Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: §41. Қазақ даласындағы ән-күй өнері
17.08.2015 1115 0

Сабақтың мақсаты:

·        Білімділік: қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.

·        Дамытушылық: рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу кабілеттерін дамыту.

·        Тәрбиелік: рухани құндылықты құрметтеуге үйрету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

 Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: география

Сабақтық көрнекілігі: Жаяу Мұса, Құрманғазы, Ақан сері, Қорқыт суреттері және домбыра, қобыз суреттері.

Сабақтың барысы.

         I. Ұйымдастыру кезеңі.

         Ең алдымен  оқушыларды үш топқа бөлемін. Әр топқа бүгінгі тақырыпқа қатысты ат қоямын.

            II. Өткенді қайталау.

          Сабақты үй тапсырмасын сұраудан бастаймын. Алдымен өткен сабақтың тақырыбын оқушылардан сұраймын.

          Тақтаға «Сөз өнері» деп жазып, әр топқа ақылдаса отырып осыған байланысты өз ойларын қағаз бетіне түсіруді тапсырамын. Әр топтан бір оқушы шығып жазғандарын дауыстап сыныпқа оқып береді.  Жазғандарына қарай бағалап отырамын.

         Сонымен қатар үйге берілген мақалдарын оқытамын.  Қай топтың мақал-мәтелді көбірек жазғандарына көңіл бөліп отырамын.

Соңында үш топқа сөз өнеріне байланысты мақалдар беріп талдатамын.

& I топқа «Жақсы сөзге жан семірер».

& II топқа «Қаһарлы сөз - қамал бұзар».

& III топқа «Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ».

          Соңында топтардың берген жауаптарына қарай бағалай отырып, өткен сабақты қысқаша қорытындылап өтемін. Сөз өнері - халық қазынасы, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпақка жалғасып келе жатқан мұра. Сөз өнері - рухани байлық, адамзат игілігі. Халқымызда сөз өнері, шешендік өнер ежелден жақсы дамыған, оны білу арқылы қазақ тілінің, яғни біздің ана тіліміздің бай тіл екеніне көзіміз жетеді.

III. Жаңа сабақ.

         Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып түсіндіремін. Тақырыпты тақтаға жазып қоямын. Тақтаның бір жағына үш топты бағалау парағын іліп қоямын.

Алдымен мұғалім  үш топқа ортақ сұрақ қойылады:

û  Қазақтың ұлттық ән-күй өнері жайлы не білеміз?

Ақылдаса отырып әр топтан бір оқушы шығып жауап береді. Және де топтың тағы бір мүшесі оны толықтырады.  Берген жауабына қарай бағалау парағына бағасын қойып отырамын.

         Келесіде   әр топқа бір парақ қағаздан беріп, өздері білетін қазақтың ертеден келе ән-күйлерін жазып шығуды тапсырамын. Мұны   уақытпен белгілеп, бір мезгілде тоқтатамын. Әр топтың жазған ән-күйлерінің санын бағалау парақшасына жазып қоямын.

         Бұдан әрі   сабақты баяндау жоспарын тақтаға жазып сабақты түсіндіреміні.

1.  Дала әуендері.

2.  Ұлттык музыка аспаптары.

3.  Ән-күй өнеріндегі белгілі тұлғалар.

         Музыка өнері - халқымыздың дамыған ежелгі рухани мәдениеттерінің бір саласы болып табылады. Халқымызда ежелден қалыптаскан дәстүр бойынша адам дүниеге әнмен келіп (Бесік жыры) о дүниеге әнмен (Жоқтау) аттанған. Осының өзі музыканың қазақ халқының арасында алатын орнының жоғары екенін айғақтайды. Қазақ халқында барлық той-думан, мерекелер ән-күйсіз өтпеген. Бұдан әрі   оқушыларға біраз халық әндері мен күйлерін жазғызып шығамын.

         Жоспардың екінші бөлімі бойынша топпен жұмыс істетемін.  Ұлттық музыка аспаптарын жазғызып шығамын: домбыра, қобыз, сыбызғы, дауылпаз, жетіген т.б.

Үш қағазға әр түрлі музыка аспабының атын жазып, жасырып қоямын. Оны әр топтың бір мүшесі келіп алады. Сол таңдап алған аспап туралы әр топ ақылдаса отырып қандай жағдайда қолданатынын, неден жасайтынын атап шығу керек. Бұдан әрі осы аспап жайында әр топ бір-біріне сұрақ қояды.

š I топ - II топқа

š II топ - III топқа

š III топ — I топқа

         Осы аспаптардың қандай жағдайда қолданатыны және қасиеті жайында  оқушыларға әңгімелеп беремін. Жоспардың үшінші бөлімі бойынша топтардың арасында шағын жарыс өткізіледі. Мұнда да уақыт белгілей отыра белгілі әншілер мен күйшілердің атын жазып шығуды тапсырамын. Оның арасында әр топтан бір оқушыдан шығарып, ән жолдары жазылған парақ беріледі. Онда осы әннің авторын табу керек.

          Әр топтың жауабы мен топ мүшелерінің жауабын тыңдай отыра, бағалау парақшасына бағасын қойып отырамын.

         Әншілер мен күйшілер жайында   қыскаша әңгімелеп беремін.

Ертеден келе жатқан музыка өнерінде әншілер мен күйшілердің алатын орны ерекше. Қазақ халқы оларды қай заманда болсын қадірлеп өткен.

         Әнші-сазгерлер: Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Естай, Мәди, Майра, Әсет т. б.

         Күйшілер: Құрманғазы, Дәулеткерей, Ықылас, Тәттімбет, Дина т. б.

         Ән-күй өнерінің даму тарихы, олардың түрлері жайында айта отырып оқушыларды оқулықпен жұмыс істетемін. Әр топтың мүшелеріне мәтінді дауыстата оқытып, бірігіп талқылатамын.

Қорытынды кезең

Сабақты бекіту мақсатында әр топқа карточка таратылады.

Ондағы сөздер:

1.  Ән - Ақан сері.

2.  Күй - Құрманғазы.

3.  Музыкалық аспап - Қорқыт.

         Аталған сөздерді байланыстыра отырып ой өрбіту тапсырылады. Бұдан кейін   әр топқа бүгінгі тақырыпқа байланысты қорытынды сұрақтарды қояды. Артынан  тақырыпқа жалпылама шолу жасап сабақты қорытындылаймын. Қазақ халқының дәстүрлі әндері жазылған күйтабақты тыңдай отырып қорытындылаймын.

Бағалау. Тақтада ілінген бағалау парақшасын пайдалана отырып және оқушылардың сабаққа қатысуын ескере отырып, мұғалім білім деңгейін бағалаймын.

Үй тапсырмасы:

1. 41-параграфты оқу.

2. Белгілі әншілер мен күйшілердің шығармаларын жазып келу.