Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: § 11. Қазақстан халқы
17.08.2015 876 0

Сабақтың мақсаты.

·        Білімділік: Қазақстанның көп этносты мемлекетке айналуының алғышарты, себеп-салдары туралы және этнос, диаспора үғымдарына түсінік беру.

·        Дамытушылық: Оқушылардың ұлт және халык туралы бұрыннан калыптасқан, білген ұғымдарын одан әрі дамытып, сыни тұрғыда талдай білуге дағдыландыру.

·        Тәрбиелік: Көп этнос өкілдері мекендеген Қазакстандағы казақ ұлтының және де баска этнос өкілдерінің салт-дәстүрін, мөдениетін құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пән аралық байланыс: география, бейнелеу

Көрнекілі:

         1. Плакатка сызылған кесте.

         2. Қазакстан Республикасының Конституқиясы.

Сабақтың барысы:    I.       Ұйымдастыру кезеңі.

                                 II. Үй тапсырмасын сұрау.

    Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың дайындығын тексеру үшін  тақтаға алдын ала толтырылған сызбаны іліп қоямын.

Кестені толтыр.

Қазба байлықтар

Қайда өңдіріледі?

 

 

         Оқушылар тапсырмаларды орындау талабына сай өз еріктерімен бір-бірден тақтаға шығып кестені толтырады. Тапсырма орындалмас бұрын   сыныптан қатарлас отырған екі оқушыға көршісімен дәптерлерін алмастырып, тақтадағы дұрыс жауапқа сүйеніп бір-бірлерінің үй тапсырмасын тексеріп шығу тапсырылады. Тақтаға жазып қойған бағалау кретерийі бойынша есептеледі. Мысалы: 9 дұрыс жауап «5»...

         Бұдан кейін үйге берілген такырыпты әр баладан кезек-кезек сұрап шығамын, қалған оқушыларға оны толықтырып отыру тапсырылады. Бұл жерде  уакытты үнемдеу үшін бір оқушыға жауапты тақырыпша бойынша бастатқызып, келесі оқушыға оны жалғастыруды талап етемын.

         Оқушыларға: Сендер өткен сабақта кең-байтақ Қазақстанның әр алуан табиғат байлығы, жануарлар дүниесімен таныс болдыңдар. Табиғат байлығы жағынан Қазақстан әлемдегі еш мемлекеттен кем емес екеніне көздерің жетті. Бүгінгі сабағымызда Казақстанның әлемдегі көп этносты мемлекеттердің бірі екендігі жөне оның қалыптасу тарихымен танысасыңдар деп жаңа тақырыпқа көшемін.

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Қазақ халқы осындай кең-байтақ жерді иеленіп, жауға бермеу үшін талай қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірсе де мойымағанын айтып, оқушыларды туған жерді қорғауға, елінің қамын ойлауға тәрбиелеймін. Соған қарамастан тарихтың небір сындарлы жылдарында күштеп көшірілген ондаған этнос өкілдерінің Отаны бола білген Қазақстан шыққан тегі, затына қарамастан олармен бір үзім нанды бірге бөлісіп жеп, туысқандай қонақжайлық көрсеткендігін айтамын. Ұжымдастыру, индустрияландыру, репрессия, Екінші дүниежүзілік соғыс, тың игеру сияқты тарихи оқиғалармен окушылар әлі таныс болмағандықтан, олардың түсініктерін қалыптастыру мақсатында бұл оқиғалардың тарихына қыскаша тоқталып өтемін. Төмендегі кестені пайдалана отырып, басқа этнос өкілдерінің Қазақстанға күштеп көшірілу себептерін, ақтаңдақтарға толы тарихын оқушыларға ашып көрсетемін.

 

Қазақстанға келіп қоныстанған этнос өкілдері

Қандай тарихи оқиғаға байланысты қоныстандырылды?

96 мың кәрістер соғыс карсаңында

Екінші дүниежүзілік

105 мың поляктар

Ұлы Отан соғысы карсаңында

1 млн-нан аса немістер, оның 400 мыңы Қазакстанға

Ұлы Отан соғысы карсаңында

Жалпы саны 2,5 млн-дай баска ұлт өкілдері

Ұлы Отан соғысы кезінде

 

2-млн-дай баска ұлт өкілдері

Тың жөне тыңайған жерлерді игеру жылдары

 

         Одан әрі бүгінде жер бетінде 3000-дай этнос өмір сүрсе, олардың 130-ға жуық  өкілдері Қазакстанда мекен етеді. Олар да қазақ ұлты сиякты Отанымыздың гүлденіп, көркеюіне күш салуда. Қазақстан Республикасының Ата Занында дініне, тіліне, шыққан тегіне қарамастан Қазақстанды мекен ететін барлык этностардың тең екендігі жазылғанын айтып, Қазақстан Республикасы Конституциясынан үзінді келтіремін.

         Жаңа тақырыпты меңгеруде окушылармен жүргізетін келесі жұмыс сатысы - жана сөздермен жұмыс.

          Тақтаға этнос, диаспора, большевиктер деген жаңа сөздердің аныктамасын жазып қоямын. Окушылар тактадағы осы сөздерді дәптерлеріне жазып алады.

Жаңа тақырыпты бекіту үшін   «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырма бойынша оқушылармен жұмыс жүргіземін. Одан кейін сабақтың соңында төмендегі сұрақ-жауап жарысы арқылы такырыпты оқушылар калай меңгергенін тиянақтаймын.

Сұрақтар:

         1. Қазакстанның көп этносты мемлекет болып қалыптасуына себеп болған тарихи оқиғаларды атап шығыңдар.

         2.  Қазакстанға Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қандай этнос өкілдері көшіп келді? Неліктен?

         3. Ұлы Отан соғысы қашан басталып, қашан аякталды?

         4. Тың және тыңайған жерлер қай жылдары игерілді?

         5. Бүгінде жер бетінде қанша этнос өкілдері өмір сүреді?

         6.  Басқа ұлт өкілдеріне Қазақстанда қандай мүмкіншіліктер жасалған?

         7. Этнос дегеніміз не?

         8. Диаспора дегеніміз не?

Үй тапсырмасы: 11 -параграфты соңындағы сұрақ-тапсырмалардың көмегімен мазмұнын түсініп оқып келу. Келесі сабақта өтетін жаңа такырыпқа дайындық ретінде, оқушыларға «Қазакстан қалалары» бойынша қосымша деректер, кітаптар, суреттер жинастырып алып келуді тапсырамын.