Главное меню

  • К списку уроков
Табиғат зоналары
17.11.2015 788 0

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:            Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі, баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Табиғат зоналары картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Аустралияның табиғат зоналары орналасуы жағынан оңтүстік жарты шардың басқа материктерімен ұқсас болып келеді.Бірақ зоналар алып жатқан ауданы мен тіршілік дүниесінің құрамы жөнінен үлкен айырмашылық жасайды. Бұл айырмашылық Аустралияның басқа материктерден өте ертеде бөлініп кетуіне байланысты. Сондықтан материкте басқа ешбір жерде табиғи жағдайда кездеспейтін эндемик өсімдіктер (эвкалипт, казуарина) мен жануарлар (кенгуру, үйректұмсық, ехидна) тіршілік етеді. Материктегі өсімдіктердің 75 %-ы, ал жануарлардың 90%-дайы тек қана Аустралияға тән. Материкте жергілікті жыртқыштар жоқ. Сонымен қатар гондваналық материктердің арасында байланыс болғанын дәлелдейтін кейбір ортақ түрлер (бөтелке ағашы, саяхатшылар ағашы, араукария, ағаш тәрізді папортник, акацияның кейбір түрлері) де бар.

Аустралияда материктің жалпы ауданымен салыстырғанда шөлдердің үлесі өте көп, керісінше орман басқа материктермен салыстырғанда аз алқапты қамтиды.

Материктің басым көпшілігін тропиктік шөл және шөлейт зонасы алып жатыр. Бұл зонаның барлық бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 200-250 мм-ден кем емес, бірақ ұдайы ыстық болғандықтан булану мөлшері жоғары болады. Африкадағы тәрізді мұнда да шөлдердің бірнеше түрі кездеседі. Кристалды жыныстардан құралған қалдық тауларды тасты шөлдер, ойпаттар мен көлдердің айналасын сазды шөлдер, қалған бөлікті құмды шөлдер алып жатыр.

Солтүстікке және шығысқа қарай ылғал мөлшерінің артуына байланысты саванналар мен сирек ормандар таралған. Солтүстіктегі субэкваторлық климаттық белдеудің ылғал көп түсетін бөліктерінде қызыл-қоңыр топырақты ылғалды саваннасы таралған. Мұнда эвкалипт ағаштары басым өседі, оңтүстікке қарай олардың орнын акациялар алмастырады. Үлкен Суайрық жотасына қарай шөптесін өсімдіктер басым.

Ормандар материктің шығысындағы Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейін алып жатыр. Бірнеше климаттық белдеуді кесіп өтуіне байланысты ормандар солтүстіктен оңтүстікке қарай алмасып отырады. Күлгіндеген қызыл топырақтағы ылғалды тропиктік ормандар 20º о.е. дейінгі бөлікте таралған. Оңтүстікке қарай қызғылт-сары ферралитті топырақтағы ылғалды субторпиктік ормандарға ауысады.

 

Жаңа сабақты бекіту:

1.      Аустралия материгіне қандай табиғат зоналары тән?

2.      Аустралия шөлдерінің Африка шөлдерінен қандай басты айырмашылықтары бар?

3.      Скрэб дегеніміз не? Ол қай табиғат зонасына тән болады?

4.      Материк табиғатына кері әсерін тигізетін қандай жағдайларды білесіңдер?

 

Қорытынды: Қазіргі кезде материк табиғатын мүмкіндігінше сақтау барысында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Аустралия Одағының мемлекеттік ел таңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру бейнелеген, ал ехидна, үйректұмсық, лирақұйрық күміс ақшаларында таңбаланған. Аустралиядағы қорғауға алынған кешендердің саны мыңнан асады. Материктегі Улуру, Үлкен Тосқауыл рифі, Какаду тәрізді ұлттық парктер дүние жүзіне әйгілі.

Үйге тапсырма: §55 оқуға. Кескін картаға табиғат зоналарын түсіріп келу. Қосымша материалдар жинау.