Главное меню

  • К списку уроков
Сабақтың тақырыбы: § 10. Біздің Отанымыз-Қазақстан
17.08.2015 865 0

Сабақтың мақсаты.

·        Білімділік: Қазақстан табиғаты ерекше, жан-жануарлар дүниесі мен қазба байлықтары мол бірден-бір ірі мемлекет екендігі жөнінде білім беру.

·        Дамытушылық: Қазақстанның физикалық және қазба байлықтар картасын пайдалана отырып олардың атлас, контур картамен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

·        Тәрбиелік: Туған Отанымыздың дүние жүзіндегі байлығы мол бай мемлекеттің бірі ретінде сипаттай отырып, оның болашақ иелері өздері екенін әрбір оқушыға сіңіріп, Отанға деген сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, бейнелеу, география, математика.

Көрнекі құралдар:

         1. Қазақстанның физикалық картасы.

         2. Қазақстанның қазба байлықтар картасы.

         3. Қазақстанның «Қызыл кітапқа» кірген жан-жануарлар дүниесінің суреттері.

         4. Қазақстанның табиғаты сұлу жерлерінің суреті.

Сабақтың барысы:

         I. Ұйымдастыру кезеңі.

         II. Үй тапсырмасын сұрау.

         Үйге берілген «Жұмыс дәптері» бойынша тапсырманы   сыныптан жаппай әр партаны аралап жүріп тексеріп шығамын. Тексеріп шыққан соң, 2-3 оқушыға тапсырманы оқытып, ал қалған оқушылар жауаптың қатесін тексереді. Бұл жерде оқушылардың өздерін-өздері тексеру жұмысын жүргізуге болады. Ол үшін қатар отырған екі оқушы бір-бірінің дәптерін ауыстырып қатесін тексереді. Үй тапсырмасын бағалау үшін    тақтаға баға критерийін алдын ала жазып қоямын. Оқушылар бір-бірінің тапсырмасын тексеріп, сол талап бойынша бағалайды.

         Бұл   уақыт үнемдеуге мүмкіншілік береді.

Одан кейін үй тапсырмасының мазмұнын сұрау үшін мынадай тапсырма беремін. Үйге берілген тақырып бойынша бір сөйлем айтамын, бір-бір оқушыдан кезек-кезек, тез сөйлемді жалғастырып алып кетуі қажет. Бұл жерде  мен көмек беріп тұрғандықтан, әсіресе бұл тапсырма түрі нашар, орташа оқитын оқушыларды тартуға ыңғайлы әрі қажет. Мысалы: «Қазақстанды Еуразия кіндігі» деп атайды, себебі. Осылайша үй тапсырмасы бойынша оқушылардың дайындығын тексеріп шығып, бүгінгі жаңа тақырыптың осы тақырыппен тығыз байланыстылығын айтамын.

Жаңа тақырыптың жоспары:

         1. Қазақстанның ірі таулары.

         2. Қазақстанның ірі өзен, көлдері.

         3. Қазакстанның жан-жануарлар дүниесі.

         4. Қазақстанның қазба байлық кені.

          Қазақстанның кең-байтақ екенін оның табиғи географиялық жағдайынан аңғаруға болады деп осы жерде оқушылардың өздерінен Қазақстанның төрт бөлігіндегі табиғат ерекшеліктеріне сипаттама беру. Оқушылардың жауабын алғаннан кейін,  параграфтағы оқулық мәтінін оқушыларға кезек-кезек абзақ бойынша дауыстатып оқытамын. Әр абзақтан соң оқулықтағы Қазақстанның физикалык картасына назар аударып осы аталған тауларды тауып алуды, 2-3 окушыға тақтадағы «Қазакстанның физикалык картасынан» осы тауларды көрсетуді ұсынамын. Қызықтырақ болу үшін бір таудың аты айтылып, бір оқушыға оны тез тауып беру тапсырылады. Осы айтылған жерлердің тақтадағы суретіне окушылардың назарын аударады. Тағы бір оқушыдан тақтадағы Қазақстанның табиғаты бейнеленген суретке карап кысқаша әңгімелеп айтып беруді сұраймын.

          Осылайша Қазакстанның өзен-көлдерін карта, суреттің көмегімен окушылармен бірге меңгеріп шығамыз. Әсіресе, оқушылардың туған орындарға қатысты жерлерді ерекше айтып кету орынды. Бұл оқушылардың өз туған жеріне деген мақтаныш сезімін туғызады.

         Қазақстан табиғаты әр алуан, жануарлар дүниесіне өте бай. Қазакстанда жануарлардың -155, құстардың -480, бауырымен жорғалаушылардың -49, қосмекенділердің -11, балықтардың - 150 түрі бар екенін айта кетіп Қазақстанда мекендейтін өздері білетін құстар, жануарлар дүниесін кезек-кезек айтып шығуды тапсырамын. Одан кейін   оқушыларды Қазакстанның «Қызыл кітабына» енген жан-жануарлармен таныстырамын.

         Қазақстанның қазба байлықтары тақырыпшасын Қазақстанның жер асты қазба байлықтары картасы бойынша түсіндіріп, мұндағы шартты белгілермен, еліміздің әр аймағындағы қазба байлықтарын кеңімен таныстырамын.

Сабақты бекіту  үшін «Жұмыс дөптеріндегі» тапсырмаларды орындатады.

         Жалпы сыныптың өткен тақырыпты қалай түсінгенін тексеру мақсатында сыныпқа мынандай тест сұрақтар қояды.

         1.  Қазакстанның ең биік шыңы (Хантөңірі).

         2.  Қазақстанның солтүстігін алып жаткан үлкен таулар жүйесі (Алтай таулары).

         3.  Алтай тауларын кандай төрт мемлекет өзара бөліседі? (Қытай, Ресей, Қазақстан, Монғолия).

         4.  Көкшетау, Баянаула, Қаркаралы, Ұлытау Қазакстанның қай өңірінде орналасқан (Сарыарқа өңірінде).

         5.  Қазақстанда неше өзен бар? (85 мыңға жуық).

         6.  Қазақстанда көлемі 100 шаршы шакырымнан асатын көлдер саны (21).

         7. Қазакстанның алтыны шоғырланған аймақтары (Кенді Алтай, Шыңғыстау, Майқайың).

Қорытындылау: Оқушылар, сендер бүгінгі Қазақстаннын болашағысыңдар. Сендер жақсы білім алып, оқысаңдар, ата-бабаларымыздан қалған ұлан-байтақ жеріміздің иесі өздерің деп сабақты қорытындылаймын.

Бағалау:

Үйге тапсырма: 10-параграфтың соңындағы сұрақ-тапсырмалардың көмегімен үй тапсырмасын оқып келу.