Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: § 53. Ғарышты игеру
17.08.2015 1137 0

Сабақтың мақсаты:

·        Білімділік: XX ғасырдың екінші жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктері, оның ғылыми маңызы жайында оқушыларға білім беру.

·        Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып ғылыми жаңалықтардың маңызын түсіне білу қабілеттерін арттыру, ой-өрістерін, шығармашылық ізденістерін дамытуға көмектесу.

·        Тәрбиелік: ғылымға қызығушылықтарын арттыру, тақырыпты меңгерте отырып патриоттық, отаншыл тәрбие беру, ғарышкерлерге деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, Ю.А.Гагарин портреттері. Байқоңыр ғарыш айлағының және планеталар суреті.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Ұйымдастыру кезеңін өткізген соң үй тапсырмасын тексеруге кірісемін.

         Үй тапсырмасын     мына бағытта әңгіме түрінде сұраймын:

·        Тың игерудің қажеттілігі.

·        Тың игерудің барысы.

·        Асыра сілтеушілік.

·        Тың игерудің тарихи маңызы.

·        Салдары.

          Оқушылардың жауабын, пікірін тыңдап болғаннан кейін өткен тақырыпты, үй тапсырмасын қыскаша қорытындылаймын.

III. Жаңа сабақ.

         Сабақтың тақырыбы мен жоспары тақтаға жазылады. Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып беремін.

         Тақырыптың жоспары.

1. Ғарышқа алғашкы қадам.

2. Қазақ ғарышкерлері.

3. Ғарышты игерудің маңызы.

          Сабақты оқушыларға сұрақ қоюдан бастаймын.

Ғарыш дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?

  Оқушылардың ойын білгеннен кейін   планеталар суретін көрсетіп жалпы ғарыштық кеңістік туралы қыскаша түсінік беріп өтемін.

         Ары қарай  жоспардың бірінші бөлімін ауызша баяндап беремін.

Бағыты:

·        Ғарышқа талпыныс.

·        Адам баласының алғаш рет ғарышқа ұшуы. Ю.А. Гагарин.

·        Байқоңыр.

         Оқушыларға негізгі мәліметтерді дәптерлеріне жазғызамын.

Адам баласының алғаш ғарышқа ұшқан мерзімі - 1961 жылғы 12 сәуір.

         Жоспардың екінші бөлімі жайында да осылай түсіндіріп өтемін.

   Қазақстанның өз жерінде әлемде теңдесі жоқ ғарыш айлағы болса да көп уақыт ғарышқа ұшу қазақ баласына бұйырмады. Бұл әрине коммунистік саясаттың кесірі. Тек қана еліміз тәуелсіздік алған соң ғана мұндай мүмкіндікке қол жеткіздік.

         Енді сол ғарыш көгіне самғаған қазақ азаматтары жайлы айта кетемін.

1. Тоқтар Әубәкіров - 1991 жылы 2 қазанда алғаш рет ғарышқа ұшты.

2. Талғат Мұсабаев - 1994 жылы 1 маусымда ғарышқа ұшты. Талғат Мұсабаев үш рет ғарыш көгіне самғады.

         Олар жайлы оқушыларға қысқаша мәлімет беремін.

         Жоспардың үшінші бөлімі бойынша оқушылармен пікір алысамын. Ғарышты игерудің маңызын аша отырып, қандай пайдасы бар екенін оқушылардан сұрап кетемін.

           О. Сүлейменовтың «Адамға табын, жер енді!» поэмасын оқушыларға оқыту.

Қорытынды кезең

         Сабақты бекіту мақсатында   төмендегідей сұрақтарды қоямын.

1.  Ғарышты игерудің ғылымға тигізер пайдасы қандай деп ойлайсың?

2.  Қазақстанның ғарышты игеруге кандай мүмкіндіктері бар?

3. Қазақ ғарышкерлері туралы не білесің? т.б.

   Жаңа сабақтың негізгі мәселелеріне тоқтала отырып, тақырыпты қорытындылаймын. Ғарышты игерудің адам баласы үшін қаншалықты маңызды екеніне оқушылардың көзін жеткіземін.

Бағалау:

Үй тапсырмасы:

1.     53-параграфты оқу.