Главное меню

  • К списку уроков
І- бөлім. Қазақстанның физико- географиялық сипаттамасы. Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы.
18.11.2015 665 0

Сағаттық белдеулер.

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы, уақыт айырмасы, сағаттық белдеулерге тоқталып, көршілес жатқан мемлекеттерді тану туралы білім беру.

Дамытушылық:  Балаларды оқулықпен, картамен, кескін картамен жұмыс істеуге дағдыландыру.  

Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, сұрақ- жауап.

Құрал-жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстанның әкімшілік-территориялық картасы

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі

(1 мин)

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.

2. Үй жұмысын тексеру кезеңі (15 мин)

Үй жұмысын тексеру мақсатында төмендегі сұрақатрды қою:

v  ҚР қай жылы өз тәуелсіздігін алды?

v  Егемендік туралы Деклорация қай жылы қабылданды?

v  Қай жылы Қазақстан ТМД құрамына кірді?

v  БҰҰ-ға қай жылы мүше болды?

v  Ата Заң қай жылы шықты?

v  Заң шығарушы қызметін кімдер атқарады?

v  Неше обл, қала, аудан, кенттер бар?

v  Қанша ұлт өкілдері тұрады?

v  Алматыдан Астанаға қай жылы көшірілді?

v  Неше елмен сыртқы сауда байланыстары бар? Оның ішінде экспорт пен импорт көлемдерін атап шық?

v  Қазақстанның физикалық географиясы ені оқытады?

v  Павлодар облысының географиялық орны мен орналасу ерекшелігі неде?

Мұғалімнің қойған сұрақтарын мұқият тыңдап, жауап беру.

3.Жаңа тақырып кезеңі (20 мин)

ҚР жер көлемі, оның алатын орны, д.ж. саяси картасында алатын орны мен орналасуындағы ерекшелігі туралы айту. Халық тығыздығы дегеніміз не? Қазақстанның халық тығыздығы 1км2 5,4 адамнан келеді.

Қазақстан қандай мемлекеттерімен шектеседі?

Ресей- 6467 км; ҚХР- 1460 км; Түркменстан- 380 км; Өзбекстан- 2300км; Қырғызстан- 980 км.

Д.ж. сағаттық белдеулер туралы айтып. Қазақстанда кездесетін сағаттық белдеулерді, олардың түрлерімен таныстыру.





Сағаттық уақыт белдеулері

 

 

   белдеулік                 декреттік          жергілікті                     жазғы уақыт

1930 жылы 16 маусымда КСРО үкіметінің декретімен қабылданған уақыт.

Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды.  Өзара және мұғаліммен пікір алмасады.

4. Жаңа тақы-рыпты бекіту

(10 мин)

Кескін картаға д.ж. сағаттық уақыттын және оның айырмашылықтарын салу.

 

Карталармен жұмыс жасайды.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі (10 мин)

Қорытындылай келе төмендегі сұрақтарды қою:

1.      ҚР аумағының көлемі?

2.      Картадан шектесетін мемлекеттерді көрсетіп, оларды ата?

3.      Халық тығызыды дегеніміз не? Оны қалай анықтауға болады?

4.      Сағаттық уақыт дегеніміз не?

5.      Жер шарында неше сағаттық уақыт белдеулері бөлінген?

6.      Қазақстан қандай уақыт белдеуінде жатыр?

7.      Декреттік уақыт дегеніміз не?

8.      Жазғы уақыт дегеніміз не?

9.      Жергілікті уақыт дегеніміз не?

10.  Белдуелік уақыт дегеніміз не?

Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.

6. Бағалау кезеңі

(2 мин)

Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі

(2 мин)

§ 3-4 оқу, кескін картаға ҚР шекарасын, шектесетін мемлекеттерді, облыс орталықтарын бөліп, көрсету.

Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.