Главное меню

  • К списку уроков
Солтүстік Америка
17.11.2015 794 0

Сабақтың мақсаттары:

               1. Білімділік:             Оқушыларды Солтүстік Америка мемлекеті жайлы ұғым беру. Ол елдің экономикасымен танысу.

            2.Дамытушылық:      Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картаны оқыту арқылы жұмыс істеу қабілеттерін әрі қарай дамыту және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

                3. Тәрбиелік:               Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, қоршаған ортаны қорғауға ондағы байлықтарға, табиғат ресурстарын білуге бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, атлас карта, оқулық, суреттер, карточкалар

Сабақтың жоспары:

 

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

3.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

4.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

5.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:

Солтүстік Америка – өзіміз тұратын Еуразиямен бірге солтүстік жарты шарда орналасқан материк. Үлкендігі жөнінен Еуразия мен Африкадан кейінгі 3-ші орынды алады, жерінің ауданы 24,2 млн.км².

Табиғатының мынадай басты ерекшеліктері бар:

·         Д.ж-гі аса ұзын әрі енді тау жүйесі – Кордильера, оның ұзындығы 9000 км-ге жуық ең енді бөлігі 1600 км-ге тең.

·         Д.ж-гі ең үлкен арал – Гренландия аралы Солтүстік Америка материгінің құрамына енеді, оның ауданы 2 млн.176 мың км.

·         Д.ж-гі ең үлкен әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600м, ұзындығы 446 км, ені 25 км-ге дейін жетеді.

·         Д.ж-гі ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт-Мамонт Аппалач тауының оңтүстік шығысында орналасқан, оның ұзындығы        500 км.

·         Д.ж-гі ең үлкен тау мұздығы – Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, оның ұз.145 км.

·         Д.ж-лік мұхиттағы биіктігі 18 м-ге жететін ең биік толысу толқындары материктің шығысындағы Фанди шығанағында байқалады.

·         Д.ж-гі ең биік ағаш-биіктігі 100 м-ден астам мәңгі жасыл секвоя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі.

·         Солтүстік Америкадағы ең суық жер – Гренландия аралының орталығы, мұнда -70ºС тіркелген.

·         Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Өлім аңғары, ол теңіз деңгейінен 86 метр төмен жатыр.

·         Материктегі ең ыстық жер – Өлім аңғары (+57С) бұл солтүстік жарты шар материгінде байқалатын ең жоғары температура.

·         Материктегі жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері – Кордильераның солтүстік батыс жағалауы, мұнда 6000 мм-ге дейін жауын-шашын түседі.

·         Солтүстік Америкадағы жылдық жауын-шашынның ең аз жауатын жері – Калифорния шығанағының солүстігі мен Үлкен Алап, мұнда жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден кем.

1492 жылы Х.Колумб бастаған испан экспедициясының материктің оңтүстік жағалауын ашқан.  Мексика жерін басып алумен аяқталды. Ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон        (ХVІІ ғасыр) Александер Макези (ХVІІ ғасыр) материктің солтүстік және шығыс жағалауларындағы көптеген жаңа жерлерді ашты.

1741 жылы Витус Беринг пен Алексей Чириков екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлап жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді.

Жаңа сабақты бекіту:

1.

Жалпы жер көлемі -...

1.

100 м-ден аса

2.

Ең ұзын көлі - ...

2.

Миссисипи

3.

Дүние жүзіндегі ең биік ағаштың биіктігі-...

 

3.

Гренландия аралы

4.

Су жинау алабы жағынан ең үлкен өзен-...

 

4.

24,2 млн км²

5.

Материктің ең ыстық жері-...

5.

Хаббаорд мұздығы

6.

Ең суық жері-...

 

6.

Гренландия аралы

7.

Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы-...

 

7.

Жоғарғы көл

8.

Ең үлкен аралы-...

 

8.

Өлім аңғары

 

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Солтүстік Америка материгінің географиялық орны мен ашылуы және зерттелу тарихымен таныстық. Оқушылардың осы сабақтан алған білімін жетілдіру мақсатында сәйкестендіру кестесін қолдандым.

Үйге тапсырма: §29 – оқу. Кескін картаға Солтүстік Америка материгін түсіру.