екенін анықтайды. Неоген дәуірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогенніңі аяғында алғаш рет суға толған. Үстірт келіп тірелетін батыс жағы биік, тік жарлы болып келетінін, қалған бөлігігнің жағасы ойпатты жазық, шығанақ қойнауларымен тілімденгенін карта бойынша анықтап қарайд,  ауданы 61,1 мың ш.ш, суының көлемі 1064 текше км.

Оқушылар Балқаш көлі ьуралы мұғалімнің әңгімесін тыңдап отырып, оның ауданы 18200 км2 екенін жазып алады. Оқушылар мұғалімнің нұсқауыменкартаға қарап Балқаш көлінің солтүстігінде Сарыарқамен, батысында Бетпақдаламен, оңтүстігінде және шығысында Балқаш маңы жазығымен шектесткенін анықтайды. Яғни оның солтүстік жағалауы биік жарқабақ болып келеді, ал оңтүстік жағалауы ойпатты болып келген деп сипаттайды. Оқушылар Балқаш көліне құятын өзендерді атап шығады: Іле, Қаратал, Лепсі, Ақсу, Аягөз, Бақанас. 

Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап беруге тырысады: шаруашылықта қолданылады, Іле өзенінің бойында Қапшағай СЭС-ы салынған, сондықтан ол өзенмен бірге келген лас заттардан ластанады.

4

Тақырыпты бекіту үшін келесі сұрақтар мен тапсырмаларды береді: 1) Қазақстан көлдерінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер? 2) Көлдердің таралуында қандай заңдылықтар бар? 3) Қазақстан көлдерінің су деңгейінің өзгеруі неге байланысты? 4) Көлдер қазаншұңқырларының пайда болуына қарай қандай типтерге бөлінеді? 5) Өзендерді қандай мақсатпен бөгейді? Олардың қандай маңызы бар? 6) Каспий теңізі қазаншұңқырының түпкі бедері қандай? 7)  Тектоникалық картадан теңіздің шарасы қандай тектоникалық құрылымда орналасқанын анықтаңдар. 8) Балқаш көлінің батыс бөлігі тұщы, шығыс бөлігі тұзды болып келуінің себебі неде?

Сұрақтар мен тапсырмаларға жауаптары: 1) Қазақстан көлдерінің негізгі ерекшеліктері – олардың топ-топ болып шоғырлануы,  жасының әр түрлі болуы. 2) Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі тарамаған. Климаттың жағдайларына  байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді, жазықтағы көлдердің көпшілігі деңгейінен 100-350 м биіктіктегі неоген және антропоген шөгінді жыныстарының үстінде орналасқан. 3) Өазаөсан көлдерінің су деңгейі судың кірісі мен шығысына байланысты болады. Оларды су балансы жыл ішінде айтарлықтай өзгеріп отырады, сондықтан жиі ауытқуға ұшырайды. Олар көбінесе көктемгі қар еріген кезде көтеріледі. 4) Көлдер қазаншұқырларының пайда болуына қарай келесі типтерге бөлінеді: а) тектоникалық көлдер, ә) реликті көлдер, б) мұздық көлдер типі, в) кар көлдері, г) Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуі нәтижесінде пайда болған көлдер, д) ескі арна көлдері. 5) Өзендерді жер беті ағындарын реттеу мақсатымен бөгейді.  Көбінесе халық қажктін өтеу үшін салынады. Оларды энергетикалық, транспорттық, ирригациялық, рекреациялық мәселелерді шеші үшін пайдаланады. 6)  Каспий теңізі қазаншұңқырының бедеріне қарай 3 бөлігі бар: солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегі бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді 7) Арал теңізі Тұран ойпатында орналсқан. Көл неоген дәірінің аяғында құрғақ тектоникалық ойыс түрінде пайда болған. Антропогеннің аяғында суға толған. Жағалаулары көбінесе ойпат болып келген, тек оңтүстік-батыс жағалауы үстүртті. 8) Көлге құятын судың жылдық мөлшерінің 78,2%-ы Іле өзенінің суы. Оның суы тұщы, шығыс бөлігінің суы тұздылау. Көл бетінен жыл сайын 1 м су қабаты буланып кетеді. Көлге сұғына еіп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты 2-ге бөледі. Оның ені небәрі – 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Бұғаздағы судың ағыны бір бағытта – батыстан шығысқа қарай, көлдің батыс бөлігі ағынды болып келеді, Іле өзенімен ағып келетін тұздар мұнда шөкпей шығыс бөлігіне қарай кетеді.

5

Сабақты оқушылармен біріге отырып қорытындылайды. Ол үшін келесі сұрақтарды қояды: 1. Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Не қызықты болды?

Оқушылар ссұрақтарға жауап бере отырып сабақты қорытындылайды: 1. Бүгінгі сабақта Қазақстанның көлдері мен бөгендері туралы білдік: 48 мың көл, 4000 мыңнан астам бөгендер мен тоғандар бар.  Ең үлкен көлдер – Каспий, Арал, Балқаш көлдері туралы қызықты мәліметтер алдық. Балқаш көлінің ащы, тұщы болып бөліну себебі қызықты болды.

6

Оқушыларды сабақ үстінде белсенділік көрсеткеніне қарай, картамен жұмыс істей алуларына қарай және жауаптарының дұрыстығына бағалайды.

 

7

Үйге: §29,30,31,32 қайталау. Оқулық қосымшасы бойынша номенклатураға дайындалу.