Главное меню

  • К списку уроков
Батыс, Шығыс және Оңтүстік Африка елдері
17.11.2015 805 0

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларға Батыс, Шығыс және Оңтүстік Африка елдерімен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу, халқының байланысын анықтау.

            2.Дамытушылық:     Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, танымдық қабілетін таныта отырып, тез ойлауды және картамен жұмысты дамыту.

                3. Тәрбиелік:            Оқушылар басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз елін, жерін сүйе білуге құрметтеуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын тексеру

 

Жаңа сабақты түсіндіру:   

Батыс Африка елдері. Аймақтың құрамына Атлант мұхиты жағалауы бойындағы Кабо-Верде, Сенегал, Гамбия, Гвинея-Бисау, Гвинея, Сьерра-Леоне, Либерия, Кот-д-Ивуар, Гана, Того, Бенин, Нигерия және ішкерірек орналасқан Буркина-Фасо, Нигер, Мали, Мавритания елдері кіреді.

Батыс Африка аймағының жер бедері негізінен аласа таулы, үстіртті болып келеді.Ойпатты жазықтар Сенегал жері мен Гвинея шығанағы жағалауына, көбінесе батпақты болып келетін өзен бойларына тән болады. Осы жазықтарды ылғалды экваторлық  ормандар алып жатыр. Ыстық, ылғалды  климат жағдайында дамыған құнарлы топырақ жамылғысында өсірілетін каучук, кофе, майлы пальма, какао, банан, ананас, маниок, батат, сорго, жүгері, қант құрағы, жер жаңғағы плантациялары бірте-бірте ормандарды ығыстыруда.  Атлант мұхитының жағалауында орналасқан елдерде теңіз траспорты, балық аулау мен балық өңдеу шаруашылықтары дамыған. Аймақтағы Нигер, Сенегал, Вольта, Бенуэ сияқты ірі өзендердің шаруашылық маңызы бар.

Батыс Африка халықтарының тарихы ежелден басталады. Аймақта орта ғасырда Бенин, Ифе, Дагомея, Гана, Мали, Сонгай тәрізді мәдениеті дамыған мемлекеттер болған.

Шығыс Африка елдері. Аймақтың құрамына Судан, Эритрея, Эфиопия, Джибути, Сомали, Уганда, Кения, Руанда, Бурунди, Танзания, Замбия, Малави кіреді. Шығыс Африка жерінде Африка материгінің теңіз деңгейінен ең төмен және ең биік жатқан нүктелері орналасқан.

Аймақ жерінде Африканың ең биік, қозғалмалы бөлігі сәйкес келеді. Сондықтан жер сілкіну мен жанартау атқылаулары болып тұрады. Аймақтың жер бедерінде Эфиопия таулы қыраты мен Шығыс Африка таулы үстірті айқын ажыратылады. Эфиопия таулы қыраты түгелге жуық лавалық жыныстармен жабылған. Жанартау атқылаулары тек тауларда ғана емес, жарылыстар бойындағы жазықтарда да байқалады. Эфиопия таулы қыратының солтүстік-шығысындағы Афар ойысын толтырып жатқан ыстық лава мезгіл-мезгіл кемелерінен асып, жан-жағына жайылады. Ыстық лава әсерінен бұл ойыстың айналасында қыстың өзінде ауаның орташа температурасы +30ºС-тан төмен болмайды.

Оңтүстік Африка елдері. Аймақ материктің Конго және Замбези өзендерінің суайрықтарынан оңтүстікке қарай жатқан бөлігін қамтиды. Оның құрамына Намибия, Боствана, Зимбабве, Мозамбик, Оңтүстік Африка Республикасы, Свазиленд, Лесото және Мадагаскар елдері кіреді.

Жерінің көпшілігін Оңтүстік Африка таулы үстірті алып жатыр. Таулы үстірт оңтүстігі мен шығысына қарай биіктеп, Кап және Айдаһар таулары ұласады. Ал орталық бөлігі аласарып, Калахари қазаншұңқырына ауысады. Қазаншұңқырларды Калахари шөлі алып жатыр. Аймақтың Атлант мұхит жағалауында Намиб шөлі орналасқан. Оңтүстік Африканың көпшілік бөлігін саванналар, ал таулы бөліктерді субтропиктік ормандар алып жатыр.

Аймақтағы жетекші ел Оңтүстік Африка Республикасы шаруашылығының даму дәрежесі жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орныдардың бірін иеленеді.

Жаңа сабақты бекіту:

1. Әр аймақтағы жетекші елдерді атаңдар, олар басқа елдерден қандай белгілермен ерекшеленеді?

2. Нигерия қандай ел, халқы қандай кәсіппен шұғылданады?

3. Шығыс Африка елдерінің табиғаты қандай?

4. Оңтүстік Африка Республикасы туралы не білесіңдер?

 

Қорытынды: Оңтүстік Африка Республикасындағы қорғауға алынған жерлерде сақталып қалған. Елдегі ең ірі Крюгер ұлттық паркінде матеиктегі жануарлардың барлығы дерлік жинақталған. Ұлттық парктерді туристер арнаулы жабдықталған көліктермен жүріп аралайды. 

 

Үйге тапсырма: §52-оқу. Кескін картаға түсіріп келу. Қосымша материалдар жинау.