Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: § 51 Ұлы жеңіске қосылған үлес
17.08.2015 668 0

Сабақтың мақсаты:

·        Білімділік: Қазақстандықтардың Ұлы жеңіске қосқан үлесі жайлы оқушыларға мағлұмат беру. Отан соғысының батырларының ерліктерімен таныстыру, сонымен қатар жеңістің тарихи маңызы жайлы білім алуға көмектесу.

·        Дамытушылық: нақты мәліметтерді анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасай отырып, өз беттерінше шығармашылық ізденіске дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

·        Тәрбиелік: Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен батырларды үлгі өте отырып ерлік істерге, патриоттыққа тәрбиелеу, батырлардың ерлігін құрметтеуге үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық баланыс: география

Көрнекілік: Қазақстандық Ұлы Отан соғысы батырларының суреттері, КСРО картасы.

Сабақтың барысы: 

 I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

         Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болған соң   өткен сабақты оқушылардың естеріне сала отырып, үй тапсырмасын тексеруге кірісемін. Үйге берілген тапсырмаларды тексеру мақсатында мынадай сұрақтар қоямын:

1.  Мәскеуді қорғаудағы қазақстандақтардың рөлі қандай болды деп ойлайсың?

2.  Мәскеу түбіндегі жеңістің маңызы қандай?

3.  Мәскеу түбіндегі шайқаста ерлік көрсеткен қазақстандықтардан кімдерді білесіңдер?

4.  Панфиловшылар жайлы не білесіңдер?

5.  Қоршаудағы Ленинград жайлы айт.

6.  Ленинград қаласын қорғаудағы қазақстандыктардың үлесі.

7.  «Өмір жолының» қандай маңызы болды?

         Үй тапсырмасын тексеруде   картаны, қалалардың суреттері сияқты көрнекі құралдарды пайдаланамын. Сонымен қатар оқушылардың үйде құрастырған сұрақтар мен басқа да тапсырмаларын тексеріп, оны өткен сабақты қайталау үшін басқа оқушыларға орындатамын. Ең соңында   үй тапсырмасын қыскаша қорытындылап, жаңа сабаққа кірісемін.

III. Жаңа сабақ.

         Жаңа сабақтың тақырыбын тақтаға жазып қоямыз. Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстырып өту керек.

         Жаңа оқу материалын түсіндіру.

         Сабақ жоспары:

1.  Әлия Молдағүлова.

2.  Мәншүк Мәметова.

3.  Бауыржан Момышұлы.

4.  Талғат Бигелдинов.

5.  Ұлы Жеңіс.

         Сабақ алдымен ауызша баяндау түрінде әңгімелесу арқылы өтіледі.  Жоспардағы 1-4 бөлімге қысқаша тоқталамын. Баяндау бағыты:

û  Туып-өскен өлкесі.

û  Соғысқа кіріскен майданы.

û  Ерлік істері.

         Сабақты түсіндіргенде барлық көрнекі құралдарды пайдаланамын (батырлардың портреттері, соғыс қимылдарының суреттері, КСРО картасы).

Кесте толтыру

 

Әлия Молдағұлова

Мәншүк Мәметова

Бауыржан Момышұлы

Талғат Бигелдинов

Өмір сүрген жылдары

 

 

 

 

Туып-өскен жері

 

 

 

 

Соғысқан майданы

 

 

 

 

Ерлік істері

 

 

 

 

Жоспардың бесінші бөлімін  төмендегіше  түсіндіремін.

         Түсіндіру бағыты.

& Қазақстандық батырлар.

& Ұлы жеңіс.

& Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы.

& Соғыстың зардабы.

& Ұлы жеңістің тарихи маңызы.

Мәтінмен жұмыс.

          Оқушыларды төрт топқа бөліп, мәтінді таратамын. Мәтін негізінен соғыс қимылдары, яғни оқиға жайында болады. Ол газет қиындысы немесе басқа материалдардан тұрады.

         Бес минуттай уақыт оқушылар топпен оқып шығып, кезекпен талқылайды. Осыған байланысты   әр топқа сұрақ қоямын.

Қорытынды кезең:

         Сабақты қорытындылау мақсатында төрт топқа   батырлар портретін таратып, осыған байланысты сұрақтар беремін. Осыдан кейін   сыныпқа жалпылама сұрақ қоямын.

1.  Ұлы жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесі.

2.  Соғыстың зардабы қандай болды?

3.  Ұлы жеңістің тарихи маңызы туралы айт.

Бұдан әрі   өткен сабаққа шолу жасай отырып, қысқаша қорытындылап шығамын.

Бағалау:

Үй тапсырмасы: 1.51-параграфты оқу.  Толтырылған кесте бойынша оқушылардың дәптерлерін тексеріп шығып бағалаймын.